Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет138/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

С.Аманжолов айтты. автор 1933 жылы “Социалистік Қазақстан” 
газетіне жариялаған мақаласында жаңа әліпби комитетінің түркі 
тілдері дыбыстық ерекшеліктерімен ескермей, әліпбиден ә, ү, z, 
ө әріптерін шығаруды ұсынуы, сондай-ақ <қ>-ны к-мен, <ғ>-ны 
г-мен беруді дұрыс емес дейді. 
<ғ> дыбысын х әрпімен беруді ұсынады, қысаңдарды түсіріп 
жазуды қолдамайды. 
Қосар дыбыс әріптерін бір әріппен беруді ұсынады. <ый>, 
<ій> дыбыс тіркесінде j таңбасы дауыссыз <й> – ді де беретін 
болсын деген пікір айтады: saj (сай), jaqnj (яғни)
ал 
[ұу], [үу] тіркесіміне v таңбасын лайық көреді. Сонда V-
<у>, <ұу>, <үу> беретін болады дейді. 
терминдерді орыс тілі арқылы игеру керек, 1929 жылы емлені 
жасаған т.Шонанұлы, е.Омаровтардың алашордашылдығын 
олардың шет сөздерді сол түпнұсқа тілінде алайық деген ниеті-
нен көруге болады дейді. 
С.аманжолов 1929жылы қабылданған әліпбидің мынадай 
кемшіліктерін көрсетті: 
1) әліпбиде х, f, v таңбаларының болмады; 
2) и, у таңбаларының жоқтығы, соның салдарынан мисси-
сипи, миссури сияқты сөздердің mijssijsijpij, mijssуvrij деп 6, 7 
әріптің орнына, 13-9 әріпке дейін жазылу;
3) Фонетикалық принциптің ұсталынды;
4) Қазақ тілінің төл сөздерінде екінші-үшінші буындарда 
ерін дауыстылары жазылмағандықтан кірме сөздердің әртүрлі 
орфограммалануы (кило-келі, динамо-динамы, бюро-бюра);
5) Сөз ішінде екі дауысты дыбыс қатар келмейді деп, зооло-
гия, биология, театр сөздерінің зологыйа, быйалогыйа, тыйа-
тыр болып таңбаланды;
6) Қатаң-ұяң дыбыс тіркесімі болмайды, сондықтан жа-
зылмайды делініп, аптаномыйа, Бекполат, апсалұут сияқты 
фонетикалық орфограммалар көбейді. С. аманжолов: “Қазақ 
тілінің сингармонизм заңына бағынатындығы бұлай тұрсын, 
қазақтың ежелгі сөздерінің талайы дыбыс жүйелі принцип-
ке бағынбайтын еді. мысалы: tuz+cь, ag+cь, bas+сь, gel+bau, 
gьzmet+ker, gazdь+gun” дейді. 
Сөйтіп, емле ережелеріне мынадай өзгерістер ендірілетін 
болды дейді: емленің негізі – морфологиялық принцип, түбір 
морфологиялық, қосымша фонетикалық принциппен жазы-
лады (зumьsdьŋ), түбірлері сақталған біріккен сөздер, кірікпей 
жазылады да, қосымшасы фонетикалық принциппен жазыла-
ды; кірме сөздер ішінара болмаса, морфологиялық принциппен 
түпнұсқа тұрпатын сақтап жазылады, қосымша фонетикалық 
принцип бойынша жалғанады, қазақ тіліне ауызша жолмен еніп, 
игерілген географиялық атаулар, ұғым атаулар қалыптанған 
түрінде жазылады: өzbek, poiьz, sjiez, nөl, aрus, yiel, yien, екі 
немесе одан көп дауыссыз дыбысқа аяқталған кірме сөздерге 
қосымша жалғанғанда, соңғы дауыссыз түсіп қалады, қосымша 
сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: 
Bekmuratqa, metaldьŋ, кірме сөздердегі еріндік дауыстылар 
таңбасы соңғы буында да жазылады (komsomol, kino), кірме 
сөздердің аяғында в, д, г әріптері таңбаланады( leningrat, aktip 
емес); <ұ> дыбысы ы таңбасы арқылы, <і> фонемасы j әрпі 
арқылы таңбаланады: выl, tjl; екі дауысты дыбыс таңбасы тір-
кесе береді (zooloqia, зuadь); әліпбиге x, f, v әріптері алынады; 
қосар ый, ій, ұу, үу дыбыстары і, и таңбалары арқылы беріледі; 


254
255
әліпбиде 32 әріп болады; кірме сөздерде айтылатын ә, е, и 
дыбыстарының орнына, сөз мағынасы бұзылмаса, а әрпі жа-
зылады (artel, organ, brigada); екінші-үшінші буындарға дейін 
[ә] дыбысы сөздердің тек буынында ә-әрпін жазу: kәmilaрa; 
соңғы буындарда естілген ө, ұ, ү дыбыстарының орнына е, ь, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет