Кемел тоқымбаев шқ сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы СҰлтанғали фазылбек мешіті



Дата01.07.2016
өлшемі74.73 Kb.
#171083
КЕМЕЛ ТОҚЫМБАЕВ

ШҚ сәулет-этнографиялық және

табиғи-ландшафттық мұражай-қорығы

СҰЛТАНҒАЛИ ФАЗЫЛБЕК МЕШІТІ

(Аққолтық мұсылман ғибадатханасының 100 жылдығына арналған)


«ШҚ Облыстық этнографиялық мұражайының директоры Н.А. Зайцевтің жарлығымен Аққолтық мешіті жөнінде ақпарат жинау мақсатында біздің топ Стеклянка ауылына жол тартты. Николай Алексеевич Аққолтық ауылының тұрғындарынан сұрастыра отырып, Стеклянка ауылында аталған мешітті салған құрылысшының шөбересі тұратындығын анықтады. Біз белгіленген мекен-жаймен Стеклянка ауылына келіп, құрылысшының жоғарыда айтылған шөбересі – Фазылбеков Рауф Саматұлымен жолықтық. Ол бізге Аққолтық ауылының негізі 1812 жылы қаланғанын, онда 50 татар үйі болғандығын айтты. Сондай-ақ, мешітті Фазылбеков Сұлтанғали Ниғматұллаұлының басшылығымен татар қауымы 1905-1907 жж. аралығында салғандығын айтты.

Мешіт қазан ағаш мешіттерінің типтік жобасы негізінде құрылған. Мешіттің жоспары мен жобасы сақталмаған. Іргетастың негізін қалайтын тас Долоннан әкелінген. Кірпіш Семей қаласында татар өнеркәсіпшілерімен шығарылған. Ағаш көрші ауылдың қарағай орманынан алынды. Метал өнімдерін (шатыр, су құбыры, соғылған шегелер және өзге де құрылыс метал фурнитуралары) татар ұсталары жасаған. Мәлімдеушінің айтуы бойынша, кеңес үкіметі тұсында жетіжылдық мектеп орналасқан бұл мешітте үш голланд пеші болған екен. Құрылыс аяқталған соң, Сұлтанғали 1908-1909 жж. Меккеге барып құлшылық еткен. 1912 жылы 63 жасында өмірден қайтқан. Мешіт 1972 жылдан «өз маңыздылығын жойып» қараусыз қалған. Осы жылдан бастап жарты ай да жойылды.

Мәлімдеуші жөнінде: Фазылбеков Рауф Саматұлы, татар, ШҚО Бесқарағай ауданы Стеклянка ауылының тұрғыны. Өмір бойы совхозда қара жұмысшы болған, қазір ауыл молдасы».

Шығыс Қазақстан облыстық мұражай-қорығының Семейден қырық шақырым жердегі Аққолтық ауылындағы мешіт жөнінде мәлімет алуға Стеклянка ауылына жасаған экспедициясының есебі осындай. Біз Павлодар трассасы бойымен солтүстік-батысқа қарай жылжу арқылы Аққолтыққа жеттік. Бесқарағай ауданының басты байлығы – қарағай орманын өткен соң, кең жазық дала басталды. Біз жеткенше болашақ мешіттің келбетін сөз еттік. Дала біртіндеп орманға сосын белестермен ауысып, сәлден соң ағаш ғимараттың төбесі көріне бастады.

«Міне, мешіт!» - деген дауыстар шыға бастады. Бәрі де біз ойлағандай екен. Яғни, ол теңіз жүгін арқалаған қайық іспеттес болды. Күздің таңғы жылуы мешіт бетін қыздыра түскендей болды. Николай Алексеевич жергілікті тұрғындардың мешіт жайлы пікірлерін үлкен ынтамен жазып алып, осы ағаштан жасалған құнды ескерткішті сақтау мәселесін қолға алған еді.
Мұрағат деректеріне сүйенсек: «Абдулла Фаизовтың төрағалығымен, Ф. Мусиннің хатшылығымен Семей губ. приход молдалары мен мұтавалилерінің 28/Х 1924 ж. жиналысына №1 мешіттен молда Ибраһим Альмухаметов, №2 мешіттен молда Абдулла Фаизов және мутавалли Сұнғатұлла Лутфуллин … Аққолтық ауылынан молда Сәлімжан Фаизуллин… қатысқан». Хаттамадан түйетініміз: Аққолтықтағы мешіт Семей мешіттері іспеттес Мәскеудегі Мұсылмандар Орталық Діни Басқармасына жатады, яғни ол сол кезде татар мұхтасибаттар басқармасы деп аталған. Сондай-ақ, хаттамада жиналыс барысында «тек сенуші татарлар үшін» мұхтасиб (діни басқарушы) тағайындалатынын, өйткені «қырғыздар өздеріне мұхтасиб пен орынбасарларын сайлап алғандығы» жөнінде айтылады [1].

Біздің топ тапсырма алған соң, мешіт ғимаратын қайта жөндеу жұмысын қолға алды. Қарағай қиындылары уақыты келгендіктен емес, адамдардың өз пайдасына жаратқысы келгендіктен сыр бере бастапты. Күмбезді ұстап тұрған, ортадағы вандалдан шатырға дейінгі бөрене отырып қалыпты. Осы орайда мына бір оқиғаны келтіре кетейік. Кеңес үкіметі тұсында 60-70 жж. Аққолтық тұрғыны мешіттен тақтайша шығармақшы болған. Келесі күні оның асылып қалғандығы мәлім болады. Ауыл тұрғындары мешіттің осы күнге дейін сақталуын осы оқиғамен байланыстырады. Яғни, бұл – мешіттің құдіреті деп білген...». Дегенмен, мешіттің мүшкіл халы мұнымен шектелмейді. Жыртылған сылақ, ескі заттар, лас, тұрмыстық қоқыс, михрабтағы былапыт сөздер – мұның бәрі әрине келуші үшін қолайсыз жағдай туғызады. Жаппай бүлінген. Жақтаусыз терезе де көзге ерсі көрінеді екен. Бұл пейзажды ермен иісі мен әріптестердің: «Карниздің шетінен жоғарғы жақтауға дейін – тоғыз жүз сексен үш!» деген дауыстар ғана жандандыра түскендей. Мешіттің солтүстік-батыс беткейіне тұрғындар ұсақ мал жаяды екен, бүгінгі күні ол жер жаппай қойдың тезегіне айналыпты. Мұндай жағдай – сәулет ескерткішін сақтау қажеттігін тағы бір рет мойындатқандай болды.

Осыған дейін мешітке жолауға болмайды деп ырымдалып келсе, ал біздің ойымызша, тарих ескерткішін дамыту, оның бұзылуына жол бермеу – игі іс. Мұсылман құқығы тарапынан қарайтын болсақ, былайша пайымдауға болады. Мешітті бұзуға, оның заттарын өз пайдаңа жарату үшін алуға болмайды, ал егер мешітке жөндеу жұмысы жүргізілетін болса, шығын материалдарын жеке бас пайдасына жарату – заңға қайшы, ол материал қасиетті ғимараттар салуға қолданылады немесе сол ғимарат қасына қалдырылады. Аққолтық мешітінде ХХ ғасырдың 20-жылдарының ортасынан бастап ешқандай дұға оқылмаған. Мешіттің маңызды құрылыс блоктары көз алдыда бұзылып жатыр. Жергілікті тұрғындардың ұқыпты сақтауларының нәтижесінде мешіттің барлық қабырғасы түгел. Бүгінгі күні Аққолтықта телемұнарасы бар, ауыл шаруашылығы дамыған 5 үй бар. Бірақ бұл – мешіттің жағдайына ешқандай әсер етпейді.

Сонымен бірге, мешіт ауласына мал жаю – біртіндеп фермер шаруашылығының дамып, рухани құлдырауға апаратынын дәлелдейді. Өлшеу жұмысы жалғасуда. Әріптестеріміз мешітті салған құрылысшыны мақтап жатты. Мешіт өте ұқыпты салынған екен. Сегіздік күмбез бен мұнара жарты айды ғана емес, сонымен бірге темірдегі соғылған пластинкаларға да сән беріп тұрды. Шатырға соғылған жапырақшалар бірыңғай орналасса, ал мұнаралар мөлдір жапырақшалармен үлескен шырша суретімен көзге түсті. Шатр тәрізді күмбез тартымды бүгіліп жасалыпты.



Суағар құбырына орнатылған металл қапсырмалар жеңілдігімен, әсемдігімен тамсандырды. Есіктің сықырлаған үлкен блогы бізге қасиетті мекеннің виртуалды интерьерін елестетуге мүмкіндік берді. Жаңа Семейдегі «Тыныбай» мешіті де қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Ол 1836 жылдан бүгінгі күнге дейін қызмет көрсетіп келеді. Экспедиция мүшелері Аққолтық пен «Тыныбай» мешіттерінің ұқсастықтарын байқады: екеуі де ағаштан жасалған, мұнара мен күмбез суреттері де ұқсас. Тек «Тыныбай» - екі қабатты, ал Аққолтық мешіті бір қабаттан тұрады.

Аққолтық михрабы толығымен 2002, 2003 жж. заманауи «петроглифтермен» өрнектеліпті. Төменгі бөлігі Кеңес үкіметі тұсында жасалған ағаш сахнадан тұрады. Ғимарат құрылысшысының шөбересі Рауфтың айтуынша, мешіт таратылған соң михрабтың алдыңғы жағында балдырғандар, одан әрірек – бесінші сынып оқушылары, кіре берісінде жетінші сыныптар оқыған. Шағын мектепте бір ғана оқытушы болған. Тәртіп бұзған балаларды бұрышқа тұрғызатын болған. Дұға оқылатын залдың ортасында кірпіштен жасалған үшбұрыш пішінді голландық пеш болғаны анықталды. Пеш есігін мешіттің метал фурнитурасын жасаған татар көпесі орнатқан деген болжам бар. Рауфтың әңгімесі бойынша, ғимаратта герметик есікті үш голландық пеш болған. Сондықтан, қыс уақытында мешіт іші әрдайым жылы да жайлы болатын. Залға терезе ойығынан үнемі күн сәулесі түсіп тұрғандығын да байқау қиын емес. Мұнараға шығатын жер болған ба? - бізді қызықтырған мәселе осы еді. Ауылдықтар мұнараға есік арқылы шыққан екен. Кейінірек бұл есіктерге төртбұрыш саңылаулар ойылып, баспалдақ ретінде пайдаланылған екен. Кішкентай тікбұрыш арқылы жоғарыға көтерілеміз. Мұнара конусының тербелісі орталық бөрене сынып, мұнара мен күмбез бір-біріне соғылып, жел соқса тіпті қирап қалатын іспетті. Өлшеу жұмыстарын бір-бірлеп жүргізуге тура келді, өйткені мұнараға екіден шығу қауіпті еді. Мұнара балконынан Аққолтық алқабының керемет көрінісін тамашалауға болады. Күмбездің темірден жасалған келбеті бізді сүйсіндірмей қоймады. Оның ірі пішіні ғимараттың шығыстық стилін айқындап тұрғандай. Ендігі кезекте, XVIII – XIX ғғ. татар діни ағаш сәулетінің архитектурасы мен тарихи ерекшеліктеріне тоқтала кетейік. Татар мешітінің үш түрлі композициядағы ерекшелігін айқындадық: мұнарасы бұрышына орнатылған мешіт, екі мұнаралы мешіт және мұнарасы шатырға орнатылған мешіт (ауылдың басым бөлігі). Соңғы типтегі мешіт (соның ішінде Аққолтық) – Меккеге бағытталған қос құламалы төбесі бар екі қабатты ғимарат. Мұндай ағаштан, тастан жасалған мешіттердің барлығы бір типтес. Төбеде - сегіз қырлы кейде цилиндр іспеттес, ірі пирамида немесе конус шатрлы мұнара. Мұнаралар көбінде ғимараттың геометриялық орталығына, екі-үш қабатқа созыла орналасқан. Ағаш мұнаралар әрқашан сегіз қырлы, ал тастар цилиндрлі, құрама болып келеді. Мұндай мешіттің қызметтік жүйесінде белгілі заңдылықтың болғаны айғақ. Егер ғимарат екі қабаттан тұратын болса, бірінші қабат – қызметтік-шаруашылық орын болып табылады. Бұл - мешітке қажетті құралдармен бірге жергілікті көпестер тауарлары сақталатын өртенбейтін қойма орындары. Ислам салты бойынша, мешіт – діни ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық мекеме. Сондықтан, бірінші қабатта көбінесе дәріс беретін орындар, тағы бір бөлігінде – ауыз үй, киім-кешек ілетін орын, енді бір жерде – дұға оқу залы, михраб орналасқан. Мешіттің құрылыс материалы – ағаш. Мешіт ғимаратымен конструктивті байланысқан ағаш мұнара жеке тұрғандағылармен салыстырғанда желге мықты төтеп береді. Мұнараны қосымша тіректермен тіреу – оның желге төзімділігіне демей береді. Шатырдағы биікке орналастырылған жарты ай – ғимаратқа монументтілік, мұнараға – сымбаттылық сыйлап тұрғандай. Мұнаралы мешіттер XVIII-XIX ғғ. аумақ алшақтығына қарамастан біркелкі салынған. Мұның барлығы осыған дейінгі сәулет өнеріндегі заңдылықтардың болғанын растайды. Татардың сегіз қырлы және цилиндрлы мұнаралары орта ғасырлардағы түріктікіне ұқсас. Мұндай мұнаралы мешіттер көп кездеспейді. Мешіт құрылысын жоспарлау белгілі тәртіппен жүзеге асады: ауыз үй – вестибюль – алтарь бөлігі. Ауыз үйден мұнараға шығатын баспалдақ кетеді. Жоғарғы бөлікке бұранда іспеттес басқыш орнатылған. Мұндай мешіттердің басым бөлігі ауылдарда болған, ал қалалы жерлерде заманауи стильде жасалған. Мешіт құрылысын салуға «Ауыл мен шіркеу ғимараттары құрылысы туралы» 1817 жылғы 13 желтоқсандағы жарлық негіз болған. Аталған жарлық күшіне енген соң Ресейдің татар мешіттері архитектурасы «қалыпты» үлгідегі құрылысты бастайды. 1831 жылы үлгідегі жоба жасалған. Нижегородскі, Пермь, Сібір губерниясы, Башкириядағы мешіттер осы жобамен салынған» [3].

Аққолтық мешіті «алтарь бөлігі, вестибюль мен ауыз үйі бар бір қабатты ағаш кесіндісі» схемасымен жабдықталған болид тәрізді. Бір үлгідегі казаньдық мешіт екендігінде еш күмән жоқ.

Архитекторлармен зерттелген Аққолтық мешітіне пайдаланылған Волжскі Булгариясының діни сәулет өнерінің тарихи-архитектуралық очеркі осындай еді. Бұрыш-бұрышының барлығы миллиметрлеп салыстырылды.

Қонақ үйге жол тарта отырып бізді ғимараттың алдағы тағдыры толғандырды. Мешіттің қасында біраз ғана болсақ та біз оны жақсы көріп үлгердік. Бір кезде Рауф Фазылбектің мына бір сөздері естілді: «Мешітті сақтау қажет! Оның бүтін келбетін көргім келеді. Атамнан қалған мұра сөнбесе екен деймін. Егер мешіт сақталып қалатын болса, оған Сұлтанғазы Фазылбек есімін беріңіздерші»,- деді.


Шығыс Қазақстан мұражай-қорығының дирекциясы Аққолтық мешітін этнопарк қарамағына алып, қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізуді ниет етіп отыр. Бұл орайда мұражайдың тәжірибесі мол, осылайша Бажов үйі т.б. ғимараттар сақталған. Өскемендіктер мен қала қонақтары мешітті сол 1907 жылғы қалпында көре алатын болады. Мешіттің ішкі көрінісі Шығыс Қазақстанда ислам тарихы тақырыбы базасының экспозициясына айналар еді.

Аққолтық мешіті мен Өскемен қаласының революцияға дейінгі мешітінің мұнара құрылымдары ұқсас болып шықты. Қалада исламның қалыптасып, дамуы осындай мешіттерге байланысты. Мұсылман мәдениетінің ерекшелігін өскелең ұрпаққа түсіндіру – біз үшін маңызды. Бұл мәселені дін басылар мен көпшілік мұсылман қауымы да қолдады. Мешітті күзетілетін саябаққа көшіріп, оны қалыпқа келтіру – қоғам алдындағы көпұлтты конфессияның беделін арттырып, өлкемізде ислам тарихын танып-білуге деген қызығушылық тудырады. Бұл орайда, мұражай-қорықтың тарихи ескерткішті сақтауға жасаған қадамы орынды. 2007 жылы мешітке 100 жыл толды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет