Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын



бет6/12
Дата24.02.2024
өлшемі57.68 Kb.
#493073
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау

7. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Қаржылық жағдайды талдау келесі кезеңдерді қамтиды:

  • шаруашылық субъектінің экономикалық және қаржылық жағдайына алдын-ала шолу жасау, бұл кезеңде кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайы, есепті кезеңде кәсіпорынның жұмыс жасау шарттары, сондай-ақ кәсіпорынның қаржы -шаруашылық қызметінің перспективалары қарастырылады;

  • кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау, мүліктік жағдайды бағалау үшін кәсіпорынның иелігіндегі негізгі құралдардың сомасын анықтау қажет, сондай-ақ негізгі құралдардың активті бөлігінің үлесін, жаңару, істен шығу, тозу коэффициенттері т.б. есептеу керек;

  • кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау, мұндай бағалау қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді перспективадағы көзқарас тұрғысынан бағаланады. Қысқа мерзімді перспективада қаржылық жағдайды бағалау үшін кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабілеттілігін есептеу қажет. Ал ұзақ мерзімді перспективада бағалау кезінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері есептеледі;

  • бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын бағалау, мұндай талдау жасау кезінде бір акцияға келетін табыс, акцияның құндылығы, акцияның табыстылығы, дивиденд төлеу коэффициенттері есептеледі. Сонымен кәсіпорынның өндірістік- шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін талдау оның қаржылық нәтижелерінің объективті және нақты көрінісін, экономикалық ресурстарды пайдалану тиімділігін, өндірістік әлеуетінің мөлшерін көрсетеді.

5.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау көрсеткіштері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы деп оның өз қызметін қаржыландыру мүмкіншілігін (қабілетін) айтамыз. Ол кәсіпорынның дұрыс жұмыс жасауы үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуін, оларды ұтымды орналастыру мен тиімді пайдалануды, басқа жеке және заңды тұлғалармен қаржылық өзара қарым-қатынасын, төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау кезінде бірқатар нақты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Оларды төмендегідей топтарға бөліп қарастыруға болады:

  1. кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау көрсеткіштері;

  2. кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері;

  3. кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау көрсеткіштері;

  4. кәсіпорынның іскерлік белсенділігін бағалау көрсеткіштері;

  5. кәсіпорынның рентабельділігін бағалау көрсеткіштері; Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер топтарының бірінші тобына мүліктік жағдайды бағалау көрсеткіштерін жатқызамыз. Ол көрсеткіштерді келесі кесте (16 - кесте) түрінде көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет