3-модуль «Біздің мақсатымыз – фильмдер мен телевизияда көрсету үшін әртүрлі көзқарастарды білу. Экранда берілген көзқарастардың санын арттыру – біреудің көзқарасын тартып алуды білдірмейді. Бұл экран бетінде көп бағдарлама ойлап тауып, олардың сапасын арттыруға рұқсат етеді». (Джоан Пеннефазер (Joan Pennefather) – Канаданың ұлттық фильмдер Комитетінің төрағасы (алғашқы әйел). «Maclean’s» журналы, 29 наурыз 1993 г.)
Голливудтың блокбастерлердің баламасы болатын провинция тұрғындары не- месе жергілікті қауымдастықтың ұйымдастырған түрлі медианың веб-парақша- ларына кіріңіз. Бұл медиакомпаниялар мен ұйымдар ұсынатын оқиғалар жина- ғын қарастырыңыз. Олардың оқиғаларын Голливудтың фильмдерде айтылған- дарымен салыстырыңыз. Бұл «тәуелсіз» ұйымдардың құндылығын бағалаңыз.
Кино және телевизия индустрияларын қарастыратын компаниялардың көрер- мендер алдындағы жауапкершілігін талқылаңыз. Неліктен барлық көрермен- дер өзін және өзінің тағдырын экраннан көрулері тиіс? Оқиғалар мен репрезен- тациялардың түрлі аудиторияларға әсерін талқылаңыз. Мамандандырылған каналдар, интернет-сайттар, блогтар және жаңа технологиялардың әңгімелеу өнеріне әсерін және аудиторияға баламалы репрезентацияларды ұсынуды талдаңыз.
БАҒАЛАУКРИТЕРИЙЛЕРІ
Жаңа телебағдарламалар мен көркем фильмдерді талдау;
Техникалық жаңалықтардың контент пен репрезентацияға әсеріне баға беру; 99 Мемлекеттік және жекеменшік кинокомпаниялардың қызметін талдау және баға беру.
БЛОК. РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ МЕН МУЗЫКAЛЫҚ КЛИПТЕР
▲
ҰЗAҚТЫҒЫ: 2 сaғaт.
НЕГІЗГІСҰРAҚТAР
Музыкaлық бейнеклиптерді тaлдaу. Репрезентация.
Музыкa және әлеуметтік өзгерістер. Сюжеттерді пайдалану.
3-модуль ОҚЫТУ МAҚСAТТAРЫ
Бұл модульді меңгергеннен кейін оқытушылар:
раскадровка жасап, музыкалық бейненің сценарийін жазу;
жыныс, ұлт сұрақтарының репрезентациясына баса назар аударып, музыкалық бейнені талдау;
«альтернативті» музыкадағы репрезентацияны талдау;
альтернативті медиа мен медиа мейнстримдегі репрезентацияларды салыстыра білу керек.