«Кәсіби қазақ (орыс) тілі» ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Грамматикалық тақырып. ЖАЛПЫЛАМА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР



бет2/5
Дата09.07.2016
өлшемі373.5 Kb.
#187000
1   2   3   4   5

Грамматикалық тақырып.

ЖАЛПЫЛАМА ҚОЛДАНЫЛАТЫН СӨЗДЕР МЕН ТЕРМИНДЕР


(Общеупотребляемые слова и термины)
Бір тілде сөйлейтін адамдардың бәріне түсінікті ортақ сөздерді жалпылама қолданылатын сөздер дейміз. Жалпылама лексика адам баласының күнделікті тіршілігіне қажетті заттар мен құбылыстарды, әрекеттерді және т.б. ұғымдарды атайды. Мысалы, су, ауа, тамақ, үй, нан т.б.

Жалпылама қолданылатын сөздер тура мағынасында жұмсалады.


Терминдер – ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы ұғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды. Бұларда стильдік бояу болмайды.

Термин сөздердің жасалу жолдары:


  1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, эпос, поэзия т.б.

  2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

  3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төлқұжат (паспорт), әнұран (гимн) т.б.

Терминдердің ұғымы мен мағынасы

Сөздің лексика-семантикалық топтарының бірі арнаулы лексика. Қоғамдағы әр түрлі кәсіп пен қызмет салаларына негізделген, шектеулі қолданысқа ие сөздер-арнаулы лексика ретінде танылады. Ғылым, техника, өндіріс, ауыл шаруашылығы, басқару органдары, мәдениет пен өнер, әскери атаулар т.б. - арнаулы лексиканы құрайды. Ол термин сөздер мен кәсіби сөздерге бөлінеді.

Терминдер табиғатына тән нәрсе - бірмағыналылық, дегенмен бірмағыналылықты сақтау барлық жағдайда мүмкін бола бермейді, өйткені төл тілдік бірліктер арқылы термин жасау барысында, лебіздегі оның алғашқы негізгі мағынасы қолданыста болады. Термин сөздердің негізгі ерекшелігі - ғылым мен техника саласы бойынша белгіленген ұғымның атауы болады, ерекше анықтамасы беріледі; логикалық жүйеге негізделген нақты семантикасы, лебізде келісілген қолданысы болады. Яғни термин сөз бен оның таңбалап тұрған ұғымы арасында үлкен танымдық байланыс болады. Терминнің мазмұны - оның әуелгі терімсөздік түсінігі де, мағынасы - термин ретіндегі сипаты.Терминнің мағынасы мен мазмұны сәйкес келіп, бір-бірін анықтап, мағына мазмұнын ашуы тиіс.
1-тапсырма. Берілген сөздермен сөз тіркестерін құрыңыз.

Өзгеріс, құбылыс, дарынды, қабілет, тұлға, жантану, қызу, тілалғыш.


2-тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты термин сөздерді теріп, анықтама беріңіз (50 термин сөз).
№4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Практикалық сабақ №6

Кірме сөздер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №6



Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. басқа тілден енген сөздер туралы өткенді қайталау, кәсіби тәжірибеде қолдану.


Әдістемелік нұсқау

Грамматикалық тақырып.

КІРМЕ СӨЗДЕР


Басқа тілден енген сөздерді кірме сөздер
дейміз. Өз тарихында қазақ халқы көптеген елдермен қарым-қатынас жасап, аралас-құралас болғаны мәлім. Соның нәтижесінде араб, парсы, моңғол, орыс тілдерінен қазақ тіліне көптеген сөздер енген. Керісінше, қазақ тілінен де көптеген сөздер енді. Мысалы, араб және парсы тілінен енген адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, тарих, әдебиет, мәдениет, емтихан
т.б.сөздер бар.

Моңғол тілінен ел билеуге байланысты ұлыс, нөкер, жасақ, аймақ, жарлық
сөздері енген.

Ал орыс тілінен қазақ тілінен жәшік, тәрелке, керуерт, бөтелке, бәтеңке, кәмпит, сөмке т.б.

Латын тілінен: лекция, республика, министр, операция.

Неміс тілінен: орден, штурм, рота, кран.

Француз тілінен: жюри, батальон, дуэль, гарнизон.

Ағылшын тілінен: бокс, вагон, вокзал, митинг.

Соңғы жылдары кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылды:

Самолет –ұшақ, вертолет –тікұшақ, коллектив –ұжым т.б.
1 тапсырма. Өз мамандығыңызға қатысты мәтіннен кірме сөздерді теріп жазыңыз.

2-тапсырма. Қазіргі тілімізге басқа тілден енген сөздердің көпшілігі компьютер мен экономикаға қатысты 10 сөзге қосымша жалғап, сол сөздермен сөйлем құраңыздар.
№6сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Өлеңді жаттап алыңыз, түсінгеніңізден жазбаша мәлімет беріңіз.



Өнер – білім бар жұрттар

Тастан сарай салғызды

Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды

Білімді жиды жалықпай

Суда жүзді балықтай

Біз болмасақ, сіз барсыз

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Сіздерге бердім батамды-ай. Ы.Алтынсарин


Практикалық сабақ №7

Фразеологизмдер.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №7
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. . Лексикалық мәтінге толық талду жасаңыз, жаңа сөздерді жаттап алыңыз;

  2. Фразеологизмдерден өткенді қайталау, берілген тапсырмаларды орындау.


Әдістемелік нұсқау

Грамматикалық тақырып.

ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

Фразеологизмдер – тұрақты тіркескен, құрамындағы сөздердің орындарын ауыстыруға болмайтын, лексикалық толық мағына беретін сөз тіркестерінің бір түрі. Фразеологизмдер сөздің көркемдік мәнерін арттырады. Сондықтан көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады. Мысалы, ұзын құлақ – хабар (молва, весть, слухи), құлақ салу – тыңдау (слушать), құлағым сізде – тыңдап тұрмын (слушаю Вас), он саусағынан өнер тамған – шебер (мастер на все руки), қой аузынан шөп алмас – момын немесе жуас (тихий, мухи не обидет), қас пен көздің арасында – жылдам, лезде, тез (мгновенно, быстро) т.б.


Мақал-мәтелдер
Мақал-мәтелдер тұрақты тіркестер сияқты аз сөзбен көп мағына білдіреді. Мақал-мәтелдер сөйлеу барысында жасалмай, бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында қолданылады.

Мақал – тәрбиелік мәні бар, ақыл-нақыл сипатында айтылатын сөздер тобы.

Мәтел – ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап, ишаралап тұратын сөздер тобы. Қызым саған айтам, келінім сен тыңда.

Мақал мен мәтелдің айырмашылығы мынада:

Мақалдың мазмұнында себебі мен салдары қатар айталады, ал мәтелде істің салдары айтылып, себебі айтылмай қалып қояды.
1-тапсырма. Достық, сыйластық туралы айтылатын 10 мақал жазыңыз.
2-тапсырма. Жаттап алыңыз, ситуациялық жағдаят құрыңыз.

Ақ сөйле – говори правду, ақылынан адасу – сходить с ума, ала ауыз болу – быть в разногласии, алып қашты сөз – слухи, арзан қол – дешевый, ат құлағында ойнау – лихо скакать на коне, атар таң көрер күн жоқ – невыносимые условия жизни, ат басын тіреу – остоновиться для отдыха, ата жау – кровный враг, аталы сөз – слово-назидание, атам заманнан – издавна, аты жер жару – стать очень знаменитым, қол ұшын беру – оказывать помощь, аузы ауызына жұқпау – говорить очень быстро, ауызы ауыр – неразговорчивый, аузы берік – держать язык за зубами, аузына қарату – завоевать, всеобщее уважение, аяғын аспаннан келтіру – побеждать в споре, ашса алақанында, жұмса жұдырығында – добиваться полного подчинения, ауызыңа май, астыңа тай – да сбудутся твои слова.


3-тапсырма. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, сұхбатты аударыңыз.

  • Қайрат, сен өзің ақылыңнан адасқансың ба?

  • Неге олай дедің ?

  • Жолдастарыңмен ала ауыз болып не көрінді?

  • Кімнен естідің ?

  • Бәрі айтып жүр ғой.

  • Оның бәрі алып қашпа сөз, сенбе. Алмат, аталы сөз бар емес пе? Көзің жетпейінше ешкімді кінәлауға болмайды.

  • Қайрат, рас айтасың.

  • Мен аузым берік адаммын, болған істі ешкімге айтпаймын. Ал олар айналасын ауызына қаратқысы келеді, ашса алақанында, жұмса жұдырығында болса деп ойлайды. Бұл – үлкен қателік. Олар дұрыс жолмен жүрсе игі еді. Мен ешкімге жаманшылық тілемеймін. Қайта қиыншылықта қол ұшымды берсем деймін.

  • Дұрыс, Қайрат. Сендей кешірімді адамдар көп болса екен!


4-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

Вожак — самый авторитетный член группы, обладающий даром внушения и убеждения. На других членов группы он влияет словом, жестом, взглядом. Греки во времена Гомера считали, что вожак должен обладать мудростью Нестора, справедливостью Агамемнона, хитростью Одиссея и энергичностью Ахилесса. На протяжении XX в. проводились многочисленные исследования индивидуальных качеств преуспевающих руководителей. Так, американский исследователь Р. Стогдилл предложил следующий перечень качеств руководителя — вожака:

1) физические качества — активный, энергичный, здоровый, сильный;

2) личностные качества — приспособляемость, уверенность в себе, авторитетность, стремление к успеху;

3) интеллектуальные качества - ум, умение принять нужное решение, интуиция, творческое начало;

4) способности — контактность, легкость в общении, тактичность, дипломатичность.

* * *

Тәрбиелік мәнін ашыңыз.

Бір елдің бас әкімі өзіндей бір баймен жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы кедей өтеді. Ол өтіп бара жатып иіліп бас ұрып сәлем берді. Оған қарсы әлгі үлкен онан да төменірек иіліп сәлем алады.

Қасындағы бай:


  • Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, қайдағы бір кедейге неге сонша иілдіңіз? – деп сұрапты.

Сонда әкім:

  • Ешбір ілім үйренбеген кедей сонша иіліп әдептілік көрсеткенде мен онан да әдепсіз болып қалайын ба ? – депті.

№7 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

Мақалдарды қазақшадан орысшаға аударыңыз.
Құс патшасы – бүркіт

Аң патшасы – арыстан


Сөздік

Құс-птица

Аң – зверь
Жалқаулық – жаман ауру

Сөздік

Жаман ауру – скверная болезнь


Жігіт адамға жетпіс өнер де аз

Сөздік

Өнер – ремесел


Жігіт көркі – өнер

Сөздік

Көркі – честь


Білімнің басы – бейнет, соңы – зейнет.

Сөздік

Бейнет – трудный

Зейнет – сладкий
Ұстаздан шәкірт озар

Сөздік

Сыйла – почитай


Күш – білімде, білім – кітапта

Сөздік

Күш – сила

Кітапта – в книгах
Орысшадан қазақшаға аударыңдар

Если и золото нашел, пересчитай



Сөздік

Нашел – тапсаң

Пресчитай – санап ал
И вода счет любит

Сөздік

Счет любит – сұрауы бар


Умный честь свою оберегает,

Скупой скот свой оберегает



Сөздік

Оберегает –қорғайды

Умный –ақылды

Скупой- сараң

Скот-мал
Многословие – көп сөз

Молчание – золото



Сөздік

Многословие – көп сөз

Молчание – аз сөз
Говори редко, но метко

Сөздік

Редко –аз

Метко-саз, діл
Молчание от самой большой беды оберегает

Сөздік

Молчание – үндемеген

Большой беды- үйдей пәледен

Избавляет - құтылады



Практикалық сабақ №8

Көнерген сөздер мен неологизмдер.

Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №8
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Көнерген сөздердің анықтамасын жаттап алыңыз, берілген тапсырмаларды орындаңыз.


Грамматикалық тақырып.

КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР МЕН НЕОЛОГИЗМДЕР

Қоғам дамуына орай тіліміздегі қолданыстан шыққан сөздер көнерген сөздер деп аталады. Көнерген сөздер мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:



  1. Тарихи сөздер – қолданылған дәуірі өтіп, ескі заманның өзімен бірге көнерген тарихи атаулар. Тарихи сөздерге ел басқарумен байланысты атаулар: хат, патша, уәзір, би, аға сұлтан т.б. қазір пайдаланылмайтын қару-жараққа қатысты сөздер: садақ, жебе, найза т.б.

2.Архаизмдер – халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-сана, әдет-ғұрпына қарай әр дәуірде өзгеріп, басқа сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сәукеле, кебеже, күпі т.б.

Кейбір көнерген сөздердің қайтадан жаңаратын кездері де болады. Мысалы, кеңес дәуірі кезінде қолданудан шығып қалған діни сөздер: имам, мешіт, ораза, айт, құран т.б.

Сөздік қорға жаңадан енген сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар:


  1. қоғамның дамуымен бірге енген жаңа ұғымдарға сай жаңа сөздер пайда болады;

  2. тілдің қолданыс аясының кеңеюіне байланысты тілімізде бұрыннан қалыптасқан кірме сөздердің орнына жаңа аталымдар қолданылады. Мысалы, космос, космонавт деген сөздер алғаш пайда болған кезде жаңа сөздер болатын. Кейін бұл сөздер ғарыш, ғарышкер болып жаңа сөздер болып есептеліп жүр.


1-тапсырма. Газет-журнал беттерінен жаңа сөздерді теріп жазыңыздар.
2-тапсырма. Төмендегі сөздермен сөйлем құраңыз.

Қиял, зейін, үнтаспа, мешіт, жолсерік, зейнетақы, жеделхат, дәрісхана, сәукеле.



Әдістемелік нұсқау

1. Мәтінді оқып, қысқаша мазмұнын айтып беріңіз.



  1. Мәтінді азат жол бойынша мағыналық топтарға бөліп,
    жоспар құрыңыз.

  2. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланып диалог
    құрастырыңыз.

Тақырыбы: "Астана қаласына сапар".

Сапар, жолсерік, кешендер, құрылыс, Есіл өзені, тарихи
маңызды, кең әрі түзу көше, сәулетті ғимарат.

Психология тарихының даму кезеңдері

Психология өз алдына ғылым ретінде ХІХ хасырдың 60 ж. бөлініп шықты. Оған себеп болған ғылыми-зерттеу мекемелері-психологиялық лабораториялар және институттар, жоғары оқу орындарындағы кафедралар сонымен қатар пихикалық құбылыстарды оқып-білуге байланысты экспериментті насихаттау жұмыстары.

1879ж Лейпцигте Вундт алғаш рет дүние жүзінде экспериментальды психологиядан лаборатория ашты. ХҮІІІ ғ.” Психология” терминін неміс философы Христиан Вольф кіргізді. Психологияның ғылым ретінде даму жолдары нақты кезеңдерден тұрады.

1-ші кезең ( б.з.дейінгі 5ғ. ). Психология жан туралы ғылым ретінде. Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі гректердің әмбебап ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-322) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жаратылыстану, т.б.) аралас, астарласа дамып келді. XIX-ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент жүзінде әртүрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап, психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірбиелік ғылым ретінде дамыды. Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы (материализм, идеализм) жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір тартысына толы. Мысалы, ертедегі грек ойшыларының бірі Демокрит (б.э.д. 460-370) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (б.э.д. 427-347) керісінше “жан- мәңгі өлмейді, өшпейді”,- деп тұжырымдады. Психикалық әрекетті осылайша екі түрлі көзқарас тұрғысынан түсіну, қоғам дамуының кейінгі кезеңдерінде, әсіресе, орта ғасырлар заманынан бермен қарай кең өріс ала бастады. Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) дүние-материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаса, батыс ойшылы Фома Аквинский (1225-1274ж.ж.) жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берді.

2-ші кезең Психология сана туралы ғылым ретінде. ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологиялық алғы шарттарының негізін қалады, оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді. Р.Декарт (1596-1650 ) жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді. Оның теориясы бойынша, жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы, сыртқы әсерге рефлекс болып табылады.
Д.Локк (1632-1704) сенсуализмнің – ақыл-ой жүйесінде сезім мүшелері арқылы өтпейтін еш нәрсе жоқ дейтінді уағыздайтын философиялық бағыттың аса көрнекті өкілдерінің бірі. Ғалым психикалық іс-әрекет механизмін ассоциациялардан, яғни жеке түсініктер мен идеялар арасындағы байланыстардан көреді. Д.Локк сананы өзімен-өзі тұйықтап, сана туралы ілімде іс жүзінде декарттық тұрғыда қалып қойды.

3-ші кезең. Психология іс-әрекет туралы ғылым ретінде.
1913 жылы американ психологы Д.Уотсонның психологияны мінез-құлық жөніндегі ғылым деп қарастырған кітабы жарық көрді. Бихевиористердің пікірі бойынша психология сананы, оның мазмұны мен қызметін зерттеуден бас тартуға тиіс. Ғылым тек объективті түрде байқауға болатын және әр кім үшін белгілі, яғни мінез –құлықты зерттеуі қажет. Зерттеу п.әні өзгерді /сананың орнына мінез-құлық алынды/, сөйтіп жаңа ғылыми тіл пайда болды. “Сана”, “түйсік” “қабылдау”, “ерік ”деген және басқа терминдер ғылыми мазмұны жоқ сөздер ретінде жоққа шығарылды. “Стимул” (сыртқы орта қоздырғышы) “реакция ” (организмнің қозуға қайтаратын жауабы) және стимул мен реакция арасындағы “байланыс” (ассоциация, коннексия) негізгі психологиялық ұғымдарға айналды. Сондықтан да бихевиоризмді көбінесе стимул-реактивті теория немесе С-Р ассоциационизмі деп атайды. Психологиялық зерттеулердің мақсаты – ортаға бейімделуге бағытталған мінез-құлықтың принциптерін зерттеу.

4-ші кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.

Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне, білім деңгейіне, белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына, белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді. Сонымен психиканың мазмүны реалды, бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі) болып табылады.

№8 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары



  1. Өз мамандығыңызға қатысты тақырыпта шағын эссе жазыңыз.



Практикалық сабақ №9, 10, 11, 12

Стиль туралы түсінік. Стиль түрлері.


Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №9,10, 11, 12
Сабақ мақсаты:

Берілген гармматикалық және лексикалық тақырыптардың мазмұнын ашып мейлінше академиялық білімдерін арттыру:



  1. Стилистика іліміне сипаттама беру.


Әдістемелік нұсқау

Грамматикалық тақырып.

СТИЛЬ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. СТИЛЬ ТҮРЛЕРІ
Стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. Стилистика – стиль туралы ілім. «Стиль» деп белгілі бір жалпыхалықаралық тілдің ауқымындағы тілдік қатынас құралдарының қолданылу, сұрыпталу және тіркесу тәсілдерінің қоғамдық айқындалған, қызмет жағынан сәйкестендірілген, іштей топтасқан жиынтығын айтамыз. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық тәсілдерінің қолданылу принциптерін айтамыз. Қазіргі әдеби тілі қолданылуы тұрғысынан бес стиль саласына бөлінеді. Ауызекі, сөйлеу стилі, ғылыми, ресми ісқағаздар, публицистикалық және көркем. Стильдің бұл тармақтары әуелі бір-біріне қарама-қарсы қойылатын ауызекі сөйлеу түрі мен кітаби түрі болып ажыратылады.

Ауызекі сөйлеу стиліне тән нәрсе – адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы болса, кітаби стильдерге тән нәрсе – хабарлау қызметі болады. Ауызекі сөйлеу стилі әдетте таныс адамдармен еркін әңгімеде қолданылады. Міндеті – қарым-қатынас. Сөздерді, сөйлемдерді таңдауда еркіндік беріледі.

Ғылыми стиль – ғылыми еңбектер, лекция, баяндамаларда жұмсалады. Сөйлеуде жалпылама – дерексіз, логикалық, дәлелдеу жағы басым. Тіл тәсілдері: жалпы және дерексіз мәндегі бейтарап, кітаби сөздер, ғылыми терминдер.

Көркем стиль – көркем шығармаларда жұмсалады. Тілдік тәсілдері нақты, ауыспалы мағыналы сөздер болып, сөйлеу әдетте бейнелі, жанды, әсерлі, сезімді болады.

Публицистикалық стиль – газет, журнал, жиналыстарда пайдаланылады. Сөйлеу қызулы, ұранды болып, көпшілікке ықпал жасау, қоғамдық істерге адамдардың дұрыс қатынасын қалыптастыру міндетін атқарады.
Ғылыми стиль лексикасы

Ғылыми стиль - функционалдық стильдің тілдік белгілерімен сараланатын айрықша бір түрі. Ғылыми стиль жазба стильге жатады, оған әр ғылым саласында жазылған ғылыми еңбектер, зерттеулер, оқулықтар кіреді. Ғылыми стильдің өзіне тән құрылымдық жүйесі болады. Олар: ғылыми мәтін, олардың құрылысы, авторлық бағалау, ғылыми зерттеудің мақсаты мен міндеттері, ғылыми мәтіннің құрылысының сыртқы элементтері, кіріспе, бөлім, әр бөлімнің түйіндемелері, қорытынды сияқты белгілі жүйелілік сатыдан тұрады. Ғылыми стильдің ірі және шағын жанрлары болады. Ірі жанрларына жеке автордың және ұжымдық ғылыми ебектер жатады: диссертация, энциклопедия, сөздік, оқулық, оқу құралы.Ғылыми стильдің ұсақ жанрларына мақала, реферат, тезис,рецензия т.б. жатады.

Ғылыми стильдің лкесикасындағы ерекшелік сөз тек өзінің мағынасында жұмсалады. Ғылым салаларының ерекшеліктеріне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Ғылыми стильбе жалпы жазу тіліне тән синтаксистік құрылыс пайдаланылады. Бұл стиьдің негізгі ерекшелігі - мұнда ой күрделеніп, анықтама, дәлелдеме және формулаларға негізделеді. Сонымен бірге әрбір ғылым саласының өзінің ерекшелігіне қарай баяндау тәсілінде кейбір өзгешеліктер болады.

Ғылыми стильде зерттеу обьектісі болатын зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді.


Ғылыми мақала

Ғылыми мақала жазу үшін автор обьектісін жете білу керек. Мақала жан-жақты зерттеулердің немесе жасалған тәжірибелердің қорытындысын негізге ала отырып жазылады.

Мақала жазу үшін автор алдымен өзін толғандыратын яғни қызықтыратын тақырыпты таңдап алуы қажет. Содан соң сол тақырыпты ашу мақсатында зерттеулер мен тәжірибелер жасай отырып, осы мәселелер жайындағы ойларын,немесе жаңалықтарын ортаға салудың немесе көпшіліктің назарына ұсынудың мезгілі жеткен кезде ғана қолға алады.

Ғылыми мақалалар ғылымның әр саласының өз терминдерін, ұғымдарын сақтай отырып жазылады. Ғылыми мақалаларды екі түрге бөліп қарауға болады: ғылыми-көпшілік стиль /яғни жалпы жұртқа түсінікті/, таза ғылыми шағын стиль – тек қана белгілі ғылым саласындағы мамандарға арналған.

Мақаланың барлығы бірдей жаңалық әкелмегенімен, сол саладағы соны пікірлердің, жаңа пайымдаулар мен көзқарастардың болуын қажет етеді. Қалың жұртшылыққа арналған мақалаларда қорытындыны автор көбінесе, өзі шығармай оқырмандардың назарына ұсынумен шектелсе, ғылыми мақалаларда, қорытынды шығарарлықтай тұжырымды көбіне автордың /мақаланы жазушының/ өзі жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет