«Кәсіптік қазақ тілі» пәнінен практикалық жұмыстарға арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі251.5 Kb.
#125135
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ


СМЖ 3 деңгейдегі құжаты

Басылым № 1 11.06. 2015 ж.


Ә Н 042-1.03-2015-01



Тәжірибелік сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

Инженерлік – технологиялық факультет

Кафедра «Тамақ өнімдері және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы»

5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдар технологиясы және құрастыру»


мамандығына

«Кәсіптік қазақ тілі»

пәнінен практикалық жұмыстарға арналған



ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Семей 2015

АЛҒЫ СӨЗ
1.ӘЗІРЛЕНДІ

Әзірлеуші – ________________10.05.2015 ж. Н.Р. Муслимова «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының оқытушысы.



Әдістемелік нұсқау 5В072600 – «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдар технологиясы және құрастыру» мамандығына«Кәсіптік қазақ тілі»пәнінен практикалық жұмыстарға арналған

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ

Әдістемелік нұсқау «Тамақ өнімдерінің және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы» кафедрасының мәжілісінде

№9 хаттама, 13 мамыр 2015 ж.


Кафедра менгерушісі: ________________________ Б.Қ. Асенова
Әдістемелік нұсқау иоқу процесінде қолдану үшін нженерлік-технологиялық факультетінің оқу-әдістемелік бюросының мәжілісінде қаралды

№5 хаттама, 05 маусым 2015 ж.


Төрайымы _______________________ С.С. Төлеубекова

КІРІСПЕ
«Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының материалтануы»курсы материалтану цикилдың нақты тәртібіне сәйкес болып табылады.

Бұл курстың нақты мақсаты, шығыс және өтпелі текстильді материалдардың құрамы мен құрылысы: жіп және талшық, негізгі тігетін, трикотажды, жіпсіз бұлдар, жеке өнімдерді және де әртүрлі ерекше текстильді материалдардың құрылысы: материал, трикотаж, жіпсіз тоқымалы бұйымдар. Тоқымалы талшықтың және материалдың топтастырылуы қарастырылады, талшықтың өзгешелігі құрамының полимерлі және оларға молекулярлы және молекулааралық құрамының әсер етуінде, құрылымы және негізгі натуралды талшықтардың өзгешелігі: мақта, зығыр, жүндер, табиғи жібек.

Жаңа материалдармен танысуға, талшықтардың құрылысы мен құрамының өзара байланысына және дайын текстильді өнімге ерекше көңіл бөлінеді.

Бұл курстың нақты мақсаты, шығыс және өтпелі текстильді материалдардың құрамы мен құрылысы: жіп және талшық, негізгі тігетін, трикотажды, жіпсіз бұлдар, жеке өнімдерді және де әртүрлі ерекше текстильді материалдардың құрылысы: материал, трикотаж, жіпсіз тоқымалы бұйымдар. Тоқымалы талшықтың және материалдың топтастырылуы қарастырылады, талшықтың өзгешелігі құрамының полимерлі және оларға молекулярлы және молекулааралық құрамының әсер етуінде, құрылымы және негізгі натуралды талшықтардың өзгешелігі: мақта, зығыр, жүндер, табиғи жібек.

Жаңа материалдармен танысуға, талшықтардың құрылысы мен құрамының өзара байланысына және дайын текстильді өнімге ерекше көңіл бөлінеді.

1-ші практикалық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіптік қазақ тілінің техникалық мамандықтар үшін маңызы мен міндеті.
Қазіргі таңда техникалық мамандықтардың студенттеріне қазақ тілін үйретудің өз ерекшелігі бар. Типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқушылар мамандықтары бойынша кәсіптік лексиканы болашақ қызметін атқара алатын көлеміндей меңгеру тиіс. Бірақ, әрбір техникалық мамандыққа кәсіптік қазақ тілі оқулықтардың жоқтығы үлкен қиындық туғызып, әрбір оқытушының ізденіп жұмыс істеуін талап етеді. Еңбегі нәтижелі болу үшін оқытушы материал іздеу жағынан да, тиімді әдістерді қолдану жағынан да шығармашылықпен жұмыс істеу керек. Бұл орайда мен сабақ беруде коммуникативтік оқыту технологиясының элементтерін қолдану тәжірибесімен бөліскім келеді.

Тілді оқытуда ең бастысы мотивация болу қажет. «Тілге үйретуге болмайды, тілге үйренуге болады» деген сөзді ескере отырып, алғашқыда оқушыға кәсіби қазақ тілін білу аса маңызды екенін жеткізу қажет. Мотивацияның екі түрі бар: инструменталдық және интегративтік. Қазақ тілін оқытуда басты назарда интегративтік мотивация - тіл арқылы елді білу – болса, кәсіби қазақ тілін оқытуда инструменталдық мотивация – тілді кәсіби қызметін атқарудағы негізгі құрал ретінде оқу - негізге алынады. Екі мотивацияның өзара байланысы оқушының мақсатқа жету мүмкіншілігін туғызады.

Кәсіби қазақ тілінің басқа пәндерден ерекшелігі: тіл - бір жағынан мақсат, екінші жағынан құрал да болып табылады. Сондықтан, оқыту процесін нәтижелі етудің бір жолы - коммуникативтік оқыту технологиясын қолдану. Коммуникативтік оқыту технологиясы дегеніміз - қарым-қатынас жасау негізінде оқыту.

Коммуникативтік оқыту технологиясының кейбір принциптеріне тоқтала кетейін:

1. Ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталуы. Бұл сабақтың практикалық түрде өтуі. Барлық тапсырмалар тиімді болу үшін кәсіби қарым-қатынасқа өте жақын болуы және сабақ сайын сөздік қорында терминдердің көбеюі. Мысалы: «Менің мамандығым» тақырыбында мемлекеттік стандарт бойынша мамандық атауы, біліктілігі, қызмет түрлері, қызмет нысандары(объектілері) туралы түсінік, қажетті сөздік қоры беріледі. Келесі сабақтарда сол материалды қолдану арқылы бағдарлама бойынша берілген тақырыптарға түрлі тапсырмалар орындалады. Берілген тапсырманы орындау үшін оқушы барлық терминдерді қолдануға мәжбүр болады. Мысалы «Газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Жұмыс орным» тақырыбында алдын-ала қызмет нысандарына (мұнай базасы, компрессорлық стансасы, сораптық стансасы, газ-мұнай құбырларын салуымен айналысатын басқармалар т.б.) сипаттама береміз (нысан міндеті, жабдықтары, жұмыс түрлері). Содан кейін әрбір оқушы бір нысанды таңдайды, берілген сипаттамаға сүйеніп, жұмысы туралы әңгімелеп береді. Тапсырманы орындау үшін оқушы арнайы пәннен берген материалды оқып, дайындалып келеді. Бұл тапсырманы екі-үш оқушы бірігіп орындаса, бір-бірінің ойын толықтырып, қарым-қатынаста ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытып отырады.

2. Ситуациялық жағдаят туғызу, оқу процесін рөлдік ұйымдастыру. Тақырыптар тізбесінде мұндай жұмысқа мүмкіншілік өте көп және әртурлі. Мысалы: «Мамандық иелеріне қойылатын талаптар» тақырыбында жұмыс беруші мен жұмысқа орналасуға келген маман арасында рөлдік ойын. Оқушылар екі-екіден бөлініп, біреуі, мысалға, мұнай базасының директоры, біреуі жұмыс іздеуші. Алдын-ала стандартқа сай әрбір нысанда не істей білу тиіс екенін білетін оқушы өз білімін дәлелдеп, жұмысқа орналасуға тырысу керек, ал жұмыс беруші оның кәсіби құзыреттілігін жан-жағынан тексеру керек.

3. Жаңашылдық. Бұл сабақтың әртүрлі компоненттерінде қолданылады. Мысалы, ауызекі сөйлеу жағдаяттарының жаңашылдығы (тақырыптың, жағдайдың, серіктестердің өзгеруі). Сабақ өткізуде әртүрлі тәсілдерді қолдану. Мысалы, кейбір сабақтарды бейнефильм арқылы өткізу, мультимедиа слайдтар арқылы ситуациялық жағдаят туғызу, экскурсия түрінде т.б. Мультимедиа арқылы әртүрлі жұмыс түрлерін өткізуге болатыны бәріңізге мәлім: мәтінмен жұмыс, сөздік жұмысы, материалға суреттер, диаграмма, кестелерді қосу, жабдықтар түрлерімен танысқанда өте ыңғайлы.

4. Қарым-қатынастың жеке тұлғаға бағытталуы. Әрбір адам табиғи қабілетімен, қасиеттерімен, мінез-құлқымен, сөзімен т.б. ерекшеленеді. Соның бәрін ескере отырып, қарым-қатынасқа жағдаят туғызып, әр оқушыға жеке-жеке тапсырмалар беру.

Коммуникативтік оқыту технологиясын қолдана отырып оқытудың қиындықтары да жеткілікті. Біріншіден, оқулықтардың жоқтығы. Екіншіден, кәсіптік қазақ тілінің оқытушысы сабақ беріп жүрген мамандықтарды жақсы біліп, көп терминдерді білу керек. Үшіншіден, ізденіп, өте көп материал дайындау қажет. Сондықтан кәсіптік қазақ тілі оқытушысы арнайы пәндер оқытушыларымен тығыз байланыста жұмыстануы міндетті. Сонымен қатар, кәсіптік қазақ тілін оқытудағы үлкен қиындық – оқушылардың үйренген сөздер мен сөз тіркестерін үйдегі немесе көшедегі адамдармен бекітуге мүмкіндіктерінің жоқтығы. Сондықтан ғылыми тұрғыдан да, адами тұрғыдан да өз-өзімізді үнемі жетілдіруге міндеттіміз және еліміздің жастарын қоғамдық ортада кәсіби маман ретінде өз жұмысын сауатты атқаратын деңгейде тәрбиелеуіміз керек.

2 –ші практикалық жұмыс

Тақырыбы: Этикалық сипаттағы диалог.
Қарым-қатынас мәдениетінің критерийлерін қарастыра отырып, оның үш негізгі мотивін бөліп көрсетуге болады: іскерлік мотивтер ынтымақтастыққа, ойынға, жалпы белсенділікке қабілеттіліктен көрінеді; жаңа әсерлерге қажеттіліктерді қанағаттандыру үдерісінде пайда болатын танымдық мотивтер. Оның негізгі көзі - жаңа ақпарат беруші және бастауыш сынып оқушысының пікірі мен сұрағын түсінетін және бағалай алатын тыңдаушы – ересек адам.

Қарым-қатынас негізінде жатқан коммуникативті біліктерді дамыту деңгейін анықтау мақсатында 1-сынып және 4-сынып оқушылары арасында диагностикалық зерттеу жүргізілді.

Оқушыларға мінез-құлықтың сан алуан формалары қарастырылған жағдаяттар ұсынылды. Нәтижелер мінез-құлық пен жауаптар мазмұнын сапалық талдау әдісімен анықталды.

«Сен мектепке досыңа көрсету үшін жинап жүрген күнтізбесі бар альбом әкелдің. Күтпеген жерден балалардың біреуі оны қолыңнан тартып алып, бермей қойды. Сен оған не айтасың?» деген сұраққа 1-сынып оқушылары «Маған альбомды қайтар» деп жауап берген. 3-сынып оқушылары «Альбомды берші, мен кейін саған көруге беремін», «Сенің альбомды көргің келетін шығар, сұрасаң, мен саған беремін» деген жауаптар берген. Бұл 3-сыныптың 6 оқушысы берген ең ұнамды және дұрыс жауаптар. Қалған оқушылар этикалық ережелер шеңберінде қарым-қатынасты құру біліктерінің қалыптаспағандығын көрсететін жауаптар берген. 1-сынып оқушылары «тартып алуды», «мұғалімге шағым айтуды», «орнына тез қоюды», «қайтаруды өтіну, ал егер қайтармаса, ол жайлы мұғалімге айтуды» ұсынған.

Бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеудің басқа әдісі ретінде бақылауды таңдап алдық. Сабақтар мен үзілістер кезінде қарым-қатынас барысындағы балалардың мінез-құлқына, тілдік құрылымдарды құру және тұлғааралық қарым-қатынас мазмұнына бақылау жүргіздік. Біз 1-сынып оқушыларының этикалық нормаларлы сақтамай-ақ қызығушылықтар негізінде қарым-қатынас жасайтынын байқадық.

Үшінші сынып оқушыларын тұлғааралық байланыстары тұрақты және неғұрлым сан алуан. Олардың қарым-қатынасының әлеуметтік сипаты бар.

Ол тапсырмаларды орындауға, бірлескен әрекетке, іскерлік байланысқа

негізделген. Дегенмен 3-сынып оқушыларының арасында қарым-қатынаста қиындықтар, сөйлемдердің дұрыс құрылмауы, паразит сөздер мен нормаланбаған лексиканы қолдану байқалды.

Алынған мәліметтерді талдау бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрету бойынша арнайы жұмыс қажет деген болжамды дәлелдеді.

Біз бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынасқа үйрететін арнайы бағдарлама қажет деп есептейміз. Онда оқушылар тұлғааралық қарым-қатынастың қажетті деңгейін, коммуникативті мәдениет нормаларын меңгереді.

Қазіргі мектептегі тәрбие мазмұны біріншіден, адамгершілік, экономикалық, азаматтық, эстетикалық, экологиялық, жыныстық, дене, еңбек және т.б.сипатта бол­са; екіншіден, шындық, мейірімділік, сұлулыққа қатысты жағымды көңіл-күйді сезінуге және өтірік, зұлымдық, ұсқынсыздыққа қатысты жағымсыз көңіл-күйді сезінуге баулу.

Мұндағы мақсат – оқушының эмоционалдық-еріктілік сферасын дамыту және жетілдіру. Үшіншісі карым-қатынаста көрініс табатын мінез-құлықтық – әрекеттік форманы құру болып табылады. Мұның логикасы мынада: әлем, дүние туралы білім, эмоционалдық бағалау оларды саналы түрде түсініп, әрекеттер жасауға әкеледі. Дұрыс, жақсы қарым-қатынас жасау ережесінің нәзік жақтарын білетін, оны эмоционалды қабылдай алатын оқушы, әр уақытта мәдениетті және әдепті.



3 –ші практикалық жұмыс

Монолог – өндірістегі көріністі суреттеу.
Жалпы ішкі монологтың кейіпкер образын ашудағы қызметі орасан зор. Ішкі монолог пен ой ағысы тәсілдерінің көркемдік қызметі сөз жоқ, тың тақырып.

Сонау антикалық дәуірдегі мифтен қазіргі өскен, күрделенген үлкен жанр романға дейінгі кезеңді алып жатқан үлкен тарихи тәжірибені, даму эволюциясын бастан кешірген ішкі монолог тәсілі өзінің шын мәніндегі көркемдік қызметіне жазба әдебиетте, әсіресе прозада ғана ие болды. Ол көркем проза арқылы өзінің әдебиеттегі орнын белгіліп, ғылыми айналымға түсіп, ғылыми-теориялық анықтамаға ие болған ішкі монолог тәсілі қазақ әдебиетіндегі ХХ ғасыр басындағы прозада орын алды. Көбінде кейіпкердің ішкі ойын немесе кейіпкерді сөйлетудің бір тәсілі ретінде эпизодтық ретте қолданылып келген қарапайым, дәстүрлі монолог тап осы кезеңде өзінің сапалық өсу сатысын бастан кешірді. Ол енді тек көркем шығармадағы кейіпкерді сөйлету, оның ішкі ойын жүйелі түрде айтып шығу секілді қарапайымдылықтан біржола қол үзіп кетпесе де бөлектеніп, дербес тәсілге, яғни ішкі монологқа айналды.

Бір ғана адамдың ішкі көңіл-күйін білдіретін және кейіпкерді сөйлету тәсілі болып табылатын ішкі монолог көбіне көркем шығармаларда дәстүрлі, қарапайым монологтың қызметін атқарады және оның ішкі монологтан тағы бір айырмашылығы жүйелі сөз болып келеді.

Ал, ішкі монологта жүйелілік сақтала бермейді. Монолог түріндегі жүйелі сөзден ішкі монологтың айырмашылығы да осында, яғни бір ойды бір ой тірсектеп, логикалық байланысы үзіліп, қайта оралып, қайта жалғасып, көп жағдайда сезім құбылысының тұтастығы саналы түрде сақталмайды. Кейіпкерлердің ішкі сөзінің логикалық байланысын саналы түрде үзіп, ой мен сезім құбылысының тұтастығын сақтамауды ХХ ғасыр басындағы прозалардан кездестіру жат құбылыс емес.Сондықтанда кейіпкердің ішкі сезімін, ішкі толғанысын ішкі монолог түзілімдері арқылы талдау бүгінгі күннің басты мәселесі.

Жалпы ішкі монолог тәсілі - әлем әдебиеті мен фольклорында кеңінен дамыған, дәстүрі бай, әдебиеттің қай жанрында да атқарар көркемдік қызметі зор, дербес бейнелеу құралы.(Г.Пірәлиева Ішкі монолог,Алматы Ер-Дәулет 1994, 6 б )

Ішкі монологтың авторлық және персонаждық түрлері де (формалары) бар. Ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі мүмкін немесе тура кейіпкердің өз атынан айтылуы да ықтимал.

Жоғарыда аталған еңбек авторы Г.Пірәлиева ішкі монологтың екі түріне үлкен ғылыми тұрғыда талдау жасаған болатын. Оның біріншісі – шығарманың бейнелеу өрісіне монологқа айналған сана-сезімнің қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты көрінеді. Оның өзі үш түрлі жағдайда көрініс табады. Бірінші санадан, еркіңнен мүлдем тыс ішкі монолог (безсознательность), екінші жарым-жартылай саналы, кейде санадан тыс сәттегі ішкі монолог, ол көбінесе, «ой ағысы»(поток сознание) тәсіліне ұласып жатады. Ал үшінші өзін бақылай, қадағалай алатын, жүйелі түрде бағыты айқындалған, шын мәніндегі ойлау үрдісін білдіретін ішкі монолог. Оның қосалқы бір түрі автор өзі тікелей оқиғаға, әрекетке талдау жасайтын монолог.

Ал, екіншісі – оқиғаға қатысатын кейіпкер монологына автордың (әңгіме айтып отырған адамның) қаншалықты дәрежеде қатысы барын айқындауға байланысты. Ішкі монологтың бұл түрінен бірінші, екінші, үшінші жақпен баяндау түрлерінің қай-қайсы да тікелей сабақтас болып келеді.

Қазіргі көркем проза-күрделенген, жанрға бай, көркемдік тәсілдері мол үлкен бір әлем. Ол әрине, адам, оның рухани әлемі тіршілік еткен қым-қиғаш қайшылығы мол қазіргі өмір күрделігінен, жалпы өмір шындығымен тығыз байланысты.

Ішкі монолог – көркемдік бейнелеу тәсілі екенін көркем шығарманың кейіпкер образын танудағы жолдардан байқауға болады.

Көркем шығармадағы кез-келген көркемдік тәсіл – монолог, диалог, портрет, образдар жеке-дара тұрып көркем шығармада ешқандай роль, қызмет атқармасы белгілі. Сондықтан да жазушысы кейіпкерінің ішкі сезімдерін тек ішкі монологпен емес, өзге де бейнелеу құралдарымен өзара сабақтастыра суреттеу арқылы береді. Осы орайда қаламгер өзінің динамикалық психологизмге шеберлегін танытады.

Ал біздің алдағы уақытта зерттеуге алатын тәсіліміз ішкі монолог,оның автор баяндауында кездесетін, сонымен бірге кейіпкер ойлауындағы түрлерімен қатар көркем прозада ішкі монологтың қолдану жағы: бірінші және үшінші жақтарда. Автор көркем шығарма барысында қандай жағдайларға байланысты ішкі монологқа баратындығына талдау жасау.

Жалпы, ішкі монолог тәсілі – адам баласының ішкі ойы – үні, жан қойнауы, иірімдері, құпия сырлары, адам санасында, ойлау үрдісінде жүзеге асатын сан алуан құбылыстар бүгінгі таңда тек әдебиетшілердің ғана емес, жалпы адамзат тану ғылымдарының зерттеу нысаналарына айнала бастады.

Қай шығармасын да асықпай, баппен, қиналып жазатыны рас. Көп ізденіпғ көп ойланады, жазатынан сызатыны көп. Ақылдың артықтығы, кеңестің көптігінен қашқан оны көрмедік. Соның салдары шығар, әзірге ол тек жалпы адам нәсіліне ортақ мұраттарды ғана жырлап келеді. (Т.Сыздық Парасат безбені немесе Ә. Кекілбаевтың көркемдік әлемі. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 2002 жыл №1 саны 25-30 беттер).

«Үркер» мен «Елең - алаң» - қазақ әдебиетіне үлкен үлес болып қоылған шығарма. Біріншіден жазушының кең тынысты эпикалық қарымы, жазу шеберлігі өз шабысын енді ғана тапқандай сезіледі. Екіншіден, шығарманың бас кейіпкері - Әбілқайыр ханның жан күйзелісі, ішкі әлемінің арпалысы автордың да қиял қанатына кең тынысты өріс, оралым тартқан секілді. Үшіншіден, бұл романның жалпы құрылысына қолданылған көркемдіктің құралы мол. Шығарманың композициясында бір бунақтан келесі бунақ, бір көгеннен келесі желінің сипат алуы, оқиғаның жалаң баяндалмай – кейіпкер әрекетін даралауда, айқындауда өзара іштей үйлесіп жатуы әсірелеу машығы ой мен оқиғаның іштей жымдасып ұштасуы, ең керметтілігі - осылардың баршасын кібіртік қақпай, қайталамай төгілтіп, суреттеп жеткізе алған щұрайлы тіл байлығын тұшынта білді. Жоғарыда атап өткен ішкі монологтың авторлық және персонождық түрлерін зерттеуімізге арқау болған ХХ ғасырдың 80-ші жылдары қалың оқырман қауымға қазақ халқының өз бас бостандығы мен тәуелсіздігі үшін жүргізген күресі туралы үлкен еңбек ұсынған Әбіш Кекілбаевтың «Үркер», «Елең-алаң» романдарына талдау арқылы көз жеткізуге болады.

Ішкі монологтың авторлық түрлері негізгі үш жағдайда байқалады.

Бірінші: ішкі монолог кейіпкердің ой-сезімін жеткізетін автор сөзі тұрғысында берілуі.

Мысалы: «Патша сарайының нұсқауы өз алдына, Тевкелевтің ойлап келе жатқаны осы. Осы жолы Бекович-Черкасский мен Бухпольцтің кебін кимей, ақ патшаға көкейін тескен ант қағазын алып барса, россияның шығыс дипломатиясындағы жарқыраған жарық жұлдызы бұл болмағанда кім болмақ!

Тевкелевтің көз алдына Петр патшаның қуанғанда жыбыр ете қалатын едірең мұрты елестейді. Бірақ, құдай мұның маңдайына ондай бақытты қимапты ғой. Патшаны қойып, әлгі індетке қарайтын Остерманның шүңірек көзінің қиығының бір қылп еткенін көрсе де осал болмас еді.

3-ші практикалық жұмыс.

Диалог – іс –әрекеттегі қарым- қатынас. Диалог белгілі бір технологиялық сызба бойынша ой алмасу.
Қарым – қатынас адамның тіршілік бейнесі. Ол адамның дүниетануында, мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандрудағы адамға тән табиғи қасиет.

Қатынас жасау, өзгелермен тіл табысу - әрбір адамның өмір тәжірибесіне, біліміне, тапққырлығы мен ақыл – ойына, парасатына байланысты жүзеге асып отыратын қажеттілігі. Тіл табысып өзгелермен қатынас орнату әрбір адамның өзіндік талғам тілегін, ықылас – ынтасын жалпы адамға деген адами көзқарасын жете түсінуді талап етеді. Қарым – қатынас нәтижесінде адамның тұлғалық қасиеті, өзгелерге деген қамқорлығы мен жанашырлығы сезімі, ізгі көзқарасы қалыптасады. Тіршілік ортасы мен өмір сүрудің сан алуан сырларын біліп, жеке басының қадір – қасиетін арттырады. Адам өзін өзгелердің орнына қойып байқап, оның ішкі дүниесінің сырын да барлап біледі. Тұлғаны дамыта оқыту мәселесін зерттеген В.В.Давыдовтың пікірі бойынша жеке тұлға дегеніміз-жаңа материалдық және рухани өнімді өндіруші әрекет субъектісі. Осылай өнімді өндіру шығармашылық болып табылады [1]. Қарым-қатынас күрделі шығармашылық әрекет.

Л.С.Рубинштейн «дамудың негізі себептердің ішкі жағдайға байланысты әрекетінде. Сондықтан өзіндік белсенділік балада /оқыту, ішкі жағдай/ туындаушы емес, бастапқы болады. Бастапқы болып қалатындар осы ішкі әсерлер, нормативтік қоғамдық үлгілер т.б., бірақ олар жанама түрде адамның барлық өмірінде ішкі жағдайлардың тұтас жүйесіне/ тұқым қуалау, өмірлік тәжірибе/ және адам тұлғалығына басымдық танытады. Яғни, қандай да болсын ішкі себептердің әрекеттесуі дамудың ішкі негізіне байланысты» болатынын көрсетеді [2].

Қарым – қатынас мәнін анықтауда оның функционалдық және деңгейлік ұйымдасуы жайлы зерттеулердің маңызы ерекше (Б.Д.Парыгин, Г.М.Андреева, А.А.Бодолев, А.А.Брудный, А.А.Леонтьев, Б.Ф.Ломов, Л.А.Карпенко, В.Н.Панферов, Е.Ф.Тарасов, Я.Яноушек және т.б.) [3]. В.Н.Панферов қарым – қатынасты: байланыс, өзара әрекет, таным, өзара қатынас деп бөліп, осыған сәйкес қарым – қатынасты зерттеуде: коммуникативтік, ақпараттық, гностикалық және реттеушілік бағыттарды ұсынған.

Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:

–       ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;

–       өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.

–       түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.

Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.

Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.

Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі.

Әлеуметтік институт – адамдар бірігіп әрекет етуін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Өмір салты – адамның тарихи нақты әлеуметтік қатынастары типтік болып табылатын өмір сүру формасы. Фактілік қатынас – коммуникативтік құралдарды тек қатынас процесін қолдау мақсатында ғана пайдаланатын қатынас.

Әлеуметтік-психологиялық біліктілік – индивидтің өзін қоршаған адамдармен тұлғааралық қатынастар жүйесінде тиімді әрекеттесе алу қабілеті.

Формасы мен түрі жағынан қарым-қатынас алуан түрлі. Психологтар тікелей және тұспалдық, тура және жанама, вербалды (сөзбен) және бейвербалды т.б. қарым-қатынас түрлерін көрсетеді.

Психикалық процестер, адам мінез-құлқының қалыптары мен ерекшеліктері дәл осы қарым-қатынаста туындайды, іске асады және танылады.

5-ші практикалық жұмыс

Ауызша және жазбаша коммуникация орнату
Тіл жалпы және абстрактілі құбылыс ретінде әралуан акт қолданыстары мен түрлерінің жүзеге асуы арқылы, белгілі бір нақты жағдаяттардың орындалуы арқылы көрініс табады. Яғни сөйленіс тіл арқылы жарыққа шығады. Бірқатар ғалымдардың зерттеуі бойынша, сөйленімнің түрлері әртекті, әр алуын. Дегенмен, олар екі негізгі формаға сәйкестендіріледі, олар – ауызша және жазбаша формалар. Бұл формалар күрделі бірлікте құрылады және әлеуметтік-тілдік тәжірибеде (қолданыста) бірдей мәнде болады, бірдей қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынас осы екі форманың күрделі тұтастығын білдіргенмен, олардың әрқайсысы жеке дара күйінде көріне алады және жеке (индивидуальді) сипаты мен ерекшеліктері болады. Ең алдымен, тілдің ауызша және жазбаша формалары арасындағы айырмашылықтар әрқайсысының өзіндік жеке материалды негізінің болуы арқылы, тұрмыстық қолданыстағы ерекшеленген формалары арқылы көрініс табады. Ауызша тілдің материалды негізі – бұл ауада таралатын дыбыстық толқындар; жазбаша тілдің материалдық негізін кез келген тәсілмен жазылған контрастық фондағы әріптер құрайды (бояу, жарық, т.б.). Жалпы ауызша сөзді жазба сөзбен салыстырғанда олардың негізгі ерекшеленетін тұстары айқын байқалатыны белгілі. Ауызша сөз жазба тілдегі нормадан ауытқығанда оның артықшылығы көрінеді деп есептеледі. Сондықтан жазба тіл дұрыс сөйлеудің жалғыз варианты ретінде ұғынылады: «устная речь перестает осознаваться не только как первичный, но вообще и как самостоятельный феномен, имеющий позитивную ценность и позитивные признаки, а рассматривается как результат ситуативной редукции «кодифицированной», «правильной», то есть письменной речи» [1].

Ұзақ уақыт бойы жазба сөз әсіресе көркем әдебиетте, ресми қарым-қатынаста, ғылыми ақпараттарды сақтауда және оларды тарату салаларында қызмет етіп келеді. Әсіресе тілдің тұрмыстану формасының Интернет көмегімен жасалған қарым-қатынас кезіндегі көрінісі ерекше назар аудартады, себебі, коммуниканттардың барлық репликасы (сөздері) графикалық формада тіркеліп қалады, яғни «жазылады». Бұл фактінің нәтижесінде әртүрлі желілік баспалардың корреспонденттері мен Интернеттің белсенді қолданушылары қарсыластарымен дауласа отырып, желілік қарым-қатынастың ең бір оңтайлы, маңызды ерекшелігінің бірі ретінде эпистолярлы жанрдың қайта өркендеуін айтады. Осыған орай, коммуниканттарға аса қажет қабілет деп жазбаша тілде жеткізу кезінде ойды нақты әрі айқын беру саналады. Дегенмен, тілші ғалымдар (лингвистер) мұндай көзқарасты одан әрі талдамайды, себебі, сөйленіс, тілдің ауызша және жазбаша формасы тек әртүрлі материалдық негіздің болуымен ғана емес, сондай-ақ олардың жеке табиғи болмысындағы әртүрлі ерекшеліктерге байланысты екенін түсіндіреді. Себебі олардың екеуінің табиғи болмысында тілдік көрінісін жарыққа шығару механизмдерінде де айтарлықтай ерекшеліктер болады және оның жүзеге асуы шарттарында да өзгешеліктер байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет