Керей мен Жәнібек хандар М. Х. Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі: 1465-1466 жж



бет1/4
Дата03.12.2023
өлшемі20.95 Kb.
#485250
  1   2   3   4
18 Хандар 1 бөлім сұрақ жауап


Керей мен Жәнібек хандар

  1. М.Х.Дулатидің жазуы бойынша Қазақ хандығының құрылған мерзімі:1465-1466 жж.

  2. Керей мен Жәнібек хандардың Өзбек хандығынан бөлініп көшу себептері тұңғыш рет айтылатын тарихи еңбек: «Тарих-и Рашиди»

  3. Жаулап алу нәтижесінде емес, жергілікті экономикалық, этникалық негізде құрылған мемлекет: Қазақ хандығы

  4. Қазақ хандығының құрылған уақыты: XV ғ. екінші жартысы

  5. Мәтінде көрсетілген қазақ хандарын анықтаңыз: Махмұд ибн Уәли «Бахр әл-асрар» еңбегінде жазғандай: «… сол аумақта (яғни Моғолстанда) ұзақ тоқтаған кезде Әбілқайыр ханды ұнатпаған қол астындағы белгілі және қарапайым адамдардың қай-қайсысы болмасын олардан пана тапты». Керей мен Жәнібек

  6. Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпағы: Керей

  7. XV ғ. II жартысында Шу мен Талас алқабында құрылған мемлекеттің тұңғыш ханы: Керей

  8. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Қазақ хандығын құрды: 1465 жылы

  9. Керей сұлтан хан болып сайланды: 1465 жылы

  10. Керей мен Жәнібек хандардың қазақ тарихындағы орны: Қазақ хандығының негізін салушы

  11. Қазақ ханы Жәнібек: Ақ Орда ханы Барақтың баласы

  12. Қазақ хандығының негізін қалаған хан, Болат сұлтанның баласы: Керей

  13. Керей хан хандықтың басқару ісін келісе отырып жүргізді: Жәнібекпен

  14. Жәнібек ханның қыстауы орналасқан өңір: Хантаудың солтүстік-шығыс жағы

  15. Қазақ хандығының негізін салушылар Керей мен Жәнібекті барынша қолдаған хан: Моғолстан ханы

  16. Қазақ халқының халық болып қалыптасуына зор әсерін тигізген елдер: Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан хандығы

  17. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердегі саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы

  18. Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттарының бірі: Әбілқайыр хандығындағы тоқтаусыз соғыстар

  19. Қазақ хандығымен алғаш достық қарым-қатынас орнаткан ел: Моғолстан

  20. Жәнібек пен Керей Өзбек хандығынан көшті: Моғолстанның батыс аймағына

  21. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері: Жетісудың батысы

  22. Қазақ хандығының алғашқы территориясы: Шу мен Талас өзендері маңы

  23. Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Қазақ хандығын құрды: Қозыбасыда

  24. Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндетін алға тартқан хандар: Керей мен Жәнібек

  25. Керей мен Жәнібек сұлтандар осы мемлекеттен жекеленді: Көшпелі өзбек мемлекетінен.

  26. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен бұға

  27. Есенбұға құрметпен қарсы алып, Моғолстанның батыс бөлігін берген мәртебелі ханзадалар: Керей мен Жәнібек

  28. Моғолстан ханы Есен-бұға мен Керей,Жәнібек сұлтандар: Шыңғысханның ұрпақтары

  29. Керей мен Жәнібек сұлтандарды ойраттардың шабуылынан тойтарыс беруге пайдаланбақ болған Моғолстан ханы: Есен бұға

  30. Моғолстан ханы Есен бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алу себебі: Ойраттардың шабуылына тойтарыс беруге пайдаланбақ болды

  31. Әбілқайыр хандығынан бөлініп Моғолстан жеріне келген Керей мен Жәнібек сұлтандарға Есен-Бұғаның берген жері: Қозыбасы

  32. XV ғасырда Есен-бұға Жүністен құтылу үшін одақтасты: Керей, Жәнібекпен

  33. Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері Шумен Қозыбасы болған: Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша

  34. Мұхаммед Хайдар Дулатидің жазуынша Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері: Қозыбасы мен Шу аймағы

  35. Моғолстан ханы Есен бұғаның Керей мен Жәнібек сұлтандарды қолдау себебі: Әбілкайыр, Темір ұрпақтарына қарсы одақтас табу

  36. Жаңадан шаңырақ көтерген қазақ хандығының алдындағы тарихи міндеттер: Дешті Қыпшақ даласының бұрынғы тәртібін қалпына келтіру, Оңтүстік өңірдегі қалаларды қазақ хандығына қарату, Қазақ тайпаларын біріктіріп, қазақтың этникалық аумағын біріктіру, Көшпелі шаруалардың жайылымдарды пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру, Қазақтың этникалық аймағын кеңейту

  37. Жаңадан құрылған қазақ хандығының алдындағы тарихи міндеттердің ішінен қатені тап: Халықты жаппай отырықшыландыру

  38. Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы: озбек-қазақтар

  39. XVғасырдың соңына қарай Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасаған қазақ қолына басшылық жасағандар: Керей, Жәнібек

  40. 1470 жылы Сыр бойындағы қалаларға шабуыл жасаған қазақ қолына басшылық жасады: Керей, Жәнібек

  41. 1470 жылы Шайбани хан қазақтардан жеңіліс тапты: Сауран түбінде

  42. 1470 жылы қазақ хандары Шайбани ханның әскерін талқандап қайтарып алды: Сығанақты

  43. XV ғ.70 жылдары Шайбани хан Ноғай Ордасының мырзаларымен одақтасып басып алған қалалар: Аркөк, Сығанақ

  44. XV ғ.80 жылдары Шайбани хан Қазақ хандығына қарсы шабуылда одақтасты: Моғолстанмен

  45. XV ғ.80 жылдары Шайбани хан басып алған қалалар: Сауран, Сығанақ, Созақ

  46. XV ғасырдың аяғындағы Қазақ хандығының негізгі қарсыласы: Шайбани хан

  47. XV ғасырда Қазақ хандарымен ұзақ жыл шайқасқан Мұхаммед Шайбани өзіне қараған тайпалармен қоныс аударды: Мауараннахрға

  48. Мұхаммед Шайбанимен күресте жеңіліс тапқан: Темір әулеті

  49. XV ғасырдың соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары үшін

  50. Қазақ хандығы үшін саяси-экономикалық және әскери-стратегиялық жағынан маңызы зор болған қалалар: Сыр бойындағы

  51. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығының Сыр бойына билік жүргізуіне бөгет жасаған хан: Мұхаммед Шайбани

  52. XV ғасырдың 70 жылдары Сыр бойы қалалар үшін қазақ хандарымен Әбілқайырдың немересі Мұхаммед Шайбанидың арасындағы соғыс созылды: 30 жылдан астам уақытқа

  53. XV ғасырдың 70 жылдары қазақ хандары Сыр бойы қалалары үшін 30 жылдан астам уақыт соғысты: Мұхаммед Шайбанимен

  54. Шайбани хан ұрпақтарының арасындағы хандық билікке өзара таластың басталуына әсер етті: Шайбанидың қаза болуы

  55. Қазақ хандығының жер көлемі ұлғайды: XV ғ. 70 жылдары

  56. XV ғ-ң соңына қарай Қазак хандығына енген қалалар: Созақ, Сығанақ

  57. Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытқан қалалар: Сауран, Сығанақ, Созақ

  58. Бұрындық хан билеген жылдар: 1474-1511 жж.

  59. 1474 жылдан бастап билік құрған қазақ ханы: Бұрындық (Мұрындық)

  60. 1511 жылға дейін Қазақ хандығын билеген Керейдің ұлы: Бұрындық

  61. Сыр бойындағы қалаларды Қазақ хандығына қаратуға ерекше күш салған билеуші: Бұрындық

  62. Бұрындық ханның кезінде әскер басшысы болған сұлтан: Қасым

  63. Бұрындық (Мұрындық)ханның басқа қазақ хандарынан айырмашылығы: билікті өмірінің соңына дейін ұстай алмады

  64. Бұрындық хандық биліктен кетіп, өмірінің соңына дейін тұрған қала: Самарқан

  65. XV ғасырда Қазақ хандығымен Сыр бойындағы қалалар үшін соғысқа тартылғандар: Шайбани хан, Моғолстан билеушілері, Темір ұрпақтары

  66. Қазақ хандары Шайбани ханға қарсы одақ құрды: ӘмірТемір ұрпақтарымен

  67. XV ғасырдың II жартысында Қазақ хандығы, Шайбани хан, Темір ұрпақтары, Моғолстан билеушілерінің арасындағы талас-тартыстың негізі: Сыр бойындағы қалалар

  68. XV ғ.аяғында XVI ғ. басындағы қазақ даласындағы саяси өмір сипаты: Сырдария бойындағы қалалар үшін күрес

  69. Қазақ хандарын билік құрған жылдарымен сәйкестендіріңіз: 1.Бұрындық; 2.Қасым; 3.Есім А)1511-1518 жж; В)1474-1511 жж; С)1598-1628жж Жауабы:1-В,2-А,3-С




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет