Кеңес уақытындағы Қазақстандағы тілдік жағдай төмендегімен ерекшеленеді



Дата08.07.2016
өлшемі121.94 Kb.
Жалпы мемлекеттің аймақтық саясаты бұл билік органдарының мемлекеттегі әр аймақтың саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени жағдайын жетілдіру бойынша мақсат, міндеттерінің жиынтығы, сонымен қатар оларды іс жүзінде жүзеге асыру бойынша механизм кешені болып табылады немесе бір сөзбен айтқанда, елдегі әр аймақтың экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени дамуы арасындағы алшақтықты жоюға бағытталған мақсатты іс-әрекет ретінде табуға болады.

Соның ішінде қазіргі таңда Қазақстан республикасының әр аймағында тілдік алшақтықтың орын алғаны баршаға мәлім. Әр облыс, қалада мемлекеттік тілді білу, орыс тілін және тағы басқа тілдерді білу деңгейі әрқилы болып отыр. Бұл бір жағынан, мемлекеттік тілді – қазақ тілінің мәртебесін көтеру мен «Үштұғырлы тіл» жобасына сәйкес орыс және ағылшын тілдерін меңгеру деңгейін көтеруге бағытталған мемлекеттік саясатты, соның ішінде аймақты тіл саясатын жүргізу маңызды мәселелердің қатарында тұр. Бұл Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың интеллектуалды, бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру идеясында көрсетілген.

Қазіргі жаһандану жағдайында қандай да болмасын елдің өзіндік мәдени-тілдік құндылығын сақтап қалу аса өзекті мәселелердің қатарында тұр. Сондықтан мемлекеттің мемлекеттілігінің бір көрсеткіші болып табылатын мемлекеттік тілдің дамуы, нығаюы басқару органдарының өкілдері алдындағы күн тәртібінің бірінде орын алған.

Кеңес уақытындағы Қазақстандағы тілдік жағдай төмендегімен ерекшеленеді:

·  Біріншіден, қазақ тілі мен орыс тілінің қолдануы өздерінің аясы жағынан бірдей болған емес;

·  Екіншіден, қазақ тілі мен орыс тілінде сөйлейтін адамдар бір-бірімен аз араласты, өйткені орыс тілді азаматтар көбіне тек ірі қалаларда тұрса, қазақ тілінде сөйлейтін адамдар ауылдар мен кішігірім қалаларла мекен етті[1].

Ал Қазақстан тәуелсіздік алып, мемлекеттік тіл ретінде – қазақ, ал ресми тіл ретінде – орыс тілін тану, тіл саясатын жүргізу нәтижесінде елдегі ішкі аймақтарда  тілдік жағдай өзгере бастады. Бұл бір жағынан, әр аймақтағы этнос өкілдерінің түрлі шоғырлануымен байланысты болса, екінші жағынан, аймақтық тіл саясатының толық қалыптасып бітпеуімен, нақты мақсат, міндеттерінің жоқ болғандығымен түсіндіріледі.

Қазақстан Республикасындағы әр аймақтағы тілдік жағдайды талдауға байланысты 2010 жылдың жаз айларында «Достық Үйі – Этносаралық қатынастар мәселелерін зерттеу орталығы» жалпы республикалық сауалнама жүргізді. Сауалнамаға елдің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының тұрғындары, жалпы саны 1400 респондент қатысты.

Бірінші кезекте респонденттерге Сіз қай тілде ойлайсыз? Деген сауал қойылды. Қазақ тілінде ең көп ойлайтындар еліміздің оңтүстік аймағында 52,1% тұрса, одан кейінгі қазақ тілінде ойлайтын адамдар мемлекеттің шығыс аймағында мекен етеді, ал Астана қаласында респонденттердің 48,4%-ы қазақ тілінде ойлаймын деп жауап берді. Бұл әрине, қазақ ұлты өкілдерінің шоғырлану ерекшелігіне байланысты болса, Астана қаласындағы қазақ тілінде ойлайтындар астанамыздың билік орталығы болғанынан бері (көпшілік жұмыс орындарында, мемлекеттік құрылымдарында қазақ тілін міндетті талап етуіне, соның есебінен екінші жағынан, қазақ тілін жетік білетін азаматтардың қалаға миграциялануы нәтижесінде), тұрғындардың көпшілігі қазақ тілін үйренуге бет алуына байланысты.

Сурет 1 - Сіз қай тілде ойлайсыз?

Келесі сауал әр аймақтың әлеуметтік, адами капиталының, мүмкіндігінің ерекшелігін анықтауға бағытталған Ана тіліңізден басқа тағы  қай тілді білесіз? деген сұраққа пайыздық ең үлкен үлеске ие болған Алматы қаласының тұрындары (75,2%), одан кейін Астана қаласының тұрындары (70%) орыс және ағылшын тілдерін меңгеретіндерін көрсетсе, еліміздің солтүстік аймағының, оның ішінде Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік–Қазақстан облыстарында (66%) орыс және ағылшын тілдерін біледі. Ал қазақ және ағылшын тілдерін мемлекеттің орталық аймағы (28,4%) меңгергендігін көрсетті, кейінгі орында Шығыс аймақ (19%) және Астана қаласының 15% тұрғыны қазақ және ағылшын тілдерін білетіндерін атап айтты.




Солтүстік аймақ

Шығыс аймақ

Оңтүстік аймақ

Батыс аймақ

Орталық аймақ

Астана қ.

Алматы қ.

Орыс және ағылшын тілдерін білемін

66,0%

34,9%

40,9%

45,3%

49,6%

70,0%

75,2%

Қазақ тілін білемін

11,2%

43,7%

26,8%

22,1%

31,9%

16,7%

16,3%

Қазақ және ағылшын тілдерін білемін

10,8%

19,0%

10,7%

28,4%

4,2%

15,0%

7,8%

Басқа тіл

12,7%

5,6%

25,3%

8,4%

19,3%

3,3%

3,1%

Кесте 2 - Ана тіліңізден басқа тағы  қай тілді білесіз?

Бұл сауал әрине, бір жағынан орыс тілінде сөйлейтін азаматтардың ағылшын тілін білу, келесі жағынан қазақ тілінде сөйлейтін азаматтардың ағылшын тілін білу деңгейінің аймақтық ерекшеліктерін көрсетеді.

Жоғарыда аталған тілдерді меңгеруге қандай жағдай себеп болғанын немесе түрткі болғанын анықтадық. Ол үшін Егер Сіз өз ана тіліңізден басқа тілді білсеңіз (еркін сөйлеп, жазсаңыз) сол тілді үйренуге Сізге не көмектесті? дегенсұрақ қойылды. Аймақтық тиістілігіне байланысты жауап берген респонденттердің ең көбі (Астана қаласы - 69,1%, Орталық аймақ - 55,5%, Алматы қаласы - 46,7%) осы тілді орта мектепте жақсы оқытуды атаса, Шығыс аймақ тұрғындарының 54%-ы жоғарғы оқу орнында жақсы оқыту деп көрсетті. Шығыс аймақ азаматтарының 33,3% бұған өмірдегі жағдайлар себеп болды ( мысалы, басқа ұлт өкіліне үйлендім, күйеуге шықтым осы тілді сондықтан үйрендім) деген жауапты белгіледі, ал сол аймақтың 37,3% тұрғындары, Оңтүстік аймақтың 17,6%, Астана қаласының 14,5% пайызы бұған ҚР мемлекеттік тіл жөніндегі Заңы себеп болды, Мемлекеттік тіл барлық жерде оқытыла бастады: жұмыста, теледидар бағдарламасында, газет, журналдардың арнайы беттерінде т.б. деп жауап берді.

Мемлекеттегі әлеуметтік мәселелердің ішінде жұмыспен қамтамасыз ету ерекше орынға ие. Осы орайда қазіргі күнде мемлекеттік тілдің жұмысқа тұру мүмкіндігіне әсер ету деңгеуін анықтау маңызды болып табылады. Респонденттерге Қазақ тілі мемлекеттік тіл болғаннан бері Сіз қиындықтармен кезіктіңіз бе? деген сұрақ қойылды. Жауап бергендердің ішінде Шығыс 46,8% және Орталық 29,4% аймақ тұрғындары «Иә, жұмысқа тұрар кезде мемлекеттік тіл талап етілді» деп, қиыншылықтар көргенін көрсетсе, Алматы қаласының 61,4%, Астана қаласының 58,2% және Оңтүстік аймақтың 56,1% қазақ тілі мемлекеттік тіл болғаннан бері ешбір қиындықтармен кездеспегендіктерін айтты. Еліміздің Шығыс аймағының 22,2% мемлекеттік тіл тек ресми түрде, іс-қағаздарды жүргізуде ғана қолданылады деп белгілеcе, 29,4% тұрмыстық  деңгейде (мысалы, көлік кондукторлары т.б.) ұлтшылдық элементтер пайда бола бастаған дейді.

Еліміздің тіл саясатының жетекші тұжырымдамасы болып табылатын «Үштұғырлы тіл» жобасына қатысты халықтың пікірін біліду келесі міндет ретінде таптық. Бұл орайда Астана (75%) мен Алматы (71,5) қалаларының тұрғындары бүгінгі күні Қазақстанның дамыған мемлекеттер қатарына кіруіне байланысты бұл Жобаның іске асуын мемлекет үшін маңызды деп есептейді, ал Шығыс аймақтың 32,5% - ы бұл Жобаның іске асуы Қазақстанда тілдік ортаның дамуының проблемасын шешуге көмегін тигізеді деп есептейді, Батыс аймақтың 13,5% «қазіргі таңда бұл Жобаны көтеру экономика жағынан тиімсіз де есептеймін, бұл – құрғақ қиял» деп тапты. Олардың олай айтуы елімізде бұл жобаны іске асыратын мамандардың тапшылығынан бастау алады. Сонымен қатар Батыс аймақтың 14,6%, Орталық аймақтың 10,9%, Оңтүстік аймақтың 9,8% «бұл Жоба қазақ тілінің дамуына үлкен зиянын келтіреді» деп есептейді екен.

Тілдің әр аймақта меңгерілуі сол аймақтың еңбек қатынасының ерекшеліктеріне байланысты болады деп есептесек, азаматардың алдына «Егер Сіздің алдыңызда тез арада бір тілді үйрену қажеттілігі туа қалса, Сіз қай тілді таңдаған болар едіңіз?» деген сауал аймақтағы тілдің болашағын анықтауға септігін тигізеді.Бұл сауал бойынша жауаптер легі төмендегі көрсеткіштерге ие болды.






Солтүстік аймақ

Шығыс аймақ

Оңтүстік аймақ

Батыс аймақ

Орталық аймақ

Астанақ.

Алматық.

Қызмет бабымен жоғарылауыма қай тіл әсер етеді, сол тілді таңдаймын

55,1%

34,9%

31,1%

29,8%

38,1%

55,9%

64,1%

қай тілдің оқытылуы жоғары болса, сол тілді таңдаймын

27,8%

57,1%

21,1%

24,5%

20,3%

35,6%

25,0%

міндетті түрде қазақ тілін таңдаймын, себебі бұл мен тұратын жердің мемлекеттік тілі

21,7%

49,2%

44,0%

21,3%

35,6%

23,7%

17,2%

қазақ тілін таңдаған болар едім, себебі тілді білмеу менің күнделікті айналаммен қарым-қатынас жасауыма кедергі болар еді

16,7%

38,9%

27,8%

33,0%

8,5%

8,5%

8,6%

Кесте 2 - «Егер Сіздің алдыңызда тез арада бір тілді үйрену қажеттілігі туа қалса, Сіз қай тілді таңдаған болар едіңіз?»

Нәтижеде көрсетілгендей, республикамыздың екі ірі қалалары – Астана (55,9%) мен Алматы (64,1%) қалаларында қызмет бабына жоғарылауына қай тіл әсер етсе, сол тілді таңдайтындарын көрсетті. Бұл азаматтардың жағдайға, өмір талабына бейімделе алу қабілетінің жоғары болуын бейнелейді. Кейінгі үшінші орында Солтүстік аймақтың тұрғындары (55,1%) алып отыр.

«Қай тілдің оқытылуы жоғары болса, сол тілді таңдаймын» деген жауаптың ең көп бөлігі Шығыс аймаққа (57,1%) тиеселі болып келеді. Міндітте түрде қазақ тілін таңдайтындардың елеулі үлесі Шығыс аймақ (49,2%) пен Оңтүстік аймақтың (44,0%) еншісінде жатыр. Бұл жауаптың таңдау себебіне «менің тұратын жердің мемлекеттік тілі» деген пкіріді, ұстанымды жатқызса, Шығыс аймақтың 38,9% мен Батыс аймақтың 33,0% «тілді білмеу менің күнделікті айналаммен қарым-қатынас жасауыма кедергі болады» деп көрсетіп, қазақ тілін таңдаған.

Республика бойынша мемлекеттік тілдің оқытылу деңгейін анықтау мақсатында «Сіздің ойыңызша, Сіздің қалаңызда, ауылыңызда мемлекеттік тілді оқыту жұмысы ойдағыдай жүргізіле ме?» деген сауалға «иә, бізде әкімшіліктің қолдауымен мемлекеттік тілді оқыту Орталығы көптен бері және жақсы жүмыс атқарады» деп ең көп жауап берген Астана қаласының (60,7%) тұрғындары есептелді. Пайыздық көрсеткіш бойынша келесі орынды Шығыс аймақ (54,8%), Орталық аймақ (54,8%), Оңтүстік аймақ (41,6%) және Алматы қаласы (40,5%) иемденеді.

Жоғарыда көрсетілген сауалға бізде мемлекеттік тілді оқытуда жеке меншік құрылымдардың жұмысы жақсы жолға қойылған (лицензиялы жеке үйретушілер, сапалы оқу әдістемелер шығарылады және т.б.), себебі бұл іс мемлекет тарапынан ынталандырылады деп жауап бергендер Шығыс аймақ тұрғындарның 59,5% табылды. «Бізде құр сөзден басқа шара  жүріп жатқан жоқ» деп Батыс аймақтың 25 % мен Оңтүстік аймақтың 15% көрсетті.




Солтүстік аймақ

Шығыс аймақ

Оңтүстік аймақ

Батыс аймақ

Орталық аймақ

Астанақ.

Алматық.

иә, бізде әкімшіліктің қолдауымен мемлекеттік тілді оқыту Орталығы көптен бері және жақсы жүмыс атқарады

38,1%

54,8%

41,6%

30,4%

46,6%

60,7%

40,5%

иә,бізде мемлекеттік тілді оқытуда жеке меншік құрылымдардың жұмысы жақсы жолға қойылған (лицензиялы жеке үйретушілер, сапалы оқу әдістемелер шығарылады және т.б.), себебі бұл іс мемлекет тарапынан ынталандырылады

32,8%

59,5%

32,3%

31,5%

25,4%

33,9%

43,7%

иә, бізде мектептерде, жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тілді оқыту Орталықтары жұмыс істейді, олардың іс тәжірибесі үнемі қорытындылап тұрады

25,3%

58,7%

29,0%

23,9%

27,1%

16,1%

18,3%

бізде құр сөзден басқа шара  жүріп жатқан жоқ

11,3%

8,7%

15,1%

25,0%

10,2%

3,6%

3,2%

Кесте 3 - «Сіздің ойыңызша, Сіздің қалаңызда, ауылыңызда мемлекеттік тілді оқыту жұмысы ойдағыдай жүргізіле ме?»

Жоғарыда айтылған сауалнама нәтижелерін қорытындылай келе әр аймақтың, жалпы мемлекеттің қазіргі жаһандану жағдайында бәсекеге қабілетті мемлекеттер, аймақтар қатарына жатудың тілдік факторы да аса зор орынды иеленеді. Өйткені кез-келген кәсіби іс-әрекет, аймақтағы еңбек қатынасының барлығы тілдік ортаның ерекшелігіне тікелей тәуелді болып келеді. Осы орайды қазіргі еліміздің астанасы Астана қаласы «Үштұғырлы тіл» жобасының мақсатына сай, өзінің міндеттерін дұрыс шешіп келе жатыр деуге болады. Мұны сауалнама нәтижелері дәлелдейді. Ал енді мемлекеттің жалпы дамуына аймақтағы тілдік ерекшеліктердің, дисбалансының болуы кері әсерін тигізу мүмкіндігін ескерсек, әр аймақтың орталықпен алшақтығын жоюға тырысу қажет. Бұл Елбасымыздың интеллектуалды ұлт қалыптастыру мақсатына әсерін тигізеді.




[1](Языковая ситуация в современном Казахстане: на середине брода Т.А. Козырев, с.н.с. КИСИ при Президенте РК.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
publications -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
publications -> Тәуелсіз Қазақстан жағдайындағы Отандық тарих ғылымының методологиялық мәселелері
publications -> Магистр юридических наук Муйденова А. К., магистр юридических наук Э. О. Тойлыбекова
publications -> Қызылорда облысының экологиялық Қолайсыз аймақтарында тұратын халықТЫҢ медициналық-демографиялық жағдайының сипаттамасы
publications -> К. э н. Айдосова Б. Х., Магистр экономических наук Жунусова Э. Ж
publications -> Ибн сина, оның Өмірі, философия мен медицинадағЫ Үлесі
publications -> Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының негізі
publications -> Программа аудита денежных средств
publications -> Әож 351. 79: 556. 536. 2 Трансшекаралық суларды қҰҚЫҚТЫҚ реттеу тарихы жайында


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет