Келісемін: Күні


Алдын-ала жүргізілген жұмыстар



бет2/4
Дата02.01.2022
өлшемі1.34 Mb.
#454217
1   2   3   4
Ашық сабақ Балықтар

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Балықтар туралы әңгімелесу.

Полингвизм: балық-рыба-fish; Сазан-сазан-sazan; шортан-щука-pike; карась-табан балық-crucian

Оқу қызмет

Кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Баланың қызметі

Мотивация

лық қозғаушы

Шаттық шеңбер:

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам.

Қайырлы таң! Қайырлы күн!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Барлығы өлең жолдарын бірге айтты.

Қонақтармен үш тілде амандасты.


Іздену-ұйымдастыу

шы

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше ай бар?

-Қыс мезгілінде қанша ай бар? Қане, атап беріңдерші?

-Балалар, қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

-Жарайсыңдар, балалар! Енді мен сендерге жұмбақ жасырайын.

Жұмбақ: Жер бетіне бір шықпас,
Су түбінде тұншықпас.
Сөйлемейді, үндемейді,
Пісірсе оны кім жемейді. (Балық)
-Жарайсыңдар, балалар!Бүгінгі тақырыбымыз осы балықтар туралы болмақ.

-Сендер қандай балықтарды білесіңдер?

-Балықтар қайда өмір сүреді екен?

-Иә, дұрыс айтасыңдар, балықтар қандай суларда өмір сүреді?

- Дұрыс айтасыңдар. Негізінде балықтардың түрлері көп. Балықтар - негізінен судағы тіршілікке бейімделген жануарлар. Жүзу жағынан олар өзге жануарлардан асып түседі; балықтар өкпе арқылы емес, желбезек арқылы тыныс алады. Балықтар тұзды суларда (мұхиттарда), не болмаса тұщы суларда (өзен-көлдер мен су қоймалары) тіршілік ете алады. Жыланбалық  сияқты кейбір балықтар тұзды суда да, тұщы суда да өмір сүреді. Теңіз балықтары тұщы су балықтарыннан әдетте ірілеу болып келеді.Балықтардың 22000-нан астам түрі бар деп есептеледі. Олардың үштен бір бөлігі тұщы суда өмір сүреді. Денесінің арқасындағы, бауырындағы жүзбе қанаттары.
арқылы суда еркін жүзе алады. Балықтың пайдасы өте көп. Одан көптеген тамақ түрлерін жасауға болады. Қуырып жеуге, балық сорпасын пісіруге, салаттар жасауға болады. Кейбір балықтарды консерві түрінде де шығарады.Бұл консервіленген балықтар көп уақыт сақталады.

-Балалар, Астананы білеміз бе?

Міне, осы Астанада үлкен аквариум орналасқан екен. Біз үйлерден кішкентай балықтар салынған аквариумды білеміз бе?

-Міне, осы аквариумның үлкен түрі Океанариум екен. Океанариумда үлкен балықтар жүзеді.

( экраннан видео ролик көрсету)

-Мұнда әртүрлі балықтар жүзіп жүр. Олардың денесін қарайықшы. Балықтың басы, терісі, қанаттары, көзі, құйрығы қандай?

Олар бірін- бірі аңдып жүрген сияқты. Мында балықтар жүзіп келе жатыр, кішкентай балықтар олардан тығылып қалды.

-Ал енді балалар, енді мұқият мында қараңыз, (аквариумды көрсету) бұл не білесіңдер ме?

- Балалар, аквариумдағы балықтардың түрлері қандай екен?
- Мына үлкен балықтың түсі қандай?
- Бұл балық «Алтын балық» деп аталады. Тағы қандай балықты көріп тұрмыз?
- Дұрыс айтасыңдар.
(Ақ үстінде қара жолақтары бар)
Бұл «Гурами» деген балық.
- Гурами нешеу екен?

Мұндай балықтарды үйде әдемілікке, әсемдікке өсіреді. Адамдар аквариумға ұзақ уақыт қарап отырса шаршағандарын басып, жүйке жүйесі демалып, ерекше әсер алады екен.



1-тапсырма: Логикалық ойын: «Кім шапшаң?»

Шарты: Бассейн ішіндегі судан қармақпен балық аулау. Белгілі уақытта қанша балық аулағандарын санап, түстерін үш тілде атаулары тиіс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет