Кенесары ханның сыртқы саясаты Қазақ – орыс байланыстары



Дата11.06.2016
өлшемі62.7 Kb.
#128809
Кенесары ханның сыртқы саясаты
Қазақ – орыс байланыстары. Кенесары хан Ресейдің патшалық үкіметіне отарларған округтер мен әскери бекіністерді жоюды талап етті. Атасы Абылай хан тұсындағы Қазақ мемлекетін қалпына келтіретін жариялады. Ресейге кірмеген аумақтардың дербестігін сақтап, өзі Қазақ хандығын құрып, мойындауды, сонымен қатар Ресейдің патша үкіметі тарапынан салынған алым – салықты жинауды талап етті. Бұл талаптарды 1838 жылы Ресей патшасы Николай І мен Батыс Сібір генерал – губернаторы Петр Горчаковқа Кенесары ханның бес өкілі Тобылды Тоқтыұлы, Жүсіп Жанкүшікұлы, Шалберді Қонысбайұлы, Қосымбай Қазанғапұлы, Майтөк Дөненұлы тапсырды.

Орынбор әкімшлігінің басшысы В.Перовский Кенесары ханмен бейбіт келісім жасауға ұмтылса, ал Батыс Сібір губернаторы П.Горчаков, кейінгі Орынбордың жаңа губернаторы Обручев Кенесары ханмен бейбіт келісімді бұзып, жазалау мен отарлау саясатын күшейтті. 1844 жылы Орынбор губернаторы Обручевтың атынан келіссөз жүргізу үшін Орынбор шекаралық комиссиясының өкілі, би Баймуханбет Жаманшин Кенесары ханға губернатор хатын табыс етті.



1845 жылы сәуірде Орынбор әкімшілігінен Кенесары ханмен келіссөз жүргізуге екінші рет Долгов пен Герн елшілігі келеді. Ресей патша үкіметінің елшілері Кенесары хан төмендегі талаптар қойды:

  1. Көтерілісшілер патша үкіметі белгілеген шектеулі аймақ шегіне ғана көшіп жүруге рұқсат берілді;

  2. Ханның Ресейге толық бағынуын және соғыс қимылдарын тоқтатуы тиіс болды;

  3. Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтардың барлығы да Ресей империясының азаматтары ретінде әрбір үйдің 1 сом 50 тиын мөлшерінде түтін салығын төлеп тұруы тиіс екендігі;

  4. Ханның Орынбор қазақтарынан зекет алуына тиым салынды;

  5. Ханның өз ордасында қылмысты істерді қарауына рұқсат етілмейтіндігі ескертілді;

  6. Ханның қашқын орыс пен татар, башқұрттарды ұстауына тиым салынатыны, оларды Ресейге қайтаруы тиіс екендігі айтылды;

  7. Кенесарының шет мемлекеттермен, әсіресе Ресейге ұнамайтын елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салынды;

  8. Орынбор өлкесіндегі қазақтардың иелігін Ресей империясының бір бөлігі ретінде мойындаса ғана көтерілісшілерге кешірім берілетіндігі басты шарт ретінде қосылды.

Бұл талаптар Кенесарының хан лауазымын иеленуге құқы жоқ екендігі мен көтерілісшілердің негізгі мақсаттарына дұрыс келмейтңндігін ескеріп, қабылдаудан бас тартты. Екі ай бойы Кенесары ханмен бірге көшіп жүруге мәжбүр болған Ресей елшілері өз дегендеріне жете алмайтындарына көз жетіп, Орынборға қайтып кетуге мәжбүр болды. Елші Долгов арқылы Орынбор әкімшлігінің басшысы Обручевке Кенесары хан Ресейдің өз билігін мойындауы үшін төмендегі талаптар қойылған хат жолдады:

  1. «Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою;

  2. Қазақ жеріндегі жазалаушы отрядтарының бассыздығын тыю;

  3. Алым – салық жинауды тоқтату;

Бұдан кейін патша үкіметі мен Қазақ хандығы арасындағы келіссөздер тоқтап қалды. Патша үкіметі қазақ жерлерін отралау мен көтерілісшілерді жазалауды жалғастыра түсті. Ресейдің патша үкіметі әскери бекіністер салуын жалғастыра түсті. Ресей патша үкіметінің елшілері кеткеннен кейін Кенесары хан әскери кеңес шақырып, енді Жетісу аумағына қарай көшуге шешім қабылдады. Патша үкіметі Ырғыз өзені бойына, Орал, Торғай өзені бойында әскери бекіністер салу жүріп жатты.

Кенесары ханның ортаазиялық хандықтармен байланыстары. Кенесары ханның қоқан үкіметімен байланысы әкесі Қасым төре Абылайханұлы мен ағасы Саржан сұлтан Қасымұлы тұсында басату алды. Бұған себеп Ресейдің патша үкіметінің «Сібір қазақтарының жарғысын» енгізуі түрткі болды. Жарғы аясында хандық билікті жою мен 1824 жылы округтік приказдарды ашу үшін экспедициялардың шараларына қарсы шықты. Олар Қазақ хандығын қалпына келтіру бағытында Ресеймен бітіспес күрес жүргізді. Бірақ күрес нәтижесі сәтсіздікпен аяқталуына байланысты Саржан сұлтан Ташкенттегі қоқан бектерімен Ресейге қарсы күресу үшін одақ жасасты. Бұл одақ талаптар ұсынысын Ташкент билеушілері қабыл алып, Саржан сұлтан қалың қолымен Орта жүз жеріне келді. Бұл жағдай отарлаушы патша үкіметін қатты алаңдатты. Батыс Сібір генерал – губернаторы Вельяминов Саржан сұлтанды ұстауға бұйрық береді, бірақ бұл сәтсіздікпен аяқталады. 1836 жылы Саржан сұлтан, кейін 1840 жылы әкесі Қасым төре және бауыры Есенгелді сұлтан Ташкент билеушісі қоқан ханы Мұхаммед Әлидің (1822 – 1842) бұйрығымен қастандықпен өлтірілді. Бұл екі қайғылы жәйт Кенесары сұлтанның қоқан үкіметімен байланысын шиеленісуге әкелді. Бірақ, Кенесары қоқан ханының көмегіне зәру екендігіне байланысты, оның қол астында жүруге мәжбүр болды. Ташкент беклербегі оқ – дәрімен тұрды. Әкесі қастандықпен өлтірілгеннен кейін Кенесары Хиуаға қашып кетті және онда баспана табуға үміттенді. Хиуа ханы Аллақұлға (1825 – 1842) өз ұлын жіберіп, көшіп қонуға қыпшақтарға баруға рұқсат сұрады. Аллақұл хан Кенесары ханнан Ресейге қарсы күресін тоқтату туралы кепілдігін алды. Бірақ Кенесары сұлтан ортаазиялық хандықтардан қолдау таппауына байланысты басқа жол таба алмады. Кенесары Қоқанға қарсы іс қимылға бар назарын аударуды. Мұнымен қатар маңызды оқиға орын алды. 1841 жылы оны халық ақ киізге көтеріп оны хан сайлаған болатын. Осы уақытта Кенесары хан Қоқан хандығына ашық күрес жүргізуге өтпеген болатын.

Кенесары сұлтан дәрежесі кезінде қоқандықтарға тұтқынға түсіп, бір жылын зынданда өткізген болатын. Қоқан ханы Мұхаммед Әли хан оны босату туралы өкімін шығарып, босатылған болатын. Хан оның туыстары мен мал мүлкін қайтарып берді. Кенесары қоқан ханының сеніміне кірген болып көрініп, кейін оның 100 адамын қырып салады. Содан кейін Кенесары хан Қоқан хандығының құрамындағы Ұлы жүз жерін азат етумен қатар қырғыздарға Қоқанға қарсы күресу үшін одақ құру ұсынысын тастады. Бірақ бұл одақ болған жоқ. Себебі қырғыздар қоқан қол астында болатын. Кенесары хан Қоқанға қарсы бұхар әмірі Насрұллаға (1827 – 1860) ұсыныс тастады. Ал Орынбор губернаторы Перовский Кенесары ханды патша үкіметінен кешірім алып берген соң, оған хат жазып артық қимыл іс әрекетке бармауды өтінді. Кенесары хан күресте Бұқарының қолдау алуға ұмтылды. Мұнымен бірге бұхар әмірі қоқан ханы Мадали ханға оның өгей анасына үйленгені үшін соғыс жариялады. 1842 жылы Мадали хан және өгей анасы өлтірілді. Туыстары қырғыздар ордасына қашып кетті. Бұхар әмірі Насрұлланы Қенесары ханды Қоқанға қарсы қолдаса, Кенесары хан Насрұлланы Хиуаға қарсы қолдады. 1842 + 1843 жылдары Насрұлла Кенесарыны қазақтың ұлы ханы деп мойындады. Хиуа ханы Аллақұл екі одаққа қарсы қосын жіберді[4,25].

Кенесары ханның Хиуа ханымен байланысы қоқан ханы мен оның туыстарын өлтіргеннен соң басталып кетті. 1844 жылы Кенесары хан мен Рахманқұл хан (1842 – 1845) арасында қазақ – хиуа байланысы қалпына келтірілді. Кенесары Рахманқұлға тұтқын орыстарды сыйға тартты, ал өзіне Сырдария мен Арал бойына көшіп – қону үшін жер сұрады. Бұл ұсыныспен бұхар әміріне жүгінді.

Кенесары хан Хиуа мен Бұхардан оқ – дәрі, қару жарақ сатып алып тұрды. Кенесары хан оқ – дәріге мұқтаж болды. Хиуа мен Бұхар билеушілеріне сый сыяпат жіберіп тұрды. Рахманқұлдан 2 зеңбірек және оқ - дәрілер алды. Рахманқұл хан Кенесары ханға бірнеше сыйлықтармен қатар, қару – жарақ, оқ дәрілер жіберіп, Бұхарға қарсы күресу ұсына отырып, хан ретінде мойындайтынын айтты. Бұхар әмірі де өз кезегінде сыйлықтар жіберіп, Хиуаға бірге қарсы күресуді ұсынды. 1845 жылы өз жағына Қоқанды тартады, бірақ ол нәтижесіз аяқталды. Соңында Қоқанға қарсы әскери қимыл жасады. 1846 жылы Кенесары ханның саяси жағдайы қиындай түсті, өз қоныстарынан айырылды. Мұнымен қатар Хиуа ханы және Бұхар әмірімен бейбіт келісімге келді. Бірақ хан Ресейге қарсы күресін тоқтатпады. Кенесары хан екінші рет қырғыз ханы Ормонға (1842 – 1853) және басқа да манаптарына елші жіберіп, оны хан ретінде және Қоқан мен Ресейге қарсы күресуді талап етті. Бұл уақытта қырғыздар Ресеймен одақтасып қойғанына байланысты одақтан бас тартты. Ормон хан оны екі халықтың ұлы ханы ретінде мойындауын талап етті. 1847 жылы Кенесары хан өз жасағымен қырғыздарға қарсы шабуыл жасау кезінде қаза тапты. Оның шабылған басын Ресейге жөнелтті. Қазақ – қытай байланыстары. Кенесры хан Қытайға барып бой тасалауды ойлады. Хан Қытай императоры Даогуанмен (1820 – 1850) жақындасуды ойлады. Қытаймен байланыс жасау мақсатында Өз ескі ата қоныстары Ұлытау, Жыланшы, Торғайды тастап, Қытай деріндегі Қарақұм жотасы мен Іле өзені бойына жақындай түсті. Онда Ұлы жүз рулары: албан, суан, жалайыр, шапырашты және т.б.рулар өмір сүрді. Онда Абылай хан ұрапақтары, әсіресе оның ұлдары Әли мен Сүйік сұлтандар тұрды. Кенесары хан Құдайменді Саржанұлы, би Шоқмар Бақтыбайды және өзбек Сейдқожа Оспановты сыйлықпен Құлжаға жіберді. Құлжа әкімі елшілерді қаьылдап, оларды 1 ай ұстап, сый құрмет көрсетті. Қытаймен келіссөздер жүргізіліп, өз нәтижесін берді. Қытай императоры Даогуан Абылай хан тұсында басталған байланысты қолдауға уәде беріп еліне қайтарады.[1]



Пайдаланған әдебиеттер мен дереккөзлер.


  1. Ахмет Кенесарин. Кенесры мен Сыздық.

  2. Бекмаханов Е.Б. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20–40 жылдарында. Алматы, 1994.
    Национально – освобидетельная борыба казахского народа предводительством Кенесры Касымова (Сборник документов). Алматы, 1996

  3. Ж.О.Артықбаев Қазақстан тарихы: Жоғары білім беретін және жаратылыстану мамандықтары бойывша оқу бағдарламасы. Астана – «Фолиант» - 2001.

  4. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы.- Алматы, 2009.

  5. Сүтеева Қ. А. Қазақстанның Ресейге қосылу тарихының қазан төңкерісіне дейінгі орыс тарихнамасындағы негізгі концепциялары // ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы- 2009. — № 2. — 26 б.

  6. http://e-history.kz/kz/contents/view/2409



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет