13
Янис Кaрклиньш (Jānis Kārkliņš)
ЮНЕСКО-ның коммуникaция және aқпaрaт жөніндегі Бaс директордың орынбaсaры
ЮНЕСКО медиасауаттылық керуені
ЮНЕСКО-ның «Медиа және ақпараттық сауаттылық» бағдарламасы Қазақстанда академиялық білім беру үдерісіне енгізіле бастады. ЮНЕСКО Алматы Кластерлік бюро- сы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Медиа және ақпараттық сауаттылықты дамыту бой- ынша бірқатар іс-шаралар өткізді. Соның қатарында ЮНЕСКО медиа және ақпараттық сауаттылықтың жаһандық апталығы аясында Қырғызстанда өткен «Тұрғындардың медиа және ақпараттық сауаттылығы: мақсат немесе қоғамның тұрақты дамуы құралы» ІІІ Журналистика және коммуникация Халықаралық Жазғы мектебінде ұсынылған кепілдемелер (9-12 шілде 2015 ж.) нәтижесінде 6М050400 – Журналистика мамандығының магистратурадағы оқу жоспарына «БАҚ-тағы ақпараттық сауаттылық» модулі бойынша «Медиа сауаттылықты зерттеу әдістері», «Ақпараттық сауаттылықты жоспарлау және болжау» атты екі курс оқу үдерісіне енгізілді.
Оқу модулінің мақсаты – қоғамды ақпараттандырудың қазіргі міндеттерімен таныстыру, медиа сауаттылықты зерттеу технологиялары, қоғамдағы ақпараттық сауаттылықтың деңгейін объективті бағалау негізінде ақпараттық тасқынды басқару болып саналды. Магистрлік курсты оқу нәтижесінде білім алушы меңгеруі құзыреттіліктер қатарында 2005 жылғы ЮНЕСКО-ның Александрия декларациясында жарияланған «Ақпараттық қоғамның маятнигі» білім беру мен ақпараттық сауаттылықтың негізгі үдерістерін көрсете білу; ақпараттық сауаттылықтың ғылыми әдістерін игеру; ақпараттық сауаттылық контексіндегі ақпараттық қауіпсіздіктің маңызды рөлін ашу; медиа- ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдарын толыққанды әлемдік өзгеріс түсінігі ретінде
14 айқындау; ақпараттық қауіпсіздікті қалыптастыру үдерістеріндегі (БҰҰ, ЮНЕСКО және
т.б.) халықаралық ұйымдардың рөлін объективті бағалау. Оқу модулі нәтижесінде магистранттарға ұсынылатын курс материалдары Баспасөз және электронды БАҚ ка- федрасында талқылаудан өтті.
ЮНЕСКО оқу модельдерін академиялық ортада енгізу мен ықпал ету аясы жыл- дан жылға артуда. Соның келесі бағыты – Алматыдағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросы қолдауымен 2016 жылы 3-5 мамырда БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттары шеңберінде БҰҰ-ның Бүкіләлемдік баспасөз бостандығы күніне арналған «Шымкент – тұрақты даму қаласы: медиа-ақпаратты сауатты халық» атты Халықаралық мобильді медиа мектебі. Медиа керуен жұмыстары Шымкент – Шәуілдір – Арыстанбаб – Түркістан – Кентау – Шаян – Ақмешіт – Домалақ-Ана – Шымкент бағыттарын қамтыды. Мобильдік мектеп жас және тәжірибелі журналистерді оқытудың медиа диалог алаңы болып келеді.
Ұлы Жібек жолындағы медиакеруенге қатысушылар Орталық Азияның тарихы- мен, мәдениетімен жақын танысты. Медиакеруен жұмысы бойынша кепілдемелер Журналистика мамандығы бойынша білім беретін жоғары оқу орындарында, БАҚ өкілдеріне арнап өткізілетін шараларда, медиялық жоспар құру барысында басы- лым және онлайн редакцияларында, журналистер өздерінің сараптамалық матери- алдарында, «Журналистика» бағдарламасы бойынша лекциялық материалдар мен практикалық істер мақсатында Қазақстан, Қырғызстан университеттері оқытушылары мен қызметкерлеріне пайдалануға болады.
2018 ж. 24 қазанда Астана қ. Назарбаев университетінде медиа және ақпараттық сауаттылық пилоттық жобалар таныстырылып, Қырғызстан, Тәжікстан және Қазақстан тәжірибелері сарапталды. Осы шараның қатысушылары озық тәжірибелерді алмасу мен медиа және ақпараттық сауаттылық бойынша кепілдемелерді дамыту мақсатында
жұмыс тобын құрды. Орталық Азиядағы медиа және ақпараттық сауаттылық жай- күйін талқылай келе, халықаралық декларациялар, бастамаларды негізге алып ұсынған кепілдемелер қатарында қатысушы елдердің министрліктеріне Медиа және ақпараттық сауаттылық енгізудің ұзақмерзімді стратегиясын жасауды, оқу бағдарламарын орта және жоғары оқу орындарына, сондай-ақ ақпарат пен коммуникация бойынша мемлекеттік органдарға ақпараттық контенттердің стратегиялары мен саясатын дай- ындау және енгізуді ұсынды.
Қатысушы елдердің бұқаралық ақпарат құралдары халықаралық ұйымдарына Орталық Азия елдерінде медиа және ақпараттық сауаттылықтың ұлттық бағдарламаларын қолдауды, білім беру қорларын қатысушы елдердің мемлекеттік тіліне аударуды ұсынды. Бұл жұмысқа Орталық Азия елдері кітапхана ассоциацияларының қатысуы да құжатта аталды.
Ақпaрaттық және медиa сaуaттылық: негіздері мен тәжірибесі оқытушыларға көмекші құрал басылымын қазақ тіліне аударуда редакция сарапшыларға алғыс айтады. Ме- диа және ақпараттық сауаттылық керуені цифрлық қоғамның үндеулері аясында жаңа білім мен дағдыны, оқу қорларын, ақпараттық контенттерді дамытатын әлеуетті күшке айналады деген сенімдеміз.
Қазақ бaсылымы редакциясы
15
Достарыңызбен бөлісу: |