Кәсіпкерліктің артықшылықтары



бет6/12
Дата10.09.2023
өлшемі43.38 Kb.
#477015
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
кәсіпкер 10

Франчайзинг — ұзақ мерзімді іскерлік қатынастардың нысаны, ол тәуекел дәрежесі төмен және тұрақты пайдалылық деңгейі бар кәсіпкерлікті ұйымдастырудың тиімділігі жоғары жолы. Франчайзинг жүйесін пайдалану тұтынушылардың сұранысын толығымен қанағаттандыруға және оның өзгерісіне жедел жауап қайтаруға мүмкіндік береді. Франчайзингтік қатынастар желі қатысушыларына бірқатар артықшылықтар ұсынуымен тартымды: біріншіден, жаңа кәсіпкерлерге — табысы тұрақты бизнестің көмегімен өзіндік кәсібін ұйымдастыруға мүмкіндік береді, екіншіден, танымал компаниялардың нарықтағы қызметін кеңейту және нығайту жолы, үшіншіден, мемлекеттің кәсіпкерлікті қолдаудағы тиімді тетігі болып табылады.
Қазақстан Франчайзинг қауымдастығының мәліметтері бойынша, елімізде 120 франчайзингтік жүйе және 1000 франчайзи кәсіпорындар бар. Экономиканың қарқынды дамуы, шағын және орта бизнестің ЖІӨ-гі үлесінің өсуі, алдыңғы қатарлы бизнес технологияларына сұраныстың артуы, салыстырмалы түрде франчайзинг тауашасының қанықпағандығы және тағы басқа бірқатар факторлар жуық арада бұл сектор үлесі бірнеше есеге ұлғаяды деген болжам жасауға мүмкіндік береді. Бірақ, франчайзингтің дамуына кедергі болып отырған факторлар бар, олар: франчайзингтік секторға арналған мемлекеттік жеңілдіктер мен пре-ференциялардың болмауы, санаткерлік меншіктің толық қорғалмағандығы, кәсіпкерлердің қаржылық мүмкіндіктерінің жеткіліксіздігі, франчайзинг туралы ақпараттың аздығы, жылжымайтын мүлікке деген бағаның әлі де болса жоғары болуы.
Дамыған елдерде франчайзинг тұтынушылардың әр түрлі қызметтерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырудың құралы ретінде жарты ғасырдан астам уақыт пайдаланылып келеді. Франчайзингтің әлемдік жылдық тауар айналымы 2 триллион АҚПІ долларынан астам соманы құрайды, оның әлемдегі франчайзингтік 20 мың желілерінде 30 миллионнан астам адам қызмет етеді. Шетелдердегі франчайзингті қолданудың көпжылдық тәжірибесі оның іскерлік тиімділігін дәлелді түрде көрсетеді. Бүгінгі таңда франчайзингтік желілердің саны бойынша әлемдегі көшбасшысы — Қытай, оның 3000-нан астам франчайзингтік желілері бар, екінші орында АҚШ, үшіншіде Жапония тұр.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Франчайзингтің шетелдік және отандык ғалымдар ұсынған неғұрлым жиі кездесетін анықтамаларын талдай келе, оларды экономикалық мәні, ерекшелік белгілері бойынша келесі түрде болуге болады:
бизнесті жүргізудің ерекше әдісі;
— ірі және шағын кәсіпорындардың интеграциясы;
кәсіпорынның дәстүрлі емес қаржыландыру көзі;
жеңілдікті кәсіпкерлік.
Франчайзинг орта және шағын бизнестің дамуына, отандық тауарлар мен тауар өндірушілерді ішкі және халықаралык нарықта жылжытуға, жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Шетелдік және отандық әдебиеттерді ғылыми тұрғыда зерттей отырып, франчайзингтің келесідей авторлық анықтамасын ұсынамыз: «Франчайзинг -келісім-шарт негізінде франчайзердің (құқық иесі) франчайзиге (құқық алушы) өз атынан өнімдерін, бизнесті жүргізу технологияларын немесе басқа коммерциялық ақпараттарын белгілі бір аумақта сатуға (таратуға) эксклюзивті құқық беретін кәсіпкерліктің инновациялық нысаны».
Бизнестің франчайзингтік үлгілерін жүйелеу мен жіктеу коғамдық тамақтандыру саласында франчайзинг тұжырымдамаларының таралу келешегі үшін қажетті шарт болып табылады.
Зерттей келе, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам дамуға мүмкіндік береді. Бұл үрдіс дами келе ғаламдық деңгейде, бір жағынан, франчайзидің рөлі мен мәртебесін жоғарылатса, екінші жағынан жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы франчайзингтік кәсіпорындардың қызметіне маркетингтік талдау барысында олардың іс әрекетіне кедергі болатын факторлар анықталып, оларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау шараларын жүзеге асыру қажеттілігі айқындалды. Бұл шаралар франчайзингтің Қазақстандағы қалыптасуы мен даму-ының келешегін белгілеуге мүмкіндік береді. Франчайзинг жүйесіне қатысты мемлекеттің саясатын ұйымдастырудың маңызды бағыттары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:
Қажетті нормативтік-құқықтық базаны құру. Елімізде франчайзингтік бизнесті жүргізуді реттеуші бірқатар заңнамалық актілерге қоса, нарық субъектілерінің іс-әрекетін қорғайтын халықаралық деңгейдегі санаткерлік меншікке, кәсіпкерлікке қатысты бірқатар заңнамалық құжаттарды атап өтуімізге болады, олар: Қазақстан Республикасы мен Санаткерлік меншіктің Дүниежүзілік ұйымының арасындағы ынтымақтастық бағдарламасы, ҚР «Инновациялық қызмет туралы заңы», «ҚР патент туралы заңы», «ҚР Инвестиция туралы заңы», «ҚР Лицензиялау туралы заңы».
Қазақстандағы франчайзингтің қалыптасу үрдісін талдау барысында автор оның дамуының негізгі үш кезеңін бөліп көрсетіп, оларды еліміздегі франчайзингтің нормативтік-құқықтық базасы, бәсекелестігі және оның іс-әркеті аумағының кеңеюімен, франчайзингтің жаңа түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Осының негізінде қызмет көрсету саласында саяси өзгерістердің тізбектілігі, экономикалық айырбас үрдістерінің дамуы, мәдениеттердің өзара ықпалдасуы және тұтынудың біртұтас мәдениетін қалыптастыру, шағын кәсіпорындардың инновациялық қызметін дамыту сияқты бұл саланың франчайзинг негізінде қарқынды дамуының алғы шарттары белгіненді.
Қазақстандағы франчайзингтің қазіргі даму жағдайы, отандық франчайзингтік кәсіпорындардың экономика салаларындағы үлес салмағы анықталды. Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік жүйелердің пайыздық үлесі 2007 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 6,8 есе, ал 2004 жылмен салыстырғанда 2,1 есеге өсіп, еліміздегі франчайзингтік бизнестің қалыптасуы мен өсіңкі дамуын айқындады. Осы мәліметтерге сәйкес франчайзингтік бизнестің Қазақстандағы қарқынды даму салалары, сублицензиялық сипаты, шетелдік франчайзерлер санының басым болуы сияқты негізгі ерекшеліктері айқындалып, оларды тиімді пайдалану арқылы кәсіпкерліктің осы нысанының кластерлік бағдарлама тұрғысынан келешектегі даму бағыттары дамытылды.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзинг механизмін қолдануды ынталандыру мақсатында отандық франчайзерлерді корпоративтік табыс салығынан, ал франчайзилерді жер және мүлік салығынан босату қажеттілігі туындап отыр. Сонымен бірге франчайзингтік қатынастарды реттеу мақсатында «Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы» Заңның атауын «Франчайзинг туралы» деп ауыстыру және мазмұнын қайта қарау ұсынылды. Франчайзингтік қатынастарды жан жақты зерттеу барысында кәсіпкерліктің бұл түрі еліміздің экономикалық жағдайының өсуіне, кәсіпкерліктің инновациялық нысандарының қалыптасу мен дамуына жағымды ықпал етуі мен жоғары тиімділігі дәйектелінді.
Өндірістік кәсіпкерлік бұл кәсіпкер тікелей жағдайда өнімдерді, тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, ақпараттарды өндіруді жүзеге асыратын қызмет түрі. Мұндай жағдайда өндірістің қызметтері кәсіпкер үшін негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлікті жүзеге асыру мен мазмұнының жалпы бейнесі келесі жағдайда кқрінеді. Кәсіпкер әуелі өндіріс қызметінің түрін таңдайды, басқаша айтқанда, қандай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді шығаратынын белгілейді. Одан кейін ол тауарды әлеуетті сатып алушымен, тұтынушымен қатынас жасайды. Былайша айтқанда, кәсіпкерлік сонымен бірге маркетингтік қызметті қоса атқарады. Бұл мәміленің бірінші кезеңі кәсіпкер мен келешектегі тауар сатып алушы арасындағы шарт түрінде заңды рәсімдеме алуы мүмкін. Кәсіпкер өндірісті жүргізу үшін өндіріс факторын: жұмыс күшін, өндірістік қорларды, материалдарды, ақпараттарды пайдаланады. Өндірістің жекелеген факторы кәсіпкерге жатады, ал жетпейтінін ол кәсіпкер қызметін жүргізу үдерісінің кезінде немесе басында сатып алуға мәжбүр.
Өндірістік кәсіпкерлік акциясының нәтижесі, өндірілген тауарлардың белгілі бір көлемін сатып алушыға өткізу және ол үшін ақшалай түсім алу болып табылады.
Отандық кәсіпкерлік субъектілерінің франчайзингтік жүйені қолдану арқылы өз қызметтерін жандандыру мен нарықта дамуын сипаттайтын нақты іс-әрекеттер түбегейлі зерттелді. Нәтижесінде Қазақстандағы қызмет көрсету саласындағы франчайзингтік компаниялар іс-әрекетінің табыстылығын айқындау үшін баға берілді. Қазақстан нарығындағы франшизалардың көпшілігінің құны 5000 АҚШ долларынан басталып, 500000 доллар шамасы аралығын қамтитыны белгілі болы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет