Аяқталмаған өндірістің көлемі үш фактордың есебімен анықталады:
- өндіріс көлемі;
- өндірістік циклдің ұзақтығы;
- шығындар өсімінің коэффициенті – ол материалдық ресурстар шығындарының
үйлесімді өсуін және, еңбек ақыны есептегенде, өндірістің басқа шығындарының
жарты шығысын ескеруімен анықталады.
Қоймалардағы дайын өнім запасының нормативі дайын өнімді дайындау мен
жөнелтуге, жолдамалы және төлем құжаттарын ресімдеуге қажетті уақыттың есебімен
анықталады.
Өндірістік айналым қорларының нормалауы айналым қаражатының жалпы
нормативін анықтаумен бітеді. Ол үшін барлық нормаланатын және нормаланбайтын
айналым қаражаттары сомаланады, мұндай сомалау айналым қаражатының қажеттілігін
азайту (үнемдеу және оны өсіру) мүмкіндігін береді.
Үнемдеу жағдайында босатылған айналым қаражатын басқа объектілерде немесе
нарықтық сұраныс шегінде өнім көлемін ұлғайту үшін тиімді пайдалану жөнінде шешім
қабылдануы тиіс. Кері жағдайда айналым қаражатын толтыру көздері жөнінде мәселе
туады.
Нормалау әдістері:
–
оперативтік-технологиялық әдіс;
–
аналитикалық әдіс;
–
тәжірибелік-статистикалық әдіс;
–
коэффициенттер әдісі.
Айналым қаражаты көрсеткіштері мен пайдалану тиімділігін арттырудың
экономикалық мағынасы
Айналым қаражатын пайдалану тиімділігін өлшейтін көрсеткіштер:
1. Айналым қаражаты айналымдылығының коэффициенті (К
айн
):
К
айн
=ӨӨ/ОҚ
ақ
,
мұнда: ӨӨ – өнім өткізілімі;
ОҚ
ақ
– айналым қаражатының орташа қалдығы: ОҚ
ақ
=(0,5ОҚ
1
+ОҚ
2
+...+0,5ОҚ
n
)/12,
ОҚ
1
, ОҚ
2
, ОҚ
n
– жылдың бірінші, екінші және
n
-ші айдың басына айналым қаражатының
орташа қалдығы, 12 – жылдағы ай саны.
Достарыңызбен бөлісу: |