Біреумен ақылдас Өзің сенетін ересек адаммен – анаңмен, әкеңмен, қамқоршыңмен, мұғаліміңмен сол жайында бөліс. Олар саған қандай әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере алады
Біреумен ақылдас Өзің сенетін ересек адаммен – анаңмен, әкеңмен, қамқоршыңмен, мұғаліміңмен сол жайында бөліс. Олар саған қандай әрекет жасауға болатыны жайлы кеңес бере алады.
Жазған/жариялаған нәрсені жой Барлық ренішті, қорлаушы посттарды, твиттерді және сын сөздерді жойып таста.
Басқаларды тоқтауға көндір Буллинге қатысы бар басқа адамдармен сөйлес, одан бас тартуға көндір. Бір адам көп нәрсені өзгерте алады.
Кешірім сұра Ренжіткен адамнан кешірім сұра, көмек ұсын. Бұл ол адам үшін өте маңызды болуы мүмкін.
Бұдан өзің үшін сабақ ал Кейде біз ойланбастан бір әрекетке барамыз. Болашақта ондай жағдай қайталанбас үшін біз болған оқиғадан сабақ алуымыз керек.
Онлайн-қоғамдастықтар (топтар) туралы
Жақсысы сол, топтардан көп пайдалы мағлұмат біліп, көмек алуға болады. Бірақ кейде топқа қатысудан саған жақсы, не керісінше жаман болғанын түсіну қиын.
Адамдар қоғамдастыққа, мысалы депрессия немесе өзін-өзі өлтіруге ұмтылу жайындағы қоғамдастыққа кірген кезде олар өздерін түсінетіндермен тілдескісі келеді. Алайда кей кездері ондай онлайн-топтар зардабын да тигізіп жатады. Соның салдарынан сен өмірге деген көзқарасыңды өзгертіп, ойың мен эмоцияңды бақылай алмай қаласың. Мысалы, пайдалы тағам туралы топқа кірсең, сен артық салмағым бар деп есептеп, аз тамақтануды ойлайсың. Дегенмен сенің салмағың жасыңа сай болуы мүмкін.
Өзіңнен: «Осы топ маған шынымен де көмектесе ме, әлде өзімді соның кесірінен одан да нашар сезінемін бе?» деп сұра. Егер де сен сол топқа бола өзіңді жаман сезінсең, одан шығып кет. Бұл – қалыпты жағдай. Қандай сайттарға кіріп, топтарда болатының жайында тек сен ғана шешесің. Жағымды топтардың қатарында болғың келсе, өзіңді кінәлі сезінбе.