Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Мөлдір 1-ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын 2-ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі 1-ортаға қарай кері шағылады.
Егер жарық сәулесі түсетін бет жалтыр, тегіс болса (яғни түскен сәуле толқынының ұзындығы беттің бұдырларының биіктігінен үлкен болса), онда Жарықтың шағылуы айналық (“дұрыс”) шағылу деп аталады. Мысалы, беті мұқият тегістелген металдан Жарықтың шағылуы айналық шағылу болады. Айналық шағылу кезінде мынадай заңдылықтар орындалады:
1) шағылған сәуле түскен сәуле мен шағылдыратын бетке түсірілген нормаль арқылы өтетін жазықтықта жатады;
2) сәуленің шағылу бұрышы түсу бұрышына тең , түскен және шағылған жарық сәулелері өзара қайтымды болады. Егер жарық түскен бет күңгірт немесе кедір-бұдыр болса, онда жарық барлық жаққа бытырай шағылады, яғни жарық жан-жаққа шашырайды. Жарықтың осылай шағылуын диффузиялық (шашырап) шағылу деп атайды. Мысалы, кәдімгі қағаз беті жарықты шашыратып шағылдырады.
Жарық дисперсиясы Ньютонның ашқан құбылысы. Латын тілінен аударғанда жарық дисперсиясы шашырау деген мағынаны білдіреді. Жарық дисперсиясының екі түрлі мағынасы бар: біріншісі — дисперсия — күрделі ақ түсті спектрге ажырату құбылысы; екіншісі — заттың сыну көрсеткішінің түсетін жарықтың толқын ұзындығына тәуелділігі.
Вакуумдегі c жарық жылдамдығының орта ішіндегі v жарық жылдамдығының қатынасына тең n шама ортаның абсолют сыну көрсеткіші деп аталады:
N = c/v.
Сонымен қатар, электромагниттік толқын вакуумнан шығуы мүмкін, содан кейін әйнектің немесе басқа заттың сыну көрсеткіші абсолютті деп аталады. Көп жағдайда оның мәні 1 -ден 2 -ге дейін болады. Тек өте сирек жағдайларда сыну көрсеткіші екіден көп болып шығады.
Сыну көрсеткіштері n1 мен n2 болатын екі зат арқылы жарық өтсе, олардың абсолют сыну көрсеткіштерінің қатынасы (n2/n1) ортаның салыстырмалы сыну көрсеткіші деп аталады.
Егер объектінің алдында вакуумдық ортаға қарағанда тығызырақ болса, онда олар салыстырмалы мән туралы айтады. Және ол екі абсолютті шаманың қатынасы ретінде есептеледі. Мысалы, су әйнегінің салыстырмалы сыну көрсеткіші шыны мен судың абсолюттік мәндерінің квотасына тең болады.
Рефрактометрия (латынша Refractus — сынған және …метрия) — оптикалық сәуле шығару спектрінің әр түрлі телімдерінде қатты, сұйық және газ тәрізді орталардың сыну көрсеткішін (n) өлшеудің әдістері мен құралдарына арналған оптикалық техниканың бөлімі.
Рефрактометрияның негізгі әдістері:
1) ортаның шекарасы арқылы өткен жарықтың сыну бұрышын тікелей өлшеу әдістері;
2)Жарықтың толық іштей шағылу құбылысына негізделген әдістер;
3)Интерференциялық әдістер. Рефрактометрия заттың құрамы мен құрылымын анықтау үшін физикалық химияда, сондай-ақ химия, фармацевтика, тамақ, т.б. өнеркәсіп салаларында әр түрлі өнімдердің сапасы мен құрамын бақылау үшін кеңінен қолданылады.
6 жұмыс.
Стефан-Больцман заңы– тепе-тең сәуле шығарудың толық көлемдік тығыздығының және соған байланысты дененің толық сәуле шығарғыштық қабілетінің , абсолют температураның төртінші дәрежесіне пропорционал екендігін тұжырымдайтын заң. Бұл заңды 1879 жылы австриялық физик Й.Стефан тәжірибелік деректерге сүйеніп, кез келген дененің сәуле шығарғыштық қабілеті үшін өрнектеп берді. Бірақ кейінгі жүргізген өлшеулер қорытындысы Стефан-Больцман заңының тек абсолют қара дененің сәуле шығарғыштық қабілеті үшін ғана орындалатындығын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |