2. Негізгі өндірістік қорларды талдау. Мұндай талдаудың негізгі кезеңдері келесілер:
негізгі құралдардың құрылымы мен динамикасын талдау, талдау жүргізу кезінде негізгі құралдарға салынған капиталдың құрылымы мен мөлшері бағаланады, негізгі құралдар құнының баланс құрылымы мен қаржылық жағдайға ықпал ету сипаты анықталады;
негізгі қүралдарды пайдалану тиімділігін талдау, мұнда негізгі құралдардың қозғалысына (негізгі құралдарды енгізу, жаңарту, шығу, жарамдылық, тозу, өсу коэффициенттері т.б. есептеледі), негізгі құралдарды пайдалану тиімділігіне ( қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы т.б. есептеледі), сондай-ақ құрал - жабдықтардың жұмыс жасау уақытына талдау жасалады;
негізгі құралдарға салынған инвестициялардың тиімділігін талдау, бұл кезеңдегі аналитикалық жұмыстың негізгі элементі — капитал салымының және инвестициялау үшін займдарды тарту тиімділігін талдау;
құрал - жабдықтарды ұстау және пайдалану шығындарын талдау, бұл кезеңде ағымдағы жөндеу мен күрделі жөндеу шығындарына талдау жасалады.
3. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын талдау. Материалдық ресурстарды талдау кезінде мынадай кезеңдерді бөліп керсетуге болады:
материалдық-техникалық жабдықтау жоспарларының сапасын талдау, талдау жасау кезінде жеткізушілерден алынған шикізаттармен материалдардың сапасы,олардың стандарттарға және шарттың талаптарына сәйкестігі тексеріледі;
материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалау, бұл кезеңде материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігінің негізгі көрсеткіштері ( материал сыйымдылық, материал қайтарымдылық, өнімнің өзіндік құнындағы материалдық шығындардың үлес салмағы, шикізаттар мен материалдарды пайдалану коэффициенті т.б.) есептеледі;
кәсіпорынның материалдық ресурстарға қажеттілігін бағалау, мұңда кәсіпорынның запастармен қамтамасыз етілу коэффициенті (күн) және шикізаттар мен материалдардың әрбір түрінің орташа күндік шығысы есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |