Күрделі шығындардың абсолютты нәтижелігін күрделі шығындар тиімділік коэффициенті сипаттайды:
П – пайда; К – күрделі шығын
Салыстырмалы экономикалық тиімділік көрсеткіштері бірнеше вариантты салыстыруға мүмкіндік береді. Ол үшін келтірілген шығындар формуласы қолданылады:
С – жылдық өзіндік құн.
Ен – экономикалық тиімділіктің нормативты коэффициенті.
К – күрделі шығындар. Тн – ақталу мерзімі.
Тиімді вариантты іске асырудың экономикалық нәтижесі келесі формула бойынша табылады:
Ақталу мерзімі: Та = (К2 – К1)/П(Үж)
Жылдық экономикалық үнем: Үж = (С1 – С2)*В2
2) Дисконттау әдісі
Инвестициялар кәсіпорын қызметіне ұзақ уақыт ішінде әсер етеді. Шығындарды мен нәтижелерді белгілі бір уақыт шектерінде бағалайды, оны есептеу горизонты (Т) деп атайды. Осы есептеу горизонтын құрайтын уақыт аралықтары (бірліктері) есептеу қадамдары деп аталынады. Есептеу горизонтының ұзақтығы келесі факторларға тәуелді болады:
-
Объектіні жасау және қолдану ұзақтығы;
-
Негізгі технологиялық жабдығының қызмет ету мерзімі;
-
Алдын ала белгіленген пайда сипаттамаларына жетуіне қарай;
-
Инвестор талаптары.
Барлық шығындар бастапқы және ағымдағы болып бөлінеді. Есептеулерге қолданылатын бағалар келесі болуы мүмкін:
-
Базистік – белгілі бір уақыт мерзімінде халық шаруашылығында қалыптасқан бағалар. Олар бүкіл есептеу мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады (Цб).
-
Болжамды бағалар – баға динамикасын болжау негізінде белгіленеді. Үнемі түзетіліп отырылады (инфляцияны есебке алмай):
– t есептеу қадамында бастапқы tн мерзімімен салыстырғанда өзіндік құнның өзгеру индексы.
-
Есепті баға – инвестирлеу нәтижелерін инфляцияны есебке алып есептегенде қолданылады:
Iи – инфляция индексы.
Инфляция – экономикадағы немесе жеке қор түріне бағалардың өсуі.
Инвестициялар ұзақ уақыт бойы кәсіпорын қызметіне әсер етуіне байланысты барлық шығындарды және нәтижелерді бастапқы мерзім бағаларына келтіру қажеттігі туындайды. Ол үшін дисконттау коэффициенті қолданылады:
t – есептеу қадамы.
Е – дисконт нормасы, капиталға саналған пайда нормасына тең, инвестор өздігінен белгілейді. Ол үшін банк депозиттерінің пайызына, ірі сенімді фирмалар акцияларының дивиденд пайызына, өндіріс рентабельділігіне назар аударылады.
Дисконттау әдісі бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
-
ТКТ – Таза келтірілген табыс (NPV).
-
ТИ – табыстылық индексы.
-
ТІН– Табыстылықтың ішкі нормасы.
-
Т – ақталу мерзімі.
-
ТКТ (NPV)
T – есептеу горизонты. t – есептеу қадамы. Rt – t қадамында инвестициялаудың нәтижесі.
Зt – t қадамы бойынша болған шығындар. Сонымен қатар келесі формула қолданылады:
- t қадамы бойынша инвестицияларсыз болған шығын көлемі
– t қадамында инвестицияларды дисконттау.
Егер ТКТ>0, онда жоба тиімді деп саналады.
-
ТИ (PI)
Егер ТИ>1, онда жоба тиімді.
-
ТІТ (IRR) Келесі теңдеу бойынша табылады:
Евн – келтірілген нәтиже шамасы келтірілген күрделі шығындарға тең болғандағы дисконт нормасы.
Егер Евн>Е, онда жоба тиімді.
-
Т – жобаны бастау уақытынан бастап жалпы интегральды нәтиже оң сан шыққанға дейінгі минимальды уақыт:
Егер , онда жоба тиімді.
Жобаның коммерциялық нәтижелігі қаржылық шығындарды табыстылық нормасын қамтамасыз ететін нәтижелерді салыстыру арқылы анықталады.
Е = Нәтиже/Шығындар
Әр қадамдағы нәтиже ретінде нақты ақшаның ағыны қолданылады.
Жобаны іске асырғанда 3 түрлі қызметті бөліп көрсетеді:
-
Инвестициялық – негізгі қорлар құнының өзгерісімен байланысты.
-
Операциялық – кәсіпорынды басқарумен және ағымдағы шығындармен байланысты.
-
Қаржылы – бағалы қағаздар қоржынымен байланысты.
Қызметтің әр түрі ақшаның келуімен және шығуымен байланысты болады.
П – ақшаның түсімі.
О – ақшаның шығыны.
Ф – нәтиже.
Нақты ақша тасқыгы деп инвестициялық және операциялық қызметтен түскен ақша мен шығындар арасындағы айырманы айтады.
Нақты ақша сальдосы – бұл барлық үш қызмет түрі бойынша ақша түсімдері мен шығындары арасындағы айырма.
Негізгі шарт – аталған көрсеткіштер оң сан шығу керек.
Белгісіздікті және тәуекелді есебке алу.
Белгісіздік деп ақпараттың жетпеуін немесе толық еместігін айтады. Тәуекел кәсіпкердің өз қаржысын жоғалту ықтималдылығын көрсетеді.
Белгісіздік пен тәуекелдің келесі түрлерін ескеру қажет:
-
Экономикалық заңдылық, ағымдағы экономикалық жағдай, инвестиция жасау жағдайлары.
-
Сыртқыэкономикалық тәуекел.
-
Саяси жағдай тұрақсыздығы, қолайсыз әлеуметтік-саяси өзгерістер.
-
Бағалардың валюталық курстарының өзгеруі, нарық конъюнктурасының өзгеруі.
-
Табиғи-климаттық факторлар.
-
Өндірістік-технологиялық тәуекел.
Тәуекелді арнайы экономикалық-математикалық әдістер көмегімен компьютермен есептеуге болады.
Егер тәуекел ықтималдлығы белгілі болса, инвестициялардан болатын жалпы нәтиже математикалық күтім формуласы бойынша анықталады:
Эi – іске асырудың i-й шарты бойынша интегральды нәтиже.
pi – i-й шарттың іске асу ықтималдылығы.
Жобаны таңдау белгілері: мақсаты, сыртқы және экологиялық белгілер, жобаны іске асыратын инвестордың белгілері, ғылыми-техникалық белгілер, коммерциялық белгілер, өндірістік белгілер, нарық белгілері, аймақтық ерекшеліктерді есебке алатын белгілер.
3. Инвестициялық жобаның қаржы жоспары.
Қаржы – кәсіпорынның ақша жиынтығы және оларды қалыптастыру, бөлу және қолдану жүйесі.
Қаржы көздері: жеке жинақтар, акционерлі капитал, пайлық салымдар, ұзақмерзімді несие, инвестициялар, бюджеттік ақша.
Қаржы жоспары кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және ликвидтілігін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Қаржы жоспарының үш түрі бар: оперативті (1 жылға дейін), ағымдағы (1 жыл), перспективті
Қаржы жоспарына келесі құжаттар жатады:
-
Табыстар мен шығындар жоспары (кәсіпорын пайдалылығын көрсетеді);
-
Несиелік жоспар (қарызды қолдануды сипаттайды);
-
Ақша ағындарының жоспары (ликвидтілікті қамтамасыз етеді);
-
Кәсіпорын балансы (кәсіпорынның қаржы жағдайын сипаттайды).
Кәсіпорын балансы активтерден (кәсіпорын меншігіндегі мүлік) және пассивтерден (қаржы көздері) тұрады. Олар бір-біріне тең болу керек.
Кәсіпорын активтері ликвидті (айналым қаржы) және ликвидті емес (негізгі капитал) болып бөлінеді.
Баланс бойынша келесі көрсеткіштер анықталады:
-
айналым қаржының ликвидтілігі – кәсіпорынның қажет уақытта қарыз қайтаруға қабілетін көрсетеді.
-
Абсолютты ликвидтілік коэффициенті:
Кал = Ақша/қысқа мерзімді міндеттемелер >=0.5
-
Ликвидтілік коэффициенті:
Кл = (Ликвидті активтер - өндірістік қорлар)/қысқа мерзімді міндеттемелер >=1,0
-
Ағымдағы ликвидтілік коэффициенті:
Кағл = Ликвидті активте/қысқа мерзімді міндеттемелер >=2
-
Автономия коэффициенті – кәсіпорынның қаржылы дербестігін сипаттайды.
Ка = Өзіндік капитал/Баланс сомасы >=0.5
-
Қарызды және өзіндік капиталдың ара-қатыс коэффициенті
К =Ұзақ және қысқа мерзімді қарыз/Өзіндік капитал <=1
-
Капитал рентабельділігі:
Қаржының жаңа түрі ретінде лизингты айтуға болады – жалдың ерекше түрі.
Лизинг – мүлік иесі мен жалға алушы арасында мүлікті белгілі бір мерзімге беру, ол үшін рентаны төлеу және, көбінесе, амортизация мерзімінің аяғында мүлікті толығымен өзіне алу жөнінде келісім шарт.
Лизинг пен жал арасындағы айырмашылықтар:
-
Лизингте толық амортизация төленеді.
-
Лизинг өнімді өткізудің бір түрі ретінде қолданады.
-
Лизинг мерзімі келісімде тіркеледі және одан бас тартуға болмайды (жалдан бас тартуға болады).
Лизинг формалары:
-
Оперативты лизинг: келісім мерзімі амортизация мерзімінен әлдеқайда кем (жалға ұқсас).
-
Қаржы лизингы: Келісім мерзімі амортизация мерзіміне жақын немесе тең болады. Оның түрлері:
а) тура (қарапайым) лизинг:
Жабдық лизингтік компания балансында болады.
б) қайтармалы лизинг:
Артықшылықтар:
-
Лизинг 100% несие беруді көздейді және төлемдерді қолма-қол төлеуді талап етпейді.
-
Жалға алушы жабдықты жаңартуға мүмкіндік алады.
-
Есепте мүлік лизинг беруші балансында болады.
-
Лизинг кепілдемені талап етпейді, өйткені кепілдеме ретінде жабдықтың өзі болады.
-
Барлық дамыған елдердің мемлекеттік саясаты лизингтік операцияларды кеңейтуге және дамытуға бағытталған.
Кемшіліктер:
-
Лизинг берушінің үлкен қаржы шығындары.
-
ҒТП байланысты жабдық ескірсе және бұл жағдай келісімде көрсетілмесе, төлемдерді амортизация мерзімінің аяғына дейін жасай беру қажет.
-
Лизингтің жалпы құны несие құнынан, көбінесе жоғары болады.
-
Лизингтік операцияларды жүргізудің күрделілігі.
Салық жүйесі – салықтардың жиынтығы және оларды есептеу және бақылау жүйесі.
Негізгі қағидалары: Мүмкіндіктер бойынша төлеу; Артықшылық үшін төлеу; Есептеудің қарапайымдылығы және қол жетерлігі.
Функциялар:
фискальды; қайта бөлу; ынталандырушы.
Салықтар түрлері:
тура; жанама; жалпы; арнайы. пропорционалды; прогрессивті.
Достарыңызбен бөлісу: |