КӘсіби тілді үйретудегі – коммуникативтік бағЫТ



Дата17.06.2016
өлшемі60.28 Kb.
#141424
КӘСІБИ ТІЛДІ ҮЙРЕТУДЕГІ – КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТ
М.Әмірова.,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы

«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, қазақ тіліне ерекше көңіл бөлінеді. Мерзімді баспасөз беттерінен белгілі болғандай, 60-шы жылдар ішінде тіл мәдениеті, баспасөз сауаттылығы мәселесін жетілдіре беру ісіне ерекше қарқын берілді.

Мемлекеттік құрылымдардағы мамандардың мемлекеттік тілді білуі коммуникативтік біліктілікті қамтиды. Сол үшін тіл үйренушілердің бүгінгі таңдағы сұраныстарын қанағаттандыру мен елтануға қатысты мәліметтер басшылыққа алынып, деңгейлеп оқыту әдісіне негізделгені жөн. Яғни, мұнда тілді сөйлеу және жазу, оқу және тыңдау дағдысы бойынша меңгеру баса ескеріледі.

Тіл үйренушіні қазақ тілінде жетік сөйлеуге дағдыландыру үшін ең алдымен сапалы білім қажет.Мемлекеттік тілді даиытудың кешенді бағыты тіл үйренушінің тілдік тұлғасын қалыптастыру арқылы жасалады.Оның бір мүмкіндігі қазіргі заман талабына сай техникалық құралдар, компьютер , электрондық оқу құралдары, ноутбук, проектор, мультимедия кабинеттерінің мүмкіндіктері, тест тапсырмалары арқылы білімін тексеру, тілді жедел меңгертудің бірден-бір жолы болып табылады.

Мемлекеттік құрылымдардағы мамандардың мемлекеттік тілді білуі коммуникативтік біліктілікті қамтиды.

Ғалым Қ.Қадашева «мамандық тілін» оқыту барысында негізгі бағыт ретінде бірнеше ұсыныс ұсынады:



  • мамандығы бойынша ақпараттық және лексикалық-грамматикалық минимумдарды баяндау;

  • осы арқылы дағды мен ептілікті қалыптастыру:

  • тілдік өрнектерді сараптау;

  • үйренушінің өз мамандығына сәйкес, тілді коммуникативтік қарым-қатынаста қолдана алатындай дәрежеде біліп шығуын қамтамасыз ету;

  • сөйлеу әрекетінің негізі қамтылатын мәтіндерді беру;

  • елтануға қатысты материалдарды үйренушінің өз қажетіне қарай пайдалану;

  • сөйлеу жағдаятын үйренушінің мамандығына қарай бейімдеу; арнаулы терминдердің берілуін қарастыру:

  • кәсіби тілдік құзіретін қалыптастыру.

Үйренушілер фундаменталды-теориялық біліммен бірге болашақ мамандығы бойынша да білім алуы керек.

Тілді үйрету барысында кез-келген сабақ грамматикалық, коммуникативтік, фонетикалық минимумдары айқындалған белгілі бір тақырыпқа, сол тақырыптың мәнін ашатын мәтінге негізделеді. Ал мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің семантикасы мен құрылымдық ерекшеліктерін нақтылайтын жұмыс түрлерінің қандайы болсын шығармашылық сипатта өрістеуі тиіс.

Тілді үйретудегі басты бағыт – коммуникативтік бағыт қатаң сақталуы тиіс. Сөйлеуге бағытталған коммуникативтік тапсырмалар жүйелі түрде сұрыпталуы керек. Мысалы күнделікті өмірге қатысты актив сөздер, жағдаяттық сұхбаттар, тақырыпқа қатысты пәрменді сөздер, елтанымға қатысты шағын мәтіндер т.б. Сондай-ақ синоним, омоним, антоним сөздерді, сөз түрлендіруші қосымшаларды, тұрақты тіркестерді, шешендік сөздер мен мақал-мәтелдерді жеңілден күрделіге қарай сатылып оқытқан жөн. Ал етістік минимумына қалып етістерден бастап, етістіктің барлық түрлерін кіргізуге болады.

Қазақ тілін оқыту – қоғам қажеттілігімен, өмір талабынан туып отыр. Қазіргі қоғамның алдындағы негізгі мақсаттырдың бірі – биік кәсіби іскерлігі адамгершілік қасиетпен ұштасып жататын шығармашыл тұлғаларды дайындау. Кәсіби іскерліктерді жетілдіру жұмыстары кәсіби қызығудың пайда болуымен байланысты. Ал кәсіби қызығушылық дегеніміз -студенттердің болашақ мамандықтарына жетелейтін, олардың іс-әрекеттерін белсендіретін қызмет. Қызығуды тудыратын қажеттілік. Студенттердің бойында мамандығына мақтанышпен қарау, табысқа жеткендігі қуаныш сезімі қалыптасады.ол студенттің кәсіби іскерлігі мен дағдысын дамытуға итермелейді. Кәсіби іскерлікті қалыптастыру дегеніміз болашақ маманның іс-әрекетінде кездесетін мәселелерді дұрыс шешудің негізі болып табылады. Студенттердің кәсіби білімдері мен дағдыларын қалыптастыру арқылы болашақ еңбек іс-әрекеттерінде шебер қолдана білу қабілетін шыңдау болып табылады.

Кәсіби бағдар бере отырып, оқыту қазақ тілінде сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамытудың ең басты факторы. Кәсіби тілде оқыту болашақ маманды қалыптастыру үшін қолайлы жағдай туғызу, тіл үйренушілерді мамандығына сәйкес оқыту, мамандықтарына қатысты лексикалық минимумды меңгерту.

Кәсіби бағытты ескере отырып оқыту-студенттердің таңдаған мамандықтарына қажетті білімді толық игерген, кәсіби мүмкіндігі мол маман иесін даярлауда өз әсерін тигізеді.

Қазақша кәсіби тілді оқытуда оқыту тәжірибелері көрсетіп отырғандай ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Бұл екі бағыт тығыз байланыста болса да, тілді үйретудің бастапқы кезеңінде ауызша тілдік қатынасқа түсу жетекші рөл атқарады. Белгілі бір мамандыққа бейімдей берілетін лексикалық тақырыптың оқытылуына негізделе отырып, сөздік қорды дамыту арқылы жаңа сөздерді үйрету, жаңа сөздерді жасайтын формаларды меңгерту, сөз бен сөздің байланысын, тіркесін үйрету,сөйлем құрастыру сияқты мақсаттарға арналады. Әр мамандық саласына қарай бейімделе берілетін лексика -грамматикалық тақырып барысында сөзді мағынасына қарай дұрыс қолдана білуге негізделеді. Сонымен қатар әр топтағы студенттердің тақырыпты түсіну деңгейі және болашақ мамандығы ескерілуі тиіс. Тіл үйренушінің күнделікті сөздік қорын жетілдірумен қатар кәсіби бағдарды, негізге алу мақсатын назардан тыс қалдырмау керек. Кәсіби тілге бағытталған жұмыстар әр сабақ сайын жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Оқытушы мен студент арасындағы мамандыққа бағытталған тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары сөйлеу әрекеттері арқылы тілдік қатынас орнатады.

Кәсіби тілді дамытуға берілетін тапсырмаларды сөйлесім әрекеттері арқылы меңгерту студенттердің ауызша тілдік қатынас орнатуға, сауатты жаза білуге дағдыландырады. Ол мамандығына қатысты мәтіндерден болашақ қызметіне қажетті мәліметтер алып, жаңа термин сөздерді меңгереді. Мамандыққа қатысты мәтіндер белгілі бір тақырыпқа құрылып, қысқа хабар ретінде пәрменді лексикасына сай, тілдік құрылымы бай болып келеді. Мәтін мамандықтың әр қырын ашатын, ресми тілді жеткілікті түрде меңгеру дәрежесіне жеткізетіндей мақсатта іріктеліп алынады.

Кәсіби бағытта берілген мәтіндер міндетті түрде тапсырмалар арқылы бекітіледі. Ол тапсырмалар мәтіннің мазмұнын ашуға, мәтіндгі ақпаратты шығармашылық ізденістер мен толықтыруға, мәтіндегі деректерді адамдармен тілдескенде қолдана білуге арналған болуы тиіс.

Студенттің мамандыққа қатысты берілген мәтіндерді түсіну деңгейі әр түрлі болады. Оның мәтін мазмұнын толық түсінуі, ең басты ойды түсінуі, бөлшектеп түсінуі, яғни өз мамандығына байланысты ақпаратты қажетіне қарай нақтылап түсінуді меңгерген дұрыс.

Лексикалық сөздік қоры бай студент өз мамандығының сөз мәдениетін меңгеруге, өз кәсібін қадірлей білуге, оған жауапкершілікпен қарауға, орынды, әсерлі сөйлеуге ұмтылады.

Мамандыққа қатысты берілген мәтіннің өзіннен бірнеше коммуникативті жаттығулар жасау арқылы сөйлесім әрекетінің бірнеше түрін қолдануға болады.Мәтін бойынша бірнеше жаттығу түрлеріне тоқтала кетейік:



  • мәтінді дауыстап оқу;

  • мәтінен тірек сөздерді жазып алу;

  • тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрастыру;

  • мәтін бойынша пікір алысу;

  • мәтіндегі айтылған ойға қарсы пікір айту немесе айтылған пікірді қолдау;

  • мәтін бойынша алған жаңа мәліметіңізге таңданыс білдіру;

  • берілген мәліметке толықтыру енгізу және т.б.

Мұндай жаттығулар тіл үйренушінің сөйлеуін дамытады, тілді күнделікті өмірде пайдалана білуіне жәрдем жасайды.

Кәсіби тілді мамандыққа сәйкес қатынас құралы ретінде үйретуде берілетін тапсырманың қарапайымнан күрделіге, жеңілден ауырға қарай сатылай өсуі арқылы жүргізілетін жұмыстардың жүйелілігі мен жалғастығы, алған білімдерін тәжірибеде пайдалана алу сияқты ұстанымдар басшылыққа алынуы керек.

Кәсіби лексикалық минимум студенттердің мамандығы туралы алған ақпараттыран жетілдіреді, сөздік қорын байытады, сауатты жазуға, дұрыс сөйлей білуге дағдыландырады.

Қорыта келе, мамандыққа байланысты мәтіндер арқылы студенттердің келешек мамандығы бойынша өте қажетті,пайдалы мағлұмат берілетін болғандықтан, студенттер өз мамандығына байланысты мәтіндерді қызыға оқиды. Мамандыққа байланысты мәтіндер студент білімін толықтырып қана қоймайды, ғылыми тілін дамытады.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Инновационные технологии. www. mgimo.ru.

  2. Қ. Қадашева. Жаңаша жаңғыртып оқытудың ғылыми – әдістемелік негіздері. Алматы, 2002ж.

  3. Ф.Оразбаева . Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы , 2005ж.

***
В данной статье рассматриваются некоторые методы обучение профициональной речи. В ней содержатся метадические указания по написанию и оформлению научной работы.


***
The article is about mastering the professional language at a deeper lenl. The article problems the student with the information how to do the task, where to find the necessary materials.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет