Кәсіптік оқытудың әдістемесі


А – үлгісі Б – үлгісі



бет24/32
Дата20.06.2022
өлшемі6.75 Mb.
#459370
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32
. Кәсіптік оқытудың әдістемесі және сәндік койлек

А – үлгісі


Б – үлгісі




В – үлгісі




Г – үлгісі




Д – үлгісі

    1. Материалдарды негіздеу және таңдау

2.4.1. Материалдардың мінездемесі

Атлас матасының беті тегіс және жылтыр, негіз жіптері басым болып келеді. Атластың айқаспалардың раппортында кемінде 5 жіп болуға тиіс. Атластық айқаспа сәтенге ұқсас, бірақ бесжіптік атластық айқаспада раппорттағы әр негізгі жіп н төрт арқау жіпті а жабады да бір арқау жіптің астына түседі. Атластық айқаспа маталардың бет жағы негізгі жіптерден тұрады, маталар үйкеліске төзімділігін арттырады. Мұндай маталардың кемшілігі –су-ыдырағыш төсегенде, тіккенде сырғымалы болады.


Матаның сырғымалылығы пішкен және тіккен кездерде болады. Сырғымалық мата бетінің сипатына байланысты, яғни пайдаланған жіптердің тігістігі мен олардың тоқылуына байланысты. Беті тегіс, жылтыр маталар жайғанда жылжып, пішкенде детальдардың қисық болып шығуы мүмкін, мұндай маталарды пішкенде олардың төсемдегі санын азайтады, араларына қағаз салады, төсекке бекіту үшін арнайы қысқыштар пайдаланады. Жылтыр маталарды тіккенде детальдары сусып, тігістерінің қисық болып кетпеуін қатты қадағалау керек. [21]
Матаның тарқатылғыштығы кесілген шетінен жіптердің төгіліп шашақтану қабілеті. Атластық және сәтендік айқаспалар полотнолық айқаспаға қарағанда тез тарқатылғыш, себебі олардың жапқышы ұзын, демек негіз бен арқаудың байланысы аз. Тығыз емес маталар да тез тарқатылғыш және серпімді ширатылған жіптерден тоқылып, салыстырмалы тығыздығы жоғары маталар да (габардин, креп) тарқатылғыш.
Отқа шарпу, күзет сияқты өңдеу операциялары тарқатылғыштықты арттырады, ал агрегаттап - өңдеу, престеу, илеу сияқты операциялар тарқатылғыштығын азайтады.
Тарқатылғыштығын органолептикалық тәсілмен анықтағанда зерттелетін матадан 3X3 см үлгі кесіп алады, инемен бір жібін суырады, сонан соң екі жіпті қатарынан, үш жіпті қатарынан т.с.с. Егер бес жіп қатарынан оңай алынатын болса, мата оңай тарқатылғыш деп есептелінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   32




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет