Келісілді: Тулегенова. Б. Н «Рауза» балабақшасының баланың өмірі мен денсаулығын ұйымдастыру циклограммасы



бет4/6
Дата19.12.2023
өлшемі26.74 Kb.
#486984
1   2   3   4   5   6
1 апта желтоқсан новый

Білім беру саласы:
«Денсаулық» Ұйымдастырылған іс әрекеті
Дене шынықтыру
Тақырыбы: Көгалдағы қояндар
Мақсаты: педагогтің бұйрығын тыңдап және орындау дағдыларын қалыптастыру


Негізгі бөлім Қоянмен бірге жүру және жүгіру. Тапсырманы орындай отырып жүру – музыка аяқталғанда тоқтау және шапалақ ұру. 1. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау. «Аяқпен тарсылдатамыз» ойын гимнастикасын орындау. «Аяғымызды топылдатамыз, қолымызды шапалақтаймыз, басымызды иеміз, қолымызды түсіреміз, қолымызды көтереміз, шеңбер бойын айнала жүреміз». 2. Ойын түріндегі негізгі қимылдарды орындау (жаппай): Тура бағытта төрттағандап еңбектеу Тапсырманы орындау – «Маған қарай еңбектеңдер» пәрмені бойынша балалар шағын топпен қоянға қарай еңбектейді, сосын қоңырауды сыңғырлатады (2-3 рет).
.Күтілетін нәтиже ойын гимнастикасын тоқтап және тапсырманы орындай отырып жүруді;


Білім беру саласы: «Таным » Ұйымдастырылған оқу қызметі
Сенсорика Тақырыбы: Терезелі үй.
Мақсаты: заттардың пішіні мен көлеміне қарай топтастыруды үйрету.
Негізгі бөлім: Үлестірмелі материалдармен жұмыс. – Балалар, Карлсон үйдің терезелеріне әйнек қойып беруді сұрайды. Бізге мынандай дөңгелек таңдау керек (педагог дөңгелектерді көрсетеді). – Ал мыналарының пішіні басқа (шаршыларды көрсетеді).
Күтілетін нәтиж заттардың көлеміне қарай отырып, оларды топтастыруды;

Білім беру саласы: «Таным» Ұйымдастырылған оқу қызметі Жаратылыстану. Тақырыбы Біздің топтың ойыншықтары.
Мақсаты: Қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және толықтыру.
Негізгі бөлім: қабырғаны тұрғызамыз» саусаққа арналған жаттығуы.
Қабырғаны тұрғызамыз,
Жоғары, жоғары.
Осылайша
Шатырды да саламыз!
Тәрбиеші ойыншықтарды көрсетіп тұрып:
-Бұл заттардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?- деп сұрайды.
-Ойыншықтарды арнайы мамандар әртүрлі материалдардан жасайды.
Мысалы, резеңкеден жасалған ойыншықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, допты сипап көрейік, ол қандай?
-Сонымен қатар ағаштан жасалған ойыншықтар да бар.
Оларға текшелерді жатқызуға болады.
-Сипаттап көрейік, сипап көргенде саусаққа қалай сезіледі?
-Олар резеңкеден жасалған ойыншықтарға қарағанда қатты, соған қарамастан оны күтіп ұстау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет