108
109
азайту; 3)
дауыстыны таңбалауды азайтып, дауыссыздар
таңбасын екі есе көбейту. Соңғы тәсіл орхон жазуында, бірін-
шісі а.Байтұрсынұлының төте жазуында қолданылды.
Сонымен, қазақ
әліпбиі саясаттың
және басқа себептерден
сингарможазудан (төте жазу) → акцентті-фонологиялық жазуға
(латын, орыс графикасы) көшіп, орыс әліпбиінің 33 әрпін
қабылдап, 9 жеке фонемасының таңбасымен бірге 42 әрпі бар
әліпбиге айналып отыр.
Әліпбидегі
я, ю, ё әріптері орыс
әліпбиіндегі сөзді жіңіш-
кертетін белгісінен айрылып, қазақ сөздері үшін тек
й+а, й+ұ+у,
й+ү+у, й+о дыбыс тіркесін беретін болды.
э – әрпі тек кірме
сөздерде, ал
у, и таңбалары
ый, ій, ұу, үу – дыбыс тіркестерін
белгіледі. Щ әрпі қос ш-ны таңбалады.
Сөйтіп, қазақ әліпбиінде бес әріп қосар дыбыс таңбасын бе-
реді. Олар: /я/ – [йа], [йә]; /ю/ – [йұу], [йүу], /у/ – [үу], [ұу], [у];
/и/ – [ый], [ій]; /щ/ – [ш+ш].
Сонымен, қазіргі әліпбиіміздегі әріптер 1әріп:1фонема, ды-
быс тіркесі: 1 әріп қатынасына құрылған дейміз.
Және соңғы
қатынасты көре отырып, әріп
саны фонема санынан артық
шыққан әліпби қолданып отырғанымызды көреміз: 9 дауысты
фонема: 9 әріп, 17 дауыссыз фонема: 21 әріп, 3 дыбыс тіркесі: 3
әріп, сонда 26 фонема: 33 әріп (мұнда цитаталық принцип үшін
алынған орыс жазуының әріптері есепке алынған жоқ).
Бүгінде, қазақ жазуының
латын графикасын қабылдау
қарсаңында алдымен әліпбидегі әріп саны мен тілдегі фо-
нема қатынасы ғалымдар назарын аударып отыр.
Өйткені
қолданыстағы әліпбиде 42 әріп, латын әліпбиінде 26 әріп бар.
Жалпы жазу теориясында әріп саны фонема санынан кем әліпби
– жетілген, әріп саны фонема санына тең әліпби – жетілдіруге
болатын, әріп саны фонема санынан көп әліпби – жетілмеген,
жетілдірілуі тиіс алфавит болып саналады. Біздіңше, бұл – жазу
дәстүрі қалыптанған, жазу графикасы тұрақты ағылшын, фран-
цуз, неміс жазулары тарапынан шығарылған теория. Сондықтан
жазу үнемділігін жасаған қазіргі әліпбидегі таңбалар туралы
ойлану керек. мысалы,
и, у, ю (
и әрпінен басқа тіркесімде),
Достарыңызбен бөлісу: