Кескіндемені қабылдау негізінде бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу әрекеті Сөйлеу дегеніміз



бет2/2
Дата17.03.2022
өлшемі21.72 Kb.
#456373
1   2
Артпедагогика 28.06 2

Сөйлеу әрекеті – ми жарты шарларының талдау, жинақтау қызметінің нәтижесі.
Сөйлеу қабілетті – мидың анатомиялық функциясы байланысты болып келетіндігін мына мысалдан-ақ жақсы білуге болады. Егер оның сол жақ бөлігі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға ұшырайды. Мұндай құблысты афазия деп атайды. Мұның екі түрі болады.
Бірі адамның сөйлеу органдары толық сақталғанмен ол сөзге түсінбей қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі. Оған дыбыстау, үн шығару қиынға соғады. Афазияның енді бір түрінде адам өзі сөйлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мұнда ол кейбір заттардың атын ғана есіне сақтай алады. Мидың бір жеріне қан құйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттануы, қабынуы, ісуі т.б. – афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар. Мұның емін дәрігерлер жасап отырады. Сөздік сигналдарды дұрыс талдай алу адам псикасының дамуында түрлі кезеңдерде көрінеді. Пікірлесудің қандай түрлері болса да, сөз арқылы жүзеге асады.
Психологияның жеке пәндерді оқушыларға нақтылап түсіндіруде алатын орны ерекше, мәселен, психология арқылы грамматикалық ережелерді меңгеруде оқушылардың жан-күйі, сана сезіміне қарай күнделікті практикада жүзеге асырылуы қадағаланып, ерекшеліктеріне айрықша көңіл бөлінеді. Деңгейлік тапсырмаларды орындау қабілеті оқушының логикалық ойлау әрекетіне байланысты. Ал ойлау әрекеті сөйлеу әрекетінің жүзеге асуына ықпал етеді.
Оқу тәрбие ісінде ең қажетті мәселелер мұғалымның психологиялық жағынан дайындығы. Әсіресе қазақ тілін оқытуда мынадай психологиялық ерекшеліктерін меңгеру қажет болады: біріншіден, сөйлеу процесіндегі ерекшелік, екіншіден, жеке оқушының ана тілін меңгерудегі қабілеті ескеріледі. Сондықтан қазақ тілін оқытатын мұғалім өзінің ерекшелігіне қарай психологияны жақсы білуі тиіс. Бала психологиясын сезіне білу жалпы педагогикалық бірліктілікке жатады. Онсыз балалардың оқуында болсын, тәрбиесінде болсын жеке басындағы ерекшеліктеріді ажырата білу мүмкін емес.Баланың жасына, жеке басының ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасай білу дегеніміз оның жүрек сезіміне жол табу, оқуына, тәрбиесіне ықпал жасай алатын жұмыстың әдістері мен амалдарын белгілеу деген сөз.
Тілдің қарым-қатынас қызметі жеке бірліктер түрінде емес, өзара хабар алысатын саналы әрекет түрінде жүзеге асатыны белгілі.Сондықтан тілдің әртүрлі деңгейіндегі тілдік бірліктердің ерекшеліктері, сөйлеудің коммуникативті түрлері, сөйлесімдер мен мәтіндердің коммуникативтілігіне негіз болып отыр. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда берілетін білім мазмұны мен оқыту әдістерін жаңалау қажет ететіндігі айқындалды.
Ондағы мақсат оқушыларды қарапайым болса да өз ойларын еркін жеткізіп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алысуға үйрету, себебі жалпыға білім беретін орта мектеп білімнің негізгі мақсаты оқушының шетел тілінде сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Соңғы педагог – психологтардың зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сүйенсек, мектеп оқушыларының көпшілігінің сөздік қоры жұтаң, сөз тіркестерін, сөйлем және мәтін (топик) құрауда дәрменсіздік танытатындығын, ойын жүйелі түрде жеткізе алмайтындығын, ауызша сөйлеу дағдысының төмендігін байқауға болады деген пікірді тілге тиек етіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін қалыптастыру- бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Тіл дамытуда мынадай тілдік материалдарды пайдалануға болады:
а) Тіл дамыту жұмыстарын көркем-әдеби үлгілермен емес, таза «бала тілін» бақылау арқылы жүргізу.
ә) Тіл дамытуда газет-журналдардың, ресми іс-қағаздардың тілін пайдалану.
б) Тіл дамытуда көркем-әдебиет тілінен үлгі алу.
Тіл дамыту жұмыстарын үш салаға бөледі; 1.сөздікпен жұмыс; 2.сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3.байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру жұмыстары.
Тіл — сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Пәнді оқытуда оқушылар ағылшын тіліндегі атаулармен, құбылыстармен танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру ағылшын тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы ағылшын тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Ағылшын тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және ағылшын тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тіл қатынас құралы,ол ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша түрге: тыңдау, түсіну және сөйлеу әрекеті жатады. Жазбаша түрге: оқу және жазу әрекеті жатады.Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын қалыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Оқушы тілді жақсы меңгеру үшін осы төрт дағдының негізі берік қалануы керек.ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет