Кеңсай ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар



жүктеу 65.43 Kb.
Дата03.03.2016
өлшемі65.43 Kb.
Кеңсай ауылдық округі бойынша 2012 жылы атқарылған жұмыстар
2012 жылы Кеңсай ауылдық округ әкімі аумағында маңызды мәселелер шешіліп, соған байланысты көптеген шаруалар өз жалғасын тапты. Округтің әлеуметтік-экономикалық үрдісінің негізгі бағыттарының бірі- ауылшаруашылығы саласында өнім өндіру болса: 2012 жылы мал басы 2011 жылмен салыстырғанда : ірі қара 136 басқа ,қой-ешкі 241 басқа, жылқы 79 басқа, құс 39 басқа артты. Сондай-ақ, 96 тонна ет, 540 тонна сүт, 150 мың дана жұмыртқа, 27 тонна жүн өндірілді.

Округ бойынша «Ынтымақ» (Жиенбаев О) жыл көлемінде, «Баянды» шаруа қожалығы Есимжанов Ермек маусымды мезгілдерде қымыз өндіріп, оны саудалаумен шұғылданды. Жыл көлемінде 2,5 тн. қымыз өндіріп, одан 1 млн. теңге таза пайда келтірді.

Мал дәрігерлік қызметке қысқаша тоқталсақ: Жыл көлемінде10450 бас ірі қара, 21600 бас қой-ешкі сарып ауруына тексерілді. 22 бас ірі қара малдары сарып ауруына оң таңба берді. Өткен жылғымен салыстарғанда ірі қара малдары арасында осы ауру 73 басқа кеміді. 2011 жылы 63 бас қой-ешкі малы сарып ауруына шықса 2012 жылы ол 136 болып 73 басқа артып отыр.

2012 жылы округ аумағындағы «Икеп» Нұрасыл Б «Сеит»(Еңсебаев Берікхан) , «Ежебаев» (Тоқтасынова Бақыт) ірі қара малына субсидия алды.

Сондай-ақ 2012 жылы 815 га жерге дәнді астық себіліп, әр гектарына есептегенде 14,5 ц бидай, 20 ц тары алынды.150 га күнбағыс егіліп, оның әр гектарынан 6-7 ц өнім алынды.

108 га жерге көкеніс,бау-бақша және картоп егілді. Көкеністің әр гектарынан 190 ц өнім алынды. Картоптың әр гектарынан 210 центнерден өнім алынды.

Көкеніс өндіруде «Восток» (Ли.Я.М), «Ринат»(Мажитов Р, «Бақберді»(Тойчыкенов Е) , «Жоңғар» (Мизамхан Болатбек), «Серік»

( Байкадамов Серік) шаруа қожалықтарыныі үлесі мол болды. «Ринат», «Восток» шаруа қожалықтары жыл көлемінде 3-15 ке дейін адамдарға маусымды мезгілде жұмыс тауып беріп отыр. Олар аудан, облыс көлемінде өткізілген ауылшаруашылығы жәрмеңкелеріне барып, өз өнімдерін саудалауда.

Округ бойынша 2012 жылы шаруа қожалықтары 2 012,800 теңгенің субсидиясын алды. (Оның 900 000- картопқа, 862 000- көкеніске, 129 900- дәнді астыққа, 199500-күнбағысқа,174,600-жоңышқаға берілді)

2012 жылы егістікке «Восток» шаруа қожылығы (Ли Я.М) 2500 тонна «Селитра» минералды тыңайтқышын сіңірсе, қалған шаруашылықтар 150 тонна органикалық тыңайтқыштарды пайдаланды.

Округ бойынша 2012 жылы «Жұмыспен қамту 2020»бағдарламасы бойынша:

2 азамат 5 млн. несие алды. 3 жылға несие алып, мал алып, шаруашылықтарын кеңейтсе, «Зайсан-несие» қорынан 6 шаруа қожалығы несие алып мал шаруашылығы көлемін ұлғайтты.

Өткен 2012 жылдың ақпан айында өткен көпшілік жиналысында барлық елді мекендерде ауыл әкімінің көмекшілері ауылнайлар сайланған болатын. Жыл көлемінде қоғамдық негіздегі жұмыс болса да оған үлкен мән беріп барлық ауылнайлар атап айтқанда: Байжұманов Елдос, Мұстафа Жарқын, Бықаев Талғат, Мұсанов Бақытхан көптеген жұмыстар атқарды.

Саржыра ауылында көше арасындағы сонау зілзаладан бері қалып қойған үйінділер тегістелді.

Соңғы екі жыл қатарынан ауыл жастарының жаңа жылдық жасыл шыршаны және халықтық Наурыз мерекесін мерекелеу тікелей Елдос Байжұмановтың ұйымдастыруымен өткізіліп жүр десек артық айтқандық емес. Жалпы Саржыралықтар,Бақасулықтар жыл сайынғы баспасөзге жазылу, аудандық көркемөнерпаздар байқауына қатысу, көктемгі көгалдандыру-көркейту жұмыстарында да белсенділік көрсетіп жүргенін атап өтуге тұрарлық.

Жыл көлемінде Зайсан ауданы әкімі аппарат мәжілісінде берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстап, орындау қадағаланды. Атап айтқанда:

Өткен жылы әр адам 5 түптен ағаш отырғызу жөнінде Қараталдықтардың бастамасына үлес қосқан Кеңсайлықтар округ бойынша 2012 жылдың көктем-күзінде 1700 түп түрлі ағаш көшеттері отырғызылды. Кеңсай ауылының кіре берісіне «Жәнделі қыз» атындағы саябақ жасалды. Округке қарасты барлық мектептерде көркейту-көгалдандыру жұмыстары үлкен дәрежеде жүргізілді.

Жарсу мектебінің директоры Қадылбек Жағыпаровтың бастамасымен Жарсу орта мектебі ұжымы құптап Жарсу ауылында ҰОС кетіп оралмаған боздақтарға арналып «Ер есімі –ел есінде» атты 500-ге адамдардың аттары жазылан ескерткіш тақта орнатылса, Кеңсайлық ұстаздар «Жәнделі саябағы» және жолдың оған қарсы бетінде тағы жа бір саябақ жасап, оны қоршап, 300-ге тарта ағаштар отырғызды. Кеңсай орта мектебі ұжымы мектеп ауласын жазғы қысқы мезгілдерде талапқа сай әсемдесе, басқа уақыттарда саналы да заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеуде көп еңбектеніп жүрген ұжым деп бағалаймыз.

Округ аумағындағы ұстаздар қауымы, мектеп ұжымдары-«Бала тәрбиелеу-болашаққа ең үлкен инвестиция» деп қарайды. Әрбір баланың мемлекеттік стандарт талаптарына сай білім алуына, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылуына, алаңсыз дем алуына, жеке қабілеттерімен дарындылықтарын дамытуға, ұстаздарымыздың кәсіби шеберліктерін жетілдіруге мемлекет тарапынан өте үлкен қамқорлық жасалып отыр. Осыны сезініп отырған біздің мектеп ұжымдарымыздың үлкен еңбегі де жоқ емес.

-2012 жылы бюджет қаржысына Кеңсай ауылында жазғы стадион құрылысы жүргізілді.

-2012 жылы округ аумағындағы 4 мектеп ұжымдары мектеп асханасын ыстық тамақпен қамту мақсатында 9 шаруа қожалығымен бірлескен меморандумдар жасады.

-2012 жыл көлемінде ауыл әкімі Өскемен, Зырян Семей қалалары мен және ауданда ұйымдастырылған барлық ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне қатысып ауылшаруашылық құрылымдары өз өнімдерін апарып саудалады.

Сондай-ақ Жарсу ауылының ауылнайы Быкаев Талғатбектің ұйымдастыруымен аудандағы ірі мекемелер және ауыл тұрғындарының бірлескен жұмысы арқасында Жарсу ауылындағы Ғ.Ералин және К.Қымызбаев көшелеріне бір күннің ішінде тас төгіліп, тегістеліп 6 млн. теңгенің жұмыстары атқарылса, Кеңсайлық ауылнай Мұсанов Бды.

-2012 жылы Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мақсатында 13 шаруа қожылығымен 630,0 мың теңгенің ынтымақтастық меморандумы жасалды. Жыл қорытындысы бойынша салық жоспары 100 пайызға орындалды.

Округ аумағында Ардагерлер, әйелдер кеңесі тұрақты жұмыс істеді. Қоғамдық тәртіпті қалыптастыруда ақсақалдар алқасынының учаскелік полиция испекторымен бірлескен жұмысы атап өтуге тұрарлық.

2013 жылы округ бойынша атқарылар жұмыс ауқымы да қомақты.

-Кеңсай ауылындағы «Жәнделі қыз» саябағын қоршап, заманауи талапқа сай демалыс орнын жасау.

-Жарсу ауылынының екі көшесін(Ералин, Қымызбаев ) жарықтандыруға 1284,0 теңгенің ЖСҚ жасалды.

-Саржыра, Бақасу ауылдарындағы негізгі көшелерді жарықтандыруға 1100,0 теңгеден қаражат бөлініп ЖСҚ дайындалды.

-Саржыра ауылындағы бір көшені жөндеу жоспарлануда.

Округ бойынша әлеуметтік-мәдени салада да біршама жұмыстар атқарылды. Халықтың аз қамтылған топтарына тұрақты қолдау көрсетілді. Округ бойынша 2012 жылы 24 адамға аудандық бюджеттен бір жолғы материалдық көмек көрсету мақсатында аудан әкіміне ұсыныс берілді.

-Округ аумағындағы аз қамтылған 15 отбасына 20 тонна тегін көмір түсіріліп берілді.

Жыл көлмінде барлық елді мекендерден 50 адамды тегін аудандық «Достық» газетіне жаздырдық.

-Жарсу ауылында «Туған жерге тағзым» акциясы негізінде Мейрамбаев Сәлімнің ұрпақтары мұсылмандардың ғибадат ететін мешіт үйін және оның қасынан қатымхана құрылысын бастады. Бұйыртса, ол осы жылдың мамыр айында бітеді деп жоспарлануда.

Округ аумағында 4 адамға әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Олардың әлеуметтік тұрмыстық,медицина психология,еңбек, мәдени экономикалық құқықтық қызметтер көрсетілді.
Жалғыз басты қарттар мен мүгедектер үнемі біздің қамқорлығымызда.

Округ аумағында мүмкіндігі шектеулі 5 бала бар. Олар Омарова Г қарамағында. Оларға дәрігерлік, педагогикалық,медициналық психологиялық көмектер көрсетіледі. Балаларды қорғау күні, жаңа жыл, халықтық Наурыз мерекелерінде аудан орталығына апарып аудандағы көрнекті орындарды аралап, сый-сыяпаттар көрсетілді. Аптасына екі рет үйлерінде болып ата-аналарымен,олардың тұрмыстық жағдайларымен танысып отырады.

Ал округ аумағындағы 18-30 жас аралығындағы 5 мүгедек жанға да әлеуметтік педагогикалық, медициналық,мәдени,экокомикалық қызмет түрлері көрсетіледі.

-2012 жылы округ бойынша 249 адам әскери есепте тұрды.

2012 жылы көктемгі шақырылымға 43 адам шақырылып, тексеруден өтті. 4 азамат әскер қатарына алынды.

Күзгі әскер қатарына шақырылуға жататын 67 азаматтың дәрігерлік тексеруден өткені-27. 11 азаматқа Қ.Р 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызметшілердің әкери қызметі және мәртебесі туралы»Заңы бойынша есептен шықпай кетіп қалған. Сол себепті шақыру қағазын беру мүмкіндігі жоқ. Оларға акт жасалып, ата-анасынан түсінік алынды. ( Сайполла Айқынбек, Ахметзиянов Руслан)

Округ аумағында қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, қалмысқа қарсы күресте ауылдық учаскелік плиция инспекторымен бірлескен жұмыс өз дәржесінде жүрді деуге болады. 2012 жыл көлемінде округ бойынша 12 әртүрлі қылмыс тіркелсе оның 7-уі мал ұрлығы, оның ашылғаны-5

120 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар қоғамдық орындарда ішімдк ішіп ұсталғандар, ит ұстау ережесін бұзғандар, жанұя шырқын бұзғандар т.т ) Өткен жылы учаскелік полиция инспекторының барлық елді мекендерде қоғамдық көмекшілері тағайындалған болатын. Полиция инспекторымен бірлесіп жұмыс істеуде Бақасулық полиция көмекшісі Қариев Қажымураттың, Жарсулық Райысов Мұратбектің тәртіпті қадағалау, ұрлықты ашуда жақсы жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.

Ауыл жастарының салаутты өмір салтын қалыптастыруда Кеңсай, Жарсу орта мектебінің спорт залдары кешкілік жастардың еншісінде. Ауыл жастары ауданда болып жатқан спорттық шараларға, мәдени көпшілік шараларға тұрақты қатысуда.

Соңғы 3-4 жыл көлемінде қатарынан ауданда өтетін көркемөнерпаздар байқауында округ жүлделі орындарды иеленіп келеді. Бұл жерде Ибраев М жемісті еңбегін атап өтпеуге болмайды.



Халыққа дәрігерлік медициналық қызмет көрсетуде ауылдық емхана ұжымы да жыл көлемінде біршама жұмыстар атқарды. Елбасынының «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы 55 адам тегін дәрі дәрмек алса, 60 адам күндізгі емдеу орында болды. Жасқа толмаған балаларға дәрігерлік қызмет көрсету, екпе жұмыстарын жүргізуде қайшылықтар болған жоқ.Өткен жылдың наурыз айынан бері ауылдық емханада лабаратория жұмыс істеуде.

2013 жылдың баспасөзіне жазылуда биылғы жылы барлық елді мекен тұрғындары үлкен белсенділік көрсетті. Бақасу ауылында аудандық «Достық» газетін алмайтын бірде-бір үй жоқ. Саржыра ауылында 53 отбасы алса, Жарсуда 140,Кеңсайда 150 ден астам адам алады.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет