"Киелі кимешек" ғылыми жұмыс мазмұНЫ


Сәукеле – қызға салтанат, кимешек – келінге аманат



бет6/9
Дата03.01.2022
өлшемі51.43 Kb.
#450278
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Киелі кимешек ЖОБА

1.4.Сәукелеқызға салтанат, кимешек – келінге аманат.
Сәукеле – кимешектің бастамасы, басты бастықтыратын байыпты баспалдақтай бойжеткеннің әйелдік кезеңге мойынұсынғандығының белгісі.

«Сау» — сәуле, «келе» — бас деп далбаласа, енді  кейбір зерттеушілер «сәулім» — бойжету дейді. Сәукеленің сұлбасы көк әлеміне шаншыла үшкілденген оттың алауына ұқсайды. Бұл шаңырақтың иесі – отағасы болса, ошақтың иесі – отанасы деген. Сәукеле неғұрлым биік болған сайын салтанаты арта түседі. Шамамен екі қолды төбеден асыра созып, саусақтарының ұшын түйістіргендей ұзындықта болған.  Астыңғы тиянағы қозының жүнінен талдырып басып қарпылған жұқа ақ киізден қиылып тігіледі. Кейде сәукеленің астынан іш топы киіліп, бөзбен астарланып, тысы ашық қызыл түсті қымбат матамен қапталып, әшекей бұйымдармен әрленеді. Маңдайы мен шекесі, жақтауы ( шықшыттан белге дейін), салпыншақ – жырғасы, әдемі ою – өрнек, шұбыртпа маржан – моншақ, тана – түймелермен, зер шашақ, оқа кесте, шоқ, қозамен, нәзік су моншақтармен жиектеліп, түрлі – түсті кестемен көмкеріліп безендірілген. Сәукеленің ұшар төбесіне бүрілген, етегі өкшесіне түскен желектің шоғырланған төбілдірігіне әшекейлі қатырғы – бергек қадаған. Бұған қоса көзмоншақ, үкіаяқ, самай сырға, жыланбас т.б. әшекей бұйымдар тағылады. Сәукеленің астынан өңір мен жауырынды жауып тұратын жеңіл желек – зере киілген.

Желегі түсіріліп, беті ашылған келіншек той – жиында сәукелесінің үстінен шаршысының тең ортасынан шошақ төбеге түйреп бекітілген шәлі жамылып, екі ұшымен омырауды орай кіндік тұсынан байлап қойған. Шекелігімен маңдайына төгілдіріп бетмоншақ қадайды.

Көк аспанға шаншыла үшкілденуі – мәртебең биік болсын, күміс әшекейлері – жұлдызын жоғары болсын деген ақ ниетті білдірген.

Бір ғана сәукеленінің бір жыл бойы тігіліп, құны 100 жылқыдан кем болмайтындығы қазақтың қыз балаға деген ерекше ықыласын білдіреді.

Сәукеле бір қарағанда батырлардың дулығасына ұқсайды.  Бойында әйелдік назданудан азаматтық арлану басымырақ болған. Отбасының тәрбиесінен бастап Отанын қорғауға дейін ерлермен үзеңгі қағыстырып қатар жүрген. Қазақ қыздарының бетін бүркемегендігінің басты бір себебі де осы еркіндіктің белгісі. Сол ерке қызға жасалған құрмет ерге шығатын бойжеткеннің елден аттанарда киетін киелі баскиімі сәукелеге де көрсетілген. Сәукелесінің сәулеті асқан сайын қалыңдықтың да мерейі тасқан. Сәукеленің тұрпатының ежелгі жауынгерлер бас киімінің сұлбасына ұқсайтындығы ең әуелі әйел мен ерлердің теңдігінің көрінісі. Сәукеленің әшекейіндегі найзаның ұшы, садақтың жебесі, қылыштың жүзіндей салпыншақтары осыған дәлел.

Дәстүр бойынша қызға сәукелені, басқа да киімдерін әкесінің үйінде ұзатылар сәтте жеңгелері арнайы келіп, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізіп, енесінен байғазы сұраған. Бұған құда – құдағилар шақырылған. Олар көрімдік атаған. Шашу шашылып, ақ бата арналған.

Қыздың бас киімін ауыстыру қыз ұзатудан кем болмаған. Сәукеле кигізу салтанатына қалыңдық пен күйеу жігіттің екі жағынан ең жақын, беделді деген адамдары бас қосқан. Өнерлі жігіт сәукеле киген бойжеткенді де, басындағы сәукелесінің қадір – қасиетін де термелеп дәріптеп таныстырады. Бұл да – беташарға дейінгі «сәукеле» деп аталатын тағылымды салт – дәстүр.

Қасаба – үшкірлеу төбесіне бір шоқ қауырсын қадап, маңдай тұсын түгелдей асыл тас, алтын, күміс әшекейлермен безеп, оң жақ самай тұсына 5-6 қатардан ілмелі моншақ күміс қоңыраушалар байлап, ұзын салпыншақты етіп жасаған қыз тақиясының бір түрі. Қасаба көбіне төре, сұлтандардың қыздары киетін баскиім саналған. Кейде қалыңдық оны үйлену тойына сәукеленің орнына да киген. Бас киімнің бұл үлгісіне қарай қалыңдыққа арнайы алқа, білезік, сырға, жүзік, бұрымға тағатын шолпы, бұрымының қолаңына ілетін қоза сырға, қамзолды сыртынан буынатын нәзік белдік, аяққа киетін мәнерлі кебіс дайындайтын болған. Қасаба күрең немесе көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша секілді маталардан тігіледі. Қасаба тұрпаты дөңгелек, желкесіне қарай ойынқылау келген, дөңгелек тақияға ұқсас етіп пішіледі де, артқы жағына немесе желкесіне қарай бірте – бірте ойытқы түскен құламасы болады, ұшы әйелдің арқасына қарай төгіліп жатады. Айдыны зерлі жіптермен кестеленіп, қиылысқан жерін алтын жолақпен жауып, зерлі әшекеймен безендіреді. Құламасына шашақтар тағылады. Шашақтың көп тағылуын ұрпағы көбейсін деген игі тілекпен түсіндіруге болады. Қасабаның маңдай тұсына түрлі асыл тастармен тізілген дөңгелек табақшалармен бекітілген қыстырма ілінген. Ал самай тұсына ұзынырақ күміс қоңраушалармен ұшталған 5 -6 тізбек салпыншақ таққан. Төбесіне қадалған үкі көрік берген. Үйлену тойына бұрын қалыңдық сәукеленің орнына зерлі қасаба да киген. Оған дәлел – қазақ тілінің лексиконында қасабалы қалыңдық, қасабалы келіншек деген тіркестердің сақталып қалғаны.

Қасабаға сұлбасы ұқсас тағы да бір қыздардың бас киімі – сораба.

Сораба – қыздар киетін тақия тәріздес, бірақ артында салпыншағы, төңірегінде шашағы бар баскиім.

Бойжеткен қыздың бас киімінің ең мәртебелісі – қарқара бөрік. Қарқара – биік тауды мекендейтін сирек кездесетін, қауырсына жан – жағына үлпілдеп өрнектері төгіліп тұратын ерекше көрікті құс.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет