КӘсіпкерліктің Ұйымдық-ҚҰҚЫҚТЫҚ нысандары, олардың ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері аңдатпа Мақалада кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары қарастырылған, «кәсіпкерлік»



жүктеу 89.77 Kb.
Дата17.07.2016
өлшемі89.77 Kb.
УДК 346.1(9)
Н.Н. Жанақова,

э.ғ.к., «Экономика» кафедрасының доцент м.а., Ғылыми хатшы,

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті,

Астана қ.


КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ, ОЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ МЕН КЕМШІЛІКТЕРІ

Аңдатпа

Мақалада кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандары қарастырылған, «кәсіпкерлік» терминнің авторлық көзқарасы көрсетілген және кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық нысандарының ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері берілген.


Кілт сөздер: кәсіпкерлік, заң, ұйымдық-құқықтық нысандары, қазақстандық заңнамасы, артықшылықтары, кемшіліктері
Нарықтық экономикаға өту және меншікті мойындау белсенді кәсіпкерлік қызметті жандандырды. «Кәсіпкерлік» және «кәсіпкер» сөздерінің астында кәсіпорын тұр ­­– міндеті өнім өндіру, қызмет көрсету болып табылатын, өз алдында өндірістік-шаруашылық жүйені көрсететін күрделі ағза. Нарықтық қатынастар субъектісі ретіндегі кәсіпорын қызметі тауар өндірушілер арасындағы қатаң бәсекелестік шарттарында іске асуда. Тап осы бәсеке жеке кәсіпорынның да, сондай ақ жалпы қоғамның да экономикалық дамуы үшін анағұрлым қолайлы жағдайлар қалыптастырады және әлеуметтік, экономикалық ілгерілеудің қозғаушы күші болып табылады.

Қазақстандық заңнама кәсіпкерлер ретінде заңды тұлға құрусыз жеке кәсіпкерлікті іске асыратын және Қазақстан Республикасының 31.01.2006 №124-III «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңының 6 бабының 3 және 7 тармақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарын және оралмандарды заңды түрде анықтайды [1].


Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, «Кәсіпкерлік – бұл тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) сұранысты қанағаттандыру арқылы таза табыс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына негізделген (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорында шаруашылық басқару құқығындағы немесе мемлекеттік кәсіпорынды оперативтік басқару құқығындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамашыл қызметі» [2]. 

Кәсіпкерлік мәнінің заманға сай анықтамаларындағы ең маңыздыларын ажыратуға тырысатын болсақ, онда олар келесідегідей:


  1. Кәсіпкерлік қызметтің мақсаты пайда табу, яғни тауарларды (қызметтерді) өндіру және сатуға кеткен шығындардан оларды сатудан түскен ақшаның артық болуы болып табылады.

  2. Кәсіпкерлік қызметтің мазмұны кәсіпкерге оның алдына қойған мақсатына жетуін қамтамасыз ететін, оның иелігіндегі ақшалай, материалдық, еңбектік және басқа ресурстарымен серіктестік комбинациялар мен байланыстарды іздестіру болып табылады.

3) Кәсіпкерлік қызмет субъектілері (кәсіпкер) болып тек азаматтар мен олардың бірлестігі болып табылады.

Көптеген теоретик ғалымдардың көзқарастары мен ойларымен келісе отырып, «кәсіпкерлік» түсінігіне келесі анықтаманы беруге болады:

Кәсіпкерлік пайда табу мақсатында жеке пайда мен қоғамдық пайданы үйлестіру негізінде қаражаттарды салумен байланысты қызмет болып табылады

Кәсіпкерліктің келесі ұйымдық-құқықтық нысандарын ажыратады:



  1. Дара кәсіпкерлік. Мұндай тұрпаттағы қызметті сонымен бірге бір адамның бизнесі немесе жеке меншік деп те атайды. Қожайын өндірістік қызмет үшін қажетті материалдық ресурстар мен капиталды жабдықтарға ие болады, немесе оларды сатып алады, сонымен бірге кәсіпорын қызметін өзі бақылайды. Дара кәсіпкерлік өзіне келесілерді қосады:

а) Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады.

Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырған кезде ол жұбайдың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға келісімі талап етілмейді. Жеке тұлға өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.

Дара кәсіпкерліктің келесі артықшылықтары мен кемшіліктері бар:

Артықшылықтары:



  1. Жекеше иелік етуді құру оңай, өйткені рәсімдеудің заңнамалық процесі оңай және мұндай тұрпаттағы фирманы тіркеуден өткізу қомақты шығындарды қажет етпейді.

  2. Иемденуші өзіне өзі қожайын, оның нені және қалай өндіру туралы шешімдер қабылдау үшін әрекет етуде едәуір еркіндігі бар. Ешқандай жиналыстардың, серіктестердің немесе директорлардың шешімдерін күту қажеттілігі жоқ.

  3. Иемденуші клиентке дара қызметтер көрсете алады.

  4. Тиімді жұмыс түрткісі – ең батыл. Иемденуші жетістікке жеткен жағдайда бәріне қол жеткізеді және сәтсіздікке ұшырағанда бәрінен айрылады.

Алайда бұл ұйымдық нысанның едәуір кемшіліктері бар.

Кемшіліктері:



  1. Сирек жағдайларды қоспағанда, жекеше иелік етуші кәсіпкердің қаржы ресурстары фирманың ірі кәсіпорынға айналуы үшін жеткіліксіз. Жекеше иелік ету кезінде банкроттылық пайызы қатысты түрде жоғары болғандықтан, коммерциялық банктер үлкен несиелерді ыждағатсыз береді.

  2. Кәсіпорын қызметін толық бақылап отыру қажет, иемденуші барлық негізгі шешімдерді орындауы керек, мысалы, сатып алу, сату, жұмысшыларды жұмысқа қабылдау және оларды ұстау бойынша шешімдерді қабылдайды; өндірісте, жарнамада және өнімді бөлістіруде пайда болуы мүмкін техникалық аспектілерді назардан тыс қалдырмауы тиіс.

  3. Анағұрлым маңызды кемшілік – жекеше иемденушінің шектелмеген жауапкершілік субъектісі болып табылатындығында. Бұл өзіндік кәсіпкерлер тек фирма активтерін ғана емес, өздерінің жеке активтерін де тәуекелге тігетіндігін білдіреді. Егер кәсіпорын банкротқа ұшыраған жағдайда, ол жалғыз өзі жеке басымен фирма қарыздары үшін жауап береді. Мұндай жағдайда қарыздарды өтеу үшін иемденушінің өз мүлкі сатылуы мүмкін.

б) Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Бірлескен кәсіпкерлік кезінде жеке кәсіпкерлікпен байланысты барлық мәмілелер бірлескен кәсіпкерліктің барлық қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен міндеттер олардың атынан алынады және жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары:

1) ерлі-зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылардың кәсіпкерлігі;

2) шаруа немесе фермер қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) жеке кәсіпкерлік ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік болып табылады.

Бірлескен кәсіпкерлікті серіктестік және корпорация деп ажыратуға болады.

Серіктестік – жекеше иелік етудің табиғи дамуы болып табылатын, бизнесті ұйымдастыру нысаны болып табылады.

Кәсіпорын қызметіне қатысу деңгейіне байланысты серіктестіктер әр түрлі болады. Кейбір жағдайларда барлық серіктестер кәсіпорын қызметінде белсенді роль атқарады, ал кейбірде – бір немесе бірнеше қатысушылар пассивті роль атқарады. Бұл олардың фирмаға өз қаражаттарын салатындығын, бірақ оны басқаруға белсенді қатыспайтындығын білдіреді.

Артықшылықтары:



  1. Жекеше (дербес) иелік ету сияқты, серіктестікті құру оңайға соғады. Барлық жағдайларда дерлік жазбаша келісім жасалады, және бюрократтық процедуралар әбігерге салмайды.

  2. Серіктестікте бірнеше адам бірігетіндіктен, бастапқы капитал бір тұлғалы жеке дара кәсіпорынға қарағанда қомақты болуы мүмкін.

  3. Фирманы басқару жүйесі мамандана түседі. Серіктестердің әрқайсысы жұмыстың нақты аумағы үшін жауапкершілікті қабылдай алады. Мысалы, басқару, өндіріс және т.б. үшін.

Кемшіліктері:

  1. Басқаруға бірнеше адам қатысқан жағдайда, билікті осылайша бөлістіру мүдделердің сәйкессіздігіне, келісілмеген саясатқа немесе шешуші әрекеттер қажет болған жағдайдағы әрекетсіздікке әкеп соғады. Бірлескен серіктестер басты мәселелер бойынша келіспеген жағдайлар тым қауіпті. Осы барлық себептердің салдарынан серіктестікті басқару қиынға соғуы мүмкін.

  2. Дара иелік етуге қарағанда мүмкіндіктері едәуір артық болғанмен, компания қаржысы әлі шектеулі. Үш немесе төрт серіктестің қаржылық ресурстары жетіспеуі мүмкін, немесе олар пайда табу қабілеті жоғары кәсіпорынның өсу әлеуетін қатты шектеуі мүмкін.

  3. Серіктестіктің қызмет ету мерзімінің ұзақтылығы белгісіз. Бірлескен кәсіпорыннан бір серіктестің кетуі немесе қайтыс болуы, ереже бойынша, фирманың тоқырауға ұшырауына немесе толық қайта құрылуына, оның қызметінің құлдырауына әкеп соғады.

  4. Серіктестік кәсіпорын қызметі үшін шектелмеген жауапкершіліктен зардап шегеді. Толық серіктестік әрбір серіктестің кәсіпорын қарыздары бойынша толық жауапты екендігін білдіреді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға болады. Мұндай жағдайда серіктес компанияға салған қаржы мөлшеріндеа қарыздар бойынша жауап береді. Бірақ мұндай тұрпаттағы серіктестіктегі серіктестер бизнес жүргізуге қатыса алмайды – ең болмағанда олардың біреуі толық жауапкершілікті өзіне алуы керек.

б) Корпорация бизнесті иемденушi нақты жеке тұлғалардан бөлектенген және айырмашылығы бизнестің құқықтық нысаны. Бұл үкiметпен «заңды тұлғалар» деп танылған нысандар ресурстар сатып ала алады, активтерге иелік етеді, қарызға алады, несие береді, сотқа шағымдануға және сотта жауап беруге (пай – үлесті иемденуге), сонымен бірге кез келген типтегі кәсіпорындар орындайтын барлық функцияларды орындай алады.

Корпорацияларға жатады:



  • Кіші кәсіпорын;

  • Акционерлік қоғам - шаруашылық қызметті жүзеге асыру мақсатында акцияларды шығару және сату арқылы заңды және жеке тұлғалардың салымдарын бiрiктiру жолымен олардың келісімімен құрылған ұйым.

  • Бірлескен кәсіпорын.

Артықшылықтары:

  1. Бизнесті ұйымдастырудың ақшалай капиталды тарту мәселелері бойынша анағұрлым тиімді нысаны. Корпорацияларға қаржыландырудың бірегей әдісі тән – акциялар мен облигациялар арқылы – ол көптеген үй шаруашылықтарының жинақтарын тартуға мүмкіндік береді. Бағалы қағаздар нарығы арқылы корпорациялар жеке тұлғалардың орасан зор санының ресурстарын ортақ қорға біріктіре алады. Бағалы қағаздарды сату арқылы қаржыландырудың оларды сатып алушылар тұрғысынан артықшылықтары бар. Корпорациялар үшін бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда банк несиесі анағұрлым қол жетімді. Оның себебі тек корпорация сенімділігінің жоғарылығында ғана емес, сондай ақ банктердің шоттарының пайдалылығын қамтамасыз ету қабілетінде жатыр.

  2. Корпорациялардың басқа едәуір артықшылығы – бұл шектеулі жауапкершілік. Корпорациялар иемденушілері (яғни акция ұстаушылары) тек акцияларды сатып алуға жұмсаған қаражатын ғана тәуекелге тігеді. Олардың жеке басының активтеріне корпорация банкроттыққа ұшыраған жағдайда да қатер төнбейді. Кредиторлар сотқа заңды тұлға ретінде корпорацияға дау түсіруі мүмкін, бірақ жеке тұлға ретіндегі корпорация иемденушілерін сотқа бере алмайды. Шектеулі жауапкершілік құқығы ақшалай капиталды тартудағы корпорация міндетін кәдімгідей жеңілдетеді.

  3. Корпорация заңды тұлға болып табылатындықтан, ол оның иемденушілерінен және оның жеке лауазымды тұлғаларынан тәуелсіз қызмет етеді. Серіктестік аяқ астынан, оқыс мезетте құрдымға кетуі мүмкін, ал корпорациялар, ең болмағанда, заңдар бойынша мәңгі. Корпорация меншігін акцияларды сату арқылы өткізу оның бүтіндігін үзбейді. Бір сөзбен айтқанда, корпорациялар бизнестің басқа нысандары қол жеткізе алмайтын, ілгерілемелі жоспарлау мен өсу мүмкіндіктерін ашатын белгілі тұрақтылыққа ие.

Корпорациялардың артықшылықтары орасан зор және олардың кемшіліктеріне асып түседі, дегенмен ол кемшіліктер бар.

Кемшіліктері:



  1. Корпорация жарғысын тіркеу кейбір бюрократиялық процедуралармен және заңгерлік қызмет шығындарымен сипатталады.

  2. Корпорациялардың болуы мүмкін екінші кемшілігі корпорация пайдасына салық салумен байланысты мәселелер болып табылады. Бұл жердегі басты мәселе екі рет салық салу болып отыр: корпорация пайдасының акция ұстаушыларына дивиденд түрінде төленетін бөлігіне салық екі рет салынады – бірінші рет корпорация пайдасының бөлігі ретінде, екінші рет – акциялар ұстаушысының жеке табысының бөлігі ретінде.

  3. Жеке кәсіпкерлік және серіктестік кезінде мүлік және қаржы активтерінің иелері бұл активтері өздері басқарады және қадағалайды. Бірақ акциялары жүз мыңдаған иемденушілер арасында бөлістірілген ірі корпорацияларда меншік функциялары мен бақылау функцияларының арасында едәуір алшақтық пайда болады. Оның себебі акцияның әдеттегі ұстаушысының әрекетсіздігінде жатыр. Акциялар иелерінің көп бөлігі дауыс беруге қатысу құқығын қолданбайды немесе корпорацияның қолданыстағы лауазымды тұлғаларына өкілеттілік беру арқылы бұл құқықты қолданады.


Қолданылған әдебиеттер:


    1. Закон Республики Казахстан от 31.01.2006 №124-III «О частном предпринимательстве» (с изменениями и дополнениями по состоянию на 13.01.2014 г.) [Электронный ресурс]. - http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30044096&sublink=240000.

    2. Гражданский кодекс РК. – Астана, 01 июля 1999 года, №410-1 [Электронный ресурс]. - http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30044096&sublink=240000.



Аннотация
В статье представлены организационно-правовые формы предпринимательства, существующие в РК, раскрыты их особенности, преимущества и недостатки.
Summary
The legal forms of enterprise, existing in RK, are presented in the article, their features, advantages and defects, are exposed.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет