Кенжәлиев Д. И. L Аспан механикасы «Астрономия»


§9. Ай көрінерлік қозғалысы. Ай фазалары. Тұтылулар



бет14/17
Дата20.02.2024
өлшемі2.32 Mb.
#492598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
aspan-mehanikasi

§9. Ай көрінерлік қозғалысы. Ай фазалары. Тұтылулар

А й тәуліктік қозғалысы кезінде басқа шырақтар тәрізді аспан параллелі бойымен шығыста туып, батыста батады. Сонымен бірге Ай жұлдыздардың ішінде батыстан шығысқа баяу орын ауыстырады. Бұл көрінерлік қозғалыс Айдың Жерді айналып қозғалуынан болады. Айдың Жерді бір айналып өту уақыты сидерлік ай деп аталады. Оның ұзақтығы 27,32 орташа күн тәулігіне тең. Осы нақты қозғалысы кезінде Айдың сыртқы түрі өзгереді,(Бекбасаров [29] фазаларды айдың жаңасы деп атаған. Бұл халықтың төл атауы болса керек.) Осы өзгерістерді қарастырайық (15-сурет). Кей күндері Ай көрінбейді (I-қалпы). Бұл жаңа ай фазасына сәйкес келеді. Содан кейін Айдың түрі жұқа орақ болады (сол жағынан ойша таяқша қойса «Р» әрпі тәрізді


болады- «месяц рождается»- ай туды), одан кейін жарты ай болғаны – алғашқы ширек фазасы (II-қалпы); Айдың толық болуы – толық ай фазасы (III-қалпы); бұдан кейін қайта азайып жарты ай болуы – соңғы ширек фазасы деп аталады (IV-қалпы) («С»-әрпі тәрізді-«старый месяц»-ескі ай). Ай фазаларының ауысуының себебі: Күн мен Айдың Жердегі бақылаушыға қатысты алғанда орналасуының өзгеруінің салдарынан жарықталынатын бөлігінің түрінің алмасуы болып табылады. Айдың қараңғы бөлігін жарық бөлігінен айыратын сызық – терминатор деп аталады. Күн-Ай мен Ай-Жер бағыттарының арасындағы бұрыш- y - фазалық бұрыш деп аталады. Бір
фазасынан келесі фазаға өткенше шамамен 7 тәулік өтеді.
Ай фазаларының қайталану уақыты синодтық ай деп аталады. Ол 29,53 орташа күн тәулігіне тең. Синодтық және сидерлік айдың арасындағы байланыс ішкі планетаның синодтық қозғалысының теңдеуіндей. Бұл екі периодтың бір-біріне тең болмауының себебі – Жердің Күнді айнала қозғалуынан. Сол себепті, Ай Жерді толық бір айналым жасағанда бұрыңғы фазасына жету үшін тағыда 2 тәуліктей уақыт керек.
Ж
Бұл екі периодтан басқа аномалиялық ай

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет