4. Кәсіпорынның еңбек ресурстарын талдау. Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі кезеңдері:
жұмыс күшін пайдалану жағдайын талдау. Бұл кезеңде кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, персоналдардың біліктілік деңгейіне, динамикасы мен қозғалыс себептеріне талдау жасалады;
еңбек өнімділігін талдау, яғни еңбек өнімділігінің өсімі бойынша жоспардың орындалуын тексеру жэне осы фактордың есебінен өнімнің өсімін анықтау орын алады;
еңбек ақы төлеу жағдайын талдау, бұл кезеңде жалақы қорының құрамы, динамикасы және пайдалану тиімділігіне талдау жасалады.
5. Өнімнің өзіндік құнын талдау. Өзіндік құнды талдау кезінде келесі кезеңдерді бөліп көрсетуге болады:
өткізілген енімнің 1 теңгесіне кеткен шығындарды талдау, мұндай талдау кезінде тауарлық өнімді шығару көлемі, өнім бірлігіне кеткен айнымалы шығындар деңгейі, тұрақты шығындар сомасының және баға деңгейінің өзгеруіне талдау жасалады;
тікелей материалдық және еңбек шығындарын талдау, бұл кезеңдегі талдау жұмысының негізгі элементі жоспарлы және есепті калькуляциялау негізінде әрбір өнім түрі бойынша шығындарды есептеу, сондай-ақ, өнім өндіруге жұмсалған тікелей жалақының жоспарлы және нақты сомасы болып табылады;
жанама шығындарды талдау, бұл кезеңде құрал -жабдықтарды ұстау және пайдалану шығыстары, жалпы өндірістік және коммерциялық шығыстар есептеледі. Мұндай шығыстарды талдау соңғы 5 жыл ішіндегі олардың нақты көлемін тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кеткен шығындармен, сондай-ақ, есепті кезеңдегі жоспарлы деңгеймен салыстыру арқылы жүргізіледі.
6. Пайда мен табыстылық (рентабельділік) деңгейін талдау.
Пайданы қалыптастыру мен пайдалануды талдау төмендегілерді қамтиды:
пайданың құрамы мен динамикасын талдау, талдау кезінде сатудан түскен табыс, жалпы пайда, өндірістік шығыстар қалдығы, базистік және есепті кезеңдегі әдеттегі қызметтен түскен пайда есептеледі;
негізгі қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау, бұл кезеңде кәсіпорынның барлық негізгі қызмет түрлері бойынша қаржылық нәтижелер есептеледі;
өзге де қызмет түрлерінің қаржылық нәтижелерін талдау, бұл кезенде әрбір нақты жағдай бойынша алынған пайда мен зиянның динамикасы мен себептері бағаланады. Осы қызмет түрлері бойынша зияндар мен жоғалтуларды ескерту және қысқартуга бағытталған нақты іс- шаралар әзірленеді;
кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) талдау, мұндай талдау кезінде өндірістік қызметтің, сатудың, өнімнің, активтердің, меншікті капиталдың т.б. табыстылықтары есептеледі;
пайданы бөлу мен пайдалану жағдайын талдау, бұл кезеңде әрбір тауарлық өнім түрлері бойынша пайда сомасын ұлғайту резервтері анықталады. Оның негізгі көздері өнімді сату көлемін ұлғайту, оның өзіндік құнын төмендету, өнім сапасын арттыру т.с.с. болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |