Мамандық дегеніміз не? Мамандық дегеніміз не? - Адамды материалдық жағынан қамтамасыз ететін іс- әрекет түрі. - Адамның сол мамандыққа қабілетінің сай келуі, белгілі бір іскерліктердің болуы. Мамандық дегеніміз – адамның белгілі бір қызмет атқаруына мүмкіндік беретін материалдық не рухани өндірісте алған білімі мен өмірлік дағдысының жиынтығы.
Мамандық таңдау
факторлары
Отбасы
Мұғалім
Қабілеті
Беделі
Оқудың немесе
жұмыстың жақын
жерде орналасуы
Сыртқы бейнесінің
сырттай ұнауы
Досымен бірге
Оқиғаның
әсер етуі
Тәжірибенің
болуы
Экономикалық
фактор
Маманыдықтың беделі
Жалақы
Қызығушылық
Еңбек жағдайы
Біліктілікті арттыру мақсатындағы оқу
Ата-аналардың ынта-ықыласы мен өзге адамдардың ақыл-кеңесі
Жұмыспен қамтамасыз етілу мүмкіндігі
Мамандық таңдау параметрлері
www.themegallery.com
Адам-
техника
Адам-
адам
Адам-
табиғат
Адам-
Белгілі
жүйесі
Ағаш шебері,
Инженер- механик, сәулетші, компьютер құраушы
Дәрігер, мұғалім, психолог, шаштаразш, менеджер, экскурсия жетекшісі
Тұқым өсіруші
Агроном,
Зоотехник
Мал өсіруші
Аудармашы,
Сызушы
Инженер
Топограф
бағдарламашы
“Адам-көркем образ”-әртіс, суретші, музыкант, дизайнер, тас қалаушы, әдеби қызметкер
бейнеролик
Жұмбақ жан
Мен мектеп өмірінде бастауыш сыныптардың өзінде- ақ өнер адамдарына еліктеп, солардай болсам ғой деген арманмен өмір сүрдім. Өсе келе өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ. Сол себепті домбыра, ән-би өнерлеріне қатысып, көптеген елеулі жетістікке жеттім. Өнер десе ішкен асымды жерге қойып , өнер адамдарын пір тұттым. « Өнерліге өріс кең»,- дегендей ең бірінші ұстанған бағытым өнер әлеміне қанат қағу, өрлеп ұшу , алтын ұя мектебімді бітіріп, қазақ киносына үлес қоссам , сол арқылы қазақ халқының бай- салт- дәстүрін, мінез- құлқын өнерін, білімін бүкіл әлемге паш етсем деген арманым желге ұшты. Он бірінші сыныптың соңғы айларында ата- анам менің аялаған арманыма су септі. Сені біз заң мамандығына оқуға түсіруге келісіп келдік , сен болашақ заңгер болып биіктерге отырасың , айлық жалақың да көп болады, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады , деп- менің пікіріммен санаспай оқуға түсірді. Ата- ана сөзін аттап кете алмай , оқуға еш қиындықсыз түстім.
Бүгінгі таңда заң факультетінің бірінші курс студентімін. Студенттік күндердің алғашқы сәтінен бастап көптеген қиындыққа кезігіп, ұстаздар тарапынан қатаң ескерту алып жүрмін. Бұл мамандыққа деген қызығушылық мүлде жоқ, ата- анамның әлі үйреніп, кетесің деген алдамшы сөзі құлағымнан кетер емес. Мен бұл заңгер мамандығын бітіріп шыққанның өзінде менен жақсы, білгір маман иесі шықпас. Менің қолымнан қаншама жазықсыз жандардың тағдыры қиылмасына кім кепіл. Олай дейтінім, сессия, емтиханның барлығын әкем шешіп қойғандай.
Осы уақыт ішінде өнерге деген қызығушылығым артпаса кеміген жоқ, қалада өнер адамдарымен кездесу жиі өтіп тұрады екен, бұны көре тұра жаңадан өмір бастап , өнерге бет бұрғым келеді . Әлі де кеш емес – ау деп ойлаймын. Мен өзім қалаған мамандықтың соңына түсе алмай тұңғиыққа батып бара жатқандаймын. Мені қойшы , мені ойлантатын басты мәселе Қазақстанның түкпір- түкпірінде менің тағдырым сияқты өзге балалардың өмірі ойлантады. Менің жіберген қателігімді ешкім, еш жерде қайталамаса екен, олай болған жағдайда еліміздің болашағына балта шабылар. Менің осы хатымды оқып ақыл- кеңес беріңіздер !
Сұрақ
1. Әлі де өткен іске өкінбей өзім қалаған мамандық иесі бола аламын ба?
2. Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?
Достарыңызбен бөлісу: |