Екінші топ - қойма алаңдары мен көлемдерін пайдалану тиімділігінің
көрсеткіштері:
қойма
үй-жайларының
ауданын
пайдалану
(сақталатын
материалдар орналасқан пайдалы алаңның қойманың жалпы ауданына
қатынасы); қойма алаңының 1 м2-ге келетін орташа жүктеме (қоймадағы
сақталатын материалдың тоннадағы мөлшерінің қойманың жалпы ауданына
қатынасы); қойма көлемін пайдалану коэффициенті (материал алған пайдалы
көлемнің қойманың жалпы көлеміне қатынасы); жүк кернеулігі (қойма үй-
жайларының ауданын пайдалану көрсеткішін және материалдардың айналым
коэффициентін көбейту, т/м2 өлшенеді).
Үшінші топ - көтергіш-көлік жабдығын пайдалану көрсеткіштері: жүк
көтергіштігі
бойынша
пайдалану
коэффициенті
(көтерілетін
және
ауыстырылатын
жүк
салмағының
механизмнің
номиналды
жүк
көтергіштігіне қатынасы); уақыт бойынша пайдалану коэффициенті
(механизмнің жұмыста болу уақытының қойма кешені жұмысының жалпы
уақытына қатынасы); жүк операциялары бойынша жылжымалы құрамның
нақты тұрып қалу уақыты (өңдеуге, тиеуге және түсіруге жататын бір
берістегі жүк санының механизмнің сағаттық өнімділігіне қатынасы).
Төртінші топ – қойма персоналының еңбек өнімділігінің көрсеткіштері:
бір ауысымда бір жұмысшыға қайта өңделетін материалдардың саны
(белгілі бір уақыт кезеңіндегі тоннадағы қайта өңделген материалдар
санының
адам
–
ауысым
санына
қатынасы);
жұмысшылардың
механикаландырылған
еңбекпен
қамтылу
дәрежесі
(механикаландырылған еңбекпен айналысатын жұмысшылар санының
тиеу-түсіру
және
қойма
ішіндегі
жұмыстармен
айналысатын
жұмысшылардың
жалпы
санына
қатынасы);
қойма
жұмыстарын
механикаландыру деңгейі (механикаландырылған жұмыстар көлемінің
тонна-ауыстырып тиеудегі орындалатын жұмыстардың жалпы көлеміне
қатынасы).
|