Кәсіпорын экономикасы : оқу құралы. Атырау,2019



Pdf көрінісі
бет13/72
Дата30.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458801
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72
Baimukashova2

Мерзімі
 Алғашқы
құны,
теңге
Амортизацияны
ң бір жылдық
төлемі, теңге
Жинақталғ
ан тозу
көлемі
Қалдық
құны,
теңге
1
2
3
4
5
Сатып
алынған
кездегі:
30 000 000
30 000 000
1-ші
жылдың
соңында
30 000 000
5400 000
5400 000
24 600 000
2-ші
жылдың
соңында
30 000 000
5400 000
10 800 00
19 200 000
3-ші
жылдың
соңында
30 000 000
5400 000
16 20 000
13 800 000
4-ші
жылдың
соңында
30 000 000
5400 000
21 60 000
8 400 000
5-ші
жылдың
соында
30 000 000
5400 000
27 000 000
3 000 000
Амортизацияны жұмыстың орындалған көлемін тепе-
тең мөлшерде есептеп шығару әдісі (өндірістік тәсіл).
Бұл әдістің мәні мынада: амортизациялық аударымдар
нысанды пайдалану кезінде ғана қолданылады, яғни
амортизация төлемі мен өндірістік қуат арасында тікелей
тәуекелділік бар және мұнда амортизацияны анықтау үшін
құрал жабдықтың қызмет ету мерзімінің маңызы жоқ.
Өндірістік қуаты шығарылған өнім бірлігімен, пайдалану
сағатымен, жол ұзақтығының бірлігімен және т.с.с. өлшенуі
мүмкін. Негізгі қордың теңдестік құны қалдық құнына
жеткенге дейін жыл сайын өндіріс қуатының көрсеткішіне
парапар түрде кеми береді. 
Мысалы: Көшірме құрал жабдығы техникалық құжатына
сәйкес 500 000 көшірме басуға немесе 10 000 сағат
бойыжұмыс жасауға қабілетті. Құрал жабдықтың алғашқы
құны – 30 000 000 теңге, қалдық құны – 3 000 000 теңге. Осы
35


деректерге сүйене отырып амортизациялық аударымды
анықтаймыз:
А) (30000000 теңге –3000000 теңге)/500000көшірме=54,0
теңге/көшірме;
Ә) (30000000 теңге – 3000000 теңге)/10000=2700,0
теңге/сағат.
Есептік жыл ішінде көшірме қондырғыда 110 000 көшірме
басылуы керек, жұмыс уақыты 1900 сағатты құрайды. Бұл
жағдайда бір жылдық амортизациялық аударымдар:
А) 54,0 * 110000= 5 940 000
Ә) 2700,0 * 1900= 5130 000
Тәжірибе жүзінде компания негізгі капитал – нысанның
өндірістік қуатын сипаттайтын көрсеткіштердің біреуін
таңдау қажет.
Негізгі капиталдың кейбір түрлеріпайдалану барысында дәл,
тиімді қызмет етеді. Сонымен қоса технологияның тез
жетілуіне байланысты құрал – жабдықтың сапасы жылдам
ескіреді. Сол себепті өндіріске ғылыми – техникалық
жетістіктерді енгізуді жеделдетуге қолайлы қаржылық
жағдай туғызу мақсатында негізгі капиталды жаңартуға
мүдделі
кәсіпорындар амортизацияны есептеудің
жеделдетілген әдісін қолдана алады.
Амортизацияны есептеудің жеделдетілген әдісінің екі түрі
болады:
- сандардың жиынтығы бойынша құнын есептеп шығару
әдісі (куммулятивтік);
- қалдық құнын кеміту (қалдықты азайту) әдісі.
Куммулятивтік әдіс – латын тілінен аударғанда өсу, жинау
деген мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосу арқылы тозу
сомасы есептелінеді, демек нысанның қызмет ету
мерзіміндегі жылдар санын қосу арқылы анықталады.
Құнді сандар сомасына сәйкес есептеу (куммулятивтік әдіс)
есептік коэффициенті анықтаудан тұрады. Коэффициенттің
бөлімі пайдалы қызмет ету мерзіміне тең жылдар
қосындысын көрсетеді, ал алымы қызмет ету мерзімінің
қалған джылдарын санау арқылы табылады. Берілген
коэффициент пайдаланылу кезеңінде әр түрлі, бірақ
амортизация құнының тұрақты шамасына қолданылады. Бұл
әдісті қолдануда амортизациялық аударымдар сомасы
алғашқы пайдалану жылдарында кейінгі жылдарға
қарағанда едәуір жоғары болып келеді.
Мысалы: электрлі қондырғының болжамды қызмет ету
мерзімі – 5 жыл, сонда бөлшектің бөлімі 15-ке тең болады,
яғни сандар қосындысы – пайдалану жылдары
36


(1+2+3+4+5=15, мұнда 15- куммулятивтік сан), әр жыл үшін
есептік коэффициент: 5/15; 4/15; 3/15; 2/15; 1/15. Егер
электрлі қондырғының алғашқы бағасы – 100000 теңге,
қалдық бағасы – 10 000 теңге, амортизациялық құны 90 000
теңгені (100000-10000) құрайтын болса, онда әр жылдағы
амортизация кестеде көрсетілгендей анықталады:
Кесте 3. Куммулятивтік әдіс бойынша электрлі
қондырғының амортизациялық төлемін анықтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   72




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет