Келісілді Бекітемін



жүктеу 0.54 Mb.
бет1/4
Дата24.02.2016
өлшемі0.54 Mb.
  1   2   3   4


Келісілді

Бекітемін

Қазақстан Республикасы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Білім және ғылым министрлігі

Білім және ғылым саласындағы

Ұлттық тестілеу орталығы

бақылау комитетінің төрағасы

директоры

______________________ С. Ырсалиев

___________________Қ. Әбдиев

«___» __________2013 жыл №_______

«___» ________2013 жыл №____








Қазақстан Республикасы орта білім беру ұйымдарында

2013 жылы оқушылардың оқу жетістіктерін

сырттай бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі

технологиялық нұсқаулық


  1. Жалпы ережелер




  1. Орта білім беруде оқу жетістіктерін сырттай бағалауды (бұдан әрі – ОБ ОЖСБ) ұйымдастыру және өткізуде ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 06.04.2012 жылғы №151 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 7553 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізу жөніндегі нұсқаулығын (бұдан әрі – Нұсқаулық), осы технологиялық нұсқаулықты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.

  2. ОБ ОЖСБ келесі кезеңдерді қамтиды:

  1. тестілеуді өткізуге дайындық;

  2. тестілеуді өткізу;

  3. тестілеу нәтижелерін өңдеу;

  4. есеп дайындау.

  1. ОБ ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық төменде аталғандардың іс-әрекеттері мен негізгі функцияларын анықтайды:

  1. Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО);

  2. ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу пункттерінің (бұдан әрі - ҰБТӨП);

  3. Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің білім саласындағы бақылау Департаментінің (бұдан әрі - БСБД);

  4. Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің (бұдан әрі – Министрлік өкілдері);

  5. аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің (бұдан әрі – АББ (ҚББ));

  6. мектеп әкімшілігінің;

  7. мектеп бойынша жауаптының;

  1. 9 (12 жылдық білім беру бойынша эксперименттік мектептердің 10) сынып оқушыларының.




  1. ОБ ОЖСБ-ны ұйымдастыру және өткізу




  1. ОЖСБ Нұсқаулықтың 8 тармағына сәйкес кешенді тестілеу нысанында қағаз түрінде, сондай-ақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өткізіледі.

  2. ОЖСБ өткізу тәртібі:

  1. ҰТО белгіленген мерзімде «ҰБТӨП» деректер базасы (бұдан әрі – ҰБТӨП базасы) арқылы жинақталған оқушылардың санына сәйкес тестілеу материалдарын дайындайды және облыстық, Астана және Алматы қалалық БСБД-ға жеткізуді қамтамасыз етеді;

  2. БСБД тестілеу материалдарын ОЖСБ-ны өткізу орнындарына жеткізуді қамтамасыз етеді;

  3. Нұсқаулықтың 8 тармағына сәйкес негізгі орта білім деңгейіндегі ОЖСБ білім алушылар білім алып жатқан білім беру ұйымдарының базасында өткізіледі;

  4. мектеп әкімшілігі ОЖСБ-ны өткізуге аудиториялардың дайындығын қамтамасыз етеді;

  5. Нұсқаулықтың 4 тармағына сәйкес ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

  6. Нұсқаулықтың 7 тармағына сәйкес ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды БСБД және Министрліктен жіберілген уәкілетті өкілдер жүзеге асырады;

  7. тестілеу аяқталғаннан кейін барлық мөрленген материалдар арнайы Интервоид пакетте Министрлік өкілімен ОЖСБ нәтижелерін өңдеу үшін ҰБТӨП-ке жеткізіледі;

  8. Нұсқаулықтың 14 тармағына сәйкес нәтижелерді өңдеу ҰБТӨП-те жүргізіледі;

  9. ҰТО ҰБТӨП-ке электрондық тасымалдағыш арқылы немесе телекоммуникациялық желі арқылы «ОЖСБ 9 сынып» АЖО-сын жібереді;

«ОЖСБ 9 сынып» АЖО-сы – арнайы бланкте өткізілетін тестілеу нәтижелерін өңдеуге және оқушылардың деректер базасын (бұдан әрі – ДБ) құруға арналған бағдарлама;

  1. оқушылардың жауап парақтарын сканерлеуді Министрлік өкілі мен БСБД өкілінің бақылауымен ҰБТӨП-тің инженері жүргізеді;

  2. жауап парақтарын сканерлеу аяқталғаннан кейін Министрлік өкілі телекоммуникациялық желі арқылы ҰТО-дан дұрыс жауаптар коды файлын алады;

  3. нәтижелерді өңдеуден кейін осы технологиялық нұсқаулықтағы 1-қосымшаға сәйкес әрбір мектеп бойынша тестілеудің емтихан ведомосы 4 данада (мектеп әкімшілігі, аудандық немесе қалалық білім бөлімі (бұдан әрі - АББ (ҚББ), Министрлік өкілі және ҰБТӨП үшін) беріледі;

  4. ОЖСБ-ның қорытындысы телекоммуникациялық желі бойынша ҰТО-ға жіберіледі;

  5. Министрлік өкілі БСБД-ға және ҰТО-ға ОЖСБ өткізу жөніндегі жұмысы жайлы осы технологиялық нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес қағаз және электрондық нұсқада есеп тапсырады.

  1. ОЖСБ-ны компьютерлік тестілеу әдісімен өткізу тәртібі:

  1. ҰТО келесі АЖО-ларды дайындайды және электрондық тасымалдағыш немесе телекоммуникациялық желі бойынша ҰБТӨП-ке жібереді:

«Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы - тестілеу өткізілетін компьютерлік сыныптар және олардың жабдықталуы туралы мәліметтерді, тестілеуге қатысушылар туралы ДБ қалыптастыру және лектерге бөлуге арналған бағдарлама, мектептегі бір компьютерге қондырылады;

«Оператор» АЖО-сы - тестіленушілер тізіміне сәйкес тестілеуге қатысушылар туралы деректерді енгізуге арналған «Мектеп» АЖО-ға көмекші бағдарлама;

«Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-сы - мектеп бойынша тестілеуге қатысушылар туралы ақпараттарды жинақтауға арналған бағдарлама, мектеп бекітілген ҰБТӨП-тің бір компьютеріне қондырылады;


  1. ҰБТӨП мектептерге «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы және «Оператор» АЖО-сын белгіленген мерзімде қондыру және толтыру үшін жібереді;

  2. ҰБТӨП-те «Оқушылар базасы (өтініш қабылдау)» АЖО-сын қондыру жүзеге асырылады және мектептен деректерді қабылдау бойынша жұмыстар жүргізіледі;

  3. мектеп осы технологиялық нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес мектеп бойынша жауаптыны анықтайды және осы технологиялық нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес оқушылар тізімін қалыптастырады және АББ-мен (ҚББ) бекітеді;

  4. АББ-мен (ҚББ) бекітілген оқушылар тізімі «Оператор» АЖО-сына енгізіледі;

  5. «Оператор» АЖО-сының көмегімен тестіленушілер туралы барлық деректер «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сына жіберіледі;

  6. «Оқушылар» ДБ-ға барлық оқушылар туралы деректерді енгізгеннен кейін лектерге бөлу және белгіленген мерзім ішінде тестілеуді өткізу кестесін жасау жүрізіледі;

  7. «Мектеп (өтініш қабылдау)» АЖО-сы көмегімен құрылған «Оқушылар» ДБ телекоммуникациялық желі немесе тасымалдағыштар арқылы ҰБТӨП-ке жіберіледі;

  8. ҰБТӨП деректерді жинақтағаннан кейін телекоммуникациялық желі арқылы деректерді ҰТО-ға жібереді;

  9. ҰТО «Тестіленуші» АЖО-сы, «Компьютерлік сынып» АЖО-сы, «Мектеп (тестілеу)», «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-ларын қалыптастырады және электрондық тасымалдағыштар немесе телекоммуникациялық желі арқылы ҰБТӨП-ке жібереді;

«Тестіленуші» АЖО-сы – пәндер бойынша аудиториялық тізімді қабылдау, тестілеуді өткізу, тестілеу нәтижелерін жіберу үшін тестілеу өтетін әрбір компьютерге қондырылатын бағдарлама;

«Компьютерлік сынып» АЖО-сы «Тестіленуші» АЖО-сы қондырылған компьютерлердегі деректерді топтастыру, тестіленушілердің тіркелген деректерін өзгерту, «Тестіленуші» АЖО-сына арналған пәндер бойынша аудиториялық тізім құруға арналған бағдарлама және жеке пәндер бойынша тестілеу нәтижелерін қабылдау үшін әрбір компьютерлік сыныпта бір компьютерге қондырылады;

«Мектеп (тестілеу)» АЖО-сы – «Компьютерлік сынып» АЖО-сынан деректерді топтастыру, тестілеу нәтижелерін жинауға арналған бағдарлама және «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сына жіберу үшін мектептің тек бір компьютеріне ғана қондырылады;

«Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сы - ақпараттарды жинау, нәтижелерді өңдеу, емтихан ведомосын басып шығару және статистикалық мәліметтерді қалыптастыруға арналған бағдарлама, ҰБТӨП-тің бір компьютеріне қондырылады.



  1. ҰБТӨП «Тестіленуші», «Компьютерлік сынып» және «Мектеп (тестілеу)» АЖО-ларын қондыру үшін мектептерге жібереді;

  2. «Компьютерлік сынып» АЖО-сы көмегімен тіркеу файлы құрылады, ол арқылы компьютерлік сыныптың барлық компьютерлері тіркеледі;

  3. бағдарлама тіркелгеннен кейін осы технологиялық нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес аудиториялық тізім мен тестілеуге рұқсаттама беріледі;

  4. Нұсқаулықтың 4-тармағына сәйкес тестілеу ОЖСБ-ны өткізу мерзімін білім саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

  5. Нұсқаулықтың 7-тармағына сәйкес ОЖСБ-ны өткізу қағидаларының сақталуын бақылауды БСБД және Министрлік өкілдері жүзеге асырады;

  6. ағымдағы пән бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін бағдарлама жұмысы автоматты түрде тоқтатылады және «Тестіленуші» АЖО-сындағы тестілеу нәтижелері «Компьютерлік сынып» АЖО-сына топтастырылады;

  7. «Компьютерлік сынып» АЖО-сы нәтижелерді топтастырғаннан кейін келесі пәнді тестілеу үшін файл қалыптастырады (аудиториялық тізім) және «Тестіленуші» АЖО-сына жіберіледі;

  8. «Компьютерлік сынып» АЖО-сынан «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сына тестілеу нәтижелерін жинақтау тестілеудің әрбір легі аяқталғаннан кейін жүргізіліп отырады;

  9. тестілеу нәтижелері «Мектеп (тестілеу)» АЖО-сынан «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сына жіберіледі;

  10. «Оқушылар базасы (тестілеу)» АЖО-сының көмегімен барлық деректер ҰТО-ға жіберіледі;

  11. тестілеу нәтижелерін өңдеу және тестілеудің емтихан ведомосін беру үшін ҰТО ҰБТӨП-ке дұрыс жауаптар кодын жібереді;

  12. «Оқушылар базасы» АЖО-сының көмегімен оқушылардың нәтижелері өңделеді және осы технологиялық нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес тестілеудің емтихан ведомосі беріледі;

  13. Министрлік өкілі БСБД мен ҰТО-ға осы технологиялық нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес атқарылған жұмыс туралы қағаз түрінде және электрондық нұсқада есеп тапсырады.



  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет