құралдары жыл сайын өзiнiң
баланстық құнының қандай
үлесiн дайындалған өнiмre аударатынын, тағайындалған
норма бойынша есептелген амортизациялық
өнiмнің өзiндiк
шығынының құрамына енгiзiледi.
Амортизациялық норманы есептеу үшiн негiзгi қорлардың
aлғaшқы құнынан жойылған құнын шегерiп, негiзгi қорларды
нормативтiк ұзақтығы мен алғашқы құнының көбейтiндiсiне
бөледi де 100 - ге көбейтедi.
Ан = НӨҚа – НӨҚж / (НӨҚа * Т) *100 (1)
Ан – амортизациялық норма
НӨҚа – негізгі қорлардың алғашқы құны
НӨҚж – негізгі қорлардың жойылу құны
Т – негізгі қорлардың мерзім ұзақтығы
А = НӨҚорт. * Ан / 100
(2)
А – амортизациялық төлем
НӨҚорт. – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық
құны
Ан – амортизациялық норма.
Нарық экономикасы жағдайында амортизациялық төлемді
есептеу
тәсілдері кеңейген, оларға мыналар жатады:
бірқалыпты, құнды орындалған жұмыстың, өндірілген
көлеміне тепе-тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік
әдіс) және жылдамдатып есептеп шығару әдісі.
Бір қалыпты есептеу әдісі:
Ең қарапайым болып табылатын
бұл әдісте нысанның
амортизацияланатын құны негізгі капиталдың жұмыс істейтін
мерзімінің ішінде шаруашылық субьектінің шығындарына бір
қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша
амортизациялық төлем мөлшері тек қана нысанның жұмыс
істеу мерзімінің ұзақтығына
байланысты деген болжамға
негізделген.
Мысалы: Компанияның сатып алған өлшеу құрал
жабдығының алғашқы құны – 30000000 теңге, бес жыл
жұмыс жасағаннан кейін болжамдық қалдық құны 3000000
теңгені құрады. Осы мәліметтерге сүйене отырып, бір
жылдық амортизациялық аударым былайша анықталады.
(30000000 – 3000000)/5=5 400 000 теңге.
Бұл өлшеу құрал
жабдығының барлық амортизацияланатын шамасы 27000000
теңгеге (30000000–3000000) тең, ал оны пайдалану мерзіміне
бөлу арқылы бір жылдық амортизациялық аударым шамасы
табылады. Бұл өлшеу құралының пайдалану мерзімі 5 жыл
болғандықтан , барлық амортизацилануға тиісті соманы
100%
деп алып, ал бір жылдық амортизациялық аударым
34
мөлшерін сол құнының 20%-ы деп те табуға болады (100 / 5
=20%). Осы амортизациялық мөлшерді пайдалана отырып,
жоғарыдағы көрсеткішке тең соманы табуға болады.
27000000 * 20/100=5400 000 теңге.
Кесте 2.Негізгі капиталдың амортизациясын бір қалыпты
есептеп шығару
әдісі
Достарыңызбен бөлісу: