Жанғабыл өзінің ойға алған ісін сәтті аяқтау үшін, әрі қол астындағыларды жігерлендіру мақсатында өзінің соңынан бүлікшілерді жоюға күшті орыс отряды келе жатыр деп хабар таратты, ал кімде-кім көтерілісшілерге қарсы шығудан бас тартса, қатаң жауапқа тартылады деп үрейлендіреді. Сондықтан да Жанғабыл кездестірген қандай да болмасын жаппас руының адамдары оның сөзіне еріп бүлікшілерге қарсы көтерілді және олардың қолға түскенін қырып-жоя бастады. Жанғабыл жасауылдарды өлтіріп Наурызбайдың қосына жақындаған кезде, қастандық туралы жаппас руының адамдарының бірінен хабарланған ол, өзінің бірнеше серіктерімен жасырынып үлгерген еді. Наурызбайдың жүз жасауылының 95-і қаза тапты, олардың ішінде Кенесарының сүйікті батыры Байтабын да бар еді; Байтабын ұзақ атысып, қатты қарсылық көрсетті, ең соңында оны батпаққа тықсырып, қоршауға алған кезде оққа ұшты. ҚОРЫТЫНДЫ - Көтерілістің барысымен және Кеңесарының саяси шаруаларымен,танысқанымызда біздің оған көзіміз жетеді.Әзірге,көтеріліске қоғамдық күштердің бұлайша орналасуы заңдылық екенін атап өтуге болады,себебі Кеңесарының ұлт-азаттық қозғалысы феодализм жағдайында патриархалдық-рулық тұрмыс сарқыншақтары күшейіпалған шақта дамыған еді.Қазақстанда патриархалдық-феодалдық қоғамдық қатынастар мен рулық тұрмыс үстемдік етіп тұрған кезде халық бұқарасы өзінің феодал басшы тобының билігінен және ықпалынан шыға алмады.
Пайдаланған әдебиеттер - Ермұхан Бекмаханұлы. Қазақстан XIX ғасырдың 20–40 жылдарында. Алматы, Санат, 1994,
Достарыңызбен бөлісу: |