§3. Коперниктің әлемдік жүйесі
XIV ғасырдың басында бұл жүйенің күрделенгені соншама, теңізде жүзушілердің қажетін қанағаттандыра алмады. Бұл кезде теңіз державасы деп танылған Испанияның теңізшілері әлемдік жүйенің күрделілігін айтып, Альфонс Х короліне шағымдана берген соң, король жердің түкпір-түкпірінен астрономдарды шақырып, кеңес құрады. Астрономдардың өз ауыздарынан олардың жүйелерімен танысқаннан кейін (Бұл моделдер Птолемей жүйесінен аса алмаған сияқты),: «Жаратушы менен кеңес сұраған болса, әлемнің жеңілірек жобасын ұсынар едім» - деген екен. Осы сөз Рим папасының құлағына жеткеннен кейін, «құдайға тіл тигізді»- деген айыппен корольді тағынан тайдырды дейді. АльфонсХ планеталардың орындарының жаңа таблицаларын бастыруға көмегін тигізіпті. Альфонсин таблицалары өз заманының ең дәл таблицалары болыпты.
Дегенмен Птолемей моделінің күрделілігі (5 планетасы бар жүйеде 75 эпицикл болғанын айтсақ та, күрделілігін түсінуге жеткілікті.) өндіргіш күштердің дамуына тежеу салды. Осыдан әлемдік жүйені қайта қараудың қажеттігі туды. Бұл қажеттіктен Коперниктің әлем жүйесі пайда болған. Коперник- поляк халқының данышпан ғалымы әрі қоғамдық қайраткері. Ерен еңбегі нәтижесінде, 1543 жылы 6 кітап жазған. «Аспан сфераларының айналымдары жайында» деп аталатын бұл еңбегінде Жердің қозғалыстары жайындағы идеяны математикалық жағынан негіздеп, Әлемнің жаңа жүйесін баяндады. Бұл жүйе келесі ережелерге сүйенеді:
Ә лем центрінде Күн орналасқан.
Шар тәрізді Жер өз осінен айналады.
Барлық планеталар және Жер - Күнді айнала қозғалады, осы арқылы Күннің жұлдыздар ішінде көрінерлік қозғалысы түсіндіріледі.
Барлық қозғалыстар шеңберлік орбиталармен және бірқалыпты болады.
Коперник бұл қорытындыға кең көлемді зерттеулер нәтижесінде келген. Ол планеталар мен Жер орбиталары жазықтықтарының бір-біріне жақын екендігін, яғни эклиптика жазықтығына өте жуық екендігін айтады. Төменгі планеталар көрінерлік қозғалыс кезінде Күннен алшақ шықпайтындығы: олардың нақты қозғалысының Күн маңында болатындығын көрсетеді. Басқа планеталар Коперник моделінде Жермен салыстырғанда Күннен алысырақ орналасатындығы. Ал көрінерлік қозғалысы жөнінен планетаның ішінде шапшаң орын ауыстыратыны Марс болса, ол Жерге ең жақын қозғалатын планета болғаны. Ал Юпитер мен Сатурн баяуырақ қозғалады, демек олар Марсқа қарағанда Күннен алысырақ. Аспан шырақтарының тәуліктік қозғалысын Коперник Жердің өз осінен айнала қозғалысының салдарынан көрінетін құбылыс деп есептеген. Коперник жүйесінің ең сыртқы сферасында Птолемейдікіндей жұлдыздар бекітіліп қойылған деп, ал барлық планеталардың нақты орбиталық қозғалысы шеңбер бойымен болады деп есептелген.
Өйткені ол заманда шеңбер барлық фигуралардың ішінде ең жетілгені, ол құдайға жағымды фигура, одан басқа фигура болуы мүмкін емес деп есептелген. Коперниктің соңғы болжамы, әрине қате болғандықтан Коперник жүйесінің болжамдарының дәлдігі жоғары болмаған. Дәлдігін күшейту мақсатымен Коперник жүйесіне де эпициклдер енгізілген көрінеді. Кеплер еңбектеріне дейінгі кезеңде бұл қолданылған амалсыз шара еді. Коперниктің осы қателігін кейін Кеплер түзеткен болатын.
Неміс математигі және астрономы Эразм Рейнгольд Коперник жүйесіне сүйеніп, планеталардың жаңа таблицаларын құрған екен. «Пруссиялық таблицалар» деп аталған бұл жүйенің
2- сурет. Коперниктің Әлемдік жүйесі
қателіктері бұрыңғы таблицалармен салыстырғанда өте аз болыпты. Сондықтан, біраз уақыт астрономдар осы таблицаларды пайдаланған екен[24].
Достарыңызбен бөлісу: |