КӘсіпкерлік тәуекел



жүктеу 170.63 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі170.63 Kb.
КӘСІПКЕРЛІК ТӘУЕКЕЛ


  1. Тәуекел мәні және функциялары

  2. Кәсіпкерліктегі тәуекел түрлері

  3. Айналым тәуекелінің жоғалтулары және кәсіпкерлік қызметтегі олардың себептері

  4. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді азайту және сақтандару әдісттері


1. Адамдар әртүрлі қызмет ауқымында барлық уақытта тәуекелмен кездеседі. Кәсіпкерлік қызмет – бұл инновациялық тәуекелдік қызмет. Кәсіпкер жаңа технология, жаңа техника, еңбекті ұйымдастырудың, өндірістің, инновациялық маркетингтің, менеджметтің жаңа әдістерін қолдана отырып, шығын алуға ресурстардың бір бөлігін немесе толығымен жоғалтуға тәуекелге барады.

Тәуекел – бұл мүмкін қауіптілік.

Экономикалық теорияда тәуекел дегеніміз кәсіпорынның белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстың бір бөлігін жоғалту ықтималдығы.

Кәсіпкерлік тәуекел - өнімдерді тауарларды, қызмет көрсетулерді өндірумен, оларды өткізумен, тауар-ақша және қаржы операцияларымен, коммерциямен байланысты кез келген қызмет түрінде пайда болатын әлеуетті мүмкін қауіптілік, ресурстарды ықтимал жоғалтулар. Ол ресурстардың күтпеген, есептелмеген шығыны ретінде немесе ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген нұсқамен салыстырғандағы табысты ала алмауы ретінде сипатталады.

Кәсіпкерлік тәуекелдің мәнін қарастыру кәсіпкерлік қызметте тәуекел орындайтын функцияларды анықтаумен басталады:


  1. Инновациялық

  2. реттеуші

  3. қоғаушы

  4. аналитикалық

Кәсіпкерлік тәуекелдің инновациялық функциясын кәсіпкер алдында тұрған мәселелерді дәстүрлі емес шешуді іздестіруді ынталандырумен орындайды.

Реттеуші функция қарама қайшы сипатта болады және екі түрлі нысанында шығады: конструкциялық және бүлдіргіш.

Тәуекелдің қорғаныш функциясы егер кәсіпкер үшін тәуекел табиғи жағдай болса, сәтсіздіктерге шыдам да қалыпты болу тиістігінен көрінеді.

Аналитикалық функциясы шешімдердің мүмкін нұсқаларының ішінен біреуін таңдау қажеттілігінде тәуекелдің болуын білуімен байланысты.


2. Кәсіпкерлік тәуекелді жіктеу күрделілігі олардың көп түрлігінде. Тәуекелді жіктеу әртүрлі белгілері бойынша жүзеге асады: пайда болу себебі, атқарымдық түрі бойынша және кәсіпкерлік сала бойынша, сақтандыру мүмкіндігі. жіберілетін деңгейі бойынша және т.б.

Кәсіпкерлік тәуекелдің жіктелуі: Кәсіпкерлік қызмет белгілері бойынша: өндірістік тәуекел өнім тауар өндіруге және қызмет көрсетуге, кез келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асыруға байланысты; коммерциялық тәуекел өндірген немесе сатып алған тауарларды және қызмет көрсетуді өткізу процесінде туады; қаржылық тәуекел кәсіпкердің банктермен және басқа қаржы институттарыен қатынас сферасында пайда болады; заңдық – заң актілерінің төмен сапасымен және заңдағы күтпеген өзгерістермен байланысты; инвестициялық тәуекел – техникалық экономикалық негіздемені сапасыз жасаумен, жобаның құнының күтпеген өсуімен, қоршаған орнһтаны қорғау туралы заңның күшеюіне байланысты; сақтандыру т. – сақтандыру қорын қалыптастурымен, қорды басқарумен байланысты. Аумағы бойынша: жергілікті, салалық, елдік. Пайда болу табиғаты бойынша: субъективті және объективті. Туу сферасы бойынша: ішкі, сыртқы. Мүмкіндігі бойынша: сақтандырылатын, сақтандырылмайтын.


3. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелден болған жоғалтулар материалдық, еңбектік, қаржылық, уақыт жоғалтулары, жоғалтулардың арнайы түрлеріне бөлінеді.

Материалдық түрі жобада қарастырылмаған қосымша шығындардың немесе үйлер, ғимараттар, жабдықтар, шикізат, энергия түріндегі материалдық объектілердің тікелей жоғалтулардан көрінеді. Еңбектік жоғалтулар кездейсоқ болжанбаған жағдайлардан болған жұмыс уақытының жоғалтулары. Қаржы жоғалтулары тікелей ақшалай зиян нәтижесінде пайда болады. Уақыт шығындары кәсіпкерлік қызмет процесі ойдағыдай ақырын, кешігіп жүргенде орын алады. Жоғалтулардың арнайы түрлері адамдардың денсаулығына және өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне зиян келтіру және басқа қолайсыз әлеуметтік және моральдық-психологиялық зардаптары бар жағдайлар әсерінен көрінеді.


4. Тәуекелді азайтудың негізгі әдістері:

  1. қосымша жұмыс күші, нарық туралы ақпараты, жеткілікті қаржы құралдары бар кәсіпорындар қатарынан әріптестер іздеу;

  2. қосалқы мәселелерді жоба алдында мұқият пысықтау;

  3. тәуекелді жобаның қатысушылары, оны орындаушылары арасында болу;

  4. тәуекелді сақтандыру.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру. Сақтандыру – бұл қолайсыз жағдайлар, бақытсыз оқиға әсерінен зиянның, жоғалтудың орнын толтыру үшін арналған кәсіпорындардың, ұйымдардың, азаматтардың ақшалай қаржылары есебінен арнайы резервтік қор құру. Сақтандыру жағдайы болғанда, сақтанушыға зиян тигенде, сақтандырушы шарт жағдайларына сәйкес сақтандыру өтеуін төлейді. Сақтандырушы мынадай сақтандыру қызметінің түрлерін жүзеге асырады: мүлікті сақтандыру, үй жануарларын, коммерциялық операцияларды, азаматтарды сақтандыру. Сақтандыру жүйесі қарапайым түсінікті және өте тиімді болуы тиіс.
КӘСІПКЕРЛЕР БӘСЕКЕЛЕСТІГІ


  1. Бәсекелестің функциясы және мазмұны

  2. Бәсекелестің түрлері

  3. Бәсекелестікті жүргізу тәсілі және бәсекелестік сараптама

  4. Мемлекеттік антимонопольдык реттеу жүйесі


1. Бәсекелестік – бұл өндірушілер мен жеткізушілердің, кәсіпорындар мен фирмалар арасындағы қолайлы өндіріс шарты және өзінің кәсіпкерлік іскерлігінің таңдаулы нәтижесін өткізу мақсатындағы күресу.

Бәсекелестік жинақталған түрде төмендегідей қызметтерді атқарады:



  1. Реттеуші. Бәсекелестік тауарлар ұсынылымына, олардың тұтынушылар сұранымына сай бола алатындығына ықпал етеді.

  2. Аллокациялық. Бұл функция – қорлар және өндірілген тауарлардың соңғы есепте саналған және олардың толық түрде кері қайтаруды қамтамасыз ете алатын шоғырланған жерінде байқалады.

  3. Инновациялық және адаптациялық қызметі – бизнесмендерді тиімді түрде пайда түсіруге негіздеп, олардың қаражаттарын инновацияға яғни, технология машина түрін жаңартуға, тұтынушы сұранымының өзгеруіне икемделуге байланысты жұмсалуына ықпал етеді.

  4. Бөлуші. Бәсекелестік кадрларды және тауарларды зерулік дәрежесіне байланысты бөлу.

  5. Қадағалаушы. Бәсекелестік кезінде бірді-бір сатушы/тұтынушы нарықта өктемдік жағдайға ие бола алмайды және өзінің шартын жүргізе алмайды.


2. Бәсекелестіктің түрін топтастыру сан жағынан және нарықтағы өндірушілердің салмақ үлесінен қатысты болады.

Жетілген және жетілмеген бәсекелестіктің түрлерінің сәйкестігін ажыратамыз. Жетілген бәсекелестіктің негізгі түрлері:



  1. Бәсекелестікке қатысушылардың санының есепсіздігі, нарыққа еркін түрде ену, араласу және одан шығу құқығы бар.

  2. Абсолютті мобильюі материалдық, еңбектік, қаржылық және басқа да ресурстар бойынша – бәсекелестікке қатысушы өзінің ақшасын текке салмайды, кірістің ұлғаюы үшін салады.

  3. Толық түрде мағлұмат алуы.

  4. Абсолютті бір текті, бір атты өнімдер жекелей айтқанда сауда белгісінің немесе басқа жеке тауар сапасының мінездемесінің болмауы сатушыны.

  5. Еркін бәсекелестікке қатысушылардың бірде-бір басқа қатысушылар арқылы бекітілген шешімге қарсылық көрсетіге ырқы жоқ.

Нарықтағы жетілмеген бәсекелестік нақтымонополияны, монополистік бәсекелестікті, олигополияны тудырады.
3. Бәсекелестік стратегия – бұл іскер стратегияның синонимі немесе кез келген шаруашылықтағы бөлім қолданылып, соның ішінде белгілі бір мақсат пен жетістіктерге жету үшін және өзінің саласындағы жағдайда бәсекелестікке бейімділігін ыңғайлау үшін қолданатын ережелердің жиынтығы.

Л.Г. Роменскийдің еңбегінде бұл стратегияның мынадай төрт түрі көрсетілген:



  1. Виоленттік стратегия – ірі стандартты тауардармен қызметтер өндірісінде жұмыс істейтін фирмаларға тән.

  2. Коммутанттық стратегия – ірі қарапайым бизнесте ұсақ масштабтағы қолданылатын түрі.

  3. Патенттік – жеке дара жолға түскен, тек бір сала бойынша ғана жұмыс істейтін фирмаларда қолданылады.

Сараптаманың мақсаты – бәсекелестіктердің стратегияда қандай өзгерістер қолданатындығын бағалау. Сараптама төрт түрлі диагностикалық компонентті ұсынады:

  1. Алдағы мақсаттар – мұндай мақсатты білу бәсекеге түсінушіні өзінің қазіргі жағдайымен және қаражатының шешімдерімен толық танысып, қанағаттануына мүмкіндік береді.

  2. Болжам – екі категорияға бөлінеді. Бұл баға бәсекелестің жеке өзіне және бәсекелестің ұсынысына, салыстырмалы салаға және басқа оған жұмыс істейтін компанияға беріледі.

  3. Ағымдағы стратегия – бәсекелестіктің стратегиясын жеделдетілген бағдарлама ретінде анықтауға болдаы.

  4. Мүмкіндіктер. Бәсекелестер мүмкіндігінің сараптамасы диагностиканың процесінде аяқталады.


4.Мемлекеттік антимонопольдік реттеу жүйесі нарықтық экономикалық қағидаларды қолданатын барлық елдерінде құрылады.

Антимонопольдік реттеу – шоғырлау деңгейін реттуге және өндірісті монополиялауға, стратегияны және кәсіпорын тактикасына В.Э.Д, бағалы және салықтық реттеуге тікелей қатысы бар. Антимонопольдік заңдылық ҚР Конститутциясына негізделіп, ҚР Азаматтық кодексінің нормаларынан тұрады және Қазақстан Республикасының «монополиялық іскерліктегі шектеулері мен бәсекелестіктері туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. Бұл заңдылықтардың барлығы – ескерту жағдайларынан, шектеу және монополиялық іскерліктің қиылысуын, теріс пиғылды бәсекелестікті ескеруден және табиғи монополия субъектілерінің іскерлігін реттеуге қатысты. Монополиялық шектеуді – антимонопольды орган Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеуі бойынша Агенттілік департамент, бәсекелестілікті қорғау және шағын бизнесті қолдауды жүргізеді. Негізгі қызмет міндеттері, өкілеттігі, жауапкершілігі Қазақстан Республикасының «Монополиялық іскерлікттегі шектеулері мен бәсекелестіктері туралы» Заңымен Қазақстан Республикасының басқа да заңдылық актілерімен анықталады.



КӘСІПКЕРЛІК ҚҰПИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ


  1. Кәсіпкерлік құпияның мәні

  2. кәсіпкерлік құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы мен көлемі

  3. Кәсіпорындағы кәсіпкерлік құпияны қорғау ұйымы

  4. Кәсіпкерлік құпияны қорғау бойынша құрылған іс-шаралардың жүйесі


1. Кәсіпкерлік құпия – бұл өндірістік құпия, соның ішінде ғылыми зерттеушілік нәтижелер, жобалық – құрамалық нәтижелер, технологиялық іздестіру, зерттеу, көмекші міндеттерлі жеке шешу, қорыта айтқанда өндірістің іс істеу барысында туатын жағдайы болып табылады. Бұл ойлап табу, өндірістің құпиясы, «ноу-хау», қаражатын басқару әдістері, фирманың құпиясын сақтау.

Кәсіпкерлік құпиямен тығыз байланысты мыналар болып табылады: коммерциялық құпия – бұл кәсіпорынның құқығы болып табылады, ұйымға жарияламау, айтпау тапсырылады; банкілік құпия – банк операциясын жүргізетіндермен және тұрақты клиенттердің есебіндегі ақша көлемін жарияламау; Қаржылық құпия - бұл бухгалтерлік және қаржылық құжаттардың бөт тұлғаның алдында айтылмауы, сақталуы; Ақпарат – мәлімет соның ішінде коммерциялық құндылығы бар қимыл іс-әрекеті.

Кәсіпкерлік құпияның негізгі мақсаты – бұл бәсекелестерден фирманың жетістігі жөніндегі ақпаратты санкцияландырылмаған пайдаланудан қорғау.

Кәсіпкерлік құпияның нысаны:



  • ғылыми техникалық жетістіктер, жаңалықтар;

  • шығармашылық жұмысшылар;

  • коммерциялық ақпарат;

  • тікелей жұмысшылар.

Кәсіпкер иегері кәсіпкерлік құпия құрайтын мәліметтердің бәрімен танысуға құқысы бар, егер бұл жағдай құрылтайшы құжаттарды қаралмаған болса немесе кәсіпорын мүдірімен келісім шартқа кіргізілмеген болса да, кәсіпорын иесі оған бағынбауға толық құқығы бар.

2. Кәсіпкерлік құпияны құрайтын маңызды мәліметтердің 4 деңгейін атап көрсетуге болады:

  1. өмірлік маңызы бар, алмастырмайтын ақпарат, кәсіпорынның жұмысы үшін өте қажет ашылуына және жабылуына нақты түрдегі септігін тигізеді;

  2. маңызды ақпараттың жойылып кету процесіне әкеледі немесе үлкен шығынға батырады;

  3. пайдалы ақпарат – мұның қолдан шығып кетуі кәсіпорынға залал тигізеді, бірақ оның қызметінің тиімділігіне оншалықты әсері бола қоймайды;

  4. мардымсыз ақпарат – бұл кәсіпорынға материалдық шығын және оның қызмет етуіне тигізер әсері болмайды.

Фирманың келешегінің дамуы туралы мәліметінің құпия болуына қатысты: тапсырыскерлерге, мерзімге, несие сомасына және т.б. жағдайларға байланысты болады.

3. Кәсіпкерлік құпияны тиімді түрде қорғау төмендегідей міндетті шарттардан тұрады:

  1. қаржылық, коммерциялық, өндірістік сұраулар шешімінің бірлігінен;

  2. өте құпия ақпараттың сақталу деңгейіне жетекшілердің арнаулы түрдегі жауапкершілігі;

  3. коммерциялық құпияны жеткізушілердің, тасымалдаушылардың, сақтық тәртібі, арнайы іс жүргізуді ұйымдастыру;

  4. ақпаратты білуге тиісті соның ішінде өте құпия түрін, тұлғаларды шектеу санын анықтау;

  5. коммерциялық құпияны сақтаудағы жүргізілген шараладың және өңдеулердің жоспары, соның ішінде қолданылған шараладың тиімділігіне арнаулы бақылау.

Коммерциялық құпияны сақтау үшін соған қажеттілікті дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Коммерциялық құпияны қорғаудың маңызды бағыты болып кәсіпорынның кадрлік құрамының тұрақтылығы саналады. Егер құрамындағы білімді мамандар тұрақсыз болса, онда фирманың құпиялылығы бәсекелестерге жария болып, оларға үлкен пайда әкелуі мүмкін.

4. Кәсіпкерлік құпияны қорғаудың нақты жүйесін жасау үшін, төмендегідей істерді атқару қажет:

  1. команда құру, соның ішінде фирмадағы құпияны қорғау бағдарламасының орындалуына жауап беретін;

  2. ақпараттың қандай жолмен шығып кету мүмкіндігін анықтау:

  3. құпия сақтау элементтері.

Бұдан басқа ақпаратты қорғау жүйесін ойластыруға болады. Ақпаратты қорғау үшін келесі іс-шараларды пайдалануға болады:

  1. ұйымдасқан түрде;

  2. техникалық тұрғыда;

  3. арнаулы тұрғыда.

Ақпараттың құпиялығын сақтау үшін, оны фрагменттерге бөліп, әртүрлі бөлшектерге және әртүрлі сейфтергде сақтау қажет.

Коммерциялық құпияны күзету, бұл арнайы ортаға мәліметтің таралмауына тыйым салу немесе анықталмаған ортадағы тұлғалар үшін қабылдау түріне әрі мәліметті басқа тұлғаға беруге қатаң түрде тыйым салу.



КОММЕРЦИЯЛЫҚ МӘМІЛЕЛЕР


  1. Коммерциялық мәмілелердің түрі және ұғымы

  2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыру әдістері

  3. Коммерциялық мәмілелердің технологиялық жүзеге асыру

  4. Сату, сатып алу келісім шарттың негізгі бөлімдері және олардың мазмұны

1.Кәсіпкерлердің қимылының сызбасын құрайтын негіз - экономика- кәсіпкерлік мақсаттың алға жылжуының құқықтық түрі. Мұндай түр арқылы мәміленің нақты түрі айқындалады, соның ішінде әріптестің қолданған ісіне және кәсіпкерліктің мақсатына жауап беруі кіреді.

Мәміле – бұл бағалы заттар мен коммерциялық айырбас.Мәмілелер пайдалы немесе пайдасыз және қажеттілігі көп, әрі қажеттілігі аз болуы мүмкін. Мәміленң коммерциялық шешімі, нәтижесі оны тағайындаудан, іске асыру процесінен қалыптасады.

Барлық коммерциялық мәмілелер екі түрге бөлінеді: негізгі және көмекші.

Көмекші түрлерге мыналар жатады:

* тауарларды сату- сатып алу (өнімдерді);

* сатып алу – сату, ғылыми техникалық білім алмастыру (патенттер, лицензиялар, «ноу-хау»);

* техникалық қызметті сатып алу және сату (техниканың жаңарту түрі, уникальды нысандардың құрылысы кезіндегі бірлескен қимылдар және т.б.);

* өндіріс факторларының жалға берілуі;

* тауарларды, жұмыс және қызметтерді жалдау;

* халықаралық туризм ұйымы.

Қарама-қарсы сауда – бұл мәмілелердің жеке түрінің жиынтығы, сонымен бірге өзара тауар жеткізу балансының жетістігіне негізделген (тауар сатудағы жауапты тауарларды жеткізуді пайдалану(.

Қарама- қарсы сауданың әртүрлілігі:

* баспа-бас жеткізу

* қарама-қарсы жеткізу;

* коммерциялық триангуляция.

Коммерциялық триангуляция – бұл қажетті тауарды іздеу барысын екіден жоғары жақтардың (қатысушылардың) баспа-бас операциясына қатысқан жағдайында туындайды.



2. Коммерциялық тәжірибеде мәмілелер жүзеге асыру әдісінің екі түрлі негізі жиі қолданылады:

  • өндірушімен тікелей;

  • делдал арқылы.

Тура сауда мәмілелері – бұл операция тауар жұмыс қызметі жөнінде тұтынушылар мен өндірушілер арасында тікелей түрде өтеді.

Кәсіпкерлік іскерлік тауар өндірісімен тікелей байланысты болғанда төмендегідей ерекшелікте болады:



  1. дәстүрлік мінездеме;

  2. жаңалық еңгізу мінездемесі.

Жаңалық енгізу – негізгі капиталдың жаңаруы (өндірістік қорлардың) немесе шығарылатын өнімдердің ғылыми техника-технология жетістіктеріндегі; жаңару негізіндегі шығаратын өнімдер. Бұл қоғамдық өндірісті жетілдірудің заңды, объективті процесі.

Сауда делдалдары – бұл коммерциялық фирма (жеке тұлға) сатып алу бағасының айырым есебінен пайда түсетін және таратудан немесе комиссиондық делдалдық сый ақы есебінен (сатушының немесе сатып алушының төлемі бойынша).

Тура (тікелей) байланыстар – бұл келісімдік қатынас - тауар өндіруші мен оны тікелей пайдаланушы арасындағы жағдайға байланысты болатын.

Агенттендіру. Делдалдылықта кәсіпкерлік іскерлік нақты түрде жүргізіледі.

Агент – бұл тұлға тұтынушының немесе тауар өндірушінің атынан оларға қажетті, керекті қимыл жасайтын адам.

Брокерлік. Егер агенттер принципиалдық қажеттілігі бойынша ұзақ уақыт негізінде қызмет етсе, онда агенттің бір делдалдық қызметі (сатып алушы немесе сатушы үшін) брокерлікті ораындаған болып есептелінеді. Мұның негізінде қызметі сатушылар мен сатып алушыны жүздестіру, олардың өзара келісімге отыруын жүзеге асыру. Брокер өзіне ешқандай міндеттеме алмайды және мәміле бекітуге қатыспайды, ол тек қажетті екі жақты жүздестіреді.

Комиссия. Кей кездерде агент көтермеші комиссия ретінде өз бетімен тауарларға билік жүргізеді, оларды комиссияға қабылдайды.

Комиссиондық операция – бұл делдалдық сауда операциясының әртүрлілігі, соның ішінде бір жақтан (комиссионер) екінші жақтың тапсырмасы бойынша (комитент) жеке өзінің атынан, бірақ комитенттің есебінен жүргізілуін айтамыз. Мұндай жақтардың қатынастары комиссия келісімімен реттеледі.

Комиссионер делдал – бұл жеке және заңды тұлға, анықталған сыйақы үшін пайда келтіру мақсатында мәміле жасайтын және пайданы комитент үшін келтіріп, тек оның комитенттің өзінің есебінен, бірақ өзінің атынан мәмлені жүзеге асыратын тұлға.

Комитент – бұл (қарапайым өндіруші немесе тауар иесі) басқа бір тұлғаға тапсырма беруші (комиссионерге), белгілі бір мәміле бекітуді немесе бірнеше мәміле бекітуді комиссионердің атынан жүргізетін, бірақ есебінен өзі (комитент) төлейтін тұлға.

Дистрибъютер – бұл өзінің күнделікті, тұрғылықты клиенттеріне өндірушілерден алынған тауарларды өткізуге мамандандырылған делдал.

Дилерлік – бұл делдалдық операцияның түрі. Дилер тауарларды өзінің атынан қайта сатуды жүргізеді. Дилерлік үлес, пайда алынған заттардың бағаларының айырмасының есебінен құрылады және тауарларды сатуды дилер өзі жүогізеді.



3. Коммерциялық мәмілелерді жүргізуді бірнеше сатыға бөлуге болады:

  1. контрагентті іздеу және таңдау;

  2. сатып алу және сату келісім шартына қол қоюға дайындалу;

  3. сату-сатып алу келісім шартын бекіту;

  4. сату-сатып алу келісім шарты негіздерін жүзеге асыру.

Контрагентті талдау – бұл маңызды шешім, мұның шешімімен мәміленің нәтижесі шығады.

Келісім – бұл әріптестер байланысы арқылы жүретін бекітімнің түрі. Кәсіпкерлікте міндетті түрде құрылтайшы келісімді (бұл құжат жеке және заңды тұлғалардың өз еріктермен құрылғандығын білдіретін, жаңа құқықтық ұйым құрылысты мекеменің нақты кәсіпкерлік ойды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын жазбаша құжат ), кәсіпкерлік келісім (бұл әр жақтың өз еркімен кәсіпкерлікті жүзеге асыру ниетінде, қандайда бір құқықтық ұйым құрылымын біріктіруге келіспеген келісімнің түрі ), шаруашылық келісім (бұл әр жақтың өзара бітімге келуі, міндеттеме бекітуі әрі жақтың әр қайсысы бұдан яғни мәміле негізінен өзіне тиімділік түсіреді).



4. Келісім шарт мәміленің жүзеге асу шартын айқындайды, оның жауапкершілік, орындау жақтарының тәртібін көрсетеді.

Келісім шартта міндетті түрде шарттар қойылады:



  1. жеткізудің заты мен көлемі;

  2. тауардың саны мен сапасын анықтау тәсілі;

  3. жеткізудің шарты және орны;

  4. келісім шарттың бағасы;

  5. валюта төлемдерінің атауы және төлемнің шарттары;

  6. тауарды қабылдау және өткізу тәртібі;

  7. жеткізу кепілі және мадақтау немесе айыппұл санкциялары;

  8. екі жақтың келіспеушілік кезіндегі төрешілік;

  9. әр жақтың заңды мекендері және басқа тұрғылықты жайлары;

  10. уәкілетті тұлғалардың қолдары.

Мұнан басқа келісім шартта кездеседі:

  1. залалды қайтару тәртібі;

  2. жауапкершіліктен босату қағидасы;

  3. келісім шарттың бұзылғанындағы, тоқталғандағы тәртіп.

КӘСІПКЕРЛІК ІСКЕРЛІКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ


  1. Кәсіпкерлік фирмалардың қаражаттық ресурстары және оның қайнар көздері, әрі олардың құрылу жолдары

  2. Кәсіпкерлік іскерлікті қаражаттандыру түрлері

  3. Кәсіпкерлік іскерліктің қаржыландырудың бір түрі – факторинг

  4. Кәсіпкерлік фирманың инвестициялық іскерлігі

1. Қаражат – бұл кәсіпкерлік жүйесінің ең маңызды орын алатын мәселелерінің бірі. Бұл тауар шығарушылар мен тұтынушылар арасындағы ақша көмегі арқылы пайда болатын қатынастың түрі. Қаражат жүйесі өзіне бағынышта тағы да 2 жүйеден тұрады:

  1. Негізгі (мемлекет, кәсіпорын қаражаттары) көпшіліктің қаражаты;

  2. Қамтамасыз ететін (банкілер, биржалар, биржаның сыртындағы нарықтар).

Ақша қаражатының қозғалысы екі түрлі жағдайда болуы мүмкін:

    1. кәсіпорынның құрылу кезінде қызметке кірісу кезінде;

    2. шаруашылықтың ұйымдасқан құқықтық түріне қатысты.

Егер кәсіпорында жеке қаржы қаражаты жетпесе, онда ол мемлекеттен несие немесе бюджеттік супсидтік жәрдем ақша алуға тырысады.

Кәсіпкермен іс жүзінде өндірістік, инвестициялық, қаражаттық іскерлікте қаржылық ресурстар пайдаланылады. Олар тұрақты қозғалыста болады және банкілердің, фирма кассаларының есеп шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдықтары түріндегі ақшалы формада кездеседі.



2. Сырттай қаражаттандыру түрі, кәсіпкер фирмасына капиталдың сыртқы көздерден әкелінуі ретінде саналады. Негізгі түрлері – бұл құнды қағаздар эмиссиясы, банктегі несиелерге назар аударту, коммерциялық несиелерді пайдалану, қолдану, банкілерге үлестерді сату және басқа кәсіпкерлік құрылыстарға сату, қаражат көмегін өтеусіз түрде алу және т.б. болып табылады.

Қаржылық қаражат іскерлігі, оның ішінде ағымдағы түрі өзінің жүру барысында қоймалардағы қорлардың толығуына және тосын шығындардың төлеміне өз пайдасын тигізеді.

Мұндай сұранымдар қысқа мерзімді жағдайда болады және қысқа мерзімді қаражаттандыру түріне тікелей байланыста болады:


  1. коммециялық несие;

  2. банкілік акцепт;

  3. факторинг;

  4. коммерциялық құнды қағаздар;

  5. ішкі бастаулар; дебиторлық қарызгерліктің кепілі бойынша несие беру және тауар-материалдық қорлар.

3. Факторинг банкінің немесе мамандандырылған компанияны, төленбеген қарызды талап ететін түрінің орнын басатын және соның ішінде контрагенттердің арасындағы тауарды өткізу процесінде және коммерциялық кредит шартындағы қызметтердегі жеткізушінің бухгалтерлік, ақпараттық, өткізушілік, сақтандырушылық, заңдылық т.б. фирмаға қызмет етуінің орнын басады.

Факторингтік операцияға 3 жақ қатысады:



  1. факторингтік компания немесе банкінің факторингтік бөлімі, арнайы мамандандырылған мекеме.

  2. фирма-клиент-фирма;

  3. фирма-қарызгер-тауар сатып алушы.

Факторингтік операциялар есеп айырысуды жылдамдатады, соның ішінде фирманың экономикасындағы, айналымдағы қаражатын.

Факторингтік операциялар ашық және жабық болып бөлінеді.

Ашық түрдегі факторинг – егер қарыз төлеуші факторинг компаниясын сату жөніндегі талабымен таныс болса, жабық факторингте клиент факторинг компаниясымен келісімге отырады, бірақ бұл туралы өзінің сатып алушыларына айтпайды.

4. Инвестиция – ақшалай қаражат, фирманың қозғалысының дамуын қамтамасыз ететін және төмендегідей міндеттерді шешуге көмектеседі:


  1. қаржылық және материалдық ресурстардың жиналу есебінен жеке меншік кәсіпкерлікті ұлғайтуға;

  2. жаңа кәсіпорындарды сатып алу;

  3. кәсіпкерліктің жаңа аймағындағы жаңару ізділігін, қызметін әртараптандыру.

Капитал салу объектісіне байланысты:

  1. нақтылық инвестициялар кез келген ақша қаражатын салудың нақты белсенді түрі;

  2. қаржылық инвестициялар – бұл пайда түсіру үшін активтерді бағалы қағаз түрінде сатып алу.

Қысқа мерзімді инвестийиялар бұл бір жылға дейінгі кезеңге ақша қаражатын салу.

Ұзақ мерзімді инвестициялар бұл жобаларды жүргізуге салынған ақшалай қаражат.



Инвестициялық қызметтің бастау көзінің жүргізуші болып мыналар табылады:

  1. инвестордың ішкі шаруашылық және қаржылық ресурстары;

  2. инвестордың заемдық, қаржылық қаражаты, банкілік несие есебінде, бюджеттік несие есебінде және басқа қаражаттар есебіне саналады;

  3. инвестордың жұмылдыру қаржылық қаражаты;

  4. ақшалай қаражат.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет