Кенжәлиев Д. И. L Аспан механикасы «Астрономия»


Айдың перигейден қатарынан 2 рет өтуінің периоды



бет15/17
Дата20.02.2024
өлшемі2.32 Mb.
#492598
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
aspan-mehanikasi

Айдың перигейден қатарынан 2 рет өтуінің периоды (27,55 тәулік). (ПеригейАйдың Жерге ең жақын келетін орбита нүктесі.) Дракондық айАйдың орбита түйінінен 2 рет өтуінің периоды(27.21 тәулік). (Орбита түйіні–эклиптика жазықтығымен қиылысу нүктесі.) Тропикалық айАйдың эклиптикалық бойлығының 3600-қа өзгеру уақыты. Прецессияның әсерінен ол сидерлік айдан 7 сек кем. Аномалиялық айдың сидерлік айдан ұзақ болуының себебі: айдың перигейінің орбиталық қозғалысы бағытында біртіндеп жылысатындығы. Дракондық айдың сидерлік айдан кем болуының себебі: ай орбитасы түйіндерінің Ай қозғалысына қарсы бағытта қозғалатындығында.(Бір жыл ішінде Ай орбитасының түйіндері шығыстан батысқа 19,30-қа орын ауыстырып толық айналымды 18,6 жылда жасайды 3600:19,30=18,6 жыл).
Тұтылулар:
Ай өз қозғалысында дискісімен алыстағы кейбір шырақтарды көрсетпеуі мүмкін. Бұл құбылысты Айдың шырақтарды жабуы деп атайды. Айдың Күн бетін жабуы Күн тұтылуы деп аталады.
Б ақылаушының орналасуына байланысты Күн тұтылуы әртүрлі болып көрінуі мүмкін. 17-суретте көрінетіндей Жер бетінде толық көлеңкелі аймақ: диаметрі 270 км-ден аспайтын дөңгелек және соның сыртында- шала көлеңкелі аймақ.. Толық көлеңке конустың ішінде (суретте-Жер бетіндегі- «А» аймағында) – толық күн тұтылуы, яғни Айдың дискісінің Күн дискі сін толық жабуы байқалады. Шала көлеңке түсіп тұрған аймақта (ВСДЕ аймағында) – күннін шала тұтылуы – яғни күннің бір бөлігінің ғана жабылуы байқалады. Шала көлеңкелі конустың сыртындағы Жер бетінің нүктелерінде Күн дискісі толық көрінеді, тұтылу байқалмайды. Толық көлеңке конусының биіктігі 374 мың км, Айдың Жерден қашықтығы 363300 км ден 405500 км-ге дейін өзгереді. Бұдан байқайтынымыз: бұл қашықтық толық көлеңке конусының ұзындығынан асатын болса,

онда Жер бетінде барлық нүктелерінде шала Күн тұтылу байқалады. Көлеңкелі облыстың центрінде Күннін сақиналық тұтылуы байқалады. Күн сақина тәрізді көрінеді. Күн тұтылу байқалатын кезі- жаңа ай фазасы болатын уақыты.
Ай өз орбитасының бойымен қозғалуының және Жердің өз осінен айналмалы қозғалысының салдарынан Айдың көлеңкесі Жер бетімен батыстан шығысқа орын ауыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет