«kegoc» АҚ Директорлар кеңесінің 2009 жылғы «11» желтоқсандағы №12 хаттамасымен бекітілген



жүктеу 1.79 Mb.
бет13/14
Дата09.06.2016
өлшемі1.79 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

15-қосымша – Аудиторлық тапсырма



«Бекітемін»

_____________ Ішкі аудит қызметінің жетекшісі

«___»__________20__ жыл



Аудиторлық тапсырма


Аудит объектісі:________________________________________________________________

Аудиторлық

тапсырма мақсаттары _____________________________________________________

Аудит мезгілі: __________________________ ________________________________

Ішкі аудитке жатқызылатын операциялар/рәсімдер тізбесі:

1.

2.



. . .

Аудиторлық тапсырманы жүргізу жөніндегі басшылық ___________________

______________________________( Аудиторлық тапсырма жетекшісінің аты-жөні және лауазымы) жүктелді.

Аудиторлық топтың құрамына кіргендер:

1._____________________________ (Ішкі аудитордың аты-жөні және лауазымы)

2._____________________________ (Ішкі аудитордың аты-жөні және лауазымы)

. . .

Аудиторлық тапсырма ____ жұмыс күні ішінде, «___»_____________20___ жылдан бастап «___»______________20___ жыл аралығында жүзеге асырылсын.



Аудиторлық тапсырманы орындау үдерісінде бейстандарттық жағдаяттар туындаған кезде аудиторлық тапсырманың жетекшісі аудиторлық тапсырманың мақсаттарына жету үшін Ішкі аудит қызметінің жетекшісімен келісу бойынша аудиторлық тапсырмада қарастырылмаған аудит операцияларын/рәсімдерін қамтамасыз етеді.
Аудит объектісінің жетекшісі аудиторлық топты қажетті алдын ала ақпаратпен және материалдармен ____________мерзіміне қамтамасыз етуі тиіс.
Қосымша: Сұратылатын ақпарат пен басқа да материалдар тізбесі.
Аудиторлық тапсырманың жетекшісі (аты-жөні)

«___»____________ 20___жыл

(Аудиторлық тапсырманың жетекшісі қол қойған дата)
Аудиторлық тапсырмамен танысқан:

Аудит объектісінің жетекшісі (аты-жөні)

«___»____________ 20___жыл

(қол қойылған дата)


16-қосымша – Бизнес-процестерді іріктеу, тестілеу және бағалау әдістемесі

Іріктей байқау әдістемесі


Іріктей байқау – бұл оның барысында аудитор барлық қолда бар объектілер жиынының тек бір бөлігіне ғана тестілеу жүргізетін, ал сонан соң осы тестілер нәтижелеріне негізделе отырып бүкіл жиынтық туралы қорытынды жасайтын үдеріс. Іріктей байқау арқасында тұтастай қаржылық есеп берулермен жағдаят туралы қалай қорытынды жасар алдында компанияның ісі болатын әрбір операцияны не әрбір шот-фактураны тексеру қажеттігі жоқ. Іріктей байқауларсыз аудит қиын да қымбат тұратын үдеріске айналады.

Іріктей байқау шоттар теңгерімдерін немесе операциялар топтарын тексеруде пәрменді де тиімді әдіс болып табылады. Осы әдіс оның негізгі алынатын мынадай қағидасы арқасында пәрменді болып табылады: егер де іріктелген жиынтық дұрыс таңдалып сұрыпталса, онда іріктей байқау нәтижелеріне сүйене отырып барлық (бас) жиынтық белгілері туралы қорытынды жасау мүмкіндігі болады. Бұл әдіс тиімді болып табылады, өйткені біз бас жиынтық құрамында әрбір объектіге емес, тек бірнеше объектілерге ғана тест жүргіземіз.

Іріктей байқау мынадай болуы мүмкін:


  • Бағалаушы (бейстатистикалық) іріктей байқау. Көлемі бойынша ірірек жиынтық туралы қорытынды осы жиынтықтан объектілердің тек бір бөлігін ғана тестілеу негізінде жасалуы салдарынан іріктей байқау бүкіл үдеріс бойы кәсіби пайымдаудың қолдануды керек етеді. Аудитор сұрыпталған объектілер негізінде алынған аудиторлық куәліктерді айқындау үшін кәсіби пайымдауды қолданады. Іріктеу көлемі үлкен болған сайын соғұрлым ол көбірек аудиторлық куәліктерді ұсынуға қабілетті; сондай іріктеуді ұйымдастыруға да жатқызылады: ол жақсы ұйымдастырлыған сайын соғұрлым аудитор көбірек куәлік алады.

  • Статистикалық (ықтиалдық не кездейсоқ) іріктей байқау. Бұл - іріктей байқауға объективтік ұстаным, осы ретте аудитор іріктеу көлемін айқындайды және объектілерді бас жиынтықтан тексеру жүргізу үшін таңдайды. Сонан соң аудитор байқау нәтижелерін бағалау үшін сандық әдістерді қолданады.

Іріктей байқау негізінде алынған аудиторлық дәлеледемелердің бара-барлығын (competence) да аудитор айқындайды; аудитордың қорытындысына бұл жағдайда іріктеудің көлемі не ұйымдастырылуы әсер етпейді.

Іріктей байқауды қолдану жағдайлары

Іріктей байқау құралдарға аудиторлық тестілер мен бақылау рәсімдерін (атрибутивтік іріктей байқау) жүргізген кезде де, сальдо шоттар мен операцияларға аудиторлық тестілер өткізген кезде де (айналмалалыларды іріктей байқау). Екі жағдайда да іріктей байқау аудиторға объектілердің 100%-дан кем жиынтығына аудиторлық тестілер өткізуге жүргізуге, бірақ та бұған қарамастан бүкіл бас жиынтық қатысында қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Іріктеу әдісінің тәуекелі

Ескерту. Ондағы іріктей байқау тәуекелі қолайсыз болып табылатын неғұрлым маңызды, айтарлықтай не жоғары тәуекел деңгейімен ұштасқан кейбір бизнес салалары болады. Мұндай жағдайларда бас жиынтықтың әрбір объектісі (элементі) аудиторлық тестілерге ұшырауы тиіс.

Аудитор аудиторлық тестке бас жиынтыққа кіретін объектілердің тек бір бөлігін ғана ұшыратуы, сонан соң барлық бас жиынтық туралы қорытынды жасауы салдарынан қорытынды бұрыс болып табылатын тәуекел бар. Осы жағдаятқа қолданатындай іріктеу әдісінің тәуекелі туралы айтылады.

Айтарлықтайға бөлшектей тестілер жүргізген кезде (іріктеу әдісін пайдалана отырып әлдебір сандық көрсеткіш тестілері туралы сөз етіледі) мүмкін болар аудитор қателерінің нәтижесінде тәуекелдердің екі тұрпаты туындауы мүмкін:

I. Бұрыс қабылдау тәуекелі. Мұндай жағдаят аудитор сандық көрсеткіштің мәні дұрыс болды деген тұжырымға келгеннен туындайды, себебі іріктеу мәні дұрыс болып шықты, алайда шындығында бұл мән бұрыс болып табылады. Осы жағдаятта аудитор жасаған қорытынды бұрыс болып табылады.

II. Бұрыс қабылдамау тәуекелі. Мұндай жағдаят аудитор сандық көрсеткіштің мәні бұрыс болды деген тұжырымға келгеннен туындайды, себебі іріктеу мәні бұрыс болып шықты, алайда шындығында бұл мән дұрыс болып табылады. Бұл тәуекел тұрпаты егер де аудиторлық тестілер жүргізу үшін жиынтықтан қосымша объектілерді оңай және жәй сұрыптаған жағдайда аудиторға салмақты уайым тудыруы тиіс емес. Егер де осы шындығында орын алса, онда бұрыс қабылдамау тәуекелінің бұдан да жоғары деңгейін қабылдағысы келуі мүмкін. Бұл аудитордың сандық көрсеткіш мәні дұрыс болып табылмайды деп мәлімдеуге бет бұруын білдіреді, ал іс жүзінде ол дұрыс. Мұндай болғанда аудитор қосымша объектілерді жиынтықтан сұрыптап алады да, шындығында бәрі ретті екенін айқындайды. Аудитордың қорытындысы ақыр аяғында дұрыс болады, алайда, дұрыс қорытындыға жету үшін қажеттіктен ол үлкен жұмыс атқарған шығар. Бақылау тестілерін жүргізген кезде де (бұл аудитор тәуекелді максимумнан төмен бағалауды алдын ала талпынған кезде орындалуы қажет ішкі бақылау тәсілдері мен рәсімдерінің тестілері) іріктей байқау нәтижелерін бүкіл бас жиынтыққа тарату нәтижесінде туындайтын екі қате түрі орын тебуі мүмкін:

III. Бақылау жүйесі тәуекелінің шынайы деңгейін төмендете бағалау тәуекелі. Іс жүзінде бұл жүйе лайықты жұмыс істемейтін кезде аудитордың бақылау жүйесі жұмысының бара-барлығын мойындауға әзір екенін білдіреді. Нәтижесінде аудитор еңбегі сіңгеннен үлкен дәрежедегі бухгалтерлік жүйеге келіп түсетін ақпаратқа иек артады.

IV. Бақылау жүйесі тәуекелінің шынайы деңгейін жоғары бағалау тәуекелі. Бұл аудитордың бақылау жүйесі жұмысының қанағаттанарлықсыз жай-күйін мойындауға әзір екендігін білдіреді, алайда шындығында ол сайма-сай жұмыс істейді. Мұндай қорытынды қажеттілік болып табылмайтын қосымша жұмыс көлемдерін жүргізу керектігіне әкеп соғады, өйткені аудитор іс жүзінде сайма-сай жұмыс істейтін жүйеден келіп түсетін ақпаратқа арқа сүйемейді.

Ескерту. Мәнділік деңгейі (confidence level) іріктеу әдісі тәуекелі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Егер де бұрыс қабылдау тәуекелі 5%-ды құраса, онда мәнділік деңгейі 95% деңгейінде болады. Бұл аудитордың іріктеудің тартымды болып табылатынына 95%-ға сенімді екендігін білдіреді.

Осы төрт қателер түрі екі тәуекел санатын құрайды:

Альфа-тәуекел (жоғарыда келтірілген тізімнің II және IV қателері). Альфа-тәуекел санатына жатқызылатын қателер дұрыс қорытынды жасау үшін аудитордан қосымша және міндетті емес жұмыс жүргізуді талап етеді. Ақыр аяғы аудитор бас жиынтық ахуалы туралы дұрыс қорытындыға келеді, алайда бұл оның қажеттіден көп уақытын алады, соның нәтижесінде аудиттің тиімділігі кем болады.

Бэта-тәуекел (жоғарыда келтірілген тізімнің I және IІІ қателері). Бэта- тәуекел санатына жатқызылатын қателер аудитордың қорытындысы бұрыс болуына әкеп соғады. Бұл өз кезегінде аудит пәрменділігінің кемуіне әкеп соғады. Сондықтан да дәл осы екі тәуекел түрлерімен аудитор артық дәрежеде айналысуы тиіс.


Іріктей байқаулар тұрпаттары

Іріктей байқаулардың екі негізгі түрі болады, оларды аудитор аудиторлық тапсырманы орындау барысында істей алады – атрибутивтік іріктей байқау (attributive sampling) және айналмалыларды іріктей байқау (variables sampling). Кейбір жағдайларда аудитор үшін арналған екі байқау түрін бір мезгілде жүзеге асыру мүмкіндігі беріледі; мұндай жағдайда қос арналымды іріктей байқау туралы айтылады (dual-purpose sampling).

Атрибутивтік іріктей байқау

Атрибутивтік іріктей байқау құралдар мен ішкі бақылау рәсімдерін тестілеуге жатқызылады. Атрибутивтік іріктей байқау кезінде жиынтық элементі белгілі бір сипаттамаға (яғни белгілі бір атрибутқа) ие болу тақырыбына тестіленеді. Авторизация осындай іріктей байқау тұрпатының үлгілі мысалы болып табылады. Атрибутивтік іріктей байқау кезінде осы құжат тиісінше авторланғанын анықтай отырып, аудитор шот-фактураны немесе тапсырма құжатын яки басқа бір құжатты тестілеуді жүргізеді. Авторизация – бұл элементтің сипаттамасы; оған ол ие болады немесе жоқ. Ешқандай авторизация «дәрежесі» болмайды.

Айналмалыларды іріктей байқау

Айналмалыларды іріктей байқау аудитор қайсыбір шаманың, мысалы, трансакция шамасының немесе сальдо шоттың дұрыстығын тексеретін жағдайларда қолданылады. Бұл - елеулілікке аудиторлық тестілер. Аудитор іріктеуде сальдоның ақшалай шамасын анықтауы, нәтижені қолда бар шаммен салыстыруы, сонан соң іріктеу қатесіне түзету жасап, бас жиынтық туралы белгілі бір қорытындыға келуі тиіс.

Қос арналымдағы іріктей байқау

Қос арналымдағы іріктей байқауды атқара отырып, аудитор бір мезгілде бақылау тестін және елеулілікке тест жасайды. Алайда, осындай тестілер жасау үшін аудитор бақылау тесті үшін аңғарылған өзгерудің елеулілікке тестідегі рұқсат етілген деңгейінен кем екендігіне сенімді болуы тиіс. Бұл дегеніміз аудитор қос арналымдағы іріктей байқау құқығына егер де ол бақылау жүйесінің деңгейі іріктей байқау негізінде жасалған нәтижелерге иек арту үшін жеткілікті төмен болатынына сенімді боған жағдайда ғана ие болады. Егер де қос арналымдағы іріктей байқауды жүргізу нәтижесінде аудитор ішкі бақылау жүйесінің пәрменділігіне сүйенуге болмайтынын аңғарса, онда оған ең алдымен елеулілікке тестіні жаңадан атқаруға тура келеді. Қос арналымдағы іріктей байқауды атқарған кезде іріктеу мөлшері іріктей байқаудың кез келген екі жеке-дара тұрпатын жүргізу жағадайынан үлкенірек болуы тиіс, алайда ол екі жек-дара тестілердің іріктеу сомасынан кем болуы керек.

Мысал. Ішкі аудитор бақылау тестін (авторизация) бір мезгілде жүргізгісі және дебиторлық берешектегі сальдо шоттарының дұрыстығын тексергісі келеді. Егер де тестілер бөлек жүргізілсе, онда аудитордың пікірінше өнімді оған сатып алуға (бақылау тесті шеңберінде) 50 өтінімді және 50 дебиторлық берешек шотын (елеулілікке тест шеңберінде) тексеруге тура келер еді. Тұтастай оған 50 жиынтық элементін тексеру керек болған.

Қос арналымдағы іріктей байқауды жүргізген кезде аудиторға у авторизация мен сальдо шоттарының бар болуына 75 трансакция жүргізу керек болады. Іріктеу мөлшері әрбір тестіні бөлек жүргізуден көп болса да, соған қарамастан бұл жеке-дара тестілеу кезіндегі (50 + 50 = 100) іріктеу сомасынан кем.

Іріктеу көлемдерін айқындау

Іріктеу құрамына кіруі тиіс элементтер санын айқындау іріктей байқау үдерісіндегі ең саңызды кезеңдердің бірі болып табылады: егер де іріктеу көлемі тым үлке болса, онда аудитор міндетті емес тестілерді жүргізеді, егер де керісінше, іріктеу мөлшері тым кіші болса онда іріктеу лайықты болмай қалады. Осы екі жағдаяттан іріктеу мөлшері тым көп болғаны - ең жақсысы.

Әдетте, іріктеу көлемі арнаулы кестелер не формулалар көмегімен айқындалады.

Іріктеу көлеміне мынадай жайттар әсер етеді:

• Бас жиынтық мөлшері. Бас жиынтық мөлшері үлкен болған сайын іріктеу көлемі үлкен болады. Соған қарамастан, бас жиынтық көлемдері мен іріктеу мөлшерлерінің арасындағы сызықтық байланыс жоқ. Бұл егер де бас жиынтықтың көлемі, мәселен, екі есе ұлғайса, іріктеу мөлшері ең алдымн осы шамаға ұлғаймайтынын білдіреді.


  • Қате тәуекелінің жарамдылық деңгейі. Қате тәуекелінің жарамдылық деңгейі төмен боған сайын іріктеу мөлшері үлкен болуы тиіс.

  • Бас жиынтықтағы элементтердің өзгеру нәтижесі. Бас жиынтықтағы элементтері әралуан және әртүрлі болған сайын оған әртүрлі элементттер саны көбірек кіруі үшін іріктеу мөлшері үлкен болуы тиіс. Бұл іріктеуді стратификациялау жолымен жеткізіледі (бұдан әрі қара).

  • Бас жиынтықтағы рұқсат етілген ауытқу көрсеткіші. Басқаша сөзбен айтқанда, жиынтықтағы максималды жарамды қателер саны қандай. Бұл көрсеткіш кем болған сайын іріктеу үлкен болуы тиіс.

Төменде біз атрибутивтік іріктеу мен айналмалылар іріктеуінің мөлшерлерін айқындау үшін формулалар келтіріп отырмыз. Бұл формулалар осы Қосымшада материалды жазу барысында пайдаланылады.

Атрибутивтік іріктей байқау кезіндегі іріктеу мөлшерін айқындау үшін негізгі формула:

Іріктеу мөлшері (n) = . анықтамалық: ;
Мұндағы С – сенімділік еселегеіші (керекті сенімділік деңгейге қатысты стандарттық ауытқулар саны (төменде келтірілген кесте бойынша айқындалады)),

р – күтілген ауытқу деңгейі (%),

q = 100% - р (%),

Р – меншікті дәлдік шарасы (%).


Айналмалыларды іріктей байқау кезіндегі іріктеу мөлшерін айқындау үшін негізгі формула:

Sample Size (n1) =


Мұндағы С – сенімділік еселегеіші (керекті сенімділік деңгейге қатысты стандарттық ауытқулар саны (төменде келтірілген кесте бойынша айқындалады)),

n1 – элементтерді сұрыптаудағы алмастыруды ескере отырп іріктеу мөлшері,



- бас жиынтықтағы стандарттық ауытқу (пилоттық іріктеу негіщіндегі немесе былтырғы жылғы іріктей байқау нәтижелері бойынша бағалау)

Р - іріктей байқаудың дәлдік не рұқсат етілген тәуекел деңгейінің шарасы.

Сенімділік еселегіші (С) аудитор қабылдауға әзір бұрыс қабылдамау тәуекелінің деңгейіне негізделген. Аудитор қабылдауға әзір тәуекел деңгейі жоғары болған сайын іріктеу мөлшері кем болуы тиіс. Әртүрлі тәуекел деңгейлерінің кестелік мәндері төменде көрсетілген.


Бұрыс қабылдамау тәуекелі

Сенімділік деңгейі

Сенімділік еселегіші

20%

80%

1,2816

10%

90%

1,6449

5%

95%

1,9600

1%

99%

2,5758

Ескерту. Дәлдік шарасын сондай-ақ сенімділік аумағы деп. «Сеніміділік аумағы – бұл шеңберінде бас жиынтық сипаттамаларының бағалауы күтілген сенім деңгейіне сәйкес болатын аралық. Дәлдік шарасы аралық не шек бола тұрып, әдетте «плюс» және «минус» белгілерімен пайыздық қатынаста өрнектеледі, мәселен, ± 2%, немесе абсолюттық мәнде, мәселен, ± 5 000 теңге.

Мысал. Ішкі аудитор 2 мың дебиторлық берешек шотынан іріктеуді зерттеуге кіріседі. Ішкі аудитор іріктеу мөлшерін білгісі келеді. Былтырғы жылға іріктеу тұрғысынан стандарттық ауытқудың бағалаушылық мәні 37,50 мың теңгені құрайды, керекті сенімділік деңгейі 95%-ға тең. 50 млн. теңге мөлшеріндегі жарамды бұрмалауды және бұрыс қабылдамау тәуекелін 2,5% жорамалдай отырып, керекті дәлдік дәрежесін (сенімділік аумағы) кестелік еселегішті пайдалана отырп табуға болады. Бұрыс қабылдамау деңгейіне 5% бұрыс қабылдамаудың рұқсат етілген деңгейіне 2,5% сәйкес келетін еселегіш 0,1250 тең. 0,1250 жарамды бұрмалаушамасы 50 млн.теңгеге көбейтіп біз 6250 млн.теңге мөлшеріндегі дәлдік шарасын аламыз. Бір элементке есептегенде дәлдік шарасы 3,13 мың теңгені құрайды (6 250 млн.теңге / 2000 = 3,13 мың теңге.). Сонымен, іріктеу мөлшері былайша есептеледі:

n1 =

Атрибутивтік іріктей байқау

Атрибутивтік іріктей байқауды жүргізуге дайындық кезінде аудитор қаперге мынадай жайттарды қабылдауы тиіс:



  • Тестіленетін элемент пен бақылау тестінің мақсаты арасындағы өзара байланыс. Кейбір жағдайларда, мәселен, уәкілеттіктерді бөлу кезінде іріктей байқау нәтиже бермеуі мүмкін. Бұл клиентте проблемалар тудыратын тіпті бір сәйкессіздік жағдайы жеткілікті жағдаяттар.

  • Максималды ауытқулар саны. Іріктеу құрамында аңғарылатын, бірақ та соған қармастан аудиторға бақылау жүйесінің тәуекелі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін қате элементтер саны туралы сөз етіледі. Бұл жарамды қате болып саналады.

  • Бас жиынтықтағы күтілетін ауытқулар саны.

  • Тәуекелдің нақты деңгейін төмендете бағалаудың аудитор үшін жарамды тәуекелі. Бұл аудитордың шындығында бұлай болмаса да бақылау жүйесінің бара-барлығы туралы тұжырым жасай отырып, қабылдауға әзір сол тәуекелі.

Бас жиынтық қрамындағы элементтер сипаттамалары.

Осы жайттардың әрбіреуі аудитордан кәсіби пайымдауды қолдануды керек етеді және барлығы бірге алынғанда олар аудиторға іріктеу мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді.

Аудитор бақылау тестілерін атқарғанда ол тексеретін жоқ болғандықтан ол қайсыбір тұста әлдебір тестіні орындай алмаса, бұл ауытқу болып саналады.

Алайда егер сұрыптап алынған элемент лайықтылы керек емес деп танылса, онда ол бас жиынтықтан басқа элементпен алмастырылуы тиіс.

Құжат бүлінген, не онда қате жіберілсе керек емес деп танылады. Мұндай жағдайда ол сақталуы тиіс, баірақ онда оны кездейсоқ жаңадан пайдаланбас үшін «Керексіз» деген үлкен әріппен жазылуы тиіс.

Ескерту. Іріктей байқау үдерісінде анықталған жекелеген ауытқу қаржылық есептеменің бұрмалауына әкелмейді. Қаржылық құжаттарда бұрмалаушылықтар туралы айту үшін оларда аудиторлық тапсырма клиентінің де, аудитордың өзінің де аңғармаған қатесі мазмұндалуы қажет. Бақылау тесті барысындағы ауытқу қаржылық есептеде қате бар екенін білдірмейді, өйткні клиентте не аудиторда ол қаржылық есептемелерге түскеге дейін осы қатені анықтау мүмкіндігі болады.

Атрибутивтік іріктей байқаудың әртүрлі әдістері бар. Олардың негізгілері мыналар болып табылады:



  • Қабылдау (өнімді) кезіндегі іріктей байқау. Элемент жарамды не жарамсыз болып бағалануы мүмкін жағдайларда пайдаланылады. Бұл – сапаны бақылау жүйесінің тесті.

  • Дәйекті іріктей байқау. Іріктей жиынтық элементтері әрбіреуі қате кезінде ауытқуға келтіретін бірқатар белгілі бір қадамдардың көмегімен пайдаланылады.

Қатені анықтау мақсатындағы іріктей байқау. Бұл - Атрибутивтік іріктей байқаудың ерекше түрі; ол аудитор кез келген қатені іздеген жағдайларда қолданылады, өйткені барлық бас жиынтықта қателер жоқ деп жорамалданады. Бұл қате ықтималдығы жетклікті дәрежеде төмен кезінде белгілі бір сенімділік деңгейіне жетуге мүмкнідік беретін іріктеу мөлшерлерін айқындау жолымен жасалады. Осы әдіс мүмкін болар алаяқтық тақырыбына тексеру жүргізілген кезде пайдаланылады, яғни бұл – тексеріс тәсілдерінің бірі.
«Тоқта-алға» тұрпатындағы іріктей байқау. Осы әдістің көмегімен аудитор іріктеу мөлшері кмітуге талпынады. Бұл іріктеудегі ауытқулар үлесі жарамды қателер үлесінен кем екенін дәлелдеу үшін жеткілікті элементтер санымен ғана шектеу жолымен жасалады. Егер де бірінші іріктеу бас жиынтыққа сәйкес келмесе, онда іріктеу мөлшері аудитордың ауытқулар деңгейі іріктеуде жарамды деңгейден кем екендігіне көзі жеткенше ұлғая береді. Мұндай әдіс жоғары емес сәйкессіздік ықтималдығы күтілген кездерде іріктеу мөлшерін азайтуға мүмкіндік жасайды.
Айналмалыларды іріктей байқау

Айналмалыларды іріктей байқау шот не теңгерімінің ақшалай өрнегіндегі шамасына тестілер жүргізу қажет жағдайларда пайдаланылады.

Аудитор айналмалыларды іріктей байқауды елеулілікке тестілеу шеңберінде жүргізсе, ол іріктеуді түзілдіру кезінде мынадай жайттарды ескеруі тиіс:

• Тестілетін жиынтық пен аудиторлық тапсырма арасындағы өщара байланыс.

Аудитор тестілеуі соның негізінде қорытынды жасайтындай шындығында өзі аудиторлық куәлікті көрсететініне көз жеткізуі қажет.


  • Бұрыс қабылдау тәуекелінің рұқсат етілген деңгейі. Бұл шындығында шама қатемен көрсетілсе де, аудитордың сальдо шамасының дұрыстығы туралы тұжырымға келетіндей қабылдауына әзір тәуекел деңгейі.

  • Бақылау жүйесінің тәуекелі. Бақылау жүйесі тәуекелінің деңгейі жоғары болған сайын іріктеу мөлшері үлкен болуы тиіс, өйткені бас жиынтықта қателер көп болады деп күтілуде (Ауытқу көрсеткішіінң жоғары деңгейі күтілгенде іріктеу мөлшері жоғары болуы тиіс. Мәселен, егер де іріктеу тек бір элементтен тұратын болса, бұл барлық бас жиынтық бойынша бірден бір сенімді элемент екендігінің ықтималдығы боолады. Демек, бағалығына көз жету үшін мөлшері бойынша үлкен іріктеу кере болады).

  • Бас жиынтықтың сипаттамалары (ол қатты әртараптанды ма әлде ондағы элементтер ұқсас па).

  • Аудитор аңғара алатын және бәрібір қанағаттанарлық қорытынды и жасайтын рұқсат етілген бұрмалаушылық деңгейі. Қателердің жарамды деңгейінің өсуі бойынша іріктеу мөлшері азая береді.

  • Елеулілік деңгейлері. Елеулілік деңгейі қателердің жарамды деңгейі шамасына (немесе рұқсат етілген бұрмалаушылық деңгейіне) әсер етеді.

Осы жайттардың әрбіреуі аудитордан әртүрлі кәсііби пайымдау дәрежесін керек етеді.

Егер де айналмалылардың іріктеу жиынтығындағы элемент тестілене алмаса, аудитор оның қорытындысы өзгеретінін айқындауы тиіс; егер де осы болмаған элементтер бұрмаланса. Егер де оның пікірінше, болмайтын элементтер шындығында қорытындыға әсер етсе, онда бұл жағдайда аудитор сальдо теңгерімінің дұрыстығына не қателігіне көзін жеткізу үшін балама рәсімдерді пайдалануы тиіс.

Статистикалық іріктей байқау.

Статистикалық (ықтималдық не кездейсоқ) іріктей байқау – бұл сенімділік аумақтары мен іріктеу тәуекелін айқындауға жатқызылатын математикалық формулаларға негізделген іріктей байқау. Бұл үдеріс аудиторларға қорытындылар жасауға мүмкіндік береді, олар тестіленген іріктеудің статистикалық талдауымен расталған. Бұдан басқа, бұл үдеріс аудиторға іріктеу тәуекелін, яғни элементтердің үлкен бас жиынтығының тек бір бөлігі тестілеуінің салдарынан туындайтын тәуекелдің деңгейін өлшеу тәсілін ұсынады.

Ескерту. Статистикалық іріктей байқау бейстатистикалық іріктей байқауға қарсы қойылады. Бейстатистикалық іріктей байқау да іріктеуді талдаудың пәрменді әдісі болып табылады; ол жәй статистикалық іріктей байқауда пайдаланылатын статистикалық өлшеуіштерді пайдаланбайды.

Шығындар мен пайдалардың өзара байланысы статистикалық іріктей байқауды қолданудың негізгі басымдығы болып табылады. Статистикалық модельдеуді пайдаланудың арқасында аудитор элементтерді түзілдіре (керекті іріктеу мөлшерін айқындауды қоса отырып), сұрыптай және тестер жүргізе (іріктеу мөлшерлері қажеттіктен үлкен болып табылмайтындығын назарға ала отырып), сондай-ақ іріктеудің жеткіліктігін өлшей және талдау нәтижелерін бағалай алады.

Бейстатистикалық іріктей байқау кезінде бұл үшін аудитордың кәсіби пайымы пайдаланылса, оның аудиторға іріктеу тәуекелінің деңгейін санмен өлшеуге мүмкіндік беретіні статистикалық іріктей байқаудың тағы бір айтарлықтай басымдығы болып табылады.

Бұған қарамастан, статистикалық іріктей байқаумен бейстатистикалық іріктей байқауға қарағанда қосымша шығындардың байланыста екенін ескерген жөн.

Статистикалық іріктей байқауды бейнелейтін үш негізгі шығындар түрі:


  • Аудиторларды қажетті статистикалық әдіспен оқытуға байланысты шығындар,

  • Олар статистикалық өлшемдерге сәйкес келетіндей іріктеуді түзілдіруге байланысты шығындар,

  • Элементтерді тестілеу үшін сұрыптауға байланысты шығындар.

Элементтерді іріктеуге классикалық сұрыптау тәсілдері.

Аудитор тестілейтін іріктеу мөлшерін айқындаудың және іріктеу үшін элементтерді сұрыптаудың бірқатар әртүрлі тәсілдері бар. Әрбір осы тәсілдердің өз басымдықтары мен кемістіктері бар. Төменде біз іріктеу үшін элементтерді сұрыптаудың бірнеше тәсілдерінің қысқаша сыпаттамасын келтіреміз:

Сараптамалық (жүйесіз) іріктеу (Judgmental (haphazard) sampling). Мұндай тәсіл кезінде аудитор іріктеу мөлшерін айқындау үшін кәсіби пайымдауды пайдаланады, сонан соң сол не өзге элементті іріктеу құрамына кіргізу немесе керісінше кіргізбеудің қанадай да бір айқындалған жүйесінсіз не себінсіз тестілеуге арналған элементтерді сұрыптайды. Мұндай тәсіл бейстатистикалық іріктей байқау шеңберінде пайдалануы мүмкін. Ол статистикалық іріктей байқау шеңберінде пайдаланыла алмайды, себебі іріктеуді талдаудың статистикалық құралын сайма-сай пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Кездейсоқ сандар неізінде сұрыптау. Осы тәсілді пайдаланған кезде аудитор тестілеуге арналған элементтерді сұрыптау үшін кездейсоқ сандар өндіргішін пайдаланады. Кездейсоқ сандар негізінде сұрыптау ғылыми түрде жинақталған сандарды мамұндайтын арнайы кестелер негізінде жүргізіледі. Бұл тәсіл қайсыбір біржақты қатынасты болдырмайды және барлық бас жиынтық элементттері үшін тестілеу үшін сұрыпталған болуға бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

Егер де іріктек орнын басумен болса, онда аудитор әрбір сұрыпталған элементтерден бас жинақтауға кері қайтарады, бұл бір ғана элементті қайтадан сұрыптау мүмкіндігін туындатуға әкеп соғады. Мұндай іс-тәжірибе үлкен іріктеу мөлшерін керек етеді және аудиторлардың көпшілігі іріктей байқауларды орын басусыз жүргізеді.

Стратифицирленген іріктеу. Стратифицирленген іріктеу кезінде аудитор бас жиынтықты құрайтын элементтер мөлшерін негізге ала отырып, бас жиынтықты әртүрлі деңгейлерге бөледі. Әрбір пайда болған элементтер қабаттары үшін аудитор өзінің тестілеу әдісін айқындауы тиіс. Бірдей (ұқсас) белгілерге ие болатын мөлшері бойынша бірнеше кіші элементтер жиынтықтарын құру жолымен жиынтық ішінде өзгеру әсерін кеміту стратифицирленген іріктеудің негізгі мақсаты болып табылады. Тиісінше, стратификация бас жиынтықты элементтері әртараптанған жағдайларда (яғни бір бірінен қатты ерекшеленеді) үлкен пайда келтіреді.

Барлық страттар шамамен бірдей шамаға (құндық мән) ие болғанда ең көп элементтер саны стандарттық ауытқудың ең жоғары көрсеткішіне ие страттан сұрыпталып алынуы тиіс.

Жүйелік сұрыптау. Осы тәсілді пайдалана отырып, аудитор бас жиынтық шеңберінде алдымен бастапқы мүйісті (яғни бірінші сұрыпталатын элементті) таңдайды, сонан соң сұрыптау аралығын айқындайды. Аралық белгіенгеннен кейін (мысалы, әрбір 15-ші элемент сұрыпталады), аудитор бастапқы мүйістен сұрыптауға кіріседі және тестілеу үшін әрбір 15-ші жиынтық элементін сұрыптайды. Бұл тәсіл статистикалық та, бейстатистикалық та іріктей байқау үшін пайдалануы ымүмкін, алайды оны бас жиынтықтағы элементтер қатаң тәртіпте таратылған жағдайларда пайдаланған жөн емес. Мәселен, егер де аудитор еңбеккерлердің фамилиялары бір ретпен тізілген жалақы тізімдемелеріне тест жүргізгісі келсе, оның элементтерді жүйелік сұрыптау тәсілін пайдалануы жөн емес, өйткені барлық уақытта бір еңбеккердің өзі немесе бір ғана еңбеккерлер сұрыпталады.

Топтық сұрыптау. Осы тәсіл аудиторға бас жиынтықтан блок немесе элементтер тобын сұрыптауға мүмкіндік береді. Осы әдістің көмегімен оларды іріктеуге кіргізу үшін белгілі бір жекелеген элементтерді аңғару әлдеқайда оңай, алайда көптеген жағдайларда бұл тәсіл ең жақсы бола алмайды. Мысалы, аудитор еңбеккерлердің бірде біреуі демалыста болмаған және барлық жұмыс істеушілер қайсыбір себеп бойынша ерекше құлшыныспен оларға тапсырылған тапсырмаларды орындаған мұның алдындағы екі апта ішінде ресімделген тапсырыс-нарядтарды ғана ьестілеумен шектеле алады. Мұндай тәсіл жаңа құралды немесе жаңа бақылау рәсімін тестілеу яки ұзақмерзімді бақылау туралы сөз етілгенде ең тиімді болуы мүмкін.
Іріктей байқаулардың әдіснамасы

Бұл бөлімшеде біз іріктей байқау үдерісінде пайдаланылатын нақты қадамдар мен рәсімдерді егжей-тегжейлі қараймыз. Алдымен біз атрибутивтік іріктей байқауды, сонан кейін айналмалыларды іріктей байқауды қарастырамыз. Сіздерге аудитор іріктей байқауларды атқарған кезде жүретін қадамдар тізбесін еске сақтау керек емес, алайда іріктей байқауларды ұйымдастыруға негізгі идеялар мен жүйедегі ұстанымдарды білулеріңіз қажет.


Атрибутивтік іріктей байқаулардың әдіснамасы

Төменде аудитор атрибутивтік іріктей байқауды атқарған кезде жүретін қадамдар санамаланған:



  1. Жоспар мақстаттарын айқындаңыз – бақылау жүйесінің жұмыс істеу пәрменділігінің дәрежесін айқындау бақылау тестілерін жүргізу мақсаты болып табылады.

  2. Бас жиынтық пен іріктеу элементін айқындаңыз – мәселен, бас жиынтық теңгерімдік құны 10 млн.теңге 2 мың дебиторлар шотынан тұра алады. Бұл жағдайда тапысырыскердің әрбір шоты іріктеу элементі болып саналады.

  1. Ауытқуға айқындама беріңіздер.

  1. Рұқсат етілген деңгейін айқындаңыз – бұл жарамды болып саналып, бақылау жүйесінің бағаланатын тәуекел деңгейін өзгерттірмейтін ауытқу (сәйкессіздік) деңгейі. Бұл - бақылау жүйесінің күитілетін өлшенген тәуекел деңгейінен және кепілдеменің керекті деңгейінен алынған функция.

  2. Сенім деңгейін (сенімділік деңгейі) айқындаңыз – аудиторға ол осы тестіден алғысы келетін сеніміділік деңгейін айқындауы қажет. Керекті сенімділік деңгейі жоғары болған сайын іріктеу мөлшері де үлкен болуы тиіс.

  3. Бас жиынтықтағы күтілген ауытқу деңгейін айқындаңыз – егер де күтілген ауытқу деңгейі рұқсат етілген қате деңгейінен асып түссе, онда мұндай жағдаятта аудитор мүмкін бақылау тестілерін жүргізбес.

  4. Элементтер сұрыптауының тәсілін айқындаңыз – жоғарыда әртүрлі іріктеуді түзілдіру тәсілдері қарастырылған.

8) Іріктеу мөлшерін есептеңіз – іріктеу мөлшерлерін формулалар, компьютерлер не іріктеу мөлшерлерінің кестелері көмегімен есептеуге болады. Аудитор іріктеу мөлшерін айқындаған кезде ол жадында мынадай жайттарды ұстауы тиіс:

  • Бақылау жүйесінің нақты тәуекел деңгейін төмендете бағалау тәуекелі (яғни шындығында бұлай болмаса да аудитор бақылау жүйесінің бара-барлығы туралы мәлімдей алатын тәуекел).

  • Бас жиынтық мөлшері (бұл жайт іріктеу мөлшерін айқындауға өте мардымсыз әсер етсе де).

  • Күтілетін ауытқу деңгейі.

Рұқсат етілген ауытқу (қателер)деңгейі.

Ескертпе. Атрибутивтік іріктей байқау кезіндегі іріктеу мөлшерін айқындау үшін негізгі формула:

Іріктеу мөлшері (n) =,

Мұндағы:


С – сенім еселегіші,

р - күтілетін ауытқу деңгейі,

q =100% - р,

P – меншікті дәлдік шарасы.



  1. Сұрыптаңыз және сұрыпталған элементтермен тестілерді орындаңыз – аудиторлық рәсімдер басжиынтықтың сұрыпталған элементтеріне қолданылады.

  2. Іріктей байқау нәтижелерін бағалаңыз – бағалау үдерісі компьютер, формулалар мен кестелерді пайдалану көмегімен жүргізіле алады.

11) Ортақ қорытындыға келіңіз – кәсіби пайымдауды пайдалана отырып, аудитор ішкі бақылаудың құралдары мен рәсімдері туралы белгілі бір ортақ қорытындыға келуі тиіс. Егер де іріктеуді талдау нәтижелері ұсынылған бақылау жүйесінің тәуекел деңгейіне сәйкес келмесе, онда аудиторға осы деңгейді түзетуге тура келеді. Аудитордың тек қана сандық мөлшерлер мен жалпы ауытқу мөлшерлерін емес, осы ауытқулардың болу себептерін айқындағаны жөн. Ауытқулар егер де қарапайым адами қателерден туындаса ештеңе емес; егер де олар түсінбестік немесе жүйенің нашар жұмыс істеуі салдарына болса тіпті қиын.

Егер де нақты ауытқу деңгейі плюс іріктеу қатесіне рұқсат рұқсат етілген ауытқу деңгейінен кем болса, онда аудитор бақылау жүйесі осы күтілгендей дәрежеде жұмыс істейтіні туралы тұжырымды үлкен ықтималдық үлесімен жасайды.

Нақты қателер деңгейі + Іріктеу қатесі ≤ Рұқсат етілген ауытқу деңгейі.

12) Іріктей байқау рәсімін құжаттай ресімдеңіз – бұл істелінген жұмысты, нәтижелерді, жасалған қорытындыларды, пайдаланған әдістер мен тәсілдерді және т.с.с. кіргізеді.


Іріктей байқау және сальдо тестілері

Айналмалыларды іріктей байқау әдетте аудиторды қайсыбір көрсеткіштің ақшалай шамасын тексеру қызықтырған жағдайларда қолданылады. Бұл – елеулілікке тестерді жүргізудің дәстүрлі тәсілі. Іріктеу тесті жүргізілген кезде аудитор тест нәтижелерін бүкіл бас жиынтыққа қолдануы тиіс. Осыны жасаудың ең үлгілі тәсілдері мыналар болып табылады:



  • Іріктеудің орташа арифметикалық мәнін айқындау. Бұл тәсілді қолдану аудиторға іріктеуді тестілеуді жүргізуге, іріктеулік жиынтықтың аудиторлық (яғни аудитор хаттаған) қосынды сандық (құндық) мәнін алуға және іріктеудің орташа арифметикалық мәнін есептеуге мүмкіндік береді. Содан кейін бұл сан барлық бас жиынтықтың санына көбейтіледі. Осындай тест жүргізу үшін аудиторға іріктеулік жиынтықтың теңгерімдік құнын (яғни есепке алу кітаптарына енгізілген құнын) білу керек емес.

  • Олқылықты бағалау. Осы тәсілмен аудитор теңгерімдік құн (яғни есепке алу кітаптарына енгізілген құн) мен аудиторлық (яғни аудитор хаттаған) арасындағы орташа олқылықты ірітеулік жиынтықтың қосылған мәнімен табады, сонан соң осы орташа олқылықты бас жиынтықтағы әрбір элементке қолданады. Бұл орташа олқылық содан кейін бас жиынтықтың қосынды мәнінінің рұқсат етілген шекараларын (плюс-минус) айқындау үшін бас жиынтық элементтерінің ортақ санына көбейтіледі. Алынған нәтижелер соңғыларды орындылығын айқындау үшін шоттағы нақты қалдықтармен салыстырылады.

  • Еселегіштер әдісі. Аудитор іріктеулік жиынтықтың теңгермелік құны мен іріктеулік жиынтықтың қосынды шамасының арасындағы арақатынасты айқындайды, сонан соң осы еселегішті барлық бас жиынтыққа қолданады. Бұл тәсіл теңгерімдік және аудиторлық шамалар жақын болған кезде аса пәрменді.

• Іріктеу мөлшеріне ықтималдық-шамаластық немесе ақшалай бұрмалаушылықтарды айқындау мақсатындағы іріктеу. Бұл тәсіл арнайы бөлімшеде жеке қарастырылады.
Мысал. Дебиторлардың сальдо шоты 4,5 млн теңгеге тең және 4 мың тапсырыскер шоттарын кіргізеді. Ішкі аудитор теңгерімдік құны 225 мың теңге 200 шотты сұрыптайды. Шоттардың аудиторлық қосынды сомасы 240 мың теңгені құрайды. 1) орташа арифметикалық іріктеу мәнін, 2) олқылықты бағалауды 3) еселегіштер әдісі бойынша есептеулер төменде келтірілген.

Іріктеудің орташа арифметикалық мәні. Аудитор алдымен іріктеудің орташа арифметикалық мәнін (240 мың теңге : 200 = 1 200 теңге.) есептейді, содан кейін дебиторлардың сальдо шоты шамасының бара-барлығын бағалау үшін осы санды бас жиынтықтағы шоттардың жалпы санына көбейтеді (1200 теңге х 4 000 = 4,8 млн теңге).

Олқылықты бағалау. Іріктеулік жиынтықтың аудиторлық қосынды мәні мен іріктеудің теңгерімдік құны арасындағы орташа арифметикалық «айырмасын» анықтаңыз [(240 мың теңге - 225 мың теңге) : 200 = 75 теңге]. Осы санды бас жиынтықтағы дебиторлардың жалпы шоттар санына көбейтіңіз де олқылықтың жалпы санын аласыз: (75 теңге х 4 000 = 300 мың теңге). Бұл олқылық теңгерімдік құнға қосылады. Соның нәтижесінде бас жиынтықтағы қосынды шаманың бағасын аласыз (4,5 млн теңге + 300 мың теңге = 4,8 млн теңге).

Еселегіштер әдісі. Іріктеулік жиынтықтың аудиторлық қосынды мәні мен іріктеудің теңгерімдік құны арасындағы арақатынасты есептеңіз (240 мың теңге : 225 мың теңге = 1,066). Осы еселегішті бас жиынтықтың теңгерімдік құнына көбейтіңіз (1,066 х 4,5 млн теңге = 4,8 млн теңге).


Айналмалыларды іріктей байқаулардың әдіснамасы

Айналмалыларды іріктей байқау кезінде аудитор жүруі тиіс қадамдар төменде келтірілген. Санамаланған қадамдар аудитордың атрибутивтік іріктей байқауды атқару кезінде жасайтындарымен дәл келгенде біз қайталай түсініктемелерді түсіреміз:



  1. Жоспардың мақсаттарын айқындаңыз.

  2. Бас жиынтық пен іріктеу элементін айқындаңыз.

  3. Сенім деңгейін айқындаңыз. Бұл аудитор іздеген іріктеуді талдау нәтижесіндегі сенімділік деңгейі. Осы деңгей жоғары болған сайын іріктеу мөлшері үлкен болуы тиіс.

  4. Ақшалай өрнектегі стандарттық ауытқу деңгейін (немесе ақшалай бұрмаалушылық деңгейін) айқындаңыз – бұл аудитордың пайымдау мәселесі, алайда бұрмалау ұлғайған сайын іріктеу мөлшері де ұлғаяды.

  5. Рұқсат етілген бұрмалаушылық деңгейді табыңыз.

  6. Элементтерді сұрыптау тәсілін айқындаңыз.

  7. Іріктеу мөлшерлерін есептеңіз – іріктеу мөлшерлерін формулалар, компьютерлер немесе іріктеу мөлшерлерінің кестесі көмегімен есептеуге болады.

Ескерту. Айналмалыларды іріктей байқау кезінде іріктеу мөлшерін анықтаудың негізгі формуласы :

Іріктеу мөлшері (n1) =

Мұндағы С – сенім еселегіші (стандарттық ауытқулардың талап етілетін сенім деңгейіне қатысты саны (1 – бұрыс қабылдамау тәуекелі)),

n1 – элементтерді сұрыптауда алмастыруды ескере отырып іріктеу мқөлшері, - бас жиынтықтағы стандарттық ауытқу (пилоттық іріктеу негізінде не былтырғы жылғы іріктеуй байқау нәтижелері бойынша жасалған бағалау)

Р – дәлдік шарасы немесе іріктей байқаудың рұқсат етілген тәуекелінің деңгейі.


  1. Сұрыптаңыз және сұрапталған элементтермен тестерді атқарыңыз.

  2. Іріктей байқаудың нәтижелерін бағалаңыз - аудитор дәлдік шарасын бағалауы тиіс (бұл күтілген олқылық (плюс-минус) немесе бас жиынтықтың күтілген қосынды шамасы болуы тиіс аралық).

  3. Ортақ қорытындыға келіңіз.

Іріктеу мөлшеріне ықтималдық-шамаластық (Probability-Proportional-to-Size Sampling, PPS) айналмалыларды іріктей байқау түрлерінің бірі болып табылады, соның шеңберінде аудитор тапсырыс-нарядтардың орнына бас жиынтықтың өзі немесе өзге идентификаторлар тұрпаты ретінде бас жиынтықтан теңгемен нақты сомаларды пайдаланады. Мәселен, егер де дебиторлық берешек шоттарының тесті туралы сөз етілсе, онда бас жиынтық дебиторлар берешегін қосу есебінен емес, шотта санын қосу есебінен құрылады.

PPS тәсілінде екі теңдесі жоқ сипаттама бар, солардың көмегімен осы әдістің іріктей байқау үшін пайдаланудың сайма-сайлығы айқындалады:



  • PPS автоматты түрде бас жиынтықты страттарға бөледі, өйткені ең ірі элемент бсұрыпталудың ең үлкен ықтималдығына, ал осы сәтте ең кішкентайы – ең кем ықтималдыққа ие болады. Бұл осындай әдісті бас жиынтық құрылымы әртараптандырылған кезде пайдалану тиімді екенін білдіреді.

  • PPS төмендеуге қарағанда жоғарылауды аңғару үшін пәрменді. Бұл элемент шамасы кем болған сайын оның іріктеу құрамына кіру мүмкіндіктері аз болғандықтан жүреді. Сонымен, нөлдік сальдолы (немесе тіпті есепке алынбаған) тестілеу үшін сұрыптауға ешқандай мүмкіндіккке ие болмайды. Сондықтан PPS пассивтерге қарағанда активтерді тестілеу үшін пайдаланған эөн, себебі активтер шамасы пассивтерге қарағанда үлкен ықтмалдықпен жоғарылай алады.

PPS автоматты түрде бас жиынтықты стратифициялауының арқасында ол төменгі қателер (ауытқулар) деңгейлі ортада мөлшерлері бойынша кішігірім іріктеулермен шектелуге мүмкінідік береді. Бұдан басқа, бір тапсырыс-наряд қана бір реттен артық сұрыпталатындықтан (тапсырыс сомасы көбейген сайын қайталай іріктеу ықтималдығы көп болады), PPS қажетті тестілер санын да шектеуге мүмкіндік жасайды.

Алайда қателер (ауытқулар) жоғары деңгейлі ортада PPS қолдану бір элемент қана бір реттен артық сұрыптала алу мән-жайының салдарынан айналмалыларды «классикалық» іріктей байқауды пайдаланғаннан гөрі үлкен мөлшерлі іріктеулерді құруға әкеп соғуы мүмкін .

PPS іріктеу мөлшерін анықтау үшін аудитор мынадай шамаларды есептеуі тиіс (сізге математикалық есептеулердің үдерісін білу міндетті емес, алайда осы есептеулерде ескерілетін жайттарды білуіңіз керек):

• Жоғарылау қателеріне қолданымды сенімділік жайттары - бұл жайттың мәндері кестеден алынады (төмендегіге қараңыз)




PPS сеніміділік жайттары




Талап етілетін сенімділік надежность

Жайттар

99%

4,605

95%

2,996

90%

2,300

• Күтілетін қателер деңгейі – бұл көрсеткішті есептеу қателер күтілген жағдайларда қажет. Ол былайша есептеледі:

Күтілген бұрмалаушылқтар сомасы

Күтілетін қателер деңгейі = —————————————

Бас жиынтық

Рұқсат етілген деңгей – бұл көрсеткіш іріктеу мөлшерін есептеу үшін қажет. Бұл үшін екі формула пайдаланылады:

Іріктеу аралығы

Рұқсат етілген бұрмалаушылықтар деңгейі = ————————————————————————

Жоғарыдау қатесіне қолданымды сенімділік жайты


Бас жиынтық

Іріктеу мөлшері = ————————————

Іріктеу аралығы

Есептеу мысалы. Аудитор теңгерімдік құны 4,5 млн.теңге дебиторлық берешектің шоттарын жоғарылау тақырыбына тексеруді шешті. PPS аудиторлық тапсырманың мақсаттарына жетудің ең үздік әдісі болып табылатыны анықталды. Аудитор теңгерімдік құндағы 5 пайыздық қате елеулі болып табылатын шешім қабылдады. 4,5 млн.теңгеден 5%-ы 225,0 мың теңгені құрайды. аудитор сондай-ақ сеніміділік деңгейін пайдалануды шешті; ол жиынтықта қайсыбір қателерді күтпейді. Осы міндеттердің шамалары төмендегідей келтірілген:

Теңгерімдік құн = 4 500 000 теңге.

Жиынтықтағы шоттар саны = 2 000

Рұқсат етілген қате = 225 000 тенге.

Сенімділік деңгейі = 95%.

Іріктеу аралығы (I) былайша есептеледі:

225000

I = ——— = 75100 теңге.

2,996

Іріктеу мөлшері (n) былайша есептеледі:



4500000
n = ———— = 60

75000


Біз содан соң тапсырыскерлердің осы сальдо шоттарын сұрыптау нәтижелерін іріктеуді құру үшін пайдалана аламыз. Бұл үдеріс төменде келтірілген кестеде көрсетілген. Жартылай жуан әріптермен көрсетілген элементтер тестілеу үшін сұрыпталған. Ең ірі қалдықтармен бірге шоттар іріктеу құрамына кіргеніне назар аударыңыз. Іріктеу құрамында 60 шот және кейбір шоттар тым мардымсыз теңгерімге ие болса да, осыған қарамастан PPS әдісі ең айтарлықтай теңгерімді шоттар сұрыпталады деп жоғары ықтималдық көрсетеді. Аудитор тек 3% бас жиынтығын тестіледі, алайда бұл жалпы теңгерімдік құнның 58% құрады.

PPS іріктеуін құру үшін жұмыс кестесі



Тапсырыскер

Сальдо(Теңгерімдік құн)

Жалпы нәтиже

Сұрыпталған элементтер

0001

1789

1789

1789

0002

536

(1789+536) =2325




0003

897

(2325+897) = 3222

+ 75100

0004

4565

7787




0005

70897

78684

76889

0006

673

79357




0007

8901

88258




0008

1000

89258

+ 75100

0009

9987

99245




0010

60541

159786

151289

+ 75100



2000

4897

4 500 000







4 500 000

(100%)





2 587 987

(58%)


Кездейсоқ сандар кестелерін пайдалану

Кездейсоқ сандар кестелері бас жиынтықтың әрбір элементі іріктеуге кіруге бірдей мүмкіндікке ие болатын кепілдеме алуға мүмкіндік жасайтын тәсіл ретінде пайдаланылады. АҚШ шттаттары арасындағы сауданы реттейтін комиссия (Interstate Commerce Commission) осындай кестелердің бірін әзірледі(см. ниже). Кесте 105 мың кездейсоқ ондық таңбалардан тұрады. Толығымен кесте 1 500 жол мен 14 бағаннан тұрады. Жолдар мен бағандар рет-ретімен нөмірленген. Әрбір бағанда кестені пайдалануға ыңғайлы болу үшін бестаңбалы сандар бар. Элементтердің алаламаусыз сұрыпталуын қамтамасыз ету үшін кестені дұрыс пайдалану қажет.

Кездейсоқ сандар кестесі



Эл-т (1) (2) (3) (4) (5) (6) (7) (8)


1000 37039 97547 64673 31546 99314 66854 97855 99965


37039

97547

64673

31546

99314

66854

97855

99965

1001

25145

84834

23009

51584

66754

77785

52357

25532

1002

98433

54725

18864

65886

78918

78825

58210

76835

1003

97965

68548

81545

82933

93545

86959

63262

61454

1004

78049

67830

14624

17563

25697

07734

48243

94318

1005

50203

25658

91478

08509

23308

48130

65047

77873




1006

40059

67825

18934

64998

49807

71126

77818

56893

1007

84350

67241

54031

34535

04093

35062

58163

14205

1008

84350

51637

91500

48722

60988

60029

60873

37423

1009

30954

36464

98305

08009

00666

29255

18514

49158

1010

50188

22554

86160

92250

14021

65859

16237

72296




1011

50014

00463

13906

35936

71761

95755

87002

71667

1012

66023

21428

14742

94874

23308

58533

26507

11208

1013

04458

61862

63119

09541

01715

87901

91260

03079

1014

57510

36314

30542

09712

37714

95482

30607

68475

1015

43373

58939

95848

28288

60341

52174

11879

18115




1016

81500

12763

64423

02268

57905

72347

49498

21871

1017

78938

71312

99705

71546

42274

23915

38405

18779

1018

64257

93218

35793

43671

64055

88729

11168

60260

1019

56864

21554

70445

24841

04779

56774

96129

73594

1020

35314

29631

06937

54545

04470

75463

77112

77126




1021

40704

48823

65963

39359

12717

56201

22811

24863

1022

07318

44623

02843

33299

59872

86774

06926

12672

1023

94550

23299

45557

07923

75126

00808

01312

46689

1024

34348

81191

21027

77087

10909

03676

97723

34469

1025

92277

57115

50789

68111

75305

53289

39751

45760




1026

56093

58302

52236

64756

50273

61566

61962

92280

1027

16623

17849

96701

94971

94758

08845

32260

59823

1028

50848

93982

66451

32143

05441

10399

17775

74169

1029

48006

58220

58367

66577

68583

21108

41361

20732

1030

56640

27890

28825

96509

21363

53657

60119

75385

Мысал ретінде келіңіздер, ішкі аудитор 50 алдын ала нөмірленген саудалық шоттардан тұратын кездейсоқ іріктеуді түзілдіргісі келетініін жорамалдайық. Бұл шоттар 3272 басталып, 8825 нөмірімен аяқталады. Шоттар нөмірлері төрт таңбалы болғандықтан, кездейсоқ іріктеуде де төрттаңбалы сандарды пайдаланған жөн. Демек, бірінші сұрыпталған элемент 3703 нөмірлі шот болуы тиіс, себебі ол 3272 мен 8825 арасында. Бағандағы келесі үш санды елемген жөн, өйткені олар берілген аралыққа түспейді. Екінші сұрыпталған элемент реттік нөмірі 7804, үшіншісіі – нөмірі 5020 сауда шоты болады. Үдеріс барлық 50 шот сұрыпталғанша жалғаса береді. Кестеде 50 таңдалған шоттың нөмірлері жартылай жуан әріптермен таңбаланған.

Осы кестені пайдалану кезінде аудитор элементтерді бағандармен немесе жолдармен қозғала отырып сұрыптай ма маңызды емес; тіпті осындай кестеде сандар цифрдан тұратыны да маңызға ие болмайды. Мәселен, егер де алтытаңбалы элементтерді сұрыптау керек болса, онда біздің кестеде көрші бағанда орналасқан саннан бірінші цифр пайдаланылар еді: мысалы, 3703 саны 370399-ға айналар еді. Осы жағдайда кестедегі сандарды іріктеу тәсілін пайдалануда дәйектілік ең маңызды болып табылады.

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет