Күдеринова Құралай Бимолдақызы Қазақ жазуының тарихы мен теориясы



Pdf көрінісі
бет44/202
Дата17.05.2023
өлшемі1.82 Mb.
#473857
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   202
Қазақ жазуының тарихы мен теориясы

сол, сол Зайсанда тұрдық, сол жұмыс. мәтінде ауызша тілге тән 
редукция да жиі. мысалы, елдің бәрі (аш), сотталуын соттап 
(абақтыға айдады), сонда шешем жарықтық(тың бастамасы 
бойынша, елге қарай) қашпақшы болыппыз. Ақыры 1955 жылы 
(шекара ашылып, заңды түрде елге қарай өттік).
мәтіннің логикалық құрылымы синтаксистік құрылымға 
сай емес, ой бар мазмұнымен толық ашыла алмайды. мәтінді 
сол қалпында қағазға түсіру мүмкін емес. Осы қалпында түскен 
мәтінді оқыған адам мәтін мазмұнынан толық хабардар бола ал-
майды. алайда мәтін қарияның ауызша баяндау стилінде өз ау-
диториясына түсінікті еді. Оған ешкім “ бұл не деп отыр, қалай-
қалай сөйлеп кетті?” деген жоқ, қайта қоштап, мақұлдасып 
отырған еді. енді жазба тілге келгенде, мәтін құрылысын жаз-
ба тілдің жүйесіне кодтау керек болады. Өйткені жазба тілдің 
жүйесінде баяндалмаған сөз коммуникация мақсатына жет-
пейді. Сондықтан мәтіннің синтаксистік құрылымын жүйелеп, 
лексикалық элементтерін екшеп, морфологиялық формаларын 
орынды қолданып немесе сөздердің семантикалық байланы-
сын формалап мәтін жасау керек. Ол шамамен былай шығуы 
ықтимал:
Мен 1940 жылдың наурыз айында, Қытай жерінде, кедей 
шаруа отбасында дүниеге келдім. 5 жылдық орыс мектебін 
бітіргенде жапа-тармағай аштық басталды. Елдің бәрі аш-
жалаңаш, жұмыс жоқ, сотталғандар сотталып, абақтыға 
жабылғандар айдалып жатты. Сонда шешем жарықтық, бізді 
алып, қашуға бел буыпты. Бірақ әкеміз үлкен кісі еді де, шешеміз 
соған қарайлап жолға шыға алмапты. Ақыры, сөйтіп жүргенде 
1955 жылы шегара ашылып, елге оралдық. Алдымен Павлодар 
қаласына келдік. Кейін Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан 
ауданына көшіп келіп, сонда тұрақтадық. Жұмысқа тұрдым. 
Мені пысықтығыма қарап, бригадир етіп қойды. Еркек балалар 
сияқты ренжіткен адаммен жұлыса кететін көрінемін. Оны 


72
73
ағам айтады. Азапты да көп көрдім. Таңертең 5-те тұрып 
алып сиырды қосып, кешке дейін жұмыста тұрамын. Талай 
(жесір) әйелдердің жағдайын әкімшілікке айтып, көмек алып 
бердім. 
міне, жазба тіл жүйесіне кодталған ауызша тіл құрылымы 
үлкен өзгеріске ұшырағанын көріп отырмыз. мәтін ұлғайып, 
редукцияланған элементтер қалпына келтірілді. мәтін 
мазмұнына бәлендей мән үстемесе де, Қытайда – Қытай 
жерінде, кедей шаруада – кедей шаруа отбасында, Павлодарға 
– Павлодар қаласына, 5 кластық – 5 жылдық деген имплицитті 
тұлғалар жазба тілдің нормасына салынды. мәтін көзбен көру-
оқу процесіне бағышталғандықтан, ауызша тілдегі интонация 
дауыс тоны, конситуация жазба тілде осындай “басы артық” 
элементтермен компенсацияланады. мәтін жазба тіл жүйесінен 
үлкен алшақтықта жатыр. Сөйленімді жазба тілге толықтай код-
тау мүмкіндігі аз, дегенмен кодтауға болады.
Сөйтіп, жазба тілді төмен дәрежеде білетін адамның сөзінде 
тілдік тәсілдер қоры аз, сөйленімі жүйесіз болады, жазба тілді 
орта дәрежеде меңгерген адамның сөзінде уәжсіз түрде жазба 
тілдің жүйесі де, ауызша тілдің элементтері де қолданылады. 
Сөйлемдер қысқа емес, толымды келгенмен синтаксистік 
байланыс сөйлем аяғына дейін жетпейді. ал жазба тілдің 
елесі мен ауызша тіл елесімен қатар, тіпті алдыңғысы басым 
орналасқан саналы адамның сөзінде жүйе болады. Басы артық 
сөйленістер болмайды. логикалық жүйе мен синтаксистік жүйе 
сәйкес келеді деген қорытындыға келеміз. Қазіргі БаҚ-тың 
барлық бағдарламаларының мәтіндері жазба тілде құрылады. 
Сұқбат түріндегі бағдарламаның жүргізушісі де өз сөзін ал-
дымен жазба тілде құрып алады. Қазір сөйлеуді қабылдайтын 
аудиторияның перцепциясы да жазба тіл жүйесін түсінуге бет 
бұрды. Әйтпегенде қазақтілді бағдарламалардың егемендік 
алған 1993-1997 жж. алғашқы түрлері қазақ аудиториясы үшін 
ауыр қабылданатын еді.
Сонымен, бүгінгі күн тұрғысынан, біздің ойымызша, тілдік 
жүйе мен норма жазба тіл жүйесі мен нормасына сай келеді.
Қ.Күдеринованың «Қазақ жазуының теориялық 
негіздері» (2010 ж.) монографиясынан алынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   202




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет