Кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының Қосылу Шартымен белгіленген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры»



жүктеу 120.72 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі120.72 Kb.
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің 2008 жылғы 12 желтоқсандағы (№43 хаттама) шешімімен бекітілген

(2013.18.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

Кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының

Қосылу Шартымен белгіленген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының бірегей талаптарына сәйкестігін анықтау ережелері
Осы құжат (тармақтардың нөмірін қоса алғанда) 2013.18.07. Қор Директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес келтірілген (№4 хаттама)
Кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының (одан әрі қарай – дерекқор) Қосылу Шартымен белгіленген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының (одан әрі қарай – Қор) бірегей талаптарына сәйкестігін анықтау ережелері (одан әрі қарай – Ережелер) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қосылу Шартына (одан әрі қарай – Қосылу Шарты), 2006 жылғы 30 қазаңдағы №32 Қор Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген Міндетті күнтізбелік, қосымша және төтенше жарналарды төлеу мөлшерін және тәртібін анықтау ережелеріне және Қазақстан Республикасының банкілерінде клиенттердің банкілік шоттарын ашу, жүргізуі және жабу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер
1. Ережелердің мақсаты Қосылу Шартымен бекітілген нысан мен талаптарға дерекқордың сәйкестігін анықтау тәртібін белгілеу болып табылады, соның ішінде оны жүргізудің толықтығы мен дұрыстылығын, сондай-ақ қатысушы банктермен Жарналарды төлеу Ережелеріне сәйкес осындай шектеу әрекет ету кезеңінде бекітілген жеке тұлғалардан тартылған депозиттері бойынша өтемақының максималды мөлшерлемелеріне сәйкестігін растау болып табылады.

2. Қосылу Шартымен қарастырылған Қордың талаптарына сәйкестікті анықтау (одан әрі қарай – сәйкестікті анықтау) Қор Төрайымымен бекітілген график негізінде жеке дара Қордың өкілетті қызметкерлерімен жүргізіледі.

3. Сәйкестікті анықтауды Қор келесідей тәртіпте жүргізуге құқылы:

1) жоспарлы, 2 жылда 1 реттен кем емес;

2) қайта, Қормен айқындалған кемшіліктерді жою бойынша қатысушы банк өзіне алған міндеттемелердің орындалуын мақұлдау мақсатында;

3) жоспардан тыс, Қор Директорлар Кеңесінің шешімі немесе қатысушы банктің жазбаша өтініші негізінде.

4. Қор тапсырмада көрсетілген сұрақтар бойынша сәйкестікті анықтауды жүргізеді. Тапсырма Ережелерге 1 Қосымшаға сәйкес құрастырылады және Қор Төрайымымен бекітіледі.

5. Қажет болған жағдайда, қосымша тапсырмамен Қор Төрайымы немесе оның міндетін уақытша атқаратын тұлға, сәйкестікті анықтау мерзімін ұзартуға құқылы, ол туралы қатысушы банкке мәлімет үшін жазбаша хабарлама жіберіледі.


2-тарау. Сәйкестікті анықтауды ұйымдастыру
6. Қордың өкілетті қызметкері қатысушы банктің жауапты қызметкерімен жазбаша түрде сәйкестікті анықтау уақыты мен орнын келістіреді.

6.1. Қордың өкілетті қызметкерінің қатысуымен Қатысушы банкінің жауапты қызметкері Қордың өкілетті қызметкерінің таңдауы бойынша кез кез келген жабық операциондық күнге кепілдік берілген өтем жөніндегі мәліметтерді қалыптастыру бойынша бағдарламасын іске қосады.

7. Қатысушы банк Қордың өкілетті қызметкерлеріне сәйкестікті анықтауды жүргізуде оларға тиісті жағдайлармен, соның ішінде сәйкестікті анықтау үшін қажетті қатысушы банк дерекқорына еркін рұқсат беру, жүргізілген сәйкестікті анықтау нәтижелеріне жалпылау үшін көшірме жасау мүмкіндігімен қағаз және/немесе электронды күйінде мәліметтермен қамтамасыз етуге міндетті.

Сәйкестікті анықтау кезінде қатысушы банктің жауапты қызметкері, Қордың өкілетті қызметкерінің сұрауы бойынша, қойылған сұраулар бойынша жазбаша, сондай-ақ ауызша түсініктемелерді (талқылаулар) ұсыну арқылы кез келген жәрдем көрсетуге міндетті.



7.1. Қордың өкілетті қызметкері сәйкестікті анықтау бойынша шараларды асыруда Қорға тиесілі арнайы бағдарламалық өнімді қолдануға құқылы. Сондай-ақ, қатысушы банк Қордың бағдарламалық өнімін қолдану үшін рұқсатты төмендегі нұсқалар бойынша ұсынуға міндетті:

1. қатысушы банк сәйкестікті анықтау бойынша шараларды өткізу туралы хабарламаны алған күннен бастап, 3 жұмыс күні ішінде Ережелерге 2 Қосымшада көрсетілген техникалық талаптарға сәйкес, Қордың бағдарламалық өнімін орнату үшін жеке компьютерлік қондырғыны (серверді) ұсынады. Қордың өз бағдарламалық өнімін қолданумен сәйкестікті анықтау бойынша шараларды аяқтағаннан кейін қатысушы банк аталмыш бағдарламалық өнімді жеке өзі кейін қолдануға құқылы.

2. қатысушы банк Қорға тиесілі жеке компьютерлік қондырғыда (ноутбук) бағдарламалық өнімді қолданумен сәйкестікті анықтауды жүргізуге мүмкіндікті ұсынады.

8. Қатысушы банкпен дерекқорды жүргізу Қосылу Шартына сәйкес жүзеге асырылуы және келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

8.1. депозиттерді орталықтандырылған автоматтандырылған есепке алу, яғни клиенттер – жеке тұлғалардың (одан әрі қарай – клиенттер) банктік және өзге де шоттарында ақша қозғалыстары, есептелінген, төленген өтемақы, кешіктірілген төлемдер туралы барлық мәліметтер, сондай-ақ, қатысушы банк филиалдарында клиенттердің жеке деректері қатысушы банктің бас кеңсесіндегі орталықтандырылған дерекқорында күн сайын көрсетілуі тиіс.

Дерекқорды жүргізуде теңгеге шетел валюталары нарықтық курсының өзгеруіне байланысты шетел валютасындағы шоттар бойынша қалдықтардың өзгеруі өз көрінісін табуы тиіс.

Қатысушы банктің әртүрлі филиалдарында клиентпен шоттар ашқан жағдайда оған тиесілі кепілдік берілген өтем сомасын дұрыс есептеу үшін осы клиенттің тұрғылықты мекен-жайы бойынша орналасқан филиалында кепілдендіруге жататын жеке тұлғалардың қатысушы банкте орналыстырылған салымдары (депозиттері) мәліметтерінде көрсетілген ақпаратты айқындаумен, осы клиент бойынша барлық деректердің бірлесуі орын алуы тиіс;

8.2. 2007 жылғы 6 сәуірдегі (№34 хаттама) Қор Директорлар кеңесі шешімімен бекітілген кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерді толтыру бойынша нұсқауларға сәйкестігі;

8.3. кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтердегі деректердің нақтылығы, яғни қатысушы банктің бас бухгалтерлік кітабы шоттарының сомасымен 13, 15, 18, 20 бағандары бойынша кепілдк берілген өтем бойынша мәліметтерде қатысушы банк қорытындыларына қисындық бақылау жүргізілуі қажет.

8.4. кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтердің 12, 13 бағандарында негізгі салым сомасымен капиталдандырылған өтемақыны көрсету;

8.5. қатысушы банк міндеттемелері мен депозиторға қатысушы банктің қарсы талаптар сомасын өзара есепке алуды төменде келтірілген қағидаларға сәйкес:

1) егер депозитор біруақытта банкте депозиті (тері) жоқ үшінші тұлғаның несиесі бойынша қос қарыз алушы болып табылса, депозит сомасы мен депозиторға – қос қарыз алушыға қатысушы банктің қарсы талаптары сомасына өзара есеп жүргізіледі;

2) егер депозитор біруақытта банкте депозиті (тері) бар үшінші тұлғаның несиесі бойынша қос қарыз алушы болып табылса, алдыңғы кезекте қарыз алушы депозит сомасы мен депозиторға –қарыз алушыға қатысушы банктің қарсы талаптар сомасына, ал кейін қос қарыз алушы депозиті мен қарыз алушы несиесі бойынша қатысушы банк талаптарының қалдығына өзара есеп жүргізіледі;

3) егер де негізгі қарыз алушы – депозиторда депозиттері бар бірнеше қос қарыз алушылары бар болған жағдайда, қарыз алушының депозит сомасы мен депозиторға – қарыз алушыға қатысушы банктің қарсы талаптары сомасын өзара есепке алуды жүзеге асырғаннан кейін талаптардың қалдығы қос қарыз алушылар арасында тең мөлшерде бөлінеді;

4) егер депозитор үшінші тұлғаның міндеттемелері бойынша кепілдік беруші болып табылса, онда кепілдіктер бойынша қатысушы банк талаптарының сомасының өзара есебі борышкердің міндеттемелерін орындамау салдарынан кейін ғана жүзеге асырылады. Депозитор алдында міндеттемелермен кепілдіктер бойынша қатысушы банктің қарсы талаптарын өзара есепке алу қос қарыз алушымен орын алған жағдайға сәйкес асырылады;

8.6. иесі бөпе болған салымдарды есепке алуда несиелер бойынша міндеттемелер есепке алынбайды.

9. Қатысушы банктің Автоматтандырылған банктік ақпараттық жүйесінен (одан әрі қарай – АБАЖ) кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерді қалыптастыру мүмкіндігіне ие қатысушы банк бағдарламалық қамтамасыз ету немесе қатысушы банк АБАЖ сәйкес функционалы XML (eXtensible Markup Language) форматындағы кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерді экспорттау мүмкіндігін қарастыруы тиіс.

XML форматында ұсынылған кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтер Қосылу Шартына 3 Қосымшада келтірілген XML – кестеге сәйкес қалыптастырылы тиіс.

10. Қордың өкілетті қызметкерлері сәйкестікті анықтау үшін келесі әрекеттерді жүзеге асырады:

10.1. қатысушы банкте жеке-дара бағдарламалық қамтамасыз ету немесе Қордың Директорлар Кеңесі бекіткен нысанға сәйкес кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерді қалыптастыруға рұқсат беретін АБАЖ-де модульдің бар болуын анықтайды;

10.2. Қордың өкілетті қызметкерінің таңдауы бойынша кез кез келген жабық операциондық күніне кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерді қалыптастыру бойынша бағдарламаны қосуда қатысады;

10.3. қатысушы банкімен Қорға ұсыналатын кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерде көрсетілген жеке тұлғалар-депозиторлардың (бұдан әрі қарай – депозиторлар) жалпы санын Қосылу Шартының 1-Қосымшасына сәйкес жеке тұлғалардың депозиттері туралы дерекқорын тексеру арқылы кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерді қалыптастырудың толықтығы мен дұрыстылығы сәйкестігін анықтайды.

Егер депозитор алдында міндеттемелер сомасы және депозиторға қатысушы банк талаптары сомасын өзара есепке алу нәтижелері бойынша төленуге жататын кепілдік берілген өтем сомасы нөлге тең болса, осы депозитор бойынша деректер кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерге енгізілуі тиіс.

10.4. әрбір депозитор бойынша кепілдік берілген өтемнің есептелу дұрыстығын және Қордың бағдарламалық қамтамасыз етуі арқылы автоматты түрде қатысушы банктің бас бухгалтерлік кітабы мәліметтерінің кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтердің сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

Сондай-ақ, Қордың құзыретті кызметкерлері клиенттің тиісті досьесімен кепілдік берілген өтем бойынша мәліметтерден клиенттер бойынша ақпараттардың сәйкестілігіне таңдаулы тексеру жүргізеді. Таңдау аймағы тапсырмада көрсетіледі және банк депозиторлары жалпы санының 2 %-дан кем емес құрайды, алайда клиенттің барлық салымдары (депозиттері) бойынша әрқайсысы банктік құжаттарды құрайтын клиенттердің 15 000 досьесінен көп емес.

Сәйкестікті қайта орнатуда таңдау аймағы алғашқы сәйкестікті орнатуды жүргізу бойынша тапсырмада көрсетілген клиенттер досьесі санынан 25 %-ды құрауы тиіс.

11. Сәйкестікті анықтауды жүргізуге қатысушы банкпен кедергі жасауы, соның ішінде Қордың өкілетті қызметкерлеріне кіру үшін бөгет жасауы, сәйкестікті анықтауды жүргізу үшін қажет ақпаратты ұсынбауы немесе қатысушы банктің АБАЖ – ға рұқсатты ұсынбауы Қосылу Шартымен қарастырылған санкцияларды қатысушы банкке қолдану үшін негіз болып табылады.
3-тарау. Сәйкестікті анықтау нәтижелерін ресімдеу
12. Сәйкестікті анықтау нәтижелері бойынша Қордың өкілетті қызметкерлерімен және қатысушы банктің өкілетті өкілімен қол қойылатын анықтама құрастырылады.

Анықтама келесідей ақпаратты қамтуы тиіс:

1) құрастыру күні мен орны;

2) Қордың өкілетті қызметкері – сәйкестікті анықтау басшысының аты-жөні, әкесінің аты;

3) сәйкестікті анықтауға жататын қатысушы банктің реквизиттері (атауы, оның ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан мекен-жайы, банктік реквизиттері, қатысушы банк куәлігінің нөмірі мен күні);

4) Қор тапсырмасының нөмірі мен күні;

5) тапсырма мақсаты мен түрі;

6) қатысушы банк дерекқорының анықталған кемшіліктерін сипаттаумен сәйкестікті анықтау нәтижелері (бар болса).

13. Анықтамада баяндалған ақпаратпен келіспеген жағдайда, қатысушы банк үш жұмыс күні ішінде жазбаша қарсылықтарын тізіп, оларды Қордың өкілетті қызметкеріне – сәйкестікті анықтау басшысына ұсынады.

14. Сәйкестікті анықтауды аяқтағаннан кейін екі апталық мерзімде Қордың жауапты қызметкері сәйкестікті анықтау нәтижелері бойынша қорытынды есепті құрайды және қорытынды есепті сәйкестікті анықтау басшысымен келісілгеннен кейін оны қол қою үшін қатысушы банкіге жібереді.

Даулы жайттарды шешу қажет болған жағдайда, қорытынды есепті құрастыру мерзімі екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.

15. Қатысушы банк (Басқарма Төрағасы немесе оның міндетін уақытша атқарушы тұлға және бас бухгалтер немесе оның міндетін уақытша атқарушы тұлға) қорытынды есепке бес жұмыс күні ішінде қол қоюға міндетті, ал онымен келіспеген жағдайда – өзінің жазбаша қарсылықтарын қосуға.

16. Қорытынды есеп екі данада құралады, бірі Қорда сақталып, ал екінші данасы қатысушы банкке жіберіледі.

17. Қосылу Шартына сәйкес қатысушы банкпен қабылданған міндеттемелерді бұзу айғақтарын айқындағанда Қор анықтаған бұзушылықтарды жою үшін қатысушы банкке ұсынылатын мерзімнің көрсетілуімен хаттама құрайды. Хаттамада Қормен сәйкестікті қайта анықтауды жүргізу мерзімі де көрсетіледі (қажет болса).

Сондай-ақ, Қормен қатысушы банкке бұзушылықтарды жою үшін ұсынылатын мерзім соңғымен алдын-ала келісіледі, алайда хаттамаға қол қойған күннен бастап, 2 (екі) айдан аспауы тиіс.

18. Қатысушы банк хаттамада бекітілген мерзімде айқындалған бұзушылықтарды жояды, ол туралы жазбаша түрде Қорға хабарлайды.

19. Қордың қызметкерлерімен қатысушы банк дерекқорын жүргізуде бұзушылықтар қайтадан анықталған жағдайда, қатысушы банкке қатысты Қосылу Шартымен қарастырылған санкциялар қолданылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
20. Қордың өкілетті қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын құпияны жария еткені үшін жауапкершілік көтереді.

21. Осы Ережелермен реттелмеген сұрақтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған тәртіпте шешіледі.



Төрайымы Б.М. Мәженова

Кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының Қосылу Шартымен белгіленген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының бірегей талаптарына сәйкестігін анықтау ережелеріне 1- Қосымша



«БЕКІТЕМІН»
«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының Төрайымы
«____» ____________ 20___ жыл
____________________________

(аты-жөні, әкесінің аты)


Кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының

Қосылу Шартымен белгіленген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының бірегей талаптарына сәйкестігін анықтауды жүргізу



тапсырмасы

Мақсаты - _____________________________________________________
Тексеру (таңдау) аймағы - ________________________________________
Мерзімі: 20___ жылдың «___» ________ күнінен 20___ жылдың «____» ________ күніне дейін

Сәйкестікті анықтау үшін «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы келесі мамандар жіберіледі:

1)

2)

3)


Сәйкестікті анықтау бойынша жалпы басшылық міндеттері __________________________________(аты-жөні, әкесінің аты) жүктелінеді.

Кепілдік берілген депозиттерді есепке алудың автоматтандырылған дерекқорының Қосылу Шартымен белгіленген «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының бірегей талаптарына сәйкестігін анықтау ережелеріне 2- Қосымша




Қор ақпараттық жүйесін орнату үшін қажетті жабдықтың ең төменгі техикалық сипаттамалары:


Орталық процессор

Quad Core 2.40GHz,6M Cache, 64 architecture

Оперативтік жады

16 GB DDR3 1333MHz

Қатты диск

150 GB кем емес

Оптикалық түтік (привод)

8X DVD+/-RW Drive

I/O порттары

USB портының болуы

Бұл жабдыққа төменде көрсетілген бағдарламалық өнімдерді орнату қажет:



  • Microsoft Windows 7 Professional , орыс редакциясы

  • Microsoft SQL Server Standard Edition 2008 R2, орыс редакциясы

  • Microsoft SharePoint Foundation 2010, орыс редакциясы

  • Microsoft Office Professional Plus 2010, немесе Microsoft Excel 2010 және Microsoft Access 2010, орыс редакциясы

  • Report Builder 3.0, орыс редакциясы

  • Microsoft Net Framework 4.0, орыс редакциясы

  • IIS 7.5 express

  • Internet Explorer 9, орыс редакциясы

*Орнатылған бағдарламалық өнімдер жаңа нұсқаларға көшу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.







©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет