Рефлексия мен кері байланыс тәсілдері
Сабақ соңында оқушылар ауызша немесе жазбаша мына сұрақтарға жауап бере алады:
Бүгін мен ... білдім.
Маған ... қызық болды.
Маған ... қиын болды.
Мен ... тапсырмаларын орындадым.
Мен ... екендігін түсіндім.
Мен енді ... жасай аламын.
Мен ... екендігін сезіндім.
Мен ... иемдендім.
Мен ... үйрендім.
Мен ... жасап көремін.
Мені ... таң қалдырды.
Сабақ менің өміріме ... берді.
Рефлексиялық шеңбер
Бұл тәсіл «Үлкен шеңбер» тәсіліне ұқсас. Оқушылар шеңберленіп орындықтарға отырады (немесе аяғынан тік тұрса да болады). Мұғалім оларға рефлексияны шақыратын мынандай сұрақтар қояды:
- Сабақ барысындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
- Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?
- Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?
- Сабақта қандай қиындықтар туындады?
- Сабақ аяғындағы көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?
«Бес саусақ» тәсілі
Оқушылар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы мынандай сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады:
Бас бармақ – басты мәселе. Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды?
Балалы үйрек – бірлесу. Мен топта/жұпта қалай жұмыс жасадым? Кімге көмек бердім? Кімді риза жасадым? Кім маған көмек берді?
Ортан терек – ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?
Шылдыр шүмек – шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
Кішкентай бөбек – көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?
Алақан – алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?
Достарыңызбен бөлісу: |