Программалық қамтамасыз ету – ақпараттық жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етіп тұратын программалық өнімдерді айтамыз. Ал біздің дайындаған жұмысымызға негізгі керекті программа Unity ERP (Enterprise Resource Manager) – программасы және өзіміз дайындаған Қазақстанның стандарттарына сай есеп берулерді дайындауға арналған HEBS REPORT – программасы болып табылады.
Unity программасы
Unity ERP программасы Logo Business Solution компаниясының өнімі болып табылады. Logo Business Solution Евразиядағы ең үлкен, тәуелсіз топтарының бірі. LBS-ң 18 жыл тәжірибесі нәтижесінде оның қазіргі кезде клиенттерінің саны 120000-ге жетті. Ол Microsoft, Oracle, Lotus, IMB, Compaq, HP, Ernest&Young сияқты атақты компаниялармен қызметтеседі.
Әлемдегі ERP жүйелерінің белгілі ұсынушыларын озу мақсатында LBS осы технология стратегиясын ашық платформа түрінде, тиімді ерекшеліктермен, төмен шығындармен, басқа кең тараған платформаларда жұмыс істеу қабілетімен ұсынады. Өз кезегінде бұл жүйелер қолденуда өте оңай, ашық архитектуралы, жоғары сапалы және клиенттің барлық қажеттіліктеріне жауап береді. Unity программасының жалпы түрін суреттен көруге болады.
Unity - бұл кәсіпорын үшін өте жақсы шешім. Бұл программа компаниялардың нарықта жоғары көрсеткіштерге жетуіне көмек тесуі үшін құрылған болатын. Бұл жүйе өзіне материалдарды басқару, сатуды басқару, сатып алуды басқару, қаржыны басқару, бас кітап, өндірісті басқару сияқты ERP -ң стандартты модульдерін енгізеді.
Unity - қазіргі уақыттағы нарықтық жағдайға жауап беретін көп тілді және көп валюталы жүйемен қамсыздандырылған және оны клиенттың талаптарына сәйкес бейімдеу өте оңай болып келеді. Unity - ді Windows, UNIX сияқты түрлі операциялық жүелер қолдайды. Unity - өзіне мынадай стандартты модульдерді енгізеді.
1. Тауарлы Материалды Запастар модулі.
Бұл модульде складтық есептеулерді бақылап отыратын, материалдардың кірісін, шығысын бақылайтын, материалдардың, тауарлардың өзіндік құнын анықтайтын көптеген қуатты құралдар бар.
-
Қаржы модулі
Бұл модуль банктік төлем тапсырмаларды, чектерді, қарыздық міндеттемелерді, қолма-қол ақшаны басқаруға мүмкіндік береді. Бұл модульдердің қарыздардың уақыты туралы есеп берулері қаржылық шығындардың алдын алуға мүмкіндік береді. Осы ақшы құралдарының ағымы туралы есеп берулерге қарап басарушылар қаржылық жоспарлар құрады. Сонымен қатар қолданушы қалауымен жеткізушілермен есеп айырусыдың кезектілігін белгілеуге болады. Енгізілген ақпаратқа сәйкес жүйе келесі төлемді күні мен сомасы бойынша бақылап отырады.
-
Сатып алу модулі
Бұл модуль компанияларға сатып алу жөнінде шешім қабылдауға көмек теседі және түрлі жеткізушілердің төлем шарттары мен бағаларын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Тапсырма бару жағдайында ақпарат тек бір-ақ рет енгізіліп ол әрі қарай ол накладнаяға, счет-фактураға, бас кітапқа колданушының бұйрығы арқылы автоматты түрде өзі толтырылады. Бұл модуль компанияларға жеткізушілермен қаым-қатынасты және сатып алу шығындарын бақылауға көмек теседі.
-
Сату модулі
Сату модулі тапсырмадан бастап есеп айырысуға дейінгі бүкіл циклді қамтиды. Ақпарат бұл жерде де бір ақ рет енгізіледі. Жүйе тауарлы-материалды запастар, жеткізулер, клиенттерлен ақша түсулерді бақылап отырады. Бұл модуль жеңілдіктердің бағаларын, уақытын, шарттарын белгілеуге мүмкіндік береді және жүйе документтерді толтырғанды осы операцияларды автоматты түрде орындайды.
-
Негізгі құралдар модулі
Бұл модуль негізгі құралды сатып алудан бастап оны орнатылуына дейінгі барлық қозғалысын бақылап отырады. Программада амортизацияның түрлі әдістері ескерілген.
-
Бас кітап модулі
Бас кітап модулі қаржылық операциялардың және бухгалтерлік есепті бақылаудың икемді және қуатты жүйесі. Қаржы және бухгалтерлік есеп бойынша есеп берулер көпвалюталы болуы жүйенің компаниялардың талаптарына сай болуына алып келеді.
7. Өндіріс модульдері. Өндіріс процессін автоматтандыруын қамтамасыз ететін қуатты құралдарды енгізеді.
Сонымен қатар программаны қолдану тиімділігін көтеру үшін Навигатор қолданылады. Навигатор дегеніміз есеп берулерді қалыптастыруға арналған қуатты құрал болып табылады. Басқарушылар көпбағытты талдауы үшін, жұмыстың негізгі көрсеткіштер талдауын жүргізу үшін навигаторды қолданса болады. Unity операциялық мәліметтердің сақталатын жері болып табылса, навигатор осы мәліметтерді тиімді қолдануға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Көп мәліметтердің арасында ақпаратты іздеп отырудың орнына басқарушылар навигатор арқылы кез-келген деңгейдегі кез-келген ақпаратты Excel – программасында отырып оңай ала алады.
LBS настройкаларының ерекшеліктері жүйені компания талаптарына сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Клиенттің мүмкіндігінде:
-
қолданушының тапсырысы бойынша программа көрінімін өзгерту
Unity-мен жұмыс істеу кезінде оның көрінімін өзгертуге мүмкіншілік бар. Клиенттің тапсырысы бойынша қосымша терезелер мен менюлерді қосуға болады. Сонымен қатар есеп берулерді клиенттің қалаған кез-келген түрге келтіруге болады.
-
мәліметтер базасын нығайту
Мәліметтер базасы жаңа жолдар мен жаңа индекстерді қосу арқылы нығайтыла алады және олар есеп берулерді қалыптастырған кезде пайдаланыла алады.
MS Visual Basic арқылы программаның функцияналдығы оңай және тез нығайтала алады. Unity сонымен қатар IPI’s-ны қамсыздандырады, OLE мен SQL -ді қолдайды және бұл сіздің уақытыңызді үнемдейді.
-
жаңа және ағымды жұмыстарды құру
Unity серверде инструменталды құралдар мен қызметтер ұсынады және бұл 3-деңгейлі архитектуралы жүйеге өту мүмкіндігін береді. Сонымен қатар ол белгілі оқиғалардын алдын алып, жоспарлап отырады.
HEBS Reports – прграммасы.
HEBS Reports - Қазақстанда керекті есеп берулерді дайындап шығаруға арналған Unity-ге қосымша программа болып табылады. Бұл программа H&EBS компаниясында Delphi тілінде SQL-Server мәліметтер базасын басқару жүйесімен әрекеттесуімен дайындалған және мен де бұған көп атсалыстым. Бұл программа қолдануда өте оңай, керек болса басқа да есеп берулермен толықтырыла алады және көрінімі өзгертіле алады. HEBS Reports-ң жалпы көрінімі мынадай:
HEBS Reports-та мынадай модульдер бар
-
материалдарды басқару
-
сатып алу
-
сату
-
қаржы
-
жалпы бухгалтерия
-
бақылау
-
сервис
Осы модульдердін әрқайсысында сәйкесінше есеп берулер дайындалады. Жұмыс барысында мен қаржы модуліне қосқан есеп берулерім:
-
бухгалтерлік баланс
-
табыстар мен шығындар туралы есеп беру
-
ақша ағымы туралы есеп беру
-
кәсіпорынның жалпы жағдайын бейнелейтін қаржылық коэффициенттері
SQL-Server.
Қазіргі кезде клиент/сервер архитектурасындағы компьютерлік жүйеге деген сұраныс тез өсуде. Мұндай жүйелер серверде тұрған ресурстар мен ақпаратты желідегі басқа компьютерлерге бере алады. Мұндай әдістің кең жайылуы жүйенің сенімділігін қамтамасыз етеді, сонымен қатар мұндай жүйенің құру мен қолдау шығындарының азаюына жәрдемдеседі. Осындай әдістің кең колданылуы болып клиент/сервер архитектурасындағы мәліметтер базасынбасқару жүйесі болып табылады.
Мәліметтердің реляциялық моделін қолдайтын SQL-Server –дің негізгі міндеттері болып көп қолданушының мәліметтеріне бірмезеттегі қолжетімін ұйымдастыру мен мәліметтер базасында сақталатын ақпараттың манипуляциясы.
Клиент/сервер архитектурасында ұйымдастырылған жүйелерде мәліметтерге топтық қолжетім қолданады. Мұнда әр компьютер мәліметтерді сақтаумен, өңдеумен және қолжетіммен байланысты операцияларды жүзеге асырады. Бұл жерде атқарылатын міндеттер сервер мен жұмыс станциялардың аппараттық мүмкіндіктерінің айырмашылығын есепке ала отырып олардың арасында үлестіріледі. Осылайша сервердің қуаттылығы мәліметтердің жіберуінің жоғары жылдамдығын, үлкен көлемді ақпаратты сақтау қабілеттігінде көрініс табады.
SQL-Server-ң негізгі ерекшеліктері: қолдйтын мәліметтер базасының саны – 32767, мәліметтер базасының максималды көлемі – 1048516 терабайт, бір мәліметтер базасындағы кестенің максималды саны 2 миллиалд, бір кестедегі мақсималды тік жолдардың саны 1024, жатық жолдарының саны – шексіз болып табылад.
SQL-Server-ң жұмысын басқаруға байланысты негізгі операциялар жүйе құрамына кіретін утилиталар көмегімен жүзеге асады. Олардың араларындағы негізгілері:
-
SQL Server Books Online – SQL-сервердің ақпараттық анықтамалығына қолжетімді ұсынады;
-
SQL Server Query Analyzer – Transact-SQL –запростар тілінің командаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
-
ISQL - SQL Server Query Analyzer сияқты бірақ DOS ортамында жұмыс істейді;
-
SQL Server Service Manager – SQL-сервердің жұмысын бастау, тоқтату, уақытша тоқтатуға байланысты жұмыстарды жүзеге асырады.
-
SQL Server Enterprise Manager- қолдынушыға SQL-серверді, барлық объекттерге қолжеткізімді, сонымен қатар түрлі утелиталардың жұмысын бастауға мүмкіндік береді.
Қарастырылып өткен Unity және HEBS Reports программалары SQL-Server негізінде жұмыс істейді, яғни Unity-де енгізілген және өңделген мәліметтер Unity-ң ішінде емес SQL-Server-ң ішінде сақталып отырады, ал SQL-Server өз кезегінде мәліметтердің сақталуын, қауіпсіздігін, мәліметтерге қолжеткізілімдерін жоғары дәрежеде қамтамасыз етеді.
3.1. Құқыұтық қамтамасыз ету
H&EBS компаниясы 01.04.2002ж Алматы қаласының Әділет басқармасында заңды тұлға ретінде тіркелді және ол компанияға қызметті құрылтай құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасы заңдары шеңберінде жүзеге асыру құқығын береді.
H&EBS компаниясы кәсіпкерлік қызмет жүргізу арқылы табыс келтіру мақсатында шағын кәсіпкерліктің субъектісі ретінде Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестік формасында құрылған.
H&EBS компаниясы 1994ж 27-желтоқсанның Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексімен, 1995 ж. 17-сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен күшіне енген ”Заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі”, 1997 ж. 19-мауысымның “Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі”, Қазақстан Республикасының 1998 ж. 22-сәуіріндегі “Жауапкершілігі шектеулі, қосымша жауапкершілікті серіктестіктер жөніндегі” Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген шаруашылық іс-әрекеттің шарттарын сақтай отырып қызмет етеді.
Сонмен қатар H&EBS компаниясының Unity және SQL-Server программаларын пайдалану лицензиялары бар.
3.2. Ақпараттық қамтамасыз ету
Кәсіпорынды басқарудың тиімділігі көбіне қолданылатын ақпараттық база арқылы анықталып соған тәуелді болып табылады. Өз кезегінде кәсіпорынды басқарудың ақпараттық базасының құрылуы стратегиялық шешімдерді қабылдауға сонымен қатар кәсіпорынды ағымды басқаруға арналған сәйкесінше ақпарат көрсеткіштерін таңдап алу болып табылады. /31, 49-бет/
Белгілі бір кәсіпорынды басқарудың ақпараттық база жүйесін құру кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен, құқытық-ұйымдастырушылық формасымен, шаруашылық қызметтің диверсификациясының көлемі мен дәрежесіне және тағы басқа жағдайлармен байланысты. Сондықтан кәсіпорынды басқаруда қолданылатын ақпараттық базаға енгізілетін көрсеткіштерді ақпарат көздері бойнша жіктеуге болады. Олар:
-
Мемлекеттің жалпы экономикалық дамуын ерекшелейтін көрсеткіштер.
Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштері стратегиялық шешімдерді қабылдау кезінде кәсіпорынның сыртқы орта жағдайын болжамдау үшін қолданылады. Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
-
мемлекеттік бюджет кірісі
-
мемлекеттік бюджет шығысы
-
бюджеттік дефицит көлемі
-
ақша эмиссиясының көлемі
-
халықтың ақша табысы
-
халықтың банкке салымдары
-
инфляция деңгейі
-
Ұлттық Банктің пайыздық қойылымы
-
Кәсіпорынның саласына байланысты көрсеткіштер
Бұл топтың көрсеткіштер жүйесі кәсіпорыннның оперативті шешімдер қабылдауына жәрдемдеседі. Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
-
өнімнің баға индексі
-
негізгі қызметтен түскен пайда бойынша салық ставкасы
-
активтердың жалпы құны, соның ішінде айналым активтері
-
қолданылып жатқан капиталдың жалпы құны, соның ішінде өзіндік капитал
-
өндірілген және сатылған өнімнің көлемі
Бұл топқа бәсекелестер қызметін ерекшелейтін көрсеткіштерді жатқызған жөн.
Бұл топтың көрсеткіштерін құру көзі болып прессадағы жария етілген есеп беру материалдар, сәйкесінше рейтингтер, ақпараттық қызмет нарығындағы ақылы бизнес-мәліметтер.
-
Қаржылық нарықтың конъектурасын ерекшелейтін көрсеткіштер.
Бұл топтың ақпараттық көрсеткіштер жүйесі ұзақмерзімді қаржылық салымдар портфелін құру кезінде, қысқа мерзімді қаржылық салымдарды және басқа операцияларды жүзеге асырған кезде қолданылады.
Бұл топқа келесі көрсеткіштер енеді:
-
биржалық және биржалық емес қор нарықтарында айналысқа түсетін бағалы қор құралдарының (акция, облигация және т.б.) негізгі түрлері
-
негізгі бағалы қор құралдарының ұсыныс және сұраныс бағалары
-
негізгі бағалы қор құралдары бойынша мәміле көлемдері мен олардың бағалары
-
қор нарығындағы баға динамикасының жалпы индекстері
-
кейбір валюталардың ресми бағамдары
-
банкаралық биржаларында кейбір валюталардың сату-сатып алу бағамдары және т.б.
Бұл топ көрсеткіштерінің жүйесінің құрылу көзі болып комерциялық басылымдардың мәліметтері болып табылады.
-
Кәсіпорынның ішкі ақпарат көздерінен құралатын көрсеткіштер.
Осы көрсеткіштер жүйесі негізінде талдау, жобалау, болжамдау және басқарудың барлық бағыттарындағы оперативті шешім қабылдаулар жүзеге асады.
Бұл топтың артықшылығы болып олардың құрылуының қалыптылығы, сенімділігі мен шынайлығы табылады. Осы көрсеткіштердің ең негізгі көзі болып қаржылық есеп берушілік болып табылады.
Қаржылық есеп берушілік – қолданушының шешім қабылдауы үшін кәсіпорынның жағдайы туралы объективті, шынайы, жанажақты ақпаратты ыңғайлы және түсінікті формада беру мақсатында документтерге негізделген қаржылық есеп көрсеткіштер негізінде құрылған есепберушілік формаларының жиынтығы./20, 78-бет/
3.3. Техникалық қамтамасыз ету
Кәсіпорынды басқарудағы жақсы, тиімді ақпараттық жүйесін құру үшін тиімді, жылдам есептегіш техниканың болуы өте маңызды. Кәсіпорын ақпараттық жүйесінде келесі есептегіш техникалар қолданылады:
-
үлкенкөлемді және персоналды ЭЕМ
-
микропроцессорлар
-
телекоммуникация құралдары
-
электронды жазғыш машиналар, композерлер
-
текстік ақпаратты автоматтандыру құралдары
ЭЕМ біріншден мәліметтерді өңдеумен сандық мәселелерді есептеп шығару үшін арналған болатын. Қазіргі жағдайда ЭЕМ сандық емес ақпаратты (текстік, графикалық) өңдеуде жиірек қолданады, сол себептен “есептегіш техника“ деген термин компьютер арқылы шешілетін мәселелер ерекшеліктеріне сай келмейді. Қазіргі кездегі ЭЕМ-дер бір мезетте сандық, текстік, графикалық мәліметтерді өңдей алады. Мысалы 80-жылдардың өзінде ірі өнеркәсіп кәсіпорындарында өңделетін мәліметтердің 10 пайызы ғана сандық мәліметтер болып табылған ал қалғаны текстік және графикалық мәліметтер үлесіне келген. /28, 68-бет/
Қазіргі кездегі кәсіпорындардағы ақпараттық жүйе ерекшелігінде телекоммуникациялық құралдардың дамуының маңызы өте зор. Мысалы қазір басқа жерде филиалдары, бөлімшелері бар кәсіпорындар солармен бірге бір жүйеде еш кедергісіз жұмыс істеп отыр.
4. Ақпараттық жүйе деңгейін бағалау және оны пайдалану саласының мүмкіндіктері
4.1 АЖ-ны құруға кететін шығындарды бағалау
Есепке берілетін мәліметтер
8-кесте
№
|
Көрсеткіштердің атауы
|
Белгіленуі
|
Өлшем бірлігі
|
Көрсеткіштердің мағынасы
|
Ескертілуі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
Өндіріс алдындағы шығындар
|
Кп
|
Мың. тг
|
29,6
|
|
|
Проектіні енгізуге және байланыстыруға кеткен шығындар
|
Кп1
|
Мың. тг
|
7,0
|
|
|
Проектіні алуға кеткен шығындар
|
Кп2
|
Мың. тг
|
22,6
|
|
2
|
ПК бағасы
|
Кэем
|
Мың. тг
|
58,5
|
|
3
|
Жылдық эксплуатациялық шығындар
|
Зэ
|
Мың. тг
|
11,4075
|
|
4
|
Бөлімдегі ұйымдастырушылықпен айналысатын жұмысшылар саны
|
Ч
|
Адам
|
4
|
|
5
|
Жұмыстың бір сағаттық тарифтік ставкасы
|
З
|
Тг
|
80
|
|
6
|
Қосымша жалақы коэффициенті
|
G
|
|
0,70
|
|
7
|
Зейнеткерлік қорға бөлінетін коэффициенті
|
C
|
|
0,15
|
|
8
|
Үстемелі шығындар коэффициенті
|
H
|
|
0,33
|
|
9
|
ПК қолдану коэффициенті
|
V
|
|
0,875
|
|
10
|
Пайыз коэффициенті
|
P
|
%
|
9
|
|
11
|
ПК жұмысы уақытының жылдық қоры
|
тэкм
|
Сағ
|
1728
|
Есептік мәліметтер
|
12
|
Есепті шешу уақыты
|
Тшеш
|
Сағ
|
54
|
Алдын ала есептеу
|
13
|
Енгізу ақпаратының көлемі
|
Кенг
|
Мың. симв
|
130,0
|
Есептік мәліметтер
|
14
|
Өңделген ақпараттың көлемі
|
Кеңд
|
Кбайт
|
97,5
|
Есептік мәліметтер
|
15
|
Шығу ақпаратының көлемі
|
Кшығ
|
Мың. симв
|
520,5
|
Есептік мәліметтер
|
16
|
Уақыттың нақты жылдық қоры
|
қуақ
|
сағ
|
1721
|
Кесте мәліметтері
|
8-кестенің жалғасы
1. Сатып алуға кеткен шығындарды орындаушы есептейді және олар техникалық тапсырмаларды, техникалық және жұмыс проектерін жасауға кеткен шығындар болып есептеледі. Жобаны өндіруге кеткен шығындарды жобаны жасаушылардың еңбек ақыларының сомасы ескере отырып есептейді, бірақ ол өндіру кезінде ғана. Байланыстыруға кеткен шығындар ендіруге кеткен шығындарға ұқсас есептеледі.
2. Дербес компьютердің бағасы “Прайс лист” құжатынан алынады.
3. Жылдық эксплуатациялық шығындарды 26-кестеден қараңыз.
-
Берілген есептеулер жүргізілетін жұмысшылар саны.
-
Осы жұмысшылардың орташа сағаттық еңбек ақысы.
6,7,8. Кәсіпорын бухгалтериясында, қай жерде проект енгізіліп жатқаны есептеледі.
9. Жасалып жатқан есептер (есептеп кешені) үшін ДК-дің қолдану коэффициенті 1-ден аспауы керек және жұмыс уақытын жалпы қолданудың бөлігін көрсетеді.
10. ДК-ге берілетін алғашқы көлемнен жұмыс пайызын есекеретін коэффициент, қолмен шығарылатын, есептер көлеміне автоматтандырылған әдіспен шығарылатын, есептеп көлемінің пайыздық қатынасын құрайды.
11. ДК-дің жұмыс уақытының жылдық қоры 20 – кестеде есептелген.
9 кесте
ДК түрі
|
Бір ауысыдағы жұмыс сағатының саны
|
Ауысым саны
|
Бір жылдағы жұмыс ауысымының саны
|
ПК жұмысының жылдық қоры
|
PENTIUM
|
8
|
1
|
216
|
1728
|
12. Есепті шешу уақыты эмпирикалық жолмен есептеледі, онда өңделетін формалардың саны ескеріледі.
13. Ендірілетін ақпараттың көлемі әр енгізу формасының ақпараттық көлемінің қосындысындай есептеледі. Бір енгізу формасының ақпарат көлемі былай анықталады: бір жолдағы максималды белгілер саны бір құжаттағы жолдар санына көбейтіледі, ол бір жылдағы құжаттар санына көбейтіледі.
14. Белгілермен өңделетін ақпарат көлемі енгізілетін ақпарат көлемі мен есептер кешенін шешу үшін қолданылатын мәліметтер базасында сақталатын ақпарттардың қосындысын береді. Өндірілетін ақпараттар көлемі Кбайттарға аудару үшін алынған қосындыны 6-ға көбейтіп, 8-ге бөлу керек.
15. Шығарылатын ақпарат көлемі әр шығу формасының ақпарат көлемінің қосындысындай есептеледі. Бір шығу формасының ақпарат көлемі былай анықталады: бір жылдағы белгілердің максималды саны бір құжаттағы жолдар санына көбейтіледі.(21-кесте)
10-кесте
Көрсеткіштер
|
өлшем бірлігі
|
Саны
|
Календарлық уақыт
|
Күн
|
365
|
Демалыс күндер
|
Күн
|
104
|
Мереке күндер
|
Күн
|
8
|
Номиналдық уақыт
|
Күн
|
253
|
Жұмысқа шықпаған күндер
|
Күн
|
37
|
Кезекті демалыс
|
Күн
|
24
|
Ауырған күндер
|
Күн
|
11
|
Мемлекеттік міндеттемелер
|
Күн
|
2
|
Бір жылдағы жұмыс күнінің нақты саны
|
Күн
|
216
|
Мереке алдындағы күндердің саны
|
Күн
|
7
|
Уақыттың нақты жылдық қоры
|
Сағ
|
1721
|
Бір жұмысшының жұмыс уақытының жылдық қорының есебі
Фвр = (бір жылдағы жұмыс күндер саны – мейрамдардың алдындағы күндер)*8+ мейрамдардың алдындағы күндер*7
Осыдан: (216-7)*8+7+7=1721 сағат
Жобаны ендіру алдындағы жұмысшылардың орындайтын жұмысын (До) былай есептейді:
До = ч*Фвр (1)
Мұндағы
ч – жұмысшылар саны, адам;
Фвр – бір жұмышының жұмыс уақытының жылдық қоры, сағат;
До = 4*1721 = 6884 сағат
Жобаны ендіруге дейінгі жұмысшылардың орындайтын жұмыстарының құны
(Со) мына формула бойынша есептеледі:
Со = До*з*((1+g)*(1+С)+Н) (2)
Мұндағы
До – жобаны өндіруге дейінгі жұмысшыларының еңбектерінің көлемі;
З – бір жұмысшының орташа сағаттық тарифтік еңбек ақысы;
G – қосымша еңбек ақыны ескеретін коэффициент;
С – зейнет ақы қорларына аударымдарды ескеретін коэффициент;
Н – шығындарды есептейтін коэффициент;
Со = 6884*80*((1+0,7)*(1+0,15)+0,33) = 1258395,2 тг =1258.395 мың. тг
Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жағдайында (жобаны енгізгеннен кейін) еңбек көлемі қызметшілерден қалған жұмыстардан құралады, сонымен қатар ДЭЕМ-ді қолдану.
АРМ жобасын енгізгеннен кейін жұмысты ұйымдастырумен айналысатын қызметшілерде қалған жұмыстың жылдық көлемі мына формуламен анықталады:
До = До*(1 - р/100) (3)
Мұндағы
До – АРМ-ді енгізуге дейінгі қызметкерлер орындайтын жұмыстың жылдық көлемі, сағат;
Р – алғашқы көлемнен ДЭЕМ-ға берілетін жұмыт пайызын ескеретін коэффициент.
Дост = 6884*(1+9/100)=6264,44 сағат
Жобаны ендіру жағдайында қызметкерлерде қалған жұмыстар құны мына формуламен есептеледі:
Сост = Дост *3((1+g)*(1+с)+Н) (4)
Сост = 6264,44*80((1+0,7)*(1+0,15)+0,33) = 114539,6тг=1145мың.тг
ДЭЕМ (ДК) қолданудың жылдық шығындары 22-кестеде көрсетілген.
11-кесте
№
|
Шығын баптарының атауы
|
Бағасы
(мың.тг)
|
1
|
Күнделікті және алдын ала жөндеуге кеткен шығындар (ЭЕМ бағасынан 5%)
|
2,925
|
2
|
ЭЕМ амотизациясы (ЭЕМ бағасынан 12%)
|
7,02
|
3
|
Заттарға кеткен шығындар (ЭЕМ бағасынан 2%)
|
1,17
|
4
|
Басқа шығындар (ЭЕМ бағасынан 0,5%)
|
0,2925
|
|
Барлық қолдануға кеткен шығындар
|
11,4075
|
ЭЕМ қолдануына кеткен жылдық шығындар
4.2 Есеп кешенінде ақпараттық технологияларды жаңарту кепілдемесі
Тестілеу нәтижесінде жүйе дұрыс нәтижені көрсетті деп айтуға болады. ЭЕМ құжаттары негізінде ақпаратты енгізудің басты талаптары, онымен жұмыс істеуі, керекті мәліметтер базаларының құрылымын өңдеуі, құжаттарды экранда көру, ақпаратты ЭЕМ енгізу және оны редакторлеу анықталған. Функционалды немесе қамтамасыз етуші бөлімдерде жетіспеушіліктер анықталмаған.
Бірақ тап осы деңгейде тоқтауға болмайды, себебі жүйе толық жетілдіру тиіс. Жүйені жетілдіру үшін Қазақстан басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болу қажет, сонымен қатар конвертация жасау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |