Кәсіптік оқыту принциптері



Дата15.02.2024
өлшемі15.87 Kb.
#491935
түріСабақ
4 л


2.2 Кәсіптік оқыту принциптері
Кәсіптік оқыту принциптері - орындалуы қажетті тиімділікті қамтамасыз ететін қандай да бір мәліметтер жүйесі, оқыту процесіне қойылатын негізгі дидактикалық талаптар. Окыту принциптерінің тарихи сипаты бар, уақыт өтуіне байланысты ескіріп, орнына қоғамның жаңа талаптарын зерделейтін жаңа принциптер келуі мүмкін. Дидактикалық принциптер бір-бірімен тығыз байланысты, кешенді түрде қолданылады. Сондықтан, педагог сабақ жүргізу барысында олардың көпшілігін, кей жағдайда барлық принциптерді басшылыққа алады. Кәсіптік оқыту негізін қалаушы қағидалар: - оқыту, тәрбие және оқушыны дамыту міндеттерін шешудегі тығыз байланыс; - оқытудың ғылымилығы; - оқытудың жүйелілігі және реттілігі; - оқытудың қолжетімділігі; - оқытудың көрнекілігі; - оқытудағы саналылық және белсенділік; - оқытудың түрлі тәсілдері, формалары мен құралдарының тиімді үйлесуі; - оқыту, тәрбие және оқушыны дамыту нәтижелерінің беріктігі және ықпалдылығы; - білім, іскерлік және дағды қалыптасуы. Кәсіптік оқыту педагогының қызметі - кәсіптік оқытудың теориялық оқуын жүргізуге, өндірістік тәжірибеге басшылық етуге бағытталған. Кәсіптік оқытудың теориялық оқуын жүргізу – педагогтың білімді хабарлау, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, оқу-танымдық және кәсіптік іс-әрекетін кәсіби түрде жүргізуі. Оның барысында оқушыларға ақпарат тарату, алған білімдерін практикада қолдануды ұйымдастыру жүзеге асырылады. Сабақ жүргізу – оқыту немесе дидактикалық іс-әрекет технологиялық іс-әрекет сипатында болуы шарт. Дидактикалық іс-әрекет мәні оның мақсаттары, функциялары, құрылымы және мазмұнында айқын көрсетіледі. Салада жұмысшыларды кәсіптік оқытудың мақсаты төмендегі шарттармен байланысты: ғылыми-техникалық прогресс талаптары; қоғамның әлеуметтік тапсырысы; ҚР «Білім туралы заңы»; әлемдік ғылым және ғылым мен техниканың әлемдік жетістіктері байланысы; әлеуметтік-экономикалық, психологтықпедагогикалық, материалдық-техникалық және мәдени қатынастар; адамзаттың табиғат пен техносферадағы орны. Дидактикалық іс-әрекет функциялары: - оқыту функциясы – білімдер жүйесін меңгеруді, оқушылардың түсінуге жетуін және пән бойынша іскерлік қалыптастыруды қамтамасыз ету (жалпы кәсіптік, арнайы, меңгерудің белгілі бір дәрежесінде); - дамыту функциясы – ойлауды, елестетуді, сөйлеуді, жадыны, ұқыптылықты, белсенділікті және өз бетінше орындауды қалыптастыру, әрі жетілдіру; - тәрбиелік функция –кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру, кәсіптік бағдарлауды, мамандыққа қызығушылықты қалыптастыру, кәсіптік қатынастар нормасын жетілдіру, еңбектік, эстетикалық, ұжымдық тәрбиені қалыптастыру; - әдістемелік функция – оқу процесін жүргізуді жетілдіру, оның тиімділігін арттыру, педагогтық шеберлікті қалыптастыру. Сурет 2. Оқытудың дидактикалық принциптері Осы аталған принциптер жалпытехникалық және арнайы пәндерді оқытуда, сол секілді өндірістік оқытуда олардың оқу процесіндегі мазмұны мен орнына сай қолданылады. Өндірістік оқыту процесінің өзіндік ерекшеліктері бар, ондағы принциптер мынадай:  заманауи өндіріс талаптарына сәйкестік. Осы принципке сәйкес оқушыларды қазіргі техника мен технологияның деңгейіне ғана емес, олардың даму перспективасын ескере отырып даярлау керек. Тек осындай жағдайда ғана кәсіптік оқу орындарын бітіретін жастар өндірісте сұранысқа ие болады, күрделі машина мен механизмдерді, техникалық құрылғыларды басқара алады. Осының барлығы түптеп келгенде, оқу процесінде оқытудың проблемалы-ізденісті тәсілдерін, зерттеу зертханалық-машықтану жұмыстарын жүргізуді, шығармашылық сипаттағы жаттығуларды орындауды, оқытудың заманауи құралдарын қолдануды талап етеді.  теория мен практиканың байланысы. Білімді алып қана қоймай, оны практикада қолдана білу қажет. Осы принципті жүзеге асырудың негізгі бағыттары: - ұғымдық-мазмұндық, оқу материалының мазмұны бойынша байланыстар; - ретті-уақыттық, бір-бірімен байланысты оқу материалының уақыт бойынша және оқу реттілігі бойынша байланыстары; - танымдық-практикалық – танымдық, және пәндік-практикалық, еңбектік, оқу-өндірістік іс-әрекеттің педагогтық құралдарының координациясы.  оқытуды оқушылардың өнімді еңбегімен біріктіру. Бұл принцип кәсіптік оқу орнының оқу-тәрбиелік жұмысының негізгілерінің бірі. Еңбек алған білімді қолданып, оны бекітеді. Еңбек барысында оқушының психологиялық қасиеттері және іскерлік қасиеттері дамытылады, еңбек ерік-жігерді шыңдайды, ыждағаттылыққа, талаптанушылыққа тәрбиелейді.  кәсіптік-политехникалық бағыттылық. Ғылыми-техникалық прогресс, соның нәтижесінде қазіргі жұмысшы, маманның еңбек мазмұны мен сипатындағы өзгерістер оларға осы өндіріс жүйесінде бейімделе алуын, технологиясы бойынша бір-бірімен байланысты бөлімдерге ауыса алуды, жаңа мамандық меңгеруді де талап етеді. Сондықтан, оқу орындарында кәсіптік-политехникалық дайындық деңгейіне талаптар арттырылады.  дербестік. Өндірістік оқытудың бұл принципін мақсат та, амал да деп білген жөн. Кәсіптік дербестік, өзін-өзі билеушілік – профессионалмаманның шеберлігінің негізі. Жоғарыды айтылғандай, оқыту принциптерінің тарихи сипаты бар, олар қоғамдық талаптарға сәйкес дамытылып отырады. Қоғамдық дамудың негізгі қозғаушы күші бәсекелестік болғандықтан, жаңа тенденциялар пайда болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет