Кедейшілікпен күрес мақсатында атқарылған жұмыстар



жүктеу 16.26 Kb.
Дата26.02.2016
өлшемі16.26 Kb.
Кедейшілікпен күрес мақсатында атқарылған жұмыстар.
Бүгінгі күні Тарбағатай ауданында кедейшілік шегінен төмен тұратын аз қамтамасыз етілген адамдар саны 3585 адамды құрайды.

Ауданда аз қамтамасыз етілген азаматтарды жаңа жобалар құра отырып, оларды кедейшілік шегінен шығару, оларды әр түрлі жұмыстарға тарту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда, мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру шаралары туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 6.03.2009 жылғы № 264 қаулысына сәйкес 2009 жылы аз қамтамассыз етілген 305 адам жұмыспен қамтылса, 141 адам кәсіптік қайта даярлаудан өтті. Ал 2010 жылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелген 542 адам жұмысқа орналастырылды, 75 адам кәсіптік қайта даярлаудан өтіп, өздерін жаңа жұмыс түрімен қамтуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау бағытында оларға шағын несие беру арқылы жаңа жұмыс орындарын құра отырып, оларды кедейшілік пульнан шығаруға көңіл бөліп отыр. 2008-2009 жылдары 119 адамға облыстық ауылшаруашылығын қолдау қоры арқылы несие қаржы берілді.

Атап айтқанда 2008 жылы 63 адамға 9357,7 мың теңге берілсе, 2009 жылы 56 адамға 20 750,0 мың несие қаржы берілді.

Сондай-ақ ауданда «Демеуші» корпаративтік қоры 25 маусым 2001 жылы құрылып жұмыс істейді. Қордың негізгі мақсаты аудан бойынша аз қамтамасыз етілген, тұрмысы төмен көп балалы отбасыларға қолдау көрсету, оларды егін-егу жұмыстарына товарлы несие беру, өзін-өзі қамтамасыз етуге бейімдеу, бағытында жұмыстар атқарылып келеді. Оған меншік түріне қарамай аудандағы барлық мекеме, кәсіпорындар қаржылай қолдау жасап келеді. «Демеуші» қоры арқылы 2009 жылы «Ізгілікті ниет» қайырымдылық марафоны кезінде облыстық «Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан облысы аймақтық қорына» 300,0 мың теңге қаржы аударылды.

Астана қаласына апаруға 200 мың теңге көлемінде ақша жетім және тұрмысы төмен отбасылардың балаларына бөлінді. 5 тұрмысы төмен отбасына материялдық көмек көрсетілді. 2 оралман қандастарымыздың отбасына егін салуға (картоп) тауарлы несие берілді.

2010 жылы осы аталған қорға 110 мың теңге қаржы аударылып,осы қор арқылы 3 адамға 300,0 мың теңге шағын несие берілді.



Алдағы уақытта тұрмысы төмен азаматтарды жаңа жобалар құра отырып кедейшілік пульнан шығару бағытында жоспарлы жұмыстар атқарыла беретін болады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет