4. Курстық жұмысты рәсімдеу тәртібі
Курстық жұмыс компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль14. Курстық жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан 30 мм, жоғары жағынан – 20 мм, оң жағынан – 10 мм, төменгі жағынан – 25 мм.
Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі. Жұмыстың орындалу тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы және жұмыстың басқа бейнелі, графикалық кескіндері ЭЕМБ-дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс. Жұмысты әзірлеу немесе безендіру барысында кеткен техникалық қателіктерді тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машина әдісімен немесе қара сиямен не қара тушпен – қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.
Курстық жұмыстағы тегі, мекеменің, фирманың, ұйымның аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі. Құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.
Курстық жұмыс бөлім мен бөлімшелерден құралады. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет. Бөлімдердің атаулары жұмыстың тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары да өзі сәйкес бөлімнің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс. Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары, олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптелінеді. Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басылады. Егер де атаулар екі сөйлемнен құралса, онда оларды нүктемен бөлінеді.
Жұмыстың беттерін араб сандарымен нөмірлейді. Беттің нөмірі төменгі жақтың ортасында нүктесіз қойылады. Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне кіреді. Титул бетіне нөмір қойылмайды.
Жұмыстың негізгі бөліміндегі жекеленген иллюстрациялар, кестелер және басқа бейне кескіндері беттердің жалпы нөмірлеріне кіреді. А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептеледі.
Курстық жұмыстың бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет. Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады. Мысалы:
1. бөлім атауы
1.1 бөлімше атауы
1.2 бөлімше атауы
1.3 бөлімше атауы
2. бөлім атауы
2.1 бөлімше атауы
2.2 бөлімше атауы
2.3 бөлімше атауы
Төменде курстық жұмыстың мазмұнына үлгі ұсынып отырмыз.
МАЗМҰНЫ
Достарыңызбен бөлісу: |