Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы


-семинар. Жаңа қазақ-латын әліпбиінің



Pdf көрінісі
бет166/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

15-семинар. Жаңа қазақ-латын әліпбиінің 
 жобасы мен графика мәселесі
Ойлану үшін берілген сұрақтар:
1. Жаңа қазақ жазуында төл әріптер мен кірме әріптердің 
арақатынасы қандай болу керек деп ойлайсыз?
2. Жаңа әліпбиде Байтұрсынұлы әліпбиінің құрамын сақтауға 
қаншалықты мүмкіндік бар деп ойлайсыз?
3. Қазақ тілінің өзіне тән дыбыстарын таңбалауда әріп тіркесі мен 
әріп диакритикасын пайдаланудың қайсысы тиімді деп ойлайсыз?
Латын графикасын қандай сипатта алуға болады? латын 
графикасын қабылдау қажеттілігін, ондағы әліпби құрамын 
көрсететін пікірлер баршылық. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін ла-
тын графикасының 26 әрпімен қалай береміз деген сауалға біраз 
авторлар мынандай бағытта жауап берген. 
Бірінші бағыт, басты бағыт – латын әліпбиінің құрамынын 
шықпау, 26 әріптің мүмкіндігін пайдалану, бұл экономикалық 
шығынды азайтып, халықаралық коммуникацияны жеделде-
теді.
Жалпы, этрус әліпбиінің бір бұтағы болып табылатын ла-
тын жазуы – б.э.д. VIIғ. Пайда болып, б.з. I-Vғғ. толық жетіл-
ген, басында 20 таңбасы бар, кейін б.э.д. іғ. Грек сөздерін жазу 
үшін y, z әріптерімен толыққан, соңында тағы бір әріп қосып 
23 таңбаға жеткен қазіргі латын жазулы тілдердің түпнұсқасы 
болған әліпби. негізгі әліпби құрамы мынадай: 
1. A [а]
9. I [и]
17. R [р]
2. B [б] 
10. K [к]
18. S [с]
3. C [ц] [к]
11. L [л]
19. T [т]
4. D [д ]
12. M [м]
20. V [в]
5. E [э]
13. N [н]
21. X кс]
6. F [ф]
14. O [о]
22. Y [u]
7. G [г] жің
15. P [п]
23. Z [з]
8. H [г] жуан 16. Q [к]
u және w әріптері жоқ.
Қазақ тілі дыбыстар жүйесін латын әліпбиінің таңбаларымен 
ғана беруді жақтайтын бағыт, сонымен, қазақ тіліне тән фонема-
лар үшін дыбыстық мәні жоқ, сирек қолданылатын бір ағылшын 
әрпін маркер ретінде алып, белгілеуді ұсынады. мысалы, ң, ш, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет