Келісілді ббқ төрайымы «Фармация және ФӨТ»


Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP). Дәрілік заттарды сақтауға қойылатын талаптар



бет49/67
Дата01.03.2024
өлшемі4.73 Mb.
#493765
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67
gxp сессия-1 2

28. Тиісті дистрибьюторлық практика (GDP). Дәрілік заттарды сақтауға қойылатын талаптар.
Тиісті дистрибьюторлық практика стандарты (GDP-Надлежащая дистрибьюторская практика (GDP- Good Distribution Practice)
Осы Тиісті дистрибьюторлық практика стандарты (GDP) сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі болып табылады және дәрілік заттардың дистрибьюциялауға қатысты қағидаларын белгілейді.
«Тиісті фармацевтикалық практикаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығының 4 қосымшасы.
Осы Стандарт дәрілік заттар дистрибьюциясына қойылатын бірыңғай талаптарды айқындайды және ведомстволық саласы мен меншік түріне қарамастан дәрілік заттар өндіруші ұйымдарды қоса алғанда дәрілік заттар дистрибьюторларына қолданылады.
Тиісті дистрибьюторлық практиканың мақсаты жеткізудің барлық тізбегіндегі дәрілік заттар сапасын, қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге қажетті сақтау, тасымалдау және таратудың тиісті талаптарын қадағалауға, сондай-ақ жеткізу тізбегіне жалған дәрілік заттардың кіру қаупін болдырмауға бағытталған.
GDP стандартының құрылымы:
Принциптері,Қызметкерлер, Стандартты операциялық процедуралар, Құжаттама, Тапсырыстар, Үй-жайлар мен жабдықтар,Сақтау, Тапсырыс берушілерге жеткізу және тасымалдау, Өнімді қайтару, Өнімді қайтарып алу кезіндегі іс-шаралар, медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар, Ішкі аудит, Ақпарат мониторингі, Басқа елдердің уәкілетті органдары үшін дистрибьюторлық қызмет туралы ақпарат.
8 фармацевтикалық қызмет түріне жатады, соның ішінде: дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу.
Фармацевтикалық қызмет мынадай түрлерді қамтиды: 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360Кодекс-V бөлімі
1) дәрілік заттарды өндіру; 
2) медициналық бұйымдарды өндіру
3) дәрілік препараттарды дайындау; 
4) медициналық бұйымдарды дайындау
5) дәрілік заттарды көтерме саудада өткізу
6) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткізу; 
7) дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізу; 
8) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткізу. 
Осы қызмет түрін алу үшін нормативтік құқықтық актілерге сүйенеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет