21 – кесте – Кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын көрсететін көрсеткіштер
№
|
Көрсеткіштер
|
Есептелу формуласы
|
1
|
Бір акцияға келетін(түскен) табыс
|
Артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтер көлемін шегергеннен кейін қалған таза пайда/ жай акциялардың жалпы саны
|
2
|
Акцияның құндылығы
|
Акцияның нарықтық бағасы/ акцияға түскен табыс
|
3
|
Акцияның рентабельділігі
|
Бір акцияға төленетін дивиденд/ акцияның нарықтық бағасы
|
4
|
Дивиденд төлеу коэффициенті
|
Акциялар бойынша төленетін дивиденд/ акцияларға түскен табыс
|
Қор биржасында тіркелген кәсіпорынның бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын бір акцияға келетін табыс, акцияның құндылығы, акцияның рентабельділігі, дивиденд төлеу коэффициенті көрсеткіштері арқылы бағалауға болады. Сондықтан осы көрсеткіштерге қысқаша тоқталайық.
Бір акцияға келетін (түскен) табыс артықшылықты акциялар бойынша есептелген дивидендтер көлемін шегергеннен кейін қалған таза табыстың жай акциялардың жалпы санына қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіш әрбір жай акцияға таза табыстың қанша үлесі тиетінін көрсетеді және ол акцияның нарықтық бағасына айтарлықтай дәрежеде ықпал етеді.
Акцияның құндылығы акцияның нарықтық бағасының акцияға түскен табысқа қатынасы арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның акциясына деген сұраныстың индикаторы ретінде қызмет етеді. Ол акционерлер немесе инвесторлардың акцияға түсетін табыстың 1 теңгесіне қанша төлеуге келісетінін көрсетеді.
Акцияның рентабельділігі бәр акцияға төленетін дивидендтің оның нарықтық бағасына қатынасы арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш кәсіпорын акцияларына салынған капиталды қайтару пайызын көрсетеді.
Дивиденд төлеу коэффициенті акциялар бойынша төленетін дивидендті акцияларға түскен табысқа бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткішті бір акцияға түскен дивидендті бір акцияға түскен табысқа бөлу арқылы да есептейді. Ол акционерлерге дивиденд түрінде төленген таза табыстың үлесін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |