Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін талдау және бағалау


– кесте – Кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері



бет8/12
Дата24.02.2024
өлшемі57.68 Kb.
#493073
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін бағалау

17 – кесте – Кәсіпорынның өтімділігін бағалау көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Есептеу формуласы

1

Абсолютті өтімділік коэффициенті

Кәсіпорынның ақшалай қаражаттары + қысқа мерзімді қаржылық салмдары/қысқа мерзімді міндеттемелер

2

Жедел өтімділік коэффициенті (аралық жабу коэффициенті)

Ақшалай қаражаттар + қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар) + қысқа мерзімді дебиторлық берешек/қысқа мерзімді міндеттемелер

3

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

Ағымдағы активтер/ Ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелер

Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақшалай резервтер нормасы) кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдарының (тез өткізілетін бағалы қағаздардың) қысқа мерзімді міндеттемелеріне қатынасымен анықталады. Бұл көрсеткіштің мәні қысқа мерзімді міндеттемелерінің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығын көрсетеді. Мұның мәні неғұрлым жоғары болса, қарыздарды жабу кепілдігі де соғұрлым көп болады.


Жедел өтімділік коэффициенті (аралық жабу коэффициенті) – ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бағалы қағаздар), қысқа мерзімді дебиторлық берешектің қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасымен есептеледі. Бұл көрсеткіш ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін ақшалай қаражаттармен ғана емес, күтіліп отырған ақшалай түсімдердің (дебиторлық берешектің) есебінен жабуға болатындығын көрсетеді. Оның шекті мәні 0,7-1 шамасында болу тиіс, бірақ оның өзгеруіне әсер еткен факторларды (ақшалай қаражаттар әлде дебиторлық берешек) ескеру керек.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (болашақ кезеңнің шығындарынан басқа) ағымдағы (қысқа мерзімді) міндеттемелерге (болашақ кезеңнің табыстары) қатынасымен анықталады. Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді жабу дәрежесін көрсетеді. Басқаша айтқанда, ағымдағы міндеттемелердің бір теңгесіне келетін ағымдағы активтердің мөлшерін көрсетеді.
Егер ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелерден жоғары болса, кәсіпорын жақсы жұмыс істеп отыр деп айта аламыз. Бұл көрсеткіштің мәні 2-ден көп >2 болу тиіс. Алайда бұл мәнді барлық салалар үшін бірыңғай мәні ретінде белгілеу мүмкін емес. Өйткені ол қызмет сферасына, активтердің сапасы мен құрылымына, өндірістік циклдің ұзақтығына т.б. байланысты болады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың келесі көрсеткіштер тобына қаржылық тұрақтылық жатқызылады. Ол көрсеткіштерді қарастырмас бұрын қаржылық тұрақтылық түсінігіне тоқталайық.
Қаржылық тұрақтылық – табыстың шығыннан тұрақты дәрежеге артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өнім өндіру және өткізу үрдісінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндірістік-шаруашылық қызмет үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны бөлу, тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурстарының жағдайы. Қаржы тұрақтылық көрсеткіштері кәспіорын активтерінің жағдайы мен құрылымы, қарыздық капиталдарды тарту деңгейі және осы қарыздарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қабілетін сипаттайды.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы төмендегі кестеде (118-кесте) көрсетілген бірқатар көрсеткіштермен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет