Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы



бет1/6
Дата26.06.2016
өлшемі424.5 Kb.
#159729
  1   2   3   4   5   6



Кемелердегі қызмет жарғысын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 қаулысы

«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 8-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қоса беріліп отырған Кемелердегі қызмет жарғысы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 27 маусымдағы

№717 қаулысымен

бекітілген


Кемелердегі қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі – Жарғы) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін анықтайды.

2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажының мүшелері үшін, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдар үшін де міндетті.

3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады.

4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.

5. Экипаждың еңбегін қолданыстағы еңбек заңнамасына, Заңға және осы Жарғыға сәйкес кеме капитаны ұйымдастырады.

6. Барлық экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жолаушылар ретінде кемеде уақытша болатын адамдардың функцияларын белгілейтін кеме кестелері кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізі болып табылады.


2. Кеме экипажы
7. Кеме экипажының мүшелері:

1) су көлігі қызметкерлерінің абыройы мен намысын сақтайды;

2) коммерциялық құпияны сақтайды;

3) мемлекеттік меншікті сақтайды;

4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының, бұйрықтардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындайды;

5) тұрақта және жүру кезінде вахтада болады және атқаратын қызметіне сәйкес кеме жұмыстарын орындайды;

6) сыпайы, тәртіпті, лауазымы бойынша үлкендердің нұсқауларын жедел және дәл орындайды;

7) өзінің функцияларын біледі, адал және ынтамен орындайды, материалдарды үнемшілдікпен жұмсайды, кеме мүлкіне ұқыпты қарайды, өндірістік жоспарлар мен рейстік тапсырмаларды орындауға белсене қатысады;

8) кеменің құрылымын, өзінің мамандығын, оны меңгеруді және оларға қатысты терминдерді біледі;

9) өздерінің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіріп отырады;

10) өзінің меңгеруіндегі жұмысты жарамды күйде ұстайды және оны үздіксіз қамтамасыз етеді;

11) қауіпсіздік техникасының, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық ережелердің талаптарын біледі және қатаң сақтайды;

12) дабыл бойынша өзінің функцияларын біледі және дәл орындайды, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, құрал-саймандармен, жеке және ұжымдық құтқару құралдарын пайдалана алады және олардың орналастырылған жерлерін, апат сигналдарын біледі, ішкі байланыс және дабылдар бойынша сигнал беру жүйелерін пайдалана алады;

13) таза және ұқыпты киінеді, нысанды киіммен жүру ережесін сақтайды;

14) кемеде тазалық пен тәртіпті сақтайды;

15) ластануына жол бермей, табиғи ортаны қорғайды.

8. Экипаждың әрбір мүшесі кеменің қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасауға тиіс және кемеге, адамдарға, жүкке төнетін қауіпті анықтаған кезде бір мезгілде оны жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, бұл туралы вахталық бастығына шұғыл хабарлауға міндетті.

9. Кемедегі немесе тұрмыстық техниканы (оның кімнің меңгеруінде екендігіне қарамастан) пайдаланатын адамдар оның мақсаты бойынша пайдаланылуы үшін жауап береді, ал жұмысында жарамсыздықтарды анықтаған кезде, ол осы техника меңгеруінде тұрған адамға дереу хабарлайды.

10. Кеменің адамдардың үлкен тобы пайдаланатын техникалық және тұрмыстық құралдары өздерінің меңгеруіндегі экипаж мүшелері әрбір құрал бойынша онымен жұмыс істеу нұсқаулығы болуын қадағалайды.

11. Экипаж мүшелеріне вахта бастығының рұқсатынсыз, кеме техникасының уақытша істен шығуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.

12. Кемені тиісті жай-күйде және жарамдылықта ұстау үшін корпус пен қондырманың барлық элементтері, кеме ғимараттары, тетіктері, жүйелері, құрылғылары, қосалқы бөлшектері, құрал-саймандары, аспаптары мен жабдықтары меңгерілуі жөніндегі кестемен экипаждық әдіс кезінде кеме экипажының мүшелеріне немесе бригадалық әдіспен жұмыс істеу кезінде бір мезгілде кемеде болатын бригадалар (бригада) мүшелеріне бекітіледі.

13. Кеме экипажының мүшелері өздеріне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.

14. Экипаждарсыз, өзі жүрмейтін кемелермен жұмыс істейтін, өзі жүретін кеме экипажына осы кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қосымша функциялар жүктеледі.

15. Экипаж мүшелері капитан жариялаған авариялық және қауырт жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қалауы бойынша кемеде уақытша болатын адамдар да тартылуы мүмкін.

16. Қызметтік функцияларды атқару кезіндегі өзара қарым-қатынас ресми болуға тиіс.

17. Қызмет бойынша өкімдерді бұйрықтар нысанында береді. Бұйрық нақты және қысқа болуға тиіс. Бұйрықты беруші оның дұрыс түсінілгеніне көз жеткізеді. Бұйрықты алушы оны орындасымен, сол сияқты оны орындау мүмкіндігі болмаған кезде бұйрық беруші адамға хабарлайды.

18. Командалық құрамның басқа тұлғасынан орындалуы біріншіні орындауға кедергі келтіретін жаңа бұйрық алған жағдайда, орындаушы бұл туралы екінші бұйрықты берген адамға мәлімдейді және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет жасайды.

19. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқару әдісі бойынша жұмыс істейтін экипаж мүшелері осы лауазымдар (мамандықтар) үшін осы Жарғыда белгіленген міндеттерді орындайды.


3. Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері
20. Кеме иесі кемелерде қызметті ұйымдастыру бойынша негізгі кестелерді бекітеді, олар мыналар болып табылады:

1) штат кестесі;

2) меңгерулер жөніндегі кесте;

3) вахталар мен кеме жұмыстарының кестесі;

4) кемедегі күн тәртібі;

5) жиыстыру жөніндегі кесте;

6) дабылдар бойынша кесте.

21. Кеменің түріне және мақсатына байланысты қосымша басқа да кестелер жасалуы мүмкін.

22. Барлық кестелерді (штат кестесін қоспағанда) капитанның бірінші көмекшісі (штурманның бірінші көмекшісі), ал штатта ол болмаған кезде - капитан механикпен бірлесіп, кемені пайдалануға тапсырғанға дейін жасайды.

23. Тәулік бойы жұмыс істейтін, өзі жүретін кемелерде командалық құрамның адамдарына вахтаны атқару уақыты осы Жарғының 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді. Командалық және қатардағы құрамның қалған мүшелері үшін вахтаны атқару және кеме жұмыстарын орындау уақытын капитан белгілейді.

24. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқарған кезде командалық құрам вахтаны кеме жүргізу мамандығының адамдары үшін белгіленген сағаттарда атқарады.

25. Кемеде капитанның (механиктің) және ауысым капитанының (ауысым механигінің) бір мезгілде болуы кезінде соңғысы вахтаны өзі ауыстыратын адам үшін белгіленген сағаттарда атқарады.

26. Төрт ауысымды кесте бойынша жұмыстың экипаждық әдісі кезінде вахталарды атқару жолаушылар кемелерінен басқа барлық кемелерде осы Жарғының 1-қосымшасына сәйкес ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда үшінші штурман вахтаны капитанмен бірге сағат 00:00-ден сағат 03:00-ге дейін, ал механиктің үшінші көмекшісі механикпен бірге сағат 21:00-ден сағат 24:00-ге дейін атқарады.

27. Осы Жарғының 1-қосымшасына сәйкес үш ауысымды кесте бойынша вахталар атқару:

1) үшінші штурманның және механиктің үшінші көмекшісінің лауазымдары штатта көзделмеген жүк және тіркеп сүйреу кемелеріндегі экипаждық жұмыс әдісі кезінде;

2) жолаушылар кемелерінде. Бұл ретте үшінші штурман және механиктің үшінші көмекшісі вахтаны капитанмен және механикпен бірлесіп атқарады;

3) кемеде үш бригада болғанда бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.

28. Осы Жарғының 1-қосымшасына сәйкес екі ауысымды кесте бойынша вахтаны атқару әрбір бригаданың кемеде 15 тәуліктен аспайтын уақыт болуы бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.

29. Бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бар экипаждардың ішкі кеме қатынасы жолдарындағы және теңіз суларындағы бригадалық әдіс бойынша жұмысы кемелерде 12 сағаттан аспайтын ауысым ұзақтығы жағдайында ұйымдастырылады.

30. Бригадалардың ауысым тәртібін кеме иесі белгілейді.

31. Бір тәуліктен аз жұмыс істейтін кемелерді (шапшаңдарын қоса алғанда) жұмыстан кейін түнгі тұрақ пунктінің жауапты кезекшісіне күзетуге тапсыруға болады. Тұрақ тәртібін кеме иесі белгілейді.

32. Ішкі кеме қатынасы жолдарында, теңіздегі және жағалаудағы жүзуде пайдаланылатын шапшаң кемелер экипаждарының жұмысы бригадалық әдіс бойынша ұйымдастырылады. Егер кеменің бортында бір бригаданың болуы кезеңінде жол уақыты 8 сағаттан аспаса, шапшаң кеменің бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бола алады. Бұл жағдайда қозғалыс кестесімен әрбір 2 сағат сайын аялдамалар көзделеді, демалыс және тамақтану үшін арналған аялдамалардың бірінің ұзақтығы кемінде 30 минут болып белгіленеді, бұл ретте көрсетілген аялдамаға дейінгі және одан кейінгі жол уақыты әдетте 4 сағаттан аспауға тиіс.

33. Егер жүзу шарттары бойынша кеме бортында бір бригаданың болуымен пайдаланыла алмаса, сондай-ақ жол уақыты 8 сағаттан асып кетсе және бригадалардың ауысымын жүргізу мүмкін болмаса, бортта екі бригада болады, олардың біріне капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық етеді.

34. Басқару бекетінде экипаж мүшелері кезекшіліктерінің ауысымы бірдей, бірақ 4 сағаттан аспайтын уақыт аралықтары арқылы жүргізіледі.

35. Жол уақытын аралық пункттердегі ұзақ емес аялдауларды (30 минутқа дейін) ескере отырып анықтайды.

36. Өзі жүретін және өзі жүрмейтін жер снарядтарында және түбін тазартқыш снарядтарда командалық құрамның адамдарына вахталар атқару және жұмыстарды орындау уақытын кеме иесі, ал қатардағы құрамға – командир белгілейді.

37. Шаландалардың, шаландалаушылардың, зәкір ауыстырып қоюшылардың, брандвахталардың, баржалардың және жер керуенінің құрамына кіретін басқа да кемелердің командалық құрамы өндірістік-технологиялық қызмет мәселелері бойынша командирге (командирдің ауысым көмекшісіне) бағынады.

38. Экипаж мүшелерін жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату (кеменің тіркелген жері бойынша кадр бөлімінде кейіннен ресімдеу арқылы), демалыс беру, кемені пайдалану кезеңінде марапаттау, жазалау капитанның ұсынысы бойынша кеме иесінің бұйрықтарымен ресімделеді.

39. Капитан нақты жағдайларға немесе кеменің ерекшеліктеріне және штат кестесіне байланысты экипаждың жекелеген мүшелері арасында міндеттерді ішінара қайта бөлуді жүргізеді.

40. Үш ауысымды кесте бойынша (1-қосымшаға сәйкес) вахталар атқару:

1) жүк, тіркеп сүйреу және жолаушы кемелерінде, сондай-ақ техникалық флоттың кемелерінде экипаждық жұмыс әдісі кезінде;

2) кемеде үш бригада болғанда бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.

41. Екі ауысымды кесте бойынша (1-қосымшаға сәйкес) вахталар атқару әрбір бригаданың кемеде 15 тәуліктен артық болмауымен бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.

42. Капитан (ауысым капитаны) басшылық ететін, бортында ауысымдық бригада бар экипаждардың ішкі кеме қатынасы жолдарындағы бригадалық әдіс бойынша жұмысы 12 сағаттан аспайтын ауысым ұзақтығы жағдайында ұйымдастырылады.

43. Бригадалардың ауысым тәртібін кеме иесі белгілейді.

44. Бір тәуліктен аз жұмыс істейтін кемелерді (шапшаңдарын қоса алғанда) жұмыстан кейін түнгі тұрақ пунктінің жауапты кезекшісіне күзетуге тапсыруға болады. Тұрақ тәртібін кеме иесі белгілейді.


4. Командалық құрам
§1. Жалпы ережелер
45. Кеменің командалық құрамына бағыныштыларға басшылық ету және кемені басқару мен оны пайдалануға жеке өзінің қатысуы жүктеледі.

46. Командалық құрам:

1) бағыныштылардың еңбегін дұрыс ұйымдастырады, еңбек өнімділігін өсіру үшін, сондай-ақ экипаж мүшелерінің кемеде өндірістік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ететін жағдай жасайды;

2) өзінің еңбегімен және тәртібімен экипаждың барлық мүшелері үшін үлгі қызметін атқарады, кемеде тәртіпті сақтайды;

3) өзінің бағыныштыларының жеке бастарының және іскерлік сапаларын жан-жақты біледі және зерттейді, оларға өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерін беріп отырады;

4) бағыныштыларына қамқорлық жасайды және күн сайын оларды ерлік, адалдық, еңбексүйгіштік, саналы тәртіп, бастамашылдық, техниканы меңгеруге ұмтылушылық, флотқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді;

5) кемеге экипаждың жаңа мүшелерін тағайындаған кезде бағынышты адамдарды олардың жұмыс және дабылдар жөніндегі функцияларымен, кеме кестелерімен, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитария ережелерімен және нұсқаулықтарымен таныстырады;

6) бағыныштылардың кеме кестелері бойынша міндеттерін біледі;

7) бағыныштылардан Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Жарғыны, өздерінің функцияларын, қолданыстағы ережелерді, оларға қатысты бөлігінде тәлімдерді, нұсқауларды және өкімдерді дәл орындауды талап етеді және олардың орындалуын бақылайды;

8) өзінің бағыныштыларын алдағы рейстің міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабардар етеді;

9) экипаж мүшелерімен техникалық оқу өткізеді;

10) кеме техникасына жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер жүргізудің күнтізбелік кестелерін жасайды және бекітуге ұсынады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

11) алдыңғы қатарлы экипаждардың жұмыс тәжірибесін зерттейді, қорытады және оны өз кемесінде енгізеді.

47. Командалық құрам адамдарының ауысымы кезінде тапсырушы қабылдаушыға акт бойынша құжаттаманы, іс қағаздарын, есептілікті, меңгерушілікті және өзінде есептелетін материалдық құндылықтарды табыстайды. Актіні капитан бекітеді.


§ 2. Капитан
48. Капитан кеме экипажының басшысы, кеме иесінің кеменің сақталуы, ондағы адамдардың өмірі және тасымалданатын жүк үшін жауап беретін сенімді адамы болып табылады.

49. Кемені басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады және тікелей кеме иесіне бағынады.

Кеме қызметіне қатысты барлық нұсқаулар олардың орындалуы үшін жауап беретін капитанға беріледі.

50. Кеменің бортында жоғары лауазымды тұлғалардың болуы капитаннан өзінің міндеттерін орындау үшін оған жүктелген жауапкершілікті алып тастамайды.

51. Капитанның өкімдері оның өкілеттіктері шегінде кемедегі барлық адамдардың сөзсіз орындауына жатады.

52. Капитан экипаж мүшелерін іріктеуге және орналастыруға қатысады, кемеде кадрларды бекітуге шаралар қабылдайды.

53. Кемедегі адамдардың әлдебірі капитанның өкімдерін орындамаған жағдайда ол бұл адамдарға қатысты өзіне берілген құқықтар шегінде қажетті шаралар қабылдайды.

54. Капитан қажетті жағдайларда экипаждың кез келген мүшесін қызметтік функцияларын орындаудан шеттетеді, оны кеменің есебінен шығарады және кадрлармен жұмыс жөніндегі бөлімге жібереді.

55. Капитан:

1) кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын;

2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;

3) өндірістік қызметті, кемені және кеме техникасын техникалық пайдалануды, кеменің, адамдардың, жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын;

4) қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды;

5) тәрбиелік жұмыстың және экипаждың моральдық жай-күйінің жоғары деңгейін;

6) кеменің өндірістік жоспарының, қозғалыс кестесінің және берілген жұмыс көрсеткіштерінің орындалуын;

7) жүзу қауіпсіздігін қадағалау органдарының және басқа да бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптарының орындалуын; кеменің байқаулар мен куәландыруларға уақытында ұсынылуын;

8) еңбек тәртібінің сақталуын және жалпы кемелік және вахталық қызметтерді ұйымдастыруды;

9) экипаж мүшелерін бұйрықтармен, өкімдермен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ рейске берілген тапсырмалармен және алдағы рейстің ерекшеліктерімен уақытында таныстыруды;

10) экипаждың техникалық оқуын, командалық және қатардағы құрам адамдарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды және бақылауды;

11) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, суда құтқару жөніндегі іс-қимылдарға даярлауды, сондай-ақ осы даярлықты бақылауды ұйымдастыруды;

12) еңбек заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес экипаждың еңбек және демалыс режимін;

13) кемеде жұмыстың озық тәжірибесін енгізуді және оны жетілдіруді;

14) кеме экипажын ұжымдық тамақтандыруды ұйымдастыруды;

15) курсанттардың, студенттер мен оқушылардың практикасына жалпы басшылықты және кеме жүргізу мамандықтары адамдарын сынақ мерзімінен өткізуге тікелей басшылықты;

16) кеме кестелерін тексеруді және бекітуді;

17) командалық құрамның қызметіне басшылықты;

18) вахтаның (бірыңғай кезекшілік, кемелік), машиналық және басқа да белгіленген журналдарды, сондай-ақ кеме байқауларының бірыңғай кітабын, іс қағаздарын, есептемелік және басқа да құжаттаманы уақытында және дұрыс жүргізуді;

19) ауыз су қабылдауды, шаруашылық-тұрмыстық және фекалдық суағарларын, құрғақ қоқыс, тамақ қалдықтары бар контейнерлерді және құрамында мұнай бар қоспа суларды тапсыруды тіркейтін кеме журналдарын уақытында және дұрыс жүргізуді;

20) техникалық әдебиетті, жүзу қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды, лоцман карталарын (схемаларын), навигациялық құралдарды және түзетулерді (өзгертулерді) уақытында алуды;

21) кеме құжаттарының, мөр мен мөртабандардың сақталуын;

22) кемеде жазатайым оқиға болған кезде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды, болып өткен жазатайым оқиға туралы кеме иесіне хабарлайды және белгіленген тәртіппен тексеру жүргізеді;

23) кеменің, адамдардың немесе жүктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде бұл туралы кеме иесіне хабарлайды және алынған нұсқаулар мен ұсынымдарға, жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасайды;

24) кеменің авариялық жағдайында, жүк, багаж бүлінген немесе зақымданған жағдайда, сондай-ақ ұқсас жағдайларда болған оқиға туралы тиісті органдарға хабарлайды, бір мезгілде оқиғаның салдарлары мен себептерін жоюға шаралар қабылдайды және белгіленген тәртіппен қажетті құжаттардың ресімделуін;

25) экипаждың кеменің өміршеңдігі үшін күрес және суда адамдарды құтқару жөніндегі іс-әрекетіне басшылықты;

26) басқа кемемен соқтығысқан, басқа кемеге, құрамға, салға соққы болған жағдайда егер бұл өз кемесіне, экипажына және жолаушыларына елеулі қауіп төндірмесе, көмек талап ету-етілмеуін сұрайды, қажет болған кезде оны көрсетеді, одан кейін онымен соқтығысу болып өткен кеме капитанынан кеменің атауы, тіркелу, шыққан және баратын пункттері, алынған зақымданулардың сипаты туралы сұрайды, ал бұдан кейін өз кемесі бойынша осындай мәліметтерді онымен соқтығысу болып өткен кеме капитанына хабарлауды және қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етеді.

56. Капитан механикпен бірлесіп, зауыт нұсқаулықтарының, басшылықтарының және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес олардың жай-күйін және ұсталуын бақылау мақсатында кемеге, кеме техникасына және оның жабдықталуына тексеру жүргізеді.

57. Кеме және ондағы адамдар үшін қауіптілік жағдайында не басқа кемеге немесе адамдарға көмек көрсету үшін капитан бұл ретте берілген бұйрықты көрсете отырып, кеме журналында жазба жасап, кеменің басты қозғалтқыштарының немесе басқа тетіктерінің белгіленген нормалардан асып түсетін жұмыс режимін белгілей алады.

58. Кемеде адамның туу немесе қайтыс болуының әрбір жағдайы туралы капитан екі куәнің қатысуымен акт жасайды. Қаза болған жағдай туралы бұдан басқа, капитан дереу кеме иесіне хабарлайды және оның нұсқаулары бойынша әрекет жасайды.

59. Капитан қылмыс жасауда күдікті адамды немесе оның іс-әрекетінде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ, бірақ кеменің немесе ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамды ерекше үй-жайға оқшаулайды және алғашқы мүмкіншілік кезінде оны тиісті билік орындарына табыстайды.

60. Бүкіл экипаждың немесе оның елеулі бөлігінің қатысуын талап ететін жұмыстарды орындау қажеттігі кезінде капитан кеме иесі бекіткен оның тізбесіне сәйкес қауырт жұмыстарды жариялауға құқылы.

61. Ауырған жағдайда капитан онда капитан дипломының болу-болмауына қарамастан кемені басқаруды капитанның бірінші көмекшісіне табыстайды, ол туралы кеме иесіне дереу хабарлайды. Кеме журналына басқаруды табыстау күні мен уақыты, кеменің орналасқан жері және оның жай-күйі, басқа да қажетті мәліметтер жазылады.

62. Капитан диспетчерлік байланыс құралдарын пайдаланады.

63. Капитан кеменің тіркелу портында кеме иесінің бұйрықтарымен ресімделетін, кеме экипажының мүшелерін марапаттау және тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы кеме иесіне ұсыныстар енгізеді.

64. Пайдаланудағы кемені қабылдау кезінде, капитан:

1) экипажбен танысады;

2) кеме құжаттарын, мөрді, мөртабандарды, ақша сомаларын және ақша құжаттарын қабылдайды;

3) кемені тапсырушы капитаннан кеменің құрылымдық ерекшеліктері, оның пайдалану және теңізде жүзу сапалары, жүк операцияларының барысы және кеменің алдағы рейске дайындығы (жөндеу барысы), болған авариялық жағдайлар және олардың салдарлары туралы қажетті деректер алады;

4) кеменің өндірістік жоспарымен және оның орындалу барысымен танысады;

5) кемені тапсырушы капитанмен бірлесіп, капитанның бірінші көмекшісінің (ауысым капитанының) және механиктің еріп жүруімен кемені қарайды, қажетті түсіндірмелер мен мәліметтер алады;

6) экипаждың кеме дабылдары бойынша іс-қимылдарын жетілдіруді тексереді;

7) қажет болған кезде кеме иесінен кеменің корпусына, қозғаушыларына, меңгерікті басқару органына және басқа да борт сыртындағы құрылғыларына тексеру жүргізуді талап етеді. Кемені тапсыру және қабылдау нәтижелері бойынша акт жасайды, оның бірінші данасы кеме иесіне жіберіледі.

65. Тапсыру-қабылдау және тағайындалған капитанның функцияларын атқарудың басталу уақыты тапсырушы және қабылдаушы капитандардың қолдарымен кеме журналында тіркеледі. Жаңадан тағайындалған капитан функцияларын атқарудың басталуы туралы кеме бойынша бұйрықпен жариялайды.

66. Кемені тапсыруды және қабылдауды тығыз мерзімдерде жүргізгенде екі капитан да кемені, ақша сомаларын, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды тапсыру-қабылдау туралы акт жасайды және оған қол қояды. Актіде тапсыру кезінде қабылданбаған объектілер көрсетіледі. Кемені басқаруды тапсыру-қабылдау күні мен уақыты кемені тапсырған және оны қабылдаған капитандардың қолдарымен кеме журналында тіркеледі, одан кейін жаңадан тағайындалған капитан кемемен танысады.

67. Кемені жасаушы зауыттан, сондай-ақ тұрақтан, жөндеуден пайдалануға қабылдаған кездегі капитанның іс-әрекеттері кеме иесінің тиісті құжаттарымен белгіленеді.

68. Портқа келісімен капитан кемені және қажетті құжаттаманы порт әкімшілігіне және бақылаушы органдарға көрсету үшін дайындайды.

69. Кеме портта тұрған кезде капитан кеменің қауіпсіз тұрағын қамтамасыз етуге, жүк операцияларын және кемені жабдықтау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға шаралар қабылдайды; экипаждың жергілікті (порттық) ережелерді орындауын қамтамасыз етеді.

70. Кеме портта тұрған кезде капитан портта немесе оған жапсарлас аймақта болған апат жағдайында порт әкімшілігінің талап етуі бойынша өрт сөндіру немесе көмек көрсету үшін экипаж бен кеме құралдарын (кеме қауіпсіздігі үшін залалсыз) береді.

71. Жүкті кемеге қабылдау алдында капитан тиеу схемасын белгілейді немесе алғашқы жүк жоспарын (теңізге шығатын кемелер үшін) қарайды және белгіленген тиеу нұсқасы жүзу қауіпсіздігін, кеменің тиісті теңізде жүзу сапасын және жүктің сақталуын қамтамасыз ететіндігіне көз жеткізе отырып, оны бекітеді. Егер тасымалдау жүктерді тасымалдау ережесіне қайшы келсе немесе кеменің не адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, капитан жекелеген жүктерді қабылдаудан бас тарта алады.

72. Жүк операцияларын орындау барысында капитан белгіленген тиеу схемасын (жүк жоспарын) негізге ала отырып және жүктерді ауыстырып тиеу жұмыстарының ережелеріне, тепе-теңдікті сақтау туралы ақпаратқа, жүктерді тасымалдау ережелеріне және басқа да ережелерге сәйкестендіре отырып, жүктерді трюмдерге және палубаларға салудың және бекітудің дұрыстығын, балластың және отынның орналастырылуын, сондай-ақ палубаларға түсетін жүктеме рұқсат етілетін нормалардан аспауын бақылауды қамтамасыз етеді. Егер оларды жүргізу технологиясы бұзылатын болса немесе жоғарыда аталған құжаттардың талаптарынан ауытқуға жол берілетін болса, капитан жүк операцияларын тоқтатады.

73. Капитан жағаға кетерде бірінші көмекшісіне немесе вахта бастығына қажетті жұмыстарды орындау және кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдау туралы ауызша немесе жазбаша өкім қалдырады және өзінің болатын жерін хабарлайды.

74. Капитан кеменің рейске шығуына дейін:

1) рейстік тапсырма алған кезде командалық құраммен алдағы рейстің ерекшеліктерін талқылайды;

2) навигациялық карталар және құралдар бойынша командалық құрамды жүзу ауданымен таныстырады;

3) командалық құраммен болуы мүмкін қиындықтарды қарастырады;

4) командалық құрамға түрлі жүзу жағдайлары кезіндегі сол немесе өзге іс-қимылдардың қажеттігін түсіндіреді;

5) командалық құрамға рейстің негізгі міндеттері мен ерекшеліктерін экипаждың қалған мүшелеріне жеткізу туралы нұсқаулар береді;

6) кемені жүзуге дайындау барысына басшылық жасайды;

7) егер вахтаға кірісердің алдында қызметтік функцияларын орындаумен айналысса немесе кеме бойынша жұмыс орындаса, вахтадағыларға демалыс береді;

8) теңіз аудандарына шығатын кемелерде алдын ала кеме жолын салуды орындайды (егер оны капитанның нұсқауы бойынша оның көмекшілерінің бірі орындаса, алдын ала салынған жолды тексереді).

75. Кеменің жүріп кетуі алдында капитан ауа райы болжамдарымен танысады және белгіленген уақытта бірінші көмекшісінен, механиктен және кеме радиостанциясының бастығынан (радиооператордан) кеменің рейске дайындығы туралы, бортында экипаж мүшелерінің болуы және кемеде бөгде адамдардың жоқ екендігі туралы баянаттар қабылдайды.

76. Экипаж мүшелерінен немесе экипаж штатына кірмейтін, бірақ кемеде келе жатқан адамдардан әлдекім (лауазымды тұлғалар, жолаушылар) жүріп кету үшін белгіленген уақытқа келмей қалған жағдайда капитан бұл туралы порт әкімшілігіне немесе кеме иесіне, ал шетелде - келмей қалған адамдардың тегін, атын және әкесінің атын, лауазымын және кемеден кеткен уақытын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының консулына хабарлайды. Бір мезгілде капитан бұл адамдарды кемеге қайтаруға барлық мүмкін шараларды қабылдайды.

77. Капитан мына жағдайларда:

1) егер кеме құжаттарының жүзуге жарамдылығының қолданылу мерзімі рейс аяқталуының белгіленген күнінен бұрын аяқталса және оның рейсте ұзартылуы мүмкін болмаса;

2) егер кемені жабдықтау, оның жай-күйі, жүктемесі тиісті құжаттардың талаптарын қанағаттандырмайтын және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын болса;

3) егер кемеде еңбек қауіпсіздігінің талаптары қамтамасыз етілмесе рейске шықпайды.

Көрсетілген барлық жағдайлар туралы капитан порт әкімшілігіне, кеме иесіне және тиісті қадағалау органдарына уақтылы хабарлайды.

78. Міндетті лоцмандық өткізу ауданында жүзген кезде капитан лоцманды алуға тиіс. Лоцмандық өткізу міндетті болып табылмайтын аудандарды өткен кезде, егер қажет деп тапса, капитан лоцманды алуына болады. Кемеде лоцманның болуы капитаннан лоцмандық өткізу уақытында кемені басқару жөніндегі функцияларды алып тастамайды.

79. Кемені лоцмандық өткізу кезінде капитан:

1) кездесуді, лоцманды бортқа қауіпсіз қабылдауды және оны кеменің бортынан қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етеді, лоцманға үй-жай және тағам ұсынады;

2) лоцманға кемені өткізу үшін қажетті деректерді хабарлайды, кемені басқару ерекшеліктерімен таныстырады;

3) мінбеден кетерде лоцманға капитан мінбеде болмайтын кезде кемені басқаруға жауапты тұлғаны көрсетеді;

4) кемені өткізу уақытында жүзу қауіпсіздігін қадағалайды. Лоцманның ұсынымдарының дұрыстығына күдіктенген жағдайда капитан оның көрсететін қызметтерінен бас тартатындығы туралы хабарлайды, бұл ретте міндетті емес лоцмандық өткізу ауданында онсыз жүзе алады, ал міндетті лоцмандық өткізу ауданында басқа лоцманды шақырады.

80. Капитан өз кемесі, экипажы және жолаушылары үшін қауіптілік тудырмай, кез келген кемеге және суда табылған, өлім қаупі төнген адамға көмек көрсетеді. Апатқа ұшырағандарға көмекке барлық

81. Егер капитанның пікірі бойынша оның кемесіне болмай қалмайтын опат болу қаупі төнсе, ол кемедегі адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Жолаушыларды құтқару шараларын қабылдағаннан кейін капитан экипажға кемені тастап шығуға бұйрық береді.

82. Адамдарды құтқару кезінде капитан бірінші кезекте балаларды, ауруларды, әйелдерді және қарттарды құтқаруды қамтамасыз етеді. Капитан кеме, машина журналдарын, лоцман карталарын (схемаларын), құжаттар мен құндылықтарды құтқаруға барлық мүмкін шараларды қабылдай отырып, кемені соңғы болып тастап шығады.

83. Рейс аяқталған соң капитан кеме иесі белгілеген тәртіппен кеме иесінің алдында есеп береді.

84. Кемені жөндеуге қоюдың алдында капитан жөндеу жұмыстарының көлемін нақтылайды және нормативтік құжаттарда көзделген, жөндеуді дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.

85. Жағалау қызметтерінің техникалық қызмет көрсету, навигациялық кезеңдегі жөндеу және кемені жауапты сақтауға қабылдамай жөндеу кезеңінде, капитан жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауды және кеменің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

86. Кемені слипке көтерген (докқа қойған) және оны слиптен түсірген (доктан шығарған) кезде капитан экипаждың жұмысына өзі басшылық жасайды. Слипте (докта) тұрған кезде капитан слиптің (доктың) әкімшілігіне барынша жәрдем көрсетеді, сондай-ақ кемелердің слипте (докта) тұру ережесін сақтайды.

87. Кемені слипке (докқа) қондырғаннан кейін капитан механикпен және басқа да мамандармен бірлесіп корпусты, түпкі-борттық арматураны, қозғаушы-меңгеріктік кешенді сырттай байқау жүргізеді және олардың жай-күйі туралы акт жасайды. Кемені слиптен түсіру (доктан шығару) алдында осындай байқауды жаңадан жүргізеді.

88. Орындалған жұмыстарды қабылдау және жөндеуді аяқтау белгіленген тәртіпте актілермен ресімделеді.

89. Ауысым капитаны капитан жоқ кезде капитанның мәртебесін пайдаланады және оның міндеттерін орындайды.

90. Кемеде капитан және ауысым капитаны бір мезгілде болған кезде соңғысы өзі алмастыратын тұлғаның функцияларын орындайды және оның өкілеттіктерін пайдаланады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет