Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


– кесте – Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау көрсеткіштері



бет10/12
Дата24.02.2024
өлшемі57.68 Kb.
#493073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау

19 – кесте – Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Есептеу формуласы

1

Активтердің айналымдылық коэффициенті

Өнімді сатудан түскен табыс/ есепті кезеңдегі активтердің орташа жылдық құны

2

Айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті

Өнімді сатудан түскен табыс/ айналымнан тыс активтердің орташа жылдық құны

3

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті

Өнімді сатудан түскен табыс/ ағымдағы активтердің орташа жылдық құны

4

Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті

Өнімді сатудан түскен табыс/ меншікті капиталдың орташа жылдық құны

5

Тауарлы-материалдық қорлардың(өндірістік қорлардың) айналымдылық коэффициенті

Сатылған өнімнің өзіндік құны/ өндірістік қорлардың(шикізаттар мен материалдардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің) орташа жылдық құны

6

Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті

Өнімді сатудан түскен табыс/ дебиторлық берешектің орташа жылдық құны

7

Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті

Өнімді сатудан түскен табыс/ кредиторлық берешектің орташа жылдық құны

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі оның өз капиталының қаншалықты тиімді пайдаланылғандығын көрсететін бірқатар айналымдылық коэффициенттерімен сипатталады. Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі сандық және сапалық өлшемдер жүйесінің көмегімен анықталады.
Сапалық өлшемдерге – өткізу нарықтарының (ішкі және сыртқы) кеңдігі, кәсіпорынның іскерлік беделі, оның бәсекеге қабілеттілігі, тұрақты жабдықтаушылары мен сатып алушыларының болуы және т.б. жатқызылады. Бұл өлшемдерді сол саладағы немесе бизнестегі қызмет ететін бәсекелестердің ұқсаса параметрлерімен салыстыру қажет.
Іскерлік белсенділіктің сандық өлшемдері абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады. Абсолютті көрсеткіштердің қатарына дайын өнімді (тауарды), (орындалған жұмысты, көрсетілген қызметті) сату көлемін, табысын, активтерінің мөлшерін жатқызуға болады. Ал салыстырмалы көрсеткіштер кәсіпорын ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайды. Оларды айналымдылық көрсеткіштері түрінде көрсетуге болады.

  1. Активтердің айналымдылық коэффициенті - өнімді сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның барлық активтерінің айналым жылдамдығын, яғни, талдау жасалып отырған кезең ішінде олардың жасаған айналым санын көрсетеді. Сонымен қатар бұл коэффициент активтердің 1 теңгесіне сатылған өнімнің қанша теңгесі келетінін көрсетеді. Басқаша айтқанда, активтердің әрбір ақша бірлігіне сатылған өнімнің қанша ақша бірлігі келетінін көрсетеді.

  2. Айналымнан тыс активтердің айналымдылық коэффициенті – өнімді сатудан түскен табысты айналымнан тыс активтердің орташа жылдық құнына бөлу арқылы есептеледі. Ол талдау жасалып отырған кезең ішінде мобильді емес активтердің айналым жылдамдығын көрсетеді. Сонымен қатар, негізгі құралдардың айналымдылық коэффициенті де қарастырылады. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәспорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалану тиіділігін сипаттайды. Ол өнімді сатудан түскен табысты негізгі құралдардың орташа жылдық құнына бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш негізгі құралдардың бір теңгесіне сатудан түскен табыстың қанша теңгесі келетінін көрсетеді.

  3. Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициенті сатудан түскен табыстың есепті кезең ішіндегі ағымдағы активтердің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымдағы активтердің айналым жылдамдығын немесе айналым санын көрсетеді.
    Ағымдағы активтердің бір айналымының ұзақтығы есепті кезеңдегі күндер санының ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентіне қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезең ішіндегі ағымдағы активтердің айналымының ұзақтығын, яғни, кәсіпорынның өндірістік циклінің ұзақтығын көрсетеді.

  4. Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті өнімді сатудан түскен табыстың меншікті капиталдың орташа жылдамдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәнін әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарастыруға болады. Коммерциялық көзқарас тұрғысынан, сатудың артықтығы немесе жеткіліксіздігін, қаржылық жағынан – салынған меншікті капиталдың айналым жылдамдығын, ал экономикалық тұрғыдан, кәсіпорынның меншік иелері тәуекелге барып, салып отырған ақша қаражатының белсенділігін көрсетеді.

  5. Тауарлы-материалдық қорлардың (өндірістік қорлардың) айналымдылық коэффициенті сатылған өнімнің өзіндік құнының өндірістік қорлардың (шикізаттар мен материалдардың, аяқталмаған өндірістің, дайын өнімнің) орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістік қорлардың айналым жылдамдығын көрсетеді.

Өндірістік қорлар оларды дайындау (сатып алу) құны бойынша есептелетіндіктен, айналым коэффициентін есептеу үшін сатудан түскен табыс емес сатылған өнімнің өзіндік құны пайдаланылады. Айналымдылық көрсеткішінің мәні неғұрлым жоғары болса, өндірістік қорлар соғұрлым тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендеуі салыстырмалы түрде өндірістік қорлар мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғаның немесе дайын өнімге деген сұраныстың бәсеңдегенін көрсетеді.

  1. Дебиторлық берешектің айналымдылық коэффициентісатудан түскен табыстың есепті кезеңдегі дебиторлық берешектің орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Ол талдау жасалып отырған кезеңде дебиторлық берешектің қанша айналым жасағанын (айналым санын көрсетеді). Айналымдылық жылдамдаған кезде бұл көрсеткіштің мәні төмендейді, бұл өз кезегінде дебиторлармен есептесу жақсарғанын көрсетеді.

  2. Кредиторлық берешектің айналымдылық коэффициенті. Ол сатудан түскен табысты есепті кезеңдегі кредиторлық берешектің орташа жылдық құнына қатынасымен есептеледі. Ол кәсіпорын берешегінің айналым жылдамдығын көрсетеді, оны жеделдету кәсіпорын өтімділігіне кері әсерін тигізеді.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржы нәтижелерінің салыстырмалы сипаттамасы рентабельділік болып табылады. Кәспорын қызметін талдау кезінде табыстылықтың абсолютті көрсеткіштері (сатудан түскен табыс, жалпы табыс, қаржыландырудан түскен табыс т.б.) оның қаншалықты тиімді жұмыс істеп отырғанын (жақсы немесе жаман) толық сипаттай алмайды. Сондықтан салыстырмалы көрсеткіштер ретінде рентабельділік көрсеткіштерін есептеу қажет.
Рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның салыстырмалы табыстылығын сипаттайды, яғни, әртүрлі тұрғыдан капиталдың немесе қаражаттардың шығындарға қатынасының пайыз түрінде өлшенуі немесе есептелуі. Рентабельділіктің негізгі көрсеткіштерін келесі 20 – кестеден көруге болады.
20 – кестеден көріп отырғанымыздай, рентабельділік көрсеткіштеріне активтердің, ағымдағы активтердің, меншікті капиталдың, сатудың, өнімнің, өндірістің рентабельділіктерін жатқызуға болады.

  1. Активтердің (табыстылығы) рентабельділігі кәспорынның салық салынғанға дейңнгң пайдасының (таза пайданың) активтерінің құнына (орташа жылдық құнына) қатынасымен анықталады. Ол кәсіпорын активтеріне салынған 1 теңге қанша теңге пайда әкелетінін көрсетеді.

  2. Ағымдағы активтердің рентабельділігі айналымдағы активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Ол кәспорынның салық салынғанға дейінгі пайдасының (таза пайдасының) ағымдағы активтер құнына қатынасы арқылы есептеледі.

20 – кесте – Кәсіпорынның рентабельділік(табыстылық) деңгейін бағалау көрсеткіштері





Көрсеткіштер

Есептеу формуласы

1

Активтердің (табыстылығы) рентабельділігі

Салық салынғанға дейінгі пайда (таза пайда)/есепті кезеңдегі активтердің орташа жылдық құны

2

Ағымдағы активтердің рентабельділігі

Салық салынғанға дейінгі пайда (таза пайда)/ ағымдағы активтер құны

3

Меншікті капиталдың рентабельділігі

Салық салынғанға дейінгі пайда (таза пайда)/ меншікті капиталдың орташа жылдық құны

4

Сатудың рентабельділігі

Жалпы пайда (таза пайда)/ өнімді сатудан түскен табыс

5

Өнімнің рентабельділігі

Таза пайда(операциялық қызметтен түскен пайда)/ өнімнің толық өзіндік құнына

6

Өндіріс рентабельділігі

Таза пайда/ негізгі өндірістік қорлар+айналым қорларының орташа жылдық құны


  1. Меншікті капиталдың рентабельділігі меншікті капиталды пайдалану тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорын иелері өзінің осы қаражаттарын басқа бағалы қағаздарға (бизнеске) салудан алынуы мүмкін табыстарымен салыстыруға қол жеткізеді. Батыс елдерінде ол кәсіпорын акцияларын бағалау деңгейіне айтарлықтай әсер етеді. Ол кәсіпорынның салық салынғанға дейінгі пайдасының (таза пайдасының) меншікті капитал көлеміне қатынасы арқылы есептеледі. Оның мәні меншікті иелерінің салған салымдарының әрбір ақшалай бірлігі қанша пайда тапқанын көрсетеді.

  2. Сатудың рентабельділігі. Бұл көрсеткішті жалпы пайда және таза пайда арқылы да есептеуге болады. Яғни жалпы пайданың (таза пайданың немесе салық салынғанға дейінгі пайданың) сатудан түскен табысқа қатынасы арқылы есептеледі. Бірінші жағдайда (жалпы пайда арқылы есептеу) оның мәні кәсіпорынның баға белгілеу саясатындағы өзгерістерді, өнімді сатудың өзіндік құнын бақылау мүмкіншілігін көрсетеді. Бұл коэффициенттің динамикасы материалдық-өндірістік қорларды пайдалануды бақылауды күшейтуді немесе бағаларын қайта қарау қажеттілігін көрсетеді. Екінші жағдайда, яғни таза пайда (салық салынғанға дейінгі пайда) арқылы есептегенде оның мәні сатылған өнімнің әрбір теңгесі жиынтық пайданың қанша теңгесін әкелгенін көрсетеді.

Сонымен қатар, кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалағанда сатылған өнімнің 1 теңгесіне келетін шығындар көлемін анықтау да маңызды. Ол сатылған өнімнің толық өзіндік құнының (сатылған өнімнің өзіндік құны мен өнімді сату шығыстарының) өнімді сатудан түскен табысқа қатынасымен анықталады.

  1. Өнімнің рентабельділігн есептегенде өндірілген өнімнің және сатылған өнімнің рентабельділіктерін анықтауға болады. Өндірілген өнімнің рентабельділігі операциялық қызметтен түскен пайданың немесе таза пайданың (салық салынғанға дейінгі пайданың) өнімнің толық өзіндік құнына қатынасымен анықталса, сатылған өнімнің рентабельділігі операциялық қызметтен түскен пайданың немесе таза пайданың сатылған өнімнің толық өзіндік құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштердің мәні өнімді өндіру мен сату бойынша жұмсалған шығынның әрбір теңгесіне келетін (нақты) операциялық пайданың (жиынтық пайданың) мөлшерін көрсетеді.

  2. Өндіріс рентабельділігі таза пайданың негізгі өндірістік қорлар мен айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістік үрдістегі активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды. Яғни, негізгі өндірістік қорлар мен айналым қорларының әрбір теңгесіне келетін пайда мөлшерін көрсетеді.

Қор биржасында тіркелген кәсіпорындар үшін жоғарыда аталған көрсеткіштермен бірге басқа да бірқатар көрсеткіштер есептеледі. Олар кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын көрсетеді. Мұндай көрсеткіштер келесі кестеде (21 – кесте) келтірілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет